Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 353
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақыл-ой тәрбиесінің еңбекпен байланысы адам тәрбиесінің басты элементтерінің бірі. Ғылыми білімсіз жаңа қоғам орнатуға болмайды.
Ғылымды игеру арқылы табиғаттың және адамзат қоғамының дамуын игеруге болады; оқушыларға ғылымды игертпей, бірегей ғылыми маркстік-лениндік көзқарасты игерту мүмкін емес.
Ақыл-ой тәрбиесі жан-жақты дамытудың маңызды факторының бірі. Мектептегі ақыл-ой тәрбиесі барысында баланың ойлауы, жадысы, қиялы, бүкіл ішкі дүниесі дамиды.
Коммунистік қоғам құрушыларына үлкен жалпы білімдік мәдениет, кең ой-өріс, белгілі бір бағыттағы арнайы білім керек. Жалпы білімді беретін, жоғары деңгейдегі ақыл-ой тәрбиесін дамытатын мектеп болғандықтан, ол ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің айырмашылығын жоюдың алғышарты болады.
Ақыл-ой тәрбиесімен политехникалық білім беру тығыз байланысты. Маркс оған былай анықтама береді: « білім беру..., өндіріс үдерістерінің барлық принциптерімен таныстырады, сонымен қатар балаға немесе жасөспірімге өндірістің барлық қарапайым түрлерімен қатынас орнату дағдысын береді». Политехникалық білім беру - бұл кәсіби білім беру емес. Ол оқушыларға кез келген мамандықты игеру үшін берілетін білім. Энгельс «Коммунизм принциптерінде» былай деп жазған, жан-жақты дамыған адамдар - олар өндірістің барлық жүйесінің бағытын түсінетін адамдар.
Политехникалық білім алған адамдар, олар жан-жақты дамыған адамдар, оларды Энгельс «қоғам талаптарына немесе өзінің қабілетіне сай, өндірістің бір саласынан екінші бір саласына ауысады... Қорыта келе, коммунистік негізде ұйымдастырылған қоғамның мүшелері өзінің жан-жақты дамыған қабілеттерін жан-жақты көрсетуге мүмкіндіктері болады». Әр қоғам мүшесі өзінің барлық күші мен қабілетін өз еркімен дамытып, оны қолдана алады. Политехникалық білім беру дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегінің арасындағы айырмашылықтарды жоятын бірде-бір шарт. Ол жас ұрпақты оқыту мен өнімді еңбекті біріктіруді көздейді. Коммунистік қоғамда «барлық балалар үшін белгілі жас кезеңінен кейін, өнімді еңбек гимнастикамен байланысты оқытылады, қоғамдық өнімді еңбекті арттыру түрінде ғана емес, адамдарды жан-жақты дамытудың жалғыз құралы болады» (К.Маркс. Капитал, т.1. Госполитиздат, 1949, стр. 489.).
Жастарға политехникалық білім беруді В.И.Ленин де көрсеткен... Ол политехниклық принцип барлығына оқыту дегенді білдірмейтінімен келіседі, бірақта қазіргі индустрия негіздерін оқытуды талап етеді. В.И.Ленин политехникалық білім негіздері туралы айтқанда, жалпы білім беретін мектепте оқушыларға минимум ретінде мыналарды ұсынады:
«... электр туралы негізгі түсініктер ( қандай екенін нақты анықтау), электрді механикалық өндірісте қолдану, оны химиялық өндірісте қолдану, РСФСР-ді электрлендіру жоспары...».
Ол әр оқушы: 1-3 рет электр станциясын, завод, совхозды барып көруі тиіс, агрономияның кейбір негіздерін білу және т.б.» (В.И.Ленин. Сочинения, т.36, стр. 492.).
Маркс пен Энгельс тәрізді В.И.Ленин де политехникалық білім беруді өнімді еңбек принципімен байланыстырды. Ол былай деп жазды: «...Болашақ қоғам идеалында жас ұрпақты оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырусыз қарастыруға болмайды: оқыту мен білім беруді өнімді еңбексіз, өнімді еңбек паралелльді түрде оқыту мен білім берусіз қазіргі білім деңгейі қажет ететін техникасыз және ғылыми білімнің қазіргі жағдайынсыз, жоғары қойылмаған болар еді». (В.И.Ленин. Сочинения, т.2, стр. 440.).
Политехникалық білім берудің негізгі және бірінші шарты – ғылым негіздерін меңгеру. Жаратылыстану, физика, химия, математикасыз өндіріс негізі мен индустрияны білу мүмкін емес. «Мектепті политехникаландыруды жүйелі және берік ғылыми негізден ажырату ұмтылысы, әсіресе физика, химия, математиканың оқытылуы белгілі және нақтыланған оқу жоспарлары мен бағдарламаларынсыз, нақты сабақ кестесінсіз жүргізу, политехникалық мектептің идеясын қатаң бұрмалау болып табылады» (Партияның ОК «Бастауыш және орта мектеп» 5 қыркүйек, 1931 ж.).
Жаратылыстану, физика, химия, математиканың жүйелі оқу бағдарламалары, пайдалы өнімді еңбекпен байланыстырылып құрылса, оқушыларды өндірістің теориялық негіздерін түсінуге жақындатады және орта мектепті бітіргендерді өндірістегі немесе ауыл шаруашылығындағы практикалық еңбекке дайындаған болар еді.
Политехникалық білім беру міндеттерін орындау үшін жаратылыстану, физика, химия, математика сабақтарында экскурсия, зертханалық жұмыс, практикалық сабақтар жүргізіп, олардың сапасын көтеру маңызды болмақ. Бұндай жұмыстар өндірістік үдерістердің теориялық негіздері мен оқушылардың қарапайым құралдар мен жабдықтар, станоктар мен машинамен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын меңгеруіне көмектеседі. Әрине, ол үшін мектеп зертханаларын, кабинеттер мен шеберханаларын жабдықтап, мектептің оқу -тәжірибелік учаскесін ұйымдастыру қажет.
Жаңа адамның негізгі белгісі – коммунистік қоғамның мүшесі болуы - оның еңбекке жаңаша, коммунистік қатынасы, еңбекке қатысуы жатады.
Еңбекке коммунистік қатынас орнату, адамның саналы түрде жоғары өнімділікпен қоғамға ортақ пайдаға қызмет етуі керек. Еңбекке коммунистік қатынас жұмысшыдан үлкен ұйымшылдық пен тәртіпті талап етеді.
Коммунистік тәрбиенің құрамды бөлігі саналы тәртіптілік. Тәртіптілік, жақсы оқу үлгерімі мен еңбекке қатынас бірімен-бірі тығыз байланысты.
Еңбекке коммунистік қатынас қоғамдық мүлікке коммунистік қатынаспен тығыз байланысты, социалистік мүлікке ұқыпты болу, оған қоғамдық еңбектің өнімі деп қарау керек. Осы сапаларды жас ұрпақ бойында тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесінің бір қырын көрсетеді.
Қоғамдық меншікке коммунистік қатынас орнату, оқушының тәртіптілік әрекетіне айналуы тиіс.
Адамның іс-қылықтарының көрсеткіші өзге адамдарға деген қарым-қатынасынан білінеді. Осы тұрғыдан жас ұрпақты кеңестік патриотизмге және пролетарлық интернационализмге тәрбиелеу міндеті шығады.
Жас ұрпаққа КСРО ең алғаш рет социалистік қоғам құрған ел, адамзат тарихында жаңа жол салған мемлекет екенін түсіндіру керек. Коммунистік партия еңбекші халықтарды ұйымдастырып жаңа қоғам орнатты. Кеңес үкіметі кезеңінде біздің еліміз үлкен индустриялы, алдыңғы қатарлы, мәдениетті елге айналды. Оқушы осындай жетістіктерге жету үшін төгілген қан мен жүргізілген ерен еңбек туралы саналы түсінуі қажет. Партияның бақытты өмірді қалай құрғанын, социалистік Отанды қорғау әр азаматтың борышы, Отанды қорғауға үнемі дайын болу қажеттігін саналы түсінуін қамтамасыз етуі керек.
Коммунистік морльды тәрбиелеу, жаңа қоғамдық қатынастың адамгершілік қалыптарын саналы түсінуді талап етеді. Адамгершілік тәрбие ақыл-ой білімімен тығыз байланысты. Коммунистік тәрбиенің құрамды бөлігінің бірі – дене тәрбиесі. Кеңестің жас адамы - өз Отанының патриоты болу үшін, тек сауатты, мәдениетті болып қана қоймай, мықты, шыныққан, еңбекке, отан қорғауға дайын болуы тиіс.
Дене тәрбиесі – жастардың денсаулығын нығайтудың кепілі. Ол күн тәртібін орындау, денені шынықтыру («күн, ауа, су») мен жаттықтырудан тұрады. Дене тәрбиесінің бірқатар міндеттері адамгершілік тәрбиесінің міндеттерімен тығыз байланысты. Әлсіздік, өз күшіне сенбеу, қорқақтыққа соқтырады. Кеңес азаматына қорқақ болу зор намыс емес пе? Дене тәрбиесі адамның батылдық, ерлік, шешім қабылдаушылық, ұстамдылық, тәртіптілік, тыңғылықтылық, т.б. моральдық-еріктік сапаларын дамытады. Дене тәрбиесінің ақыл-ой тәрбиесімен байланысы, бір қырынан жүргізілетін жаттығуларды саналы орындауды, оның жұмыс жасау үшін маңыздылығын түсінсе, екінші жағынан, дене күші мен денсаулықты нығайту, ақыл ой еңбегінің тиімділігін арттыратынын түсінеді. Дене тәрбиесі эстетикалық, еңбек тәрбиесімен де байланысты, өйткен ол дене қимылының сұлулығы мен денсаулықтың мықтылығына ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие оқушы жастарды сұлулық әлеміне жетелейді және көркемөнер туындылары арқылы өмірлік танымын дамытады. Көркемөнер туындыларында адамзаттың үлкен тәжірибесі бейнеленген, сондықтанда ең тамаша өнер туындларының негізінде сұлулықты сезіну, оған дұрыс қатынас орнату, эстетикалық талғамын оятып, ойын түйіндеуге тәрбиелеуге болады. Эстетикалық тәрбие баланың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытуда ерекше рөл атқарады, оларды сұлулықты жасауға баулып, көңіл-күйін байытады.
Эстетикалық тәрбие балаларды табиғатты тамашалауға, одан ләззәт алуға тәрбиелейді. Еңбекке және баланың күнделікті өмірін, бос ауқытын өткізуге эстетикалық сұлулық беру керек..
Көркемдік тәрбие қралдары тек ақыл-ойға ықпал етіп қоймай тәрбиеленушінің сезіміне күшті әсер етіп, жастарды коммунизм құруға рухтандырады.
Сонымен, эстетикалық тәрбие адамды жан-жақты тәрбиелеудің қажетті және маңызды элементі болады – үлкен мәдениет адамы, ұлы шеберлердің көркемөнер құндылықтарын терең түсінеді және онан рухани ләззатқа бөленеді.
Біз коммунистік тәрбиенің барлық құрылымын қарастырып, олардың өзара тығыз байланыстарын көріп, жалпы бір мақсатты - жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуді жүзеге асырамыз.
1947 ж.
III. КЕҢЕСТІК ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА
III.1 Орта білім беру мазмұнының әдіснамалық және теориялық негіздерінің дамуы
Щукина Галина Ивановна
(1908 – 19 )
Көрнекті педагог, ПҒА корреспондент мүшесі (1971), РБА корреспондент мүшесі (1993), педагогика ғғылымдарының докторы, профессор (1969) Галина Ивановна Щукина Петербор қаласында 1908 жылы дүниеге келген. А.Н.Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік пединститутын бітірген (1936). Педагогикалық қызметін Саратовта орта мектепте пионервожатый болып бастады, сонан соң Ленинград балалар үйінде істеді, 1936 жылда ЛМПИ–де дәріс берді. «Педагогика» лекциялар курсының (1966), «Мектеп педагогикасы» құралының (1977), дидактикалық жұмыстардың авторы.
Г.И.Щукина аспиранттарға жетекшілік етті, өзінің ғылыми мектебін құрды. Ол дидактика саласының зерттеушісі бола тұрып, педагогиканың әдіснамасымен, тәрбие теориясымен, мұғалімдерді даярлаумен, педагогикалық тәжірибемен, талдау жасаумен айланысты.
Көп жылдар бойы Г.И.Щукина ең маңызды ғылыми мәселе ретінде оқушылардың танымдық қызығушылығын зерттеді. Танымдық қызығушылықтың тұтас педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның «Танымдық қызығушылық – педагогикалық мәселе» деген монографиясы 1971 жылы жарық көрді. Мұғалімдерге арналған «Оқыту үдерісіндегі әрекеттің рөлі» деген кітабы 1986 жылы басылып шықты.
Г.И.Щукинаның ғылымти идеялары жүйесінің болжамдық және эвристикалық әлеуеті зор. Оның көзқарастары өміршең болғандықтан қазіргі уақытта ғалымдар Г.И.Щукинаның идеяларына сүйенеді.
Г.И.Щукинаның табысты ғылыми–педагогикалық және қоғамдық жұмысты мемлекет тарапынан марапатталды: «Құрмет белгісі» ордені, К.Д.Ушинский атындағы және Н.К.Крупская атындағы медальдар.
Шығармалары: Формирование познават. интересов в процессе обучения. М., 1962, Проблема познават.интереса в педагогике. М.,1971; Активизация познават. деятельности учащихся в уч.процессе: М., 1979; Актуальные вопросы формирования интереса в обучении. М., 1984.