Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 351
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.1.1 Г.И. Щукина. Педагогикадағы танымдық қызығушылық мәселесі.
5 тарау. Жасөспірім мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарының сипаты
Психология ғылымында қызығушылық іріктелу дәрежесіне, тұрақтылығына, мазмұнына (пәндік бағыттылығына), сонымен қатар оның адамның іс-әрекетіне әсер ету күшіне байланысты (С.Л. Рубинштейн, М.Ф. Беляев, В.Г. Иванов, А.Г. Ковалев және т.б.) айқындалады.
Ленинград мектептерінің жасөспірімдерінің қызығушылықтарын зерттей отырып, біз бір сыныпта оқитын оқушылардың өздерінің қызығушылықтарының өте үлкен айырмашылықтары болатынын байқадық. Пәнге деген көзқарастары, қызығушылық сипаттары, сол сияқты олардың даму деңгейлері де әртүрлі болды. Қызығушылықтың осы параметрлеріне тығыз байланысты оқу үдерісіндегі оқушының орнын, оның оқуға, үйренуге ынтасы мен көзқарасын және оқу қызметінің ерекшеліктерін, тіпті оның нәтижесін де сипаттауға мүмкін болды.
Бұл айырмашылықтар оқушылардың сабақтағы оқу қызметтерін жүйелі бақылау арқылы айқындалды:
-
кейбір оқушылардың өте төмен белсенділігі, жай ойлауы, хабарланған оқу ақпаратына әлсіз эмоционалдық жауап қатуы және ұсынылған танымдық міндеттерге түсініксіз, тұрақсыз, өзгермелі кейіп танытуы байқалды; -
екінші біреулері кезкелген сабақта танымдық белсенділік көрсетіп, көптеген пәндерге қызығушылық, оқу іс - әрекетіне ыңғайлылық танытты. Олар барлық уақытта ізденісте жүрді, көтерілген мәселені талқылауға әруақытта дайын болды. Күрделі проблемалық ситуацияларда ерекше пікір білдіріп, бағдарламадан тыс материалдар бойынша ізденісте жүрді. -
Үшіншілері өздерін өте өзгеше жақтарынан көрсетті. Көптеген сабақтарда олар оқуға деген ерекше ұмтылыспен, қызығушылықпен ерекшеленді. Сонымен қатар олар кейбір пәндер бойынша белсенділігімен, пайымдылығымен, орнықты жауаптарымен көзге түсті. Өздері сүйетін пәндер бойынша мұндай сабақтарда олар ерекше ынтамен жұмыс істеп, мұғалімге көптеген сұрақтар қойып, тапсырмаларды ықыласпен орындап отырды, қазіргі ғылым жетістіктерінен кең хабардарлық танытып, қызықты мәліметтер мен материалдар тапты.
Әрине, оқу үдерісі бұл топтарда өзінше ырғақпен жүріп отырды және оқушылардың танымдық ерекшелігіне сәйкес тұлғаны толыққанды дамыту бағытында айырықша жетекшілікті қажет етті.
Көрсетілген топтардағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының сипаты қандай?
Ең алдымен мазмұнға қызығушылық олардың белгілі бір оқу пәніне деген таңдау бағытында болады. Қызығушылықтың мұндай таңдауы оқушыда өте түсініксіз, аморфты (сенімсіз, дәйексіз, құбылмалы) сипатта болуы мүмкін. Ол одан әрі дамып, ғылыми ауқымды үлкен құбылысқа, оқиғаға айналуы мүмкін, немесе қандай да бір тар шеңбердегі шағын, бір – екі ғана басым тетіктің айналасына шоғырлануы мәселе болып қалуы мүмкін. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының осындай таңдамалық сипатына, ерекшеліктеріне байланысты біз оны былайша жіктеп анықтадық: аморфты, яғни түсініксіз, өзгермелі сипатты; кең ауқымды пәндік және тұтас оқу қызметін қамтитын қызығушылыққа ие – кең, ал шағын, тар шеңберлі қызығушылықты – өзекті.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының басқа ерекшеліктерін шәкірттердің өзіндік танымдық қызметтерінің пайда болуын талдаудан айқындауға болады. Бұл кезде оқушының, біріншіден, қандай да оқу материалына (сипаттамалық, теориялық, фактологиялық, қолданбалы) деген басым көзқарасы, екіншіден, әртүрлі типтегі қызметке (репродуктивтік, ізденімпаздық, шығармашылық, практикалық) икемділігі байқалады.
Жас өспірімдердің танымдық қызығушылықтарын зерттей отырып, біз олардың ықпалымен оқушылардың үйренуге, білімді меңгеруге деген көзқарастарының қалай өзгергенін байқадық. Оқушы құбылыстар мен оқиғаларды сипаттаумен ғана шектеліп қала ма, әлде одан әрі құбылыстарды зерттеп, олардың заңдылықтарын, қызығып отырған пәннің теориялық жағын тереңірек білуге ұмтыла ма, ол оның танымдық қызығушылығының сипатына байланысты. V-VІІІ оқушыларымен өткізілген эксперимент әртүрлі сыныптағы жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының бір – бірінен айырмашылықтары мен ортақ белгілерін анықтауға мүмкіндік берді. Экспериментке қатысқан сыныптардың оқушыларының танымдық қызығушылықтарының олармен қатар сыныптар оқушыларынан айырмашылығы бар екені байқалды. Эксперимент барысында алынған мәліметтер мұғалімдердің берген сұхбаттарымен, оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі әрекеттерімен салыстырылды.
Біз жүргізген «конверттермен жұмыс әдістемесі» атты эксперимент әдістемесі әртүрлі сипаттағы танымдық міндеттерді еркін таңдауға негізделген. Міндеттердің бірінші тобы оқушылардан репродуктивті қызметті талап ететін оқу материалдарын қабылдауға арналды. Екінші топқа өзбетінше ізденісті, белсенді ойлауды талап ететін күрделі логикалық операциялармен байланысты міндеттерді жатқыздық (мұнда сонымен қатар заңдылықтарды, себеп – саладарлы байланысты түсінуге бағытталған міндеттер де енді). Үшінші топта мәселенің шешімін іздестіруде қалыптан тыс шығармашылықпен ойлауды, өз бетінше пайымдау, ойша елестетуге бағытталған шығармашылық сипаттағы міндеттер қарастырылды. Төртінші топ міндеттеріне оқушылардың бағдарламадан тыс білімдерін көрсететін, олардың икемділіктері мен қабілетін айқындайтын тапсырмалар мен мәселелер енгізілді.
Тапсырмалар сыртына ооқу пәнінің аты жазылған конвертке салынып, сәйкес сынып оқушыларына жеке лабораториялық – эксперимент жағдайында: а) конвертті еркін таңдау; б) өзін қызықтырған мәселеге байланысты тапсырмалар мен сұрақтар таңдау; в) тапсырмалар мен сұрақтарға өз еркінше жауап беру және міндетті шешуді кезкелген уақытта тоқтату; г) қалауы бойынша бірінші конверттегі тапсырмалар мазмұнымен танысқаннан кейін екінші рет басқа конвертті де алуға мүмкіндіктері беріле отырып ұсынылды.
Эксперимент барысында оқушының барлық әсері (реакциясы), оның әрекетініңбүкіл барысы белгіленіп отырылды. Қажет болған жағдайда эксперимент оқушымен оның бас уақытын қалай пайдаланатыны, немен айналысатыны, қандай әдебиеттер оқитыны туралы әңгімелесумен аяқталып отырды.
Осы экспериментті қоя отырып, біз оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көрсеткіштері, сонымен бірге оның күші мен тереңдігі төмендегі белгілермен анықталатынын көздедік:
Бірінші белгі – конвертті таңдаудың өзі оқушының қандай оқу пәніне артық мән беретінін айқындайды. Осыдан біз өзімізге конвертті таңдау арқылы оқушының тек қана оқу пәніне қызығушылығы ғана емес, неғұрлым «жеңілдеу», өзі жақсы білетін пәнді таңдауға ұмтылатыны туралы білдік.
Екінші белгі – тек қана оқушының орындағысы келген танымдық міндеттерді таңдау. Бұл көрсеткіш барлық уақытта бірдей дәл бола бермеді, себебі «сен ұсынылған тапсырмалардың барлығын орындауға міндетті емессің, тек қана өзің керек дегенін ғана орындауыңа болады» дегенге қарамастан, кіші жастағы жас өспірімдер барлық сұраққа жауап беруге тырысты. Солай бола тұрса да біз үшін жасөспірімдердің зерттеушілік, шығармашылық жұмысқа қандай көзқараста екенін және олар қандай сұрақтарға жауап бере алмайтынын анықтау маңызды болды. Әдетте білімқұмар жасөспірім зерттеушілік және шығармашылық жұмыстан қашпайды, тіпті орындай алмағанның өзінде: «Мен мұны үйге алып кетіп, ойланып көрейінші, ол қызық екен, тек қазір ойлай алмай тұрмын» дейді.
Үшінші көрсеткіш - жасөспірімнің қызмет үдерісі және танымдық міндеттерді шешу сипаты: а) біріншіден, зерттелушілердің эмоциялық көңіл – күйлері: шабытпен, енжарлықпен немесе конверттегі мәселені шешуге, өзінің жауабына парықсыздықпен қарау, сол сияқты қызу жауап беру; б) екіншіден, ұғыну деңгейі, білімнің тереңдігі, қосымша мәліметтерді тарту, жіктеу және жалпылау сипаты – мұның бәрі зерттелушінің танымдық бағытын және оның қойылып отырған мәселенің мәніне түсінуі; в) үшіншіден, оқушының өзінің жауабына көзқарас сипаты: табысқа жетуге ұмтылу, өте жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу немесе өзінің нәтижесіне немқұрайлылық, айналып өту жолдарын немесе шешудің қосымша тәсілдерін іздеу, жауап табудың жолында жігерлену және қиыншылықты жеңу.
Ақырында 4- ші топ сұрақтары бойынша танымдық қызығушылықтың сипаты, оның тұрақтылығы, беріктік деңгейі айқындалды.
1968 жылы экспериментке V-VIII сыныптардың (V сыныптан – 39, VІ сыныптан -34, VII сыныптан -31 және VIII сыныптан -29 оқушы) 4 жасөспірімдер тобынан 133 оқушы қамтылды.
1964-1965 жылдары азғантай оқушыны (36 оқушы) салыстырмалы зерттеу арқылы біз жоғарғы сынып болсын, төменгі сынып болсын бір сыныптың өзінде өзінің сипатына қарай қызығушылықты 4 топқа бөлуге болатынын анықтадық: аморфты, кең, өзекті және мектептегі оқу үдерісіне қатыссыз қызығушылықтар.
1968 жылы бұл эксперимент барынша көбірек оқушыны қамтыды. Бір сыныптың ішіндегі оқушылардың қызығушылықтарының сипаты туралы мәліметтер төмендегі 1 кестеде берілді.
1968 жылғы эксперимент мәліметтері бойынша V-VIII сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының сипаты *
Кесте 23
Оқушылардың қызығушылықтары | V сынып – 39 адам | VІ сынып -34 адам | VII сынып -31 адам | VIII сынып -29 адам |
Аморфты Кең Өзекті Оқуға қызығушылығы жоқ | 17 (43,5) 16 (41) 6 (15) - | 12 (35,5) 11 (32) 9 (26,5) 2 (5,5) | 7 (23) 9 (29) 13 (42) 2 (6) | 13 (45) 7 (24) 7 (24) 2 (7) |
*Жақшаның ішінде сыныптағы оқушының жалпы санына шаққандағы пайыз есебі.
Кестеден үш сынып оқушыларын қызығушылық сипатына қарай бөлуге бірдей үрдіс тән екені байқалады. VII сыныптан басқа сыныптардың оқушыларының көпшілігіне аморфты қызығушылық тән, кең түрдегі қызығушылықты әр сынып оқушыларының біршама бөлігі құраса, азғантай бөлігіне өзекті қызығушылық тән.
Мұғалімдерден алынған сұхбатта күшті, үлкен танымдық сұранысқа ие деп бағаланған VII сынып оқушыларының аморфты қызығушылықтарға иелер аз да, өзекті қызығушылық жоғары.
І. 23- кестеден көрініп тұрғандай, аморфты қызығушылық танытқан жасөспірімдер саны өте жоғары және мұндай оқушылар топтары азаймайды, қайта жоғары сыныптарда көбеюі мүмкін. Бұл факт бізге мектептерде танымдық қызығушылықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өте нашар жүргізілетінін көрсетеді, мұғалімдердің оқушылардың білімін байыту бағытындағы жұмыстары жеткіліксіз дәрежеде және оқытудың барлық бағытын қамтымайды, осыған байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігінің білімді меңгеруге деген ынталары төмен және мұғалімге оқу жұмысында қолдау көрсетпейді.
Көптеген оқушыларда аморфты қызығушылықтар неліктен байқалады?
1) Бәрінен бұрын оқушылардың көпшілігі саналы түрде қызығушылық таныта алмайды, нені үйренгісі, нені оқығысы келетінін, нендей мәселе қызықтыратыны туралы өзіне есеп бере білмейді және оның басқадан қандай артықшылығы бар екенін айқындай алмайды;
2) танымдық қызығушылықтың бұл түсініксіз сипаты бесінші сыныптықтарда оқытудың жаңа сипатына байланысты пайда болды. Әртүрлі сипаттағы (бірі - математиканы оқытуда, екіншісі - географияны оқытуда, үшіншісі - әдебиет сабағында) өскелең жаңа талаптар мен бұрынғы оқыту сатысында қалыптасып, енді жаңаша қайта құрыла алмай отырған үйренудің осы сынып оқушыларының кейбір топтарының арасында жасқаншақтық, ұялшақтық, шешімсіздік, жүрексіздік, өзінің оқу әрекетіне сенімсіздік сияқты оқу тәсілдері арасындағы қарама–қайшылық туындайды;
3) аморфты қызығушылық танытатын оқушылар тобында әрқашан ескі әдеттерге терең негізделген репродуктивтік (өнімсіз) іс-әрекетке, үлгімен жұмыс істеуге басымдық беріледі. Біздің «конверттермен жұмыс әдістемесі» атты экспериментімізде бұл топтардың өкілдері барлық тапсырмалардың ішінен бірінші тараудың жаттанды, жауаптары шектеулі басымдыққа ие тапсырмаларын таңдады. Ізденуді қажет ететін, шығармашылық тапсырмаларға мұндай оқушылар қызығушылық танытпайды, өздерінің мұндай тапсырмаларды орындай алатынына сенбейді, орындай алмайтынына ұялып, қысылады немесе ондай тапсырмалардан бас тартады.
4) мұндай топ балалары таным үдерісіне тереңдеп енуге ұмтылмайды, оқуда жақсы нәтижеге қол жеткізуге таласпайды. Оларды танымдық қызметтің нәтижесі емес, мәтінді көшіре салу, контур картаны бояу сияқты «жасап тастайтын» үдеріс қызықтырады. Сондықтан, олардың оқуға, үйренуге қызығушылығы табысты емес, үдерістік болып табылады.
5) мұндай жасөспірімдердің білім шеңбері бағдарлама шегінен шықпайды, білімді кеңейтіп, байыту үшін қосымша ақпарат көздері пайдаланылмайды.
6) аморфты танымдық қызығушылық негізінде белсенді танымдық үрдіс болмайды, ол тұрақсыз, ұйымдастырылған оқыту шеңберінен шықпайды, жасөспірімді бос мезгілінде қандай да болсын сүйікті ісімен айналысуға жетелемейді. Мұндай оқушылардың оқу пәндеріне икемі байқалмайды. Сондықтан олар бұл салада кітап оқу көкжиегінің тар екенімен сипатталады.
7) бұл топтың оқушылары оқу үдерісінде үнемі сыртқы әсерді қажет етеді, өздігінен белсенділік көрсетпейді, өз бетінше жұмыс жасау дағдысы жоқ; олар ойланбастан оқытушының айтқанын ғана орындайды. Олардың оқуға деген жалғыз оң көзқарасы «сабақты жақсы түсіндіретін» мұғалім ғана.
8) оқушылардың аморфты танымдық қызығушылығының басты себебі – оқып үйренуді қайта құруға, қиынырақ тапсырмаларды орындау үшін барынша жетілген біліктілікті меңгеруге деген ынта–жігерінің жоқтығы. Оқушылардың бұл тобы, әдетте, жақын даму аймағы әртүрлі бола тұрса да, мұғалімдер тарапынан әлсіздер санатына жатқызылады.