Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 355
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бірінші оқу міндетіне қатысты форманы қарастырсақ, ол оқушыларды заттың сыртқы түрімен және құрылысымен таныстырады.
I сәйкестік формасына тән сипат: сөз арқылы (нұсқау, реплика, сұрақ, т.б.) мұғалім оқушылардың обьектіні бақылауына басшылық жасайды, оқушылар обьект туралы білімді бақылау арқылы меңгереді.
III сәйкестік формасы I сәйкестік формасынан ерекше. III сәйкестік формасының белгілері: обьект туралы мағлұматты оқушылар мұғалімнің сөзінен біледі, ал көрнекі құралдар айтылғанды бекіту немесе нақтылау үшін қолданылады.
Егерде дидактикалық міндет құбылыстар арасындағы байланыстарды көрнекі обьектілерді бақылау негізінде белгілесе, онда II – IV сәйкестік формасы қолданылады. II сәйкестік формасының белгілері: мұғалім сөз арқылы оқушыларға бақылаған көрнекі обьектілерді түсіндіріп, олардың білім негізін қоса отырып, құбылыстар арасындағы байланыстарды саналы түсінуге және қабылдау үдерісінде тани алмайтын, осындай құбылыстар арасындағы байланыстарды тұжырымдауға бағыттайды.
II формаға қарама-қайшы IV сәйкестік форманың белгілері: оқушылардың көрнекі обьектілерді бақылауынан кейін, мұғалім оқушылар тікелей қабылдай алмайтын құбылыстар арасындағы байланыстарды өзі хабарлап, жалпы қорытынды жасап, оның жеке қырларын түйіндеп түсіндіреді.
Біз осылайша зертеулерімізде, бір дидактикалық міндетті орындау үшін оқытудың түрлі тәсілдерін қолдануға болатынын, олардың бір-бірінен ерекшеленетінін көрсеткіміз келді. Осыдан мынадай сұрақ туындайды: бір-бірінен ерекшеленетін тәсілдерді қолданғандағы нәтижелер қандай болмақ?
I - II сәйкестік формасының нәтижесіне тоқталайық. Мысал ретінде V сыныптың ботаника курсындағы мынадай тақырыптарды «Жапырақтың сыртқы құрылысы» және «Бұтақтағы жапырақтың орналасуы» қарастырайық. Оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарын жан-жақты салыстырғанда көрсеткені, III сәйкестік формасына қарағанда, I сәйкестік формасы жоғары нәтиже береді. Бұл берілген жауаптың толықтығын және анықтығын көрсетеді. Осыған ұқсас айырмашылықтар география мен тарих курсынан I және III сәйкестік формаларының нәтижелерінен байқалды.
Қорыта келе, зерттеуімізде жалпы заңдылық анықталды: оқу міндетін орындау үшін оқушыларды обьектінің сыртқы түрімен, құрылысымен таныстыру, I сәйкестік формадағы мұғалім сөзі мен көрнекілік құралының байланысы III сәйкестік формаға қарағанда тиімдірек. Бұл заңдылықта оқу міндеті, оқыту тәсілдері және қол жеткізетін нәтиженың обьективті байланыстары көрсетіледі.
Осы анықталған жалпы заңдылықтар әр жағдайда түрлі көрініс береді. Сондай жағдайдың бірі, оқу материалының сипаты, оқушыдан жоғары немесе төмен деңгейдегі өте нәзік талдауды талап етеді. Осыған сәйкес типтік ерекшелік «Жапырақ» тақырыбында (V сыныптың ботаника курсы) кездеседі.
Жапырақтың сыртқы құрылысына қатысты материалды қарастырайық. Жапырақтың пластинкасы және сабы ерекше көзге түседі, ол оны басқа жапырақтардан ерекше бөліп көрсетеді, оны бақылаудың қиындығы жоқ. Жапырақтардың сабақта орналасуы (қарама-қарсы, кезекті, күлте басты) сараланып, бақылаған бейнеде көрінеді, түрлі өсімдік сабақтарындағы жапырақтардың орналасуы да әр түрлі болады. Тура осы тәрізді жапырақтың талшықтары да әр түрлі болады: тор көзді, параллель, доға тәрізді.
Жапырақтың ішкі, яғни жасушалық құрылысы туралы оқу материалы мүлде ерекше сипатта болады. Мұнда орналасу кеңістігіне байланысты жапырақтың формасына тән, нақты қарама-қайшылық білінбейді. Керісінше, бір қарағанда жапырақ жасушалары бірыңғай көрінеді. Дегенмен де, олардың қабықшалары, күрделі ұлпалары, жасуша аралық кеңістіктері, жасуша пішіндерінің біраз айырмашылықтары мен кеңістікте орналасу ерекшеліктері болады.
Оқушы жапырақтың сыртқы түрі мен құрылысын бақылап, обьектіні талдауы тұрпайы болады.
Жапырақтың ішкі құрылымын зерттегенде нәзік талдау жасалады.
Оқу материалын оқушылардың ақыл-ой әрекетін дамыту үшін қойылған талапқа сәйкес сипаттап, I және III сәйкестік формадағы материалға байланысты нәтижені салыстырамыз. Жапырақтың ішкі құрылысын бақылауға арналған сабақ, жапырақтың сыртқы түрі мен құрылысын таныстыру мақсатында жүргізген сыныптарда орындалады. Мектептің V сыныбында (оны шартты түрде V А деп белгілейміз) I сәйкестік формасындағы сөз бен көрнекі құралдың байланысы кеңінен қолданылады, басқа мектептің V сыныбында (V Б) III сәйкестік формасы қолданылды.
Осы аталған сыныптарда сәйкестік формаларының қолданылу жиілігі бірдей болды.
Оқушылардың білім сапасын сипаттайтын айрмашылықтарды салыстырып көрейік. 1-кестеде оқушылардың дұрыс және қате жауаптарының жиынтығы (соның қатарында жауаптардың болмауы) көрсетілген.
1- кесте. Сабақтан кейінгі оқушылардың жеке жауаптары
Сыныптар | Жапырақтың ішкі құрылысы | Жапырақтың сыртқы құрылысы | ||||
дұрыс | қате | жауап жоқ | дұрыс | қате | жауап жоқ | |
V А | 42 | 2 | 11 | 36 | 1 | 13 |
V Б | 23 | 6 | 26 | 26 | 3 | 21 |
Паралелль сыныптарда оқушылардың білім сапасы бірінші сабақ бойынша мейілінше жоғары болады, екіншімен салыстырғанда. Өйткені I сәйкестік формасындағы жапырақтың ішкі құрылысына арналған оқу материалында қолданылған нәзік талдаудың тиімділігі мейілінше жоғары болды, жапырақтың сыртқы түрімен таныстырғандағы тұрпайы талдауды қолданғаннан гөрі.
I сәйкестік формасының тиімділік дәрежесінің ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларын обьектінің сыртқы түрімен таныстырғандағы сөзі мен көрнекілік байланысында да байқалды.
Николай Кириллович Гончаров
Н.К.Гончаров РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының академик мүшесі. Оның «Педагогика негіздері» еңбегі (1947), «Педагогика мәселелері» еңбегі (1960) басылып шықты. Оның ғылыми мақалалары педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістері, В.И.Лениннің комсомолдың III сьезінде сөйлеген сөзі – кеңес педагогикасының маңызды
қайнар көзінің бірі, Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұралары және қазіргі мектеп, оқыту теориясы, орта мектепте политехникалық білім беру тәжірибесі мен РСФСР Педагогика ғылымдар академиясының міндеттері, мектеп дамуындағы жаңа кезең және орта мектептің міндеттері мәселелеріне арналды.
Педагогика мәселелері
Автордан
Аталмыш еңбек педагогика ғылымының түрлі мәселелеріне арналған. Әр кезеңде жазылған еңбектерге кейбір жеке өзгерістер ендірілген. Мақалалар үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім педагогика ғылымының жалпы мәселелеріне, жеке мақалалар В.И.Лениннің педагогикалық пікірлеріне арналады. Екінші бөлім мектептегі оқыту мәселелері мен Кеңестік педагогиканың 40 жылдығына арналған мақалалардан тұрады. Үшінші бөлім КСРО мектептерін жаңаша қайта құру мәселелерін қамтиды.
Саясат және педагогика. Жас ұрпақты тәрбиелеу теориясы мен практикасы ешқашанда саясаттан тыс тұрған емес. Саясат қоғамдық өмірдің барлық саласына, соның ішінде мектеп пен тәрбиеге де ықпал етеді.
Біздің партияның, Кеңес үкіметінің саясаты – коммунистік қоғам орнату. Коммунистік партия өзінің мақсаты мен міндеттерін ашық қойып, оны жүзеге асырады. Ол өз саясатын тікелей және ашық түрде жүргізеді. Партия өз саясатын бүкіл халықтың мүддесіне айналдырады, өйткені ол халықтың мүддесіне қызмет етіп, оны қолдайды, шынайы демократиялық саясат, яғни халықтың саясатын жүргізеді.
Ленин саясатты көпшілік жасайды деп үйретеді. Көпшіліктің саясат жасауы үшін, олар ұйымдастырылып, басқарылуы тиіс. Біздің партия халықты ұйымдастырып, оларды саналы түрде ынтымақтастыққа келтіріп, олардың саяси және моральдық бірлігін, соның қатарында мәдени тәртіптібін қалыптастыру үшін қажымай ерен еңбек етеді. Еңбекші халық партияның жолымен жүреді, өйткені ол олардың мүддесін толығымен қорғайды.
Тәрбиеге саяси қатынас орнату, тәрбие теориясын практикамен байланыстыруға мүмкіндіктер береді. Осының салдарынан педагогика ғылым ретінде мектептердің ауқымды фактылық материалдары мен тәжірибелерін талдап, онан ғылыми тұжырымдар жасап, практикада қолданады. Тәрбиелеу, білім беру, оқыту мәселесіне саяси қатынас орнату, басқа да педагогикалық құбылыстарды, қоғамдық орындармен көп түрлі қатынасқа түсіру мүмкіндіктерін іске асырады. Осылайша педагогика ғылыми тұрғыдан принципиалды және нақты тұжырым мен қортындылар жасайды.
Педагогика теориясына саяси қатынас орнату, жас ұрпақтарды тәрбиелеу, білім беру, оқытуға партиялық көзқарасты дамытуды қажет етеді.
Кеңестік педагогикада кеңестік саясатты басшылыққа алу нені білдіреді? Оның мәні, ең алдымен, кеңестік педагогика тәрбиелеу және білім беру мәселелерін коммунистік қоғам құру тұрғысынан шешуі керек.
Коммунистік қоғам марксизм-ленинизм теориясының негізінде құрылады. Сондықтан біздің педагогика тек марксистік-лениндік теория негізінде біртұтас көзқарасты дамытып, қоғамның даму заңын зерттейтін алдыңғы шептегі ғылым саналады. Маркстік-лениндік теория, қоғамның дамуындағы педагогиканың жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны мен рөлін түсінуге мүмкіндік беріп, кеңес мектебінің мол тәжірибесін қорытындылауға көмектеседі. Кеңес мектебі бұрын соңды болмаған жол салып келеді. Кеңес мектебінің мақсаты тәжірибені зерттеп, оны қорытындылаап қана қоймай, болашақтағы тәрбие мен білім беруді дамытудың жолын белгілеуі керек (В.И.Ленин. Сочинения, т.10, с.168).
Педагогика ғылымын дамыту үшін Кеңес үкіметінің саясатын басшылыққа ала отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, тәрбие мен білім беру жүйесін жаңаша құруды қажет етеді. Біздің қоғамда жан-жақты тәрбиелеу бұл келешектің идеалы емес, бүгінгі күннің талабы.
Адамзаттың ең алғыр ойлы өкілдері тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуді армандаған. Кейбір дара тұлғалардың (Томас Мор, Кампанелла) тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу туралы утопиялық ойлары мен педагогтардың ақиқаттан алшақ пікірлері, шынайы өмірмен жанаспаған еді. Тек Маркс пен Энгельс осы мәселені ғылыми тұрғыдан шешті.
Біздің социалистік мемлекетіміздегі әр адамның еңбек ету, демалу және білім алу құқықтары бар, мұндағы қоғамдық-экономикалық жағдайдың өзі, адамның жан-жақты білімді болуын, еңбек етуін, дамуын талап ететін педагогикалық теорияны қалыптастырып, тұлғаны жан-жақты дамуытуды өмірге ендіреді.
Педагогикаға саяси қатынас орнату, адамның жаңа сипаты мен моральдық сапасын тәрбиелеуді білдіреді. Адамның жаңа сипаты мен моральдық сапасын тәрбиелеу үшін, ең алдымен саналылықты қалыптастыруды және еліміздің алдына қойылған міндеттерді саналы түсінуді талап етеді. Баланың санасы біртіндеп дамиды, бірақта осы сана социалистік болуы тиіс. Біздің жағдайымызда, социалистік сана қалыптастыру үшін, тұлға ең алдымен жекелік пен қоғамдықты жете түсіне білуі керек. Мектепте жекелік пен қоғамдықты түсінуді тәрбиелеуге бола ма? Әрине болады және қажет. Алғашында бұл түсніктерді, ең қарапайым және көрнекі түрде тәрбиелеуге болады. Мектеп мүлкін, оқулықтарды күту, ересек адамдардың еңбегін (әсіресе, мұғалімнің), мектеп ұжымын құрметтеу және балалардың шамасы келетін жұмысқа араласу. Біздің жағдайымызда оқу мен еңбекке оқушының қатынасы, тек оқушының немесе отбасының жеке басына қатысты ісі болмайды, ол қоғамдық мүддеге қатысты іске айналуы тиіс.
Социалистік қоғам мүшесінің әрқайсысының ең алғашқы және маңызды міндеті, мемлекет мүддесін, өз мүддесінен жоғары санауы тиіс. Социалистік мүдде бәрінен де жоғары. Біз оқушыларға әр адамның мүддесі тек қоғамдық мүдені тұтастай қанағаттандырумен байланысты екенін түсіндіріп, олардың саналы түсінігін жетілдіруіміз қажет.
Жоғары өнімділік пен еңбек мәдениеті біздің жарқын болашаққа жылжуымыздың, отанымызды күшейуі мен өркендеуін дамытудың маңызды шарты болады. Онсыз әр адамның тұрмысы жақсаруы мүмкін емес. Осының бәрі жас ұрпақтың санасында қалыптасуы тиіс. Жас ұрпақтың жоғары саналылығы, табиғат пен адам қоғамының ғылыми негіздерін терең және берік меңгерумен қатар, қоғамдық өмірге араласуымен тығыз байланысты. Сондықтанда жастарды жоғары саналылық пен идеялылыққа тәрбиелеу, оқу сапасын артырумен және өнімді еңбекпен байланысты болады.