Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 364

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Авторитарлылық және ақыл. Авторитарлылықты ұйымдастыру: авторитет ақылға қонымды болуы тиіс, бірақта өзін алдын-ала өзгертпеу.

Авторитарлылықтың механикалық нұсқаушылыққа құлдырауы. Иезуиттік мектеп, марапаттау мен жазалау жүйесі. Жазалау мәселесі. Жазалаудың механикалық ықпал құралына айналуы. Жазаламау мүмкіндігі. Жазалаудың құқықтық мағынасы. «Табиғи жазалау» және жолдастық сот жазалаудың шекті формасы. Физикалық жазалау. Психикалық жазалау, оқушы тұлғасына нұқсан келтіреді.

Авторитарлылықты болдырмау жағдайында еркіндіктің құлдырауы. «Жастық шақ мәдениеті» теориясы және Винекеннің «ерікті мектеп қауымдастығы». Немістердің «жастар қозғалысы»: оның құрылуы мен тағдыры. Жастар қозғалысының өзінен-өзі ыдырау себебі. Авторитарлылық еріктің қажетті сәті.

Мектептегі өзін-өзі басқару мәселесі. «Ерікті мектеп қауымдастығы». Америкалық school-city жүйесі. Ағылшындардың көпшілікке арналған метебіндегі өзін-өзі басқару. Өзін-өзі басқару - басқаруға қатыспау. Мектеп «жастар үйі» ретінде. Жастардың ерікті қоғамы, авторитарлық мектепті ұйымдастырудың басталуы ретінде.

I.6 Гетерономия басқышы (соңы). Бірыңғай мектеп жүйесі
Мектепте оқуды міндеттеу және білім алу құқы. Реформацияның маңызы. Лютер. Ян Коменский. Міндеті оқу және абсолютизм. Міндетті оқу және классикалық либерализм. Жаңа либерализм: міндетті оқу еркіндіктің салдары. Білім алу құқы. Білім алу құқы, тіршілікті құрметтеуге тұрарлық ретінде. Міндетті оқу принципінің шекаралары.

Мектеп пен мемлекет автономиясы. Мектепті мемлекет тарапынан бақылау міндетті оқу принципінің салдары ретінде. Ішкі антиномия «жаңа еркіндік» түсінігінде. Оны шешу. Абсолютистік мемлекетегі мектеп «мекеме» ретінде. Бюрократтық тетіктер. Классикалық либерализмді оқытудағы еркіндік. Винекен мен Наторптың автономиялы мектепті негіздеуі. Автономиялы мектеп өз мәніне сәйкес емес. Бірақта гетерономиялық мектепте автономия көрінуі керек. Жеке меншік мектептерді мемлекеттің бақылауы.

Мектеп жүйесі немесе «біріыңғай мектеп» принципі, білім алу құқының салдары ретінде. Кондорсе жобасындағы Коменскийдің бірыңғай мектеп идеясы. Абсолютизмнің кәсібилігі: мектеп жүйесінің болмауы. Классикалық либерализмнің жүйесіздігі. Либерализмнің мектеп саясатындағы дерексіз теңдігі: теңдік үлкен теңсіздікке айналады. Америкалық мектеп жүйесінің эволюциясы. Щвецариялқ мектеп жүйесі. Мектептің көптиптілік негізіндегі бірыңғай мектеп. Құқықтық және фактылық теңдік. Жаңа және классикалық либерализм. Нақты тұтастық принципі және ұлттық бірлік.
I.7 Ерікті өзібетінше білім алу (автономия) басқышы немесе мектептен тыс білім беру теориясы
Шығармашылық және сабақ. Еркіндік және авторитет. Өмір және мектеп. Адам ортасының өсуі. Адамзат соңғы орта ретінде. Автономияның шексіздігі. Кәсібиліктің адамның жаңа қырынаайналуы. Автономия басқышында педагогиканың этика мен саясатқа айналуы.

Платон жүйесі этика, саясат және педагогиканың бірлігі ретінде. Индивид және мемлекет. Жанның сезімдік, еріктік және ақылды бөлігі. Шаруашылық, азаматтық және басқарушы сословие. Платонның рақымдылық туралы ілімі: адалдық, ерлік және даналық. Әділеттілік рақым дылықтың толықтығы ретінде. Ізгілік пен мемлекеттің құлдырауы. Платон коммунизмі, оның қазіргі коммунизмнен ерекшелігі. Платон педагогикасы. Оның мәңгілік мағынасы және оның тарихи шектеулігі.

Педагогикалық әдебиеттердегі жиһанкездік мәселесі. Жиһанкездіктің маңызы: өзін және өзгені білу. Білімдік жиһанкездіктің нағыз мағынасы. Рухани жиһанкездік және саяхаттау. Өзінің жаңа қырын ашу. Тарих халықтың рухани жиһанекздігі. Білім беру романы.

Вильгельм Мейстер Гете, Жан Кристоф Ромэн Роланның жиһанкездік жылдары.

Өздігінен білім алу құралдары рухани хабарлама жолдары ретінде. Кітапхана және музей. Олардың эволюциясы. Жоғары мектеп. Журнал.

Халықтың мектептен тыс білім алу мәселелері. Мектептен тыс білім берудің дербестігі. Халық кітапханалары. Ересектерге арналған қосымша мектептер. Халық оқулары және халық университеттері. Мектептен тыс білім беру саласындағы жаңа ағымдар. Олардың рухани жиһанкездікке сәйкес келуі.

Тұлғаның өздігінен ерікті білім алуындағы кәсіби бірлестіктердің маңызы. Кәсіподақтардың жеке мүдделерді қорғаудан ұжымдық тұлғаның мүддесін қорғауға айналуы, мәдениет мүддесіне қызмет ету ретінде. Корпоративтік социализм. Кәсіподақтардың білім беру міндеттері. Жеке тұлға мен қоғам – бір тізбектің бөліктері.
II. ҒЫЛЫМИ КОММУНИЗМ ТЕОРИЯСЫ
Білім берудің материалдарға және мақсаттарға бөлінуі. Ғылыми білім беру және ақыл-парасат білімін беру. Ғылыми білім беру түсінігі.

II. 8 Ғылыми білім берудің мақсаты
Антиномия: ойды формальды дамыту немесе мағлұмат алу. Екі көзқарасты негіздеу. Онан практикалық қорытынды жасау: білім мазмұны, оқушылардың жұмысын бақылау, мұғалім мен оқу кітабының атқаратын қызметі.

Ғылыми білім беру антиномиясының педагогикада «рационализм –эмпиризмнің» гносиялогиялық қайшылығын бейнелеуі. Эмпиризм гносиоло гиясы. Білімдік рационализм теориясы. Критицизмдегі осы қайшылықты жою. Критикалық (трансцендентальдық) білім теориясының негізгі белгілері.

Критицизм дидактикасы. Оқыту мақсаты - ғылыми әдісті меңгеру. Формальдық білім беру теориясы мен шынайы мағлұмат теориясының дұрыстығы. Ғылыми дамыған ой. Әдіс обьективтілік пен субьективтіліктің бірлігі ретінде.

Критикалық дидактиканың практикалық салдары: білім мазмұны, оқушының жұмысын қадағалау. Ауызша сөйлеу, ғылыми деректі жеткізу тәсілі. Мұғалімнің рөлі - ғылыми деректі жеткізуші. Мұғалім орнының ерекшелігі. Оның негізгі мақсаты, сыныпты ойландыру. Мектеп ғылыми деректерді сақтаушы.
II. 9 Ғылыми білім берудің құрамы
Білім берудің құрамы және ғылыми жіктеме мәселесі. Ғылымды монистік және плюралистік тұрғыдан жіктеу. Конттың натуралистік монизмі. Спенсердің классификациясы. Қазіргі классификацияның. плюралистік сипаты.

Жаратылыстану міндеттері мен әдістері. Заң және тек. Жаратылыс тану және математика. Жаратылыстанудың қолданбалы маңызы: техника және оның түрлері. Жаратылыстанудің шекарасы. Риккерттың теориясы.


Индивидуалдылық және бірлік. Индивидуалдылық тарихтың пәні ретінде. Тарихи білімнің обьективтілігі. Тарихтағы түсініктемелер. Индивидуалдық түсініктердің құндылық сипаты. Тарихтың қолданбалы маңызы: саясат. Ақыл-парасаттық натурализмнің шектеулігі.

Тарих ғылымының нақтылығы. Тарихи математика мәселесі. Психологиялық теорияның негізі. Вундт және Дильтей. Филология тарихтың формальды өзегі ретінде. Филологияның мәні. Узнер мен Зелинскийдің теориялары.

Философия, оның пәні мен әдісі. Философияның диалектикалық әдісі. Диалектика және интуитизм. Философияның қолданбалы маңызы: педагогика.

Ғылымдардың жалпы классификациясы. Абстрактылы және қолданбалы білім. Шаруашылық туралы ғылымдар. Таза және гетеро номдық ғылымдар: құқық және дінтану.

Дидактикалық қорытындылар. Білім беру құрылымын анықтаудағы логикалық өлшемдер. Психологиялық және утилитарлық өлшемдер Жалпы дидактика және жеке пәндердің әдістері.
II. 10 Ғылыми білім беру. Бірінші басқыш: эпизодтық курс
Ескі мектеп курсының сипаттамасы. Систематикалық мектеп курсы алдындағы «пропедевтикалық» немесе «эпизодтық» курсты ендіру тенденциясы. Ғылыми білім беруді басқыштарға жалпы бөлу: эпизодтық курс – систематикалық курс – ғылыми оқыту курсы.

Эпизод түсінігі. Баланың эпизодтық ойлау ерекшелігі. Алғашқы ойлаудағы прагматизм. Эпизодтық курстың қажеттігі. Эпизодтың жүйелілікке бой алдыруы. Эпизотдық курс элементарлылық ретінде. Геометрия, география, жаратылыстану, тарихтың эпизодтық курстары.

Эпизодтық курстардың құлдырауы: қызықты оқыту (Руссо мысалында); алдын-ала жүргізілетін систематикалық курс (Песталоцци мысалында). Ғылыми жүйе элементтері соңғы мән, эпизодтық курстың бастапқы пункті емес. Эпизодтық курс және еңбек мектебі. Эпизодтық курс және «отантану». «Отан» түсінігінің эволюциясы. Эпизодтық курстың бөлшектенбеуі.

Эпизодтық курстың алғышарттары. Баланың сауаттылығы. Сыртқы сезімінің дамуы және графикалық сауаттылық. Мұғалімнің сабаққа жалпы және жеке дайындығы. Мұғалімнің эпизодтық курстағы рөлі. Көрнекі оқыту дегеніміз не? Эмпирикалық немесе иллюстративтік көрнекілік. Критикалық көрнекілік, белсенді интуиция элементтер жүйесі ретінде.
II. 11 Екінші басқыш: систематикалық курс
Жүйе түсінігі: бірлік, бөліну, үзіліссіздік. Ескі мектеп курсынан кейінгі эпизодтық курстың систематикалық курстан айырмашылығы. Систематикалық курс ғылыми курс алдындағы дайындық. Жүйе және әдіс. Ғылым кристалданған және ерітілген қалыпта. Систематикалық курстың қажеттігі.


Систематикалық курсты ұйымдастыру: оның ғылыми курспен толығуы, бірақта алдын алмауы. Жүйедегі ғылыми әдіс көрінісі. Систематикалық курс жүйесінің догмалық жаттандылық пен диелетанттыққа құлдырауы. Зертханалық әдіс. Систематикалық курстың ғылымилығы.

Систематикалық курстың жеке оқу пәндеріне бөлінуі. Систематикалық курстағы оқу жоспарының қызметі. Мұғалім дайындау. Ғылыми әдебиет. Систематикалық курстың көрнекілігі.

Концентрлер теориясының қателігі, ғылыми білім беру басқышын, берілетін материал арқылы ажыратуы. Гербарттың формальды оқыту басқыш теориясы. Оның қателігі. Логика және білім психологиясы. Формальды дидактика және «материалдық» дидактика. Формальды және трансцендентальды логикамен салыстыру.
II. 12 Ғылыми курс басқышы немесе Университет теориясы
Ғылыми курс - зерттеу әдістерін оқыту. Университет - оқыту мен зерттеудің бірлігі. Ғылыми курс әдістемесінің сол ғылымның әдіснамасымен сәйкесуі. Педагогикалық ғылыми білім беру университет саясаты ретінде.

Университеттің негізігі қасиеті: жүзеге асырылған ғылыми білімнің тұтастай өтімділігі, еркін оқыту мен оқу, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі толықтыру.

Университет ғылыми білімді толықтай жүзеге асырушы ретінде. Униерситет эволюциясының жалпы сипаты. Жаратылыстану-математика лық және тарихи-филологиялық факультеттері. Философия факультетінің мәселелері. Техникалық факультет мәселелері. Медициналық факультет. Қоғамдық пәндер факультеті. Педагогикалық институт. Дінтану факультеті.

Еркін оқыту және оқу. Университеттің оқыту ерекшелігін сипаттау. Еркін принципті шектеу. Университеттік оқытудың құрылымы: дайындық сабақтар, кәсіби-практикалық сабақтар, ғылыми оқытуды ұйымдастыру. Көрсетілген оқыту типтерін өзара ажыратуға мейілінше жол бермеу. «Зерттеу институтының» мәселесі.

Университеттің өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі толықтыруы. Бюрократтық басқару жүйесі. Шартсыз автономия жүйесі. Университеттер мен академиялар. Университеттік автономияны шектеу. Университет және мемлекет. Университеттің көпшілік-құқықтық сипаты.
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Білім беру тұтастық ретінде және жеке білім беру түрлері. Философиялық метафизика және философия логикасы. Білім берудің вертикальдық және горизонтальдық түсініктері. Кейбір жекелеген мақсат пен білім беру арасындағы шиеленістер.
III.13 Ұлттық білім беру мәселесі