Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 348

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Нақты мысалдар келтірейік.

Галя Ф. Конвертті аларда көп ойландым, ақырында әдебиетке тоқтадым. Өте үстірт, тапсырманы толық түсінбестен, жауап беруге кірістім. 2-ші және 3-ші топ тапсырмаларын тастап кеттім. Көңілді адамның келбетін көрсетуге, күле отырып, былай деді: «Оның көздерінде көңілділік, күлімсіреп тұр, өте мейірімді және жиі күледі». Өте жеңіл, ойланбай айта салған жауап. Енді қандай тақырыптқа шығарма жазғың келеді деген сұраққа, былайша жеңіл жауап қатты: «Күз туралы жақсы көремін, қыс туралы ұнамайды».

Ертегіні былайша сипаттайды: «ертегі деген ойдан шығарылады және шындық емес. Ол ауыздан ауызға көшеді және әркім түрліше айтады». «В.Г. Короленконың «Дети подземелья» шығармасындағы Тыбурцийді сипаттап берші» деген сұраққа: «Тыбурций өте кедей адам болды. Оның шығармадағы рөлі де кедей болды» деп жауап берді. Тағы бір жауап: ««Бородино» өлеңінде қарт солдат жас солдатқа өздерінің Москваны Напалеоннан қалай қорғағандарын әңгімелейді».

Эксперимент кезінде Галяда ешқандай бірдеңеге тоқтау, бір нәрсеге түсініп ену, бірдеңе туралы ойлау туралы тілегі болған жоқ.

Наташа Р. Математиканы өте жылдам таңдады, көптеген есепті шығарған жоқ, 2-ші және 3-ші топ тапсырмаларын тастап кетті. Оған математикадағы есептер шығару емес, мысалдарды орындау ұнайды (ол есепті ұнатпайды). Математика өндірісті білу үшін және керемет машиналар шығару үшін қажет. Екінші конверт алғысы келген жоқ. Эксперимент кезінде ол өзін жеңіл, еркін ұстады. Ол қиын есептерді шешуге өзін қинамайды, жай ғана: «Бұл қызық емес, мен мұны жасамаймын» дейді де, келесіге көшеді, егер оны да шығара алмаса, оны да тастай салады. Наташаны іс-әрекеттің қиыншылықсыз өтетін үдерістік жағы ғана тартады. Күш салу керек болса, қызық емеске ысыра салады.

V сыныпта кең танымдық қызығушылықтарын байқатқан оқушылар саны біршама болды (16 адам, 41%). Олардың қызығушылықтары да әртүрлі болды, бірақ бұл топтың барлық оқушыларын кең және ашық білімқұмарлықтары біріктіреді. Біздің экспериментімізде бұл топтың оқушылары өздерін қызықтыратын оқу пәндерін атай отырып, бір конверт емес, екі одан да көп конверт алуға рұқсат сұрады.

Люба М. экспериментте ботаниканы таңдады, сонымен қатар әдебиетті және «аздап географияны» сүйеді. Ол барлық сұрақтарға ретімен ынталы жауап берді. Өсімдік өсірумен айналысқысы келетін тілегін білдірді. V сыныпта Н.М. Верзилиннің «Путешествие с комнатными растениями» кітабын оқыған. Дегенмен оның жауаптары онша негізді болған жоқ. Шығармашылық тапсырмаларға ол онша қызығушылық танытқан жоқ. Любаның ынтасы өте әлсіз, ол аморфты қызығушылққа жақын, бірақ басқа танымдық қызығушылыққа өзгеру бағытында, қандай да бір білім саласына ықыласы байқалады және оған байланысты жоспарлары бар.


Бұл сыныпта өзекті танымдық қызығушылықтары бар оқушылар көп емес (6 адам, 15%).

Д. Надяның қызығушылығы өзектіге жақын. Ол орыс тілін маңызды және қызықты санайды. «Мен диктант жазуды және ережелерге жауап беруді сүйемін», оның орыс тіліне деген қызығушылығы осындай.

К. Света ботаника пәніне өзекті қызығушылық танытады. Барлық сұрақтарға қызығушылықпен дайындалып, түгел жауап берді. Өсімдіктермен айналысқанды ұнатады, үйде кактус өсіреді және ботаник болғысы келеді, күзде өсімдіктердің тұқымын жинайды. Үйде тәжірибе жасайды. «Өсімдіктерді сүйгендіктен, ботаниканы жақсы көремін» дейді.

Бұл өзекті қызығушылыққа үйреншікті жай және қызығушылықтың жоғары дәрежеде дамуына жеткілікті.

Осы сияқты бірнеше мысалдан оқушылардың танымдық қызығушылықтарының деңгейін байқадық. Сөйтіп, эксперимент бесінші сыныптың өзінде кіші жасөспірімдер тек сипатына ғана емес, күші мен тереңдігіне, даму деңгейіне сәйкес танымдық қызығушылыққа ие бола алады.

Аморфты және кең түрдегі танымдық қызығушылықтардың арасында бұл сыныпта шекара жоқ. Сондықтан бесінші сынып оқушысының бір топтан екінші топқа өтуі табиғи жағдай және түсінікті.
VІ сынып – 34 оқушы

Кесте 26

VІ сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жіктелуі*


Қызығушылық сипаты

Қызығушылықтың даму деңгейі

аморфты

кең

өзекті

үйренуден тыс

жоғары

орташа

төмен

12 (35)

11 (32)

9 (26,5)

2 (6,5)

7 (20,5)

10 (29,5)

17 (50)

*Жақшаның ішінде сәйкес пайыз есебі көрсетілген.
Кестеден VІ сыныпта танымдық қызығушылықтарының жіктелуі салыстырмалы түрде үш топтың арасында тең шамада екені көрінеді: аморфты және кең қызығушылық топтардағы оқушылар теңге жуық, ал өзекті танымдық қызығушылықтары бар оқушылар саны V және VIII сыныптардағыдан көбірек. Дегенмен, бұл топтардың арасындағы айырмашылық байқалмайды. Ол әсіресе, аморфты қызығушылығы бар оқушылар тобына қатысты. Ал осы топтардың өз ішінде V және VІ сыныптағы кіші жасөспірімдер арасында айырмашылық жоққа тән. Бұл топ өкілдері оқу пәндерінің артықшылық сипаты туралы түсініксіз пікір білдіреді («Бәрі бірдей» немесе «Бәрі ұнайды»), өзінің таңдауға қатысты пікірі кездейсоқтыққа саяды («Диктант жазуды ұнатамын», «Біздің мұғаліміміз жақсы»), ізденімпаздық және шығармашылық қызметті сипаттауда репродуктивтікке басымдық береді және қиыншылықтарды жеңуге қажетті ерік жігер байқалмайды.



Осыған қарамастан, аморфты қызығушылығы бар топ оқушылары жеке өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.

Өзекті қызығушылыққа ие VІ сынып оқушылары бесінші сыныпқа қарағанда көп оқитындықтарымен, соған байланысты өмірге көзқарастарының кеңіректігімен, өздерін қызықтыратын пәндер бойынша бағдарламадан тыс білімді меңгеруге айқын ұмтылыстарымен ерекшеленеді. Оларда бесінші сыныпқа қарағанда қызығушылығының дамуының неғұрлым жоғары деңгейі байқалады.
VІІ - В сынып – 31 оқушы Кесте 27
VІІ-В сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жіктелуі*


Қызығушылық сипаты

Қызығушылықтың даму деңгейі

аморфты

кең

өзекті

жоғары

орташа

төмен

9 (29)

9 (29)

13 (42)

10 (32)

11 (36)

10 (32)

*Жақшаның ішінде сәйкес пайыз есебі көрсетілген.
26- кестеден көріп отырғанымыздай, VІІ - В сынып оқушыларының қызығушылықтары пәндік бағыттар және басқа сыныппен салыстырғандағы өзіндік сипаты бойынша жіктеледі. VІІ - В сыныбында оқушылардың көпшілігі өзекті қызығушылықтарына, ал кең және аморфты қызығушылықтарға ие оқушылар шамамен бір – біріне тең жағдайда.

Эксперимент барысында аморфты қызығушылығы бар оқушылар өздерін барлық параметр бойынша кіші жасөспірімдер сияқты көрсеткіштер көрсетті. Бұл топтардың оқушыларының өздерінің қызығушылықтарына сәйкес емес, басқа мотивтегі («Артық білемін», «Жауап беру оңай») конверттерді таңдаулары жиі кездесті. Эксперимент барысында олар конверттерді ауыстырып отырды. Оқу пәндердін таңдаудағы оқушылардың басты аргументі: «Мұғалима сабақты жақсы түсіндіреді», «Тәжірибе көрсетеді», «Қажет пән, онсыз институтқа түсе алмайсың». Бұл топтың іс-әрекет үдерісі әртүрлі дәрежеде жүрді: біреуінде – сенімсіз, басқасында – эмоционалды жағдайда, жеңіл, бірақ оқу материалын игеру үдерісін терңдетуге ықылассыз немесе артық жұмыс жасауға ынтасыз. Аморфты қызығушылығы бар оқушылардың жауаптары негізінен үстірт – жалпылаусыз жай анық емес, не нақты мазмұнсыз жалаң схема. Жекелеген жауаптарда логика жетіспейді, себеп – салдарлы байланысын түсінбеушілік, эмпирикалық, дәл терминология қолданылмаған. Осы топтың балаларында жалпы дүниетаным, білімқұмарлық, жаңа ғылыми салалар туралы ұғым жетіспейді («Бионика – тірі дене туралы ғылым», «Кибернетика – барлығы, физика және химия туралы ғылым»).


Аморфты қызығушылығы бар оқушылардың экспериментте өздері таңдаған пәндер бойынша сабақтарға икемділігі жоқ, үйірмелерге қатыспайды, бос уақыттарында ол пәндерге көңіл бөлмейді.

Сөйтіп, жеткілікті сенімді ұсынылған материалдан аморфты қызығушылығы бар VІІ-ден жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып оқушыларынан айырмашылығы шамалы екені байқалды. Ол көптеген оқушылардың өздері жазған әңгімелерінен де байқалды. Олар мектептегі оқу пәндерін қандай да бір сыртқы өздеріне жеңіл жағына қарай таңдайды (тәжірибе, мұғалімнің қызықты етіп әңгімелеуі).

Енді VІІ сынып оқушыларының кең түрдегі қызығушылығы бар топтарының сипатын қарастырайық. Бұл оқушылар, жоғарыда айтылғандай, қызығушылықтың дамуының әртүрлі деңгейін меңгеруімен ерекшеленеді.

Саша К. Қызығушылығы аморфты мен кең түрдегінің арасында тұрған оқушылардың өкілі. Экспериментте әуелі математиканы таңдады, бірақ оның тапсырмалар мазмұнымен танысқаннан кейін, қолын бір сілтеп, алған конвертті тастады да, зоологияны алды. Жауапқа дайындалғанда Саша салмақты, жинақты, ешқандай эмоциялық реакция байқатқан жоқ. Пән бағдарламасының негізгі тараулары бойынша білімі тар шеңберде болса да бар екені байқалды, бірақ мазмұнын кейбір дәлелдеулерімен айтып беруге жеткілікті болды. «Нерв жүйесі жануарларда қоғалысты, шартты рефлексті басқарады, олардың миы да адамдардікіндей... оларда да ми бар ғой», «Жануарларды қорғау керек», «Егер шығыршықталған құс ұстап алсаң, зоологиялық қоғамға немесе мұғалімге хабарлауың керек», «Зияндыларды жойып, пайдалы жануарларды қорғау керек». Көріп отырғанымыздай, Сашаның жауаптары жаттанды, ешқандай негіздеуді қажет етпейді, бірақ олар дұрыс, олардан мектепте алған білімі көрініп тұр. Конвертті алар кездегі баланың толқуы экспериментаторлардың алдында жақсы көріну тілегі, ал бұл жасөспірімдердің барлығына тән жасына сай белгі. Сашаның қызығушылығы енді аморфты емес. Бала оқу пәндерін саналы ажыратады, олардың базасында білімге деген ынтасын, белсенділігін дамытуға болады. Бірақ оның қызығушылығы өте әлсіз. Ол әлі таңдаған пәндер аумағынан өзі үшін ең маңызды құбылысты таңдап болған жоқ, оған бәрі ұнайды. Ол өзі үшін мектеп бағдарламасынан тыс нәрселерді білуге белсенді қадам жасаған жоқ, сондықтан онда қазіргі ғылымның жетістіктері туралы білім әзірге жоқ.

Сөйтіп, VІІ- сыныпта кең танымдық қызығушылық білдірген топ көптүрлі және әртекті. Мұнда жасөспірімдердің жеке дамуына әсер ететін көптеген факторлардың әсері бар екені көрінеді.


VІІ- сыныпта өзекті қызығушылықтары айқын көрінетін оқушылардың бар екені байқалды. Бұл топтардың көпшілік оқушылары математикаға қызығушылық танытады. Олар математикамен факультативтік сабақтарда айналысады. Сабақ кезінде мұғалімнің талап етуімен бағдарламадан тыс математика тарихынан, қазіргі заманға математикалық зерттеулер туралы баяндама жасаған оқушылар да болды, оларға математика саласынан қосымша әдеьиеттер оқуға кеңес беріледі.

Экспериментте мұндай оқушылар математика ғылымның басты саласы деп түсіне отырып, конвертті математикадан саналы түрде таңдады. Эксперимент кезінде оқушылар қызғушылықпен жұмыс істеді. Есептердің барлығын бірден шығармаса да, есеп шығаруға деген ынтасы бәсеңсіген жоқ. Кейбір оқушылар шығара алмаған есептерін өздерімен бірге үйлеріне алып кетті.

Бұл жерде жетінші сыныптықтарда жеткілікті терең қызығушылық қалыптасқан, таңдаған салада оның мәніне жете түсініп енді деуге болмайды. Әбден мұқият талдаудың нәтижесінде мұнда да түрлі түрлілік байқалатынын көруге болады. Кейбір оқушыларда математикаға қызығушылық бесінші сыныптан бастап бірте–бірте дамып, жетінші сыныпта терең, тұрақты екені байқалды. Басқаларда ол қызығушылық тек жетінші сыныпта ғана басталды. Дегенмен математикаға деген қызығушылық бұл балалардың бәрінің өмірінде белгілі бір дәрежеде маңызды орын алады және алдағы уақытта мамандық таңдауда игі әсер етуі мүмкін.

Сөйтіп, VІІ- В сыныбы басқалармен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерімен көрінді.

VІІI - В сынып – 29 оқушы Кесте 28