Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 352
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кез келген мемлекеттің саясаты неден білінеді және жастарды тәрбиелеуде қандай идеология қолданылады? Мемлекеттік саясат пен идеология тәрбиелеу мақсаты мен білім мазмұнында берілетіні белгілі. Білімнің мазмұны оқу жоспары, оқу бағдарламасы және оқулықтарда ашылады.
Біз оқушыларға ғылыми негізде білім береміз. Ол оқушыларға табиғаттың және адамзат қоғамының даму заңдылықтарын оқытады. Дейтұрғанмен де, еліміздің алдында тұрған шаруашылық-саяси міндеттер, оқушылардан терең білімді, білімін практикада қолдануды, білім беруде саяси бағыттылықты ұстануды және тәрбиелеуді талап етеді. Жас ұрпақтың санасын тәрбиелеу біздің өміріміздің талабынан туып отыр, бүкіл қоғамды дамыту саналылықты қажет етеді.
Тәрбиелеу мен білім беруге саяси қатынас орнату, баланың физикалық және рухани дамуын қажетсінеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу – баланы зерттеуге мол мүмкіндіктер береді. Бұрынғы кезең педагогтары баланы жан-жақты зерттеуді армандаған болатын.
Буржуазиялық педагогика, өз иелерінің әлеуметтік тапсырысын орындауда оқушыларға ғылыми емес әдістерді және тесттерді, саулнама ларды қолданады. Қазір бұл әдістерді буржуазиялық педагогтар «жетілдіруде».
Кеңес педагогтарына ол тесттердің баланың ақыл-ой дамуын анықтайтыны белгілі. Буржуазиялық елдерде еңбекші халықтың балаларының ақыл-ойын тесттер арқылы тексеріп, олардың ақыл-ой қабілеттері төмен деген желеумен, онсыз да төмен деңгейде берілетін білімді шектейді. Буржуазиялық педагогтардың зерттеу әдістерінде үстем тап өкілдерінің саясаты басымдылық көрсетіп, жұмысшылардың балаларының ақыл-ой қабілеті төмен деп, көрсеткілері келеді.
Біздің еліміздегі ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері педагогика ғылымының дамуымен – жас ұрпаққа коммунистік тәрбие мен білім беру ғылымының, Коммунистік партияның халыққа білім беру саясатының мәселелерімен анықталады. Біздің зерттеу әдістеріміз баланы тәрбиелеу мен білім беруге бағытталып, кеңес мектебінің мол тәжірибесін қорытындылайды. Балалар туралы марксистік ғылым жасау және оларды мұқият зерттеу үшін, олардың физикалық және рухани дамуын білу керек. Бұл әдістерді педагогикалық үдерісті зерттеу арқылы, оның жағымды және жағымсыз жақтарын анықтауға болады.
Сонымен қатар біз ұмыт қалдырған, баланы тәрбиелеу мен қалыптастырудағы ең басты факторы - әлеуметтік орта және оны зерттеу әдістері. Мұның себебі, өз кезеңінде «ленинге қарсы мектеп рөлінің төмендігін» ұстанғандардың, онан кейін педологтардың бала тәрбиесіндегі мектептің рөлін төмендетіп, ортаның рөлін жоғары бағалаған еді. Мұнда ортаның, балаға жағымсыз қырлары көрсетілген болатын. Біздің Орталық Партия комитеті өз шешімдерінде мұндай ғылымға қайшы ойларды теріске шығарады. Бірақта бұл шешімдер педагогика ғылымының әлеуметтік ортаның тәрбие факторы екені назардан тыс қалдыруын білдірмейді. Бала тәрбиесінде мектеп жетекші рөл атқарады, бірақта тек мектеп қана тәрбиелемейді, отбасы және барлық қоғамдық орта тәрбиеге қатысады. Кеңес мектебінің ерекшелігі мектеп пен ортаны бір-біріне қарсы қоймайды. Біздің әлеуметтік орта, ол социалистік құрылыс, өзінің алуан түрлі бейнелерінде, жаңа қоғам адамдарының шығармашылығын құрайды. Біздің ортада жағымсыз құбылыстар да кездеседі, бірақта олар біздің шындықты анықтамайды.
Адам өзін тек қоғамдық ортада көрсете алады, онсыз қоғамдық адам да болмайды. Социалистік қоғамдық орта, адам қабілеттерінің мейілінше ашылуына мүмкіндіктер береді.
Біздің мектеп социалистік ортада қызмет ететіндіктен де, педагогика осы ортаны жоққа шығара алмайды. Ортаның мол мүмкіндіктерін қолдана отырып коммунистік тәрбиені табысты түрде іске асыруға болады: ортаның жағымсыз тұстарын (кейбір адамдар санасындағы ескі түсініктер) біле отырып, мектепті теріс ықпалға қарсы қоюға болады.
Қорыта келе, педагогиканың қай бөлімін алып қарасақ та, тәрбиелеу мен білім беру мәселелері саясатпен тығыз байланысты болады. Педагогика теориясының саясатпен байланысы педагогикаға күш қуат береді, оны социалистік құрылыспен байланыстырады. Кеңес үкіметінің саясаты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтай отырып, педагогика ғылымының негізін құрайды. Тәрбие мақсаты социалистік қоғамның даму заңдылықтарынан шығады, өмірдің талабынан туады. Балалрды жан-жақты тәрбиелеу келешекті меңзейтін қиял да, арман да емес, ол бүгінгі күннің өмірлік талабы, өйткені социалистік жүйе шаруашылығы жан-жақты дайындалған адамдарды қажет етеді.
1947 ж.
Коммунистік тәрбиенің мақсаты
Тәрбие қызметі адам қызметінің бір түрі болғандықтан мақсатсыз жүргізілмейді. Тәрбие мақсаты педагогиканың ең маңызды мәселелерінің бірі. Басқа сөзбен айтсақ, тәрбиеші өз жұмысында нені басшылыққа алатынын және педагогикалық қызметінде қандай нәтижеге қол жеткізетінін білуі шарт. Тәрбиенің мақсаты тәрбие мен білім берудің мазмұнында нақты ашылады. Бірақта, біз тәрбие мен білім мазмұнын мақсатты іске асыратын құрал ретінде қарастыра алмаймыз, олай дейтін болсақ, онда тәрбие мақсатын абстрактылы-формальды бастау ретінде қарастырған болып, оны нақты мазмұн мен обьектісінен ажыратамыз. Буржуазиялық педагогикада тәрбие мен білім беру мазмұны мақсаттқа жетудің құралы ретінде қарастырылады. Бұлай болғаны түсінікті. Біріншіден, олар тәрбие мақсатын бұлдыр және өз еркінше белгілейді. Екіншіден, буржуазиялық қоғамда тәрбие идеалды мақсатты бүркенгенімен, тәрбие мен білім беру реакциялық бағытта болады.
Буржуазиялық педагогика тәрбие мен білім берудің мақсатын бұлдыр белгілесе де, біз оның мазмұнын талдап, онан оның таптық сипатын көруімізге болады. Тіпті тәрбие мен білім беру мақсатын мазмұннан тыс қарастырғанда да, тәрбиенің таптық мәнін байқауға болады. Міне сондықтанда буржуазиялық педагогтардың тәрбие мақсатын бұлдыр белгілейтін басты себебі осы, олар тәрбиені үстем тап өкілдерінің саясатына қарай бүркемелеп, оның таптық сипатын жасырмақ болады.
Біз тәрбие мақсатының білім беру мазмұны мен оқыту үдерісінде ашылатынына сенім білдіре отырып, тәрбиенің мақсатын анықтау педагогиканың теориясы және мұғалімдердің практикасы үшін маңызды екенін көрсетеміз. Білім мен тәрбиенің мазмұнын, мақсатсыз анықтау мүмкін болмайды. Тек мақсат анықталғаннан соң ғана, мазмұн мен оны жүзеге асыру құралдары жөнінде айтуға болады. Осы қағиданы ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский тамаша көрсеткен. «Адам тәрбие пәні» еңбегінің алғы сөзінде ол былай деп жазады: «Жаңа ғимараттың ірге тасын қалап жатқан архитектор, сіз не салып жатырсыз деген сұрағымызға жауап бере алмаса, не айтар едіңіз: - храм ба..., әлде оның ішінде жақсы өмір сүруге болатын қарапайым үй ме, әлде, әдемі өткен-кеткендер тамашалайтын, бірақта пайдасыз әсем қақпа ма, саяхатшылардың қалтасын жұқартатын алтын жалатқан қонақ үй ме, дәмді тағамдар дайындайтын асхана ма, сирек кездесетін заттарды сақтайтын мұрағат па, немесе ең соңында, қажетсіз нәрсені сақтайтын сарай ма? Тура осыны өзінің тәрбиелік қызметін анық және нақты айта алмайтын тәрбиешіге де айтуға болады».
А.С.Макаренко тәрбиешінің тәрбие жұмысын жобалай білуін, ал оны жобалау үшін мақсатты нақты анықтау қажеттігін айтады. Тәрбиеші неғұрлым тәрбиенің мақсатын толық және нақты білсе, оның тәрбиелік іс-әрекеті соғұрлым нәтижелі болады.
Тәрбие мақсаты мәңгілік және өзгермейтін емес. Ол қоғам дамуымен бірге, сол қоғамның құрылымына байланысты өзгеріске ұшырайды. Адамды қанайтын қоғамдағы тұрғындардың әлеуметтік таптық ерекшеліктеріне қарай, тәрбиенің мақсаты алуан түрлі, үстем тап өкілдері үшін бір түрлі, ал қаналушылар үшін басқаша болады. Сонымен буржуазиялық қоғамда тәрбие мақсатын үстем таптың мүддесі анықтайды.
Тәрбиенің мақсатын анықтайтын не? Ол сырттан әкелініп қойыла ма, әлде олар педагогика ғылымының органикалық бөлігін құрап, оның дамуын көрсете ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін, педагогика ғылымының дамуының қоғамдық дамуға қатынасы қандай екенін білуіміз керек. Қоғамның дамуы мен қажеттіліктерін кез келген ғылым анықтайды, соның қатарында педагогика да бар. Әрине, ғылым, өз кезегінде қоғамның дамуына ықпал етеді, бірақта оны анықтайтын материалдық өмір жағдайы. Капиталстік қоғам қазіргі қоғамның даму жағдайында ғылымның дамуын тежейді. Ғылыми жаңалықтар үстем тап өкілдерінің мүдделеріне немесе басқарушы үкіметтің милетаристік мақсатына қолданылады. Социалистік қоғамда ғылым халыққа қызмет етеді және жетістік пен өркениетке жетудің қозғаушы күші болады. Біздің еліміздің халқы жаңа қоғамды ғылыми негізде құруда Маркс, Энгельс пен Лениннің іліміне сүйенеді. Социалистік қоғам адамзатты дамытатын барлық ғылым саласын дамытуға барлық күшін жұмсайды.
Ғылымның дамуы адамдардың материалдық жағдайымен байланысты болғандықтан, онда, табиғи таза ғылым болмайды және болуы мүмкін емесе, ғылым - ғылым үшін болмайды. Педагогика да онан тыс қала алмайды. Белгілі бір қоғамдық құбылысты бейнелей отырып, әсіресе жас ұрпаққа тәрбие, білім беру мен оқытуда, педагогика өзінің дамуында теориялық тұрғыдан үнемі қоғамдық тәрбиенің тәжірибесін бейнелейді. Ғылыми тұжырымдар мен қорытындылар, шынайы ғылыми болса, жай ғана фактыны тұрақтандырып қоймай, жаңаланған тәрбие мен оқыту жүйесін жасайды. Педагогикалық теория үнемі жаңа қағидаларды алға тартып, қоғамда басымдылық танытқан тәжірибеден үнемі алда жүреді.
Сонымен, біз мынадай тұжырым жасаймыз, педагогиканың мақсатын педагогиканың өзі анықтайды. Педагогика өзінің дамуында қоғамның қажеттігімен анықталады. Анығырақ айтсақ, педагогика тәрбие мақсатын өзі анықтап, қандай да болмасын қоғамдық таптардың мүддесіне қызмет етеді.
Буржуазиялық педагогикадағы мақсат пен мазмұнның арасында қарама-қайшылық бар. Мақсат пен мазмұн сәйкес келмейді. Бұл қарама-қайшылықтарды буржуазиялық педагогтардың жасыруы, мақсаттың шынайы мәні мен маңызы сәйкеспейтінін көрсетеді. Олардың педагогикасындағы мақсатың анықтамасы әр түрлі. Олар қандай анықтама берсе де, жалпы мақсаты бір. Ондағы жалпы мақсат, жастарды буржуазиялық құрылысты мойындатуға тәрбиелеу. Буржуазиялық педагогтар тәрбие мақсатын бақытты болу, табиғилық, үйлесімді даму немесе ақиқат, сұлулық, жақсылыққа қызмет ету деп белгілегенімен де, осы анықтамаларда буржуазиялық қоғамның – адамды адамның қанауын көруге болады. Тәрбиенің мақсатын анықтайтын ондағы көркем сөздер, буржуазиялық тәрбиенің мәнін бүркейтін жамылғы іспеттес.
Маркс адамды жан-жақты тәрбиелеуге нақты анықтама береді. «Тәрбие деп біз үш нәрсені түсінеміз: біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, физикалық тәрбие, гимнастикалық мектептерде және әскери жаттығуларда қолданылады. Үшіншіден, техникалық оқыту, өндірістің негізгі үдерістерімен таныстыру, сонымен қатар балада қарапайым барлық өндіріс құралдарын меңгеру дағдыларын қалыптастыру».
Маркстың бұл формуласында коммунистік тәрбиенің құрамды бөліктері көрсетілген. Маркс тәрбиенің түрлі қырлары мен олардың байланысын көрсетеді. Ол бірінші орынға ақыл-ой тәрбиесін немесе білім беруді қояды. Демек, ғылым негіздерін оқытуға маңызды орын береді. Техникалық оқыту (немесе басқа терминмен атасақ, политехникалық білім беру) ғылым негіздерімен (ақыл-оймен) тығыз байланысты. Ол табиғат туралы ғылымдар мен математикалық ғылымның өндіріс пен техникада қолданысынан жаңалықтар ашылып, техниканы жетілдіреді. Маркс пен Энгельс политехникалық оқытуды таза теориялық оқыту деп қарастырмаған, оны олар кең ауқымда түсінген және табиғат заңдарын өндірісте практикалық тұрғыдан қолдануды, оқыту мен өндірісті біріктіретін фактор ретінде қарастырған.
Маркстың жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуі жоғарыда келтірілген анықтамада көрсетілмегендіктен, адамгершілік және эстетикалық тәрбиені қамтымады дегеніміз, қателік болар еді. Маркс пен Энгельс мораль немесе адамгершілік тәрбие туралы бір қатар еңбектерінде көрсетеді.
Адамдық мораль туралы Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» былай дейді: «Мораль шынайы адамға тән сапа, ол таптық қайшылықтардан жоғары тұрады және оны еске алудың өзі, қоғамның даму деңгейіне байланысты таптық қайшылықтар жойылғанда, оның өмірде практикалық ізі қалмағанда мүмкін болады».
Осы еңбегінде Энгельс эстетикалық тәрбие туралы да айтады. Оның пікірінше, эстетикалық тәрбие көркемдікті түсіну, көркем өнерді бағалау, сұлулық сезімін дамыту; өнердің түрлі саласындағы адамның шығармашылығының дамуы. Эстетикалық және көркемдік тәрбиесі коммунистік тәрбиенің құрамды бөлігі саналады. Сонымен, маркстік тұрғыдан адамның жан-жақты дамуы – бұл ақыл-ой тәрбиесінің, политехникалық білім беру, физикалық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің тұтастығын құрайды.
Жан-жақты дамыған адамның сапасы саналы ұйымдастырылған жаңа қоғамдық құрылыста қалыптастырылады.
Жан-жақты дамыған адам идеалы, тек қана әлемдік педагогикалық ойлардың даму тарихындағы ең озығы мен прогрессивтілігін қамтып қоймай, сонымен бірге социалистік қоғамның мақсатын да белгілейді. Социалистік қоғамдағы тәрбие мақсаты жаңа қоғамдық құрылыстың саяси міндеттерін жүзеге асырады. Коммунистік қоғамды құру саналылықты, ақыл-ой дамуын, адамгершілікті, дене түзілісі мықты, мәдениет пен білімді меңгерген, біздің іске берілген, жоғары кеңестік патриотизм және пролетарлық интернационализмді дамытқан, өнімді еңбек ететін адамды талап етеді.
Коммунистік қоғам орнату жоғары саналылық пен идеялылықты, біздің ісіміздің оң екеніне сенімділікті, өз мүддесін қоғамдық мүддеге тәуелді етуді талап етеді. Адам бойындағы бұл сапаларды жан-жақты тәрбиелеу, тәрбие мен білім беру мақсатына байланысты болады.
Коммунистік қоғам жоғары ұйымшылдықты, тәртіпті, еңбектің жоғары өнімділігін және өндіргіш күштерді мейілінше дамытуды іске асырады.
Коммунистік қоғам өз құрылысшыларының материалдық және рухани қажеттіктерін мейілінше қамтамасыз етуді көздейді. Осы мәселені шешудің алғы шарттарының бірі - адамды жан-жақты дамыту. Социализмнен біртіндеп коммунизмге өту, қоғамдағы жалпы тәрбие жұмысын күшейтуді, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеуді талап етеді.
Балаларды коммунизм рухында тәрбиелеу үшін ең алдымен ғылым негіздерімен оларды қаруландырып, жүйелі дене еңбегін атқаруға тәрбиелеу керек. Коммунистік тәрбиені жүргізу ғылым негіздерін игерусіз мүмкін болмайды. Коммунистік қоғам құру білімді жетілдіруді қажет етеді. Мектеп алдында тұрған мақсат - оқушыларға берік және жүйелі білім беру. Халықтың мәдени-техникалық деңгейін көтеру, дене және ақыл-ой еңбегінің арасындағы айырмашылықтарды жою, жақсы ұйымдастырылған мектеп жұмысынсыз жүзеге аспайды. Тек терең білім арқылы жаңа қоғам құруға болады. Мектеп терең жалпы білім беруге міндетті және онда үстірттікке жол беуіне болмайды.