Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 363

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұлттық білім беру бағыттарының көптүрлілігі. Ұлттық термин мағынасының көп мәнділігі. К.Д.Ушинскийдің ұлттық тәрбие беру теориясы. Ушинскийдің іштей бірізділігінің болмауы: славянофильдік және халықтық мотивтерді ығыстыруы. Ушинскийдің теориясын сынау.

Фихтенің «Неміс ұлтына арнаған сөзі». Ұжымдық халық тұлғасы идеясының өзіндік ерекшелігі. Фихте және Руссо. Фихтенің ұлттық білім беруі адамгершілік білім берумен сәйкеседі. Оның ұлттық білім беруінің космополиттік сипаты.

Ұлттық идея. Космополитизм және ұлтшылдық. Оларға ортақ шектеулер. Адамзат және ұлт идеялары. Олар - әрекет құралдары. Ондағы аңыздар мен тапсырмалардың бірлігі. Ұлт пен адамзаттың бір-бірмен кірігуі. Славянофилдер мен батысшылдар. Ұлтты тұтастыратын факторлар. Ұлттардың деңгейлері мен басқыштары. Ұлт жалпыадамзаттық мақсат бағытындағы шығармашылықтың табиғи көрінісі ретінде. Ұлттың «туа біткен» сипаты. Тілдің маңызы. Ұлттың енжар және белсенді элементтері.

Революциялық космополитизм және консервативті ұлтшылдық. Олардың ортақ негіздері.

Ұлттық білім беру мәселесі. Ұлттық білім берудің эгалитарлық және орталықтық типі (Француз төңкерісі). Ұлттық - анықтама емес, ұлттық білім беру түсінігін қолданған кезде, ол эпитет. Кішігірім топтасқан ұлттарға ұлттық білім беру, саяси мәселе. Оны ұлттар доктринасында экстериториялық көпшілік-құқықтық одақ және «кішігірім ұлттық топтар трактатында» қарастыру.

Провансальдық Қайта Өрлеу қайраткерлерінің «Обылыстық педагогика сы». Грамматиканың эпизодттық курсы. Обылыстық педагогиканың ұлттық талаптарының сапалы білім беру талаптарына сәйкес келуі. Ұлт нақты тұтастық ретінде. Ресейдегі «орыс емес ұлттарға арналған мектеп» мәселелері. Оның үш типі. Ұлттық білім беруді ұлтшылдыққа бұрмалау. Ұлттық білім беруді дұрыс түсіну, қазіргі білім беру принципімен сәйкес түсіну қажеттігі.
III.14 Физикалық білім беру мәселесі. Білім беру теориясы және психофизикалық техника. Педагогиканың соңғы анықтамасы және білім беру
Физикалық білім беру түсінігі. Дене тәрбиесі өзіндік мәселе. Физикалық білім берудің негізгі мақсаты өз денесін меңгеру. Табиғатты шаруашылық қажетіне жарату мақсаты ретінде. Шаруашылықтың адамгершілік пен техникадан өзгешелігі. Шаруашылықтың адамгершілік табиғатын стихия арқылы иілдіруі ретінде. Шаруашылық неге адам табиғатына қатысты емес? Медициналық техниканың ерекшелігі. Денесін меңгеру немесе адамгершілік мақсат, немесе медициналық техника.


Медициналық техника міндеттері. Денсаулық түсінігі. Оның салыстырмалы сипаты. Емдеу және гигиена. Гигиенаның екі негізгі принципі. Физикалық білім беру және эвгения гигиенаны тереңдету және кеңейту ретінде. Медициналық техника – адамның психофизикалық табиғаты туралы пәндердің қолданбалы жиынтығы. Физикалық тәрбие гигиенаның бөлігі ретінде. Дене тәрбиесі саласындағы жаңа ағымдар. Екеуінің міндеттерінің өзгешеліктері. Білім беру теориясының шекаралары. Қолданбалы философия (педагогика) және қолданбалы психо-физиология (медицина).

Эксперименттік педагогика мәселесі. Эксперименттік педагогика психикалық гигиена ретінде. Оның шешетін сұрақтарын талдау. Эксперименттік педагогика психикалық қабілеттерді тәрбиелеу теориясы және жұмыс экономикасы ретінде. Эксперименттік педагогиканың үш бөлімінің (гигиена, психикалық тәрбие теориясы және жұмыс экономикасы) педагогикаға қатыс жоқ, олар техникаға қатысты. Психотехниканың мазмұны мен көлемі (Мюнстерберг). Эксперименттік педагогика – психотехниканың бөлігі. Психотехника және физиотехника. Екеуінің тығыз байланысы. Гигиена, тәрбие, экономика мәселелері психо-физиологиялық техниканың негізгі мәселесі. Психо-физиологиялық тәрбие техникасы мен білім беру теориясы. Сөздің кең мағынасында медицинаның - бөлігі.

Педагогикалық пәндер жүйесі. Жалпы педагогика және оның бөлімдері. Арнайы педагогикалық пәндер. Педагогика және саясат. Педагогика және техника. Педагогикаға көмекші ғылымдар. Педагогиканың дербестігі. «Эксперимент, педагогика» негізінде жатқан философиялық ескішілдік.

Физикалық пен психикалықтың теңдігі. Олардың «рухтан» (мәдениеттен) ерекшелігі. Индивидуалдылықты дамыту, білім берудің мақсаты. Ырықсыз жәнен нақты индивидалдылық. «Білім беру құқығы» мәселесі. Білім беру, нағыз ұрпақты өмірге әкелу және оған жету жолы. Білім беру, өлім туралы қамқорлық. Мәдениетті шынайы және жалған түрде жоққа шығару. Мәдениетті шынайы жоққа шығару және сонымен қатар оны бекіту. Шығармашылық - жоққа шығару және бекіту, өлім мен өмір, тапсырма мен аңыздің бірлігі ретінде.
II КЕҢЕС МЕКТЕБІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА (1941-1970)

II.1 Жалпы білім беретін мектеп дидактикасы
Михаил Александрович Данилов
М.А.Данилов кеңес педагогикасының көрнекті дидакт-ғалымдарының бірі. Ол кеңес мектебінің жетекші принциптерін ғылымилық, коммунистік идеялылық деп көрсетіп, оқушылардың танымдық қабілеттерін шығармашылық оқу еңбегін дамытуға арнады. Оқыту принциптерін оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтарымен және оның құрамды бөліктерімен байланыстырып қарастырды.



М.А.Данилов кеңес мектебіндегі оқыту үдерісінің негізін қалады. Онда ол оқыту теориясына қатысты оқыту үдерісін жалпы талдау, оқушылардың белсенді оқуына түрткі тудыру, оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауы, оқушылардың білімін бекіту және біліктері мен дағдыларын жаттықтыру, білімін өмірде қолдана білу, оқушылардың білімін тексеру және бағалау мәселелерін зерттеді. Ол Б.П. Есиповпен авторлық серіктестікте «Дидактика» (1957), «Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі» (1960) еңбектерін жазды.
Кеңес мектебіндегі оқыту үдерісі
Оқушылардың білім, білік, дағдысы, олардың игерген білімі мен оқудың жаңа кезеңінің бастау көзінің нәтижесі. Ғылым негіздерін оқытудың екі негізгі қыры бар: оқушыларды жүйелі біліммен қаруландыру және олардың танымдық күшін дамыту. Озық тәжірибелі мұғалімдер ғылым негіздерін оқытудың екі негізгі қырының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етіп, білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізе алады. Дегенмен де, көптеген мектептердің тәжірибесінде оқушылардың білімді игеруі, олардың ақыл-ойларының дамуына өте әлсіз әсер етіп, игерген білімі берік болмайды.

Оқушының ақыл-ой дамуының сандық және сапалық өзгерістері, оның білімі мен психикалық іс-әрекеттерінен көрінеді. Оқушылардың жүйелі білімді белсенді тәсілдер арқылы игеруі, олардың ақыл-ойын дамытады және онда адамзаттың көпғасырлық тәжірибесі шоғырланған, олар осы білімді теориялық және практикалық міндеттерді шешуге қолданады.

Оқу үдерісі түрлі ықпалға ұшырайды. Оқу үдерісінің қозғаушы күші оқу міндеттері арасындағы қарама-қайшылықтардан, оқыту үдерісінің барысында оқушы алдына қойылатын міндеттермен, оның игерген білім деңгейімен және ақыл-ойының дамуынан пайда болады. Оқытудың дамытуға ықпалын мұқият зерттеумен қатар, керісінше дамытудың оқуға ықпалын да қарастыру керек. Ақыл-ойдың дамуы оқуға қалай байланысты болса, дәл солай оқыту да, ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді. Бірақта осы айтылғаннан, мұғалім осы үдерістердің әрқайсысына бірдей қарайды деуге болмайды. Оқыту оқушының ақыл-ойын дамытуды басқарудағы мұғалімнің сенімді құралы саналады.

Оқу үдерісін дұрыс басқару үшін оның негізгі қозғалыс бағытын білу керек. Кеңестік дидактика мен әдістеме мынадай қағиданы негізге алады: оқытудың негізгі қозғалыс бағыты; ғылым негіздерін жүйелі оқыту; баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу мақсатын анықтау, яғни танымдық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеру. Ғылыми материалдарды дидактикалық өңдеуден өткізу, оқушылардың білімді саналы және мықты игеруінің, оқу мен дамуының шешуші жағдайы, олдарды өнімді еңбек етуге дайындау және танымдық әрекеттің жаңа деңгейін - обьективті әлемнің құбылыстарын білуі тиіс. Оқу үдерісін мұқият талдағанда, оның логикасы анық байқалады.


Оқыту оқумен толықтай сәйкеспейді, оқушының шынайы игерген білімі, мұғалімнің оқытқанымен сәйкес келмейді. Оқыту табысты болу үшін, оқу пәні, оқыту және оқу өзара тығыз әрекеттесуі тиіс.

Дұрыс құрылған оқыту сипаттамасының басты белгісі, оның ішкі күшінің қозғалысы. Оқытудың қозғаушы күші, ол оқушының «өсу қиындығы», яғни оқыту барысындағы оқу және практикалық міндеттер мен, оқушылардың игерген білім деңгейімен, танымдық күшінің дамуы арасындағы қарама-қайшылықтар. Оқытудың қозғаушы күші болатын қарама-қайшылық, белгілі бір жағдайда пайда болып, (тікелей немесе келешекте) шешіледі. Маңызды шарттың бірі «мазмұндылық» оқушыларға арналған қарама-қайшылық, яғни оқушының түсінігіндегі қарама-қайшылықтың мағынасы. Оқыту өте күрделі құбылыс болғандықтан, оған алуан түрлі қарама-қайшылықтардың болуы тән.

Оқушылардың саналы және мықты білімі, біліктері мен дағдылары оқыту үдерісінің негізгі бөліктерінің оқу тақырыбына сәйкестігіне және оқу пәнінің аумағында іске асады. Сонымен қатар білімді игеру және оқушының танымдық күшінің дамуы, оқушының орындаушылық, өзбетінше оқуы, көшіре білуі және шығармашылық әрекетіне қатысты болады. Оқушының бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа өтуіне байланысты өзбетінше жұмысының мазмұны күрделене түседі. Оқытудың табыстылығына қол жеткізу үшін, оқушының танымдық және практикалық белсенділігін қоздырып, өзбетінше ойлауға, іс-әрекетке, еңбекке үйретуге болады.

Оқытуда білім, білік және дағды түрлі рөл атқарады. Оқытудың мәні, білім, білік және дағдының бірлігін, оқушының жеткен жеке табысын, ойлау құралын және практикалық әрекетін қамтиды.

Біз қозғаушы күшті білдіретін оқытудың жалпы заңдылықтары мен оқытудың даму бағытын анықтадық. Осының бәрі оқыту үдерісінің негізгі бөліктерін және олардың жақсы дамуы жағдайын талдауға мүмкіндік береді.


Оқушылардың оқуын белсендіру. Озық мұғалімдер тәжірибесінен оқушыларды оқуға белсендірудің тәсілдері мен құралдарының тығыз әрекеттесуін байқауға болады. Оқудың болашағын көрсете білу, оқушының санасында оқудың қоғамдық мәні мен түрткісін бекітеді. Оқушыларды оқуға түрткілеудің маңызды құралының бірі, сыныптағы ұжымдық пікірдің маңызы зор. Бұл жағдайда мұғалімнің қойған бағасы, оқушының білім деңгейі мен дағдысын нақты бейнелесе, ол маңызды оқу түрткісіне айналады.

Тәжірибелі мұғалімдер оқушының білімін бағалауда шынайы баға беруге тырысады, қойылған баға баланың нақты білім деңгейін көрсетуі тиіс. Олар қойылатын бағаның тәрбиелік мәнін шеберлікпен қолдана біледі: оқушылардың нашар баға алуына жол бермейді. Олар негізгі ережені ұстанады: оқушыдан оқытылған білімді сұрайды; кез келген жұмыста алдыңғы өтілген материалға байланысты оқушыларға қойылатын талаптарды алдын ала ескереді. Мұндай жағдайда оқушылар үнемі жауап беруге дайын болады.

Сонымен, оқушылардың білімді табысты игеруі мен дамуы, олардың танымдық ұмтылыстарының белсенділігі мен интенсивті әрекетіне байланысты болады. Оқушыларды осындай әрекеттерге түрткілеу, өзбетінше оқудың сапасына лайық болмаса да маңызды. Оқушылардың оқуына түрткі тудыру оқыту үдерісінің ішкі қыры, әр бөлігінің және оның міндеттері мен сипатына байланысты, ол іске асып, түрлі формаға енеді.

Оқуға түрткі тудыру оқушының оқу мотивін іске қосып, оның салауатты білімпаздығын бекітеді. Мұғалімнің сабақта қолданатын түрткілеу тәсілдері алуан түрлі. Олардың ішінде сабақта жиі қолданлатындары: қызықты, оқыту логикасы мен оқушыны жаңаны білуге ұмтылдыру, мадақтау; кезекті міндетті орындауды белгілеу және оны орындау тәсіліндерін көрсету, бұйыру.

Сабақта осы тәсілдердің қолданылуын талдау барысында бастауыш сыныптарда оқушыларды қызықтыру мен мадақтаудың өте аз қолданылатыны анықталды; оқыту логикасы және жаңаға қызықтыру, оларды оқу жұмысына белсендіруді бастауыш сыныптан бастап, жоғары сыныпқа қарай қамтуы керек. Түрткі тәсілдері үнемі біз күтетін нәтижені бермейді. Түрткінің мәні оқушыны оқудың мағынасын түсінуіне, белгіленген жаңа міндет пен өз білімдері мен дағдыларының арасындағы қарама-қайшылықтарға назар аударуына