Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 350

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Осындай топ оқушыларының қызығушылығының аморфтығы, белгісіздігі, жетімсіздігі олардың оқып үйренуге талаптануын тежейді, сөйтіп, бір жағынан әрбір қадам сайын селсоқтықты жеңіп отыруға тура келеді, ал екінші жағынан осы селқостықтың артында оқуға деген келеңсіз көзқарастың жоқ екендігін мұқият зерттеу керек.

Оқушылардың мұндай тобының ішінде, әрине,оқушылардың бірі болмаса біріне өзіндік өмірлік тәжірибесіне әсер ететін көптеген жеке нұсқалар болады. Бұл оқушыларды өмірлік көзқарастарындағы оқу, білімге деген белгісіздік, немқұрайлылық біріктіреді. Дегенмен, пайда болған жағдаятқа, сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты олар оқушы өмірінен басқаша орын алуы мүмкін.
ІІ. Жасөспірім жастағы оқушылардың сыныптарында (ширек шамасында немесе одан да көп) белгілі бір бөлігін кең танымдық қызығушылығы бар оқушылар құрайды. Кіші жастағы оқушылар арасында мұндай қызығушылығы бар балалар ерекше көп, себебі қызығушылықты саралау білімді саралаумен және үдерістің өзінің тереңдігімен байланысты. Осы осы типті қызығушылығы бар кіші жастағы жасөспірімдердің кең еліктігіштігіне сүйене отырып, үлкен қызығушылықтар оларды жетілдіру жолындағы нақты мақсатты жұмыстың болмауынан, өте жеңіл – желпі жұмыстар атқарылуынан деп ойлауға мүмкіндік береді (оқушы бәріне де аз-аздан қызығады, тез қызынады, тез суынады). Сондықтан, бұл топпен жұмыс өзінің келешегіне орай оқушылардың білімін тереңдету, олардың қызығушылықтарын қандай да бір мәселе (гуманитарлық, жаратылыстану, физика - математика) төңірегіне тұрақтандыру қажет болады.

Кең танымдық қызығушылықтың көрсеткіштері қандай?

1) Кең танымдық қызығушылықтың айқындалған бір көрсеткіші – ізденушілік танымдық міндетті шешуге ұмтылу. Тіпті ол үшін қажетті білік болмағанның өзінде оқушылар оған тоқталып, өздерінің көңілін бөліп, ойланып, толғанып, шешімін табуға ынталанып, өзін бұл мәселені тез шеше алмағаны үшін кіналайды («Бұл қалай болды? Мен бұл туралы оқыған едім ғой»! Әлі ойланып көруге тура келеді!»);

2) Кең танымдық қызығушылыққа ие оқушының қызмет үдерісі тұлғалық қатынасынан байқалды. Ол кейбір оқушылардан сабырлылығымен, екіншілерден – зейінділігімен, ал үшіншілерден – абыржушылығымен ерекшеленеді. Бұндай оқушылардың барлық әсерленуі мынаны көрсетеді: танымдық үдеріс олар үшін бәрібір емес, онда аз да болса өзбетінше ізденіс жасалады (я тез шешімін табу, немесе ұзақ ойлану);

3) Кең танымдық қызығушылыққа ие жасөспірімдер таңдалған аймақта бағдарлама шегінен шығуға ұмтылады. Олардың қызығушылығы «үлкен ғылымға», қазіргі заманғы ғылыми жаңалыққа бағытталған. Олар қосымша ақпарат пен дерек көздерін іздейді және оны табады;


4) Олардың көпшілігінің дүниетанымы кең, көп оқиды және бос уақытының бір бөлігін кезкелген өзінің сүйікті пәніне арнайды; олардың кейбірінде қызығушылық оның икеміне сәйкес келеді;

5) танымдық белсенділік, жасап көруге ұмтылу, білуге құмарлығы – олардың ерекше қасиеті. Олар сабақта белсенді, сұрақтар қояды, қойылған мәселені талқылауға тез араласады, кейде қызу таласады (немесе бер көзқарастарды сынайды, немесе өзінің көзқарасының дұрыстығын сенімді түрде дәлелдейді);

6) дегенмен, бұл топтағы оқушылардың арасында жеңіл білімділері де болады. Бұлар өздерінің білімін жетілдіруге, барынша күрделі біліктерді игеруге жеткілікті күш жұмсамағандар. Бұл топ оқушыларының арасында айырмашылық, барынша кең білім алуға ұмтылушылық пен бұл білімдерді жеткілікті негізде меңгеру мүмкіндігі арасында қарама-қайшылық байқалады.

Тұлғаның құрылымында кең танымдық қызығушылық – құнды құрыылым. Дегенмен, қажетті педагогикалық әсер болмаған жағдайда ол білімді меңгеруге атүсті, өте жеңіл қарауға негіз құруы мүмкін.

ІІІ. Алынған мәліметтерге сәйкес өзекті қызығушылықтар әр жасөспірімдер сыныбының 1/5 – 1/3 бөлігін құрайды. Өзекті қызығушылықтардың айырықша ерекшеліктері:

1) пәнге бағытталуда өте үлкен мақсаттылық және тар, шағын шеңбердегі ұйымдастыру;

2) жоғары белсенділік және практикалық әрекетшілдік;

3) оқушылардың икемділігімен тығыз байланысты жұмыс істеу.

Бұл типтегі қызығушылықтар көптеген факторлардың әсерінің ықпалында, әсіресе сабақтан тыс (жанұя: «анасы – химик» немесе оқушының бір пәнге бағытталуына әсер ететін қандай да болсын өмірлік жағдаяттар - жазда ауылда демалу кезіндегі атпен қыдыру, ит үйрету, туристік саяхатта болу, экскурсия кезінде әсер еткен нәрселер және т.б.).

Өзекті, кең қызығушылықтардың ортақ белгілері бағдарламалық материалдан шығып, одан тыс жұмыс жасауға тырысуы, қосымша ақпарат көздерін іздеуге бастамашы болу, өзі сүйетін пәнге бос мезгілінің біразын жұмсау.

Өзекті қызығушылықтардан оқушының кіші жасөспірімдік кезінен бастап сәйкес икемділігі дамып, қатайып, болашақ кәсіби қызметіне бастау алуы мүмкін, бұл өзекті қызығушылықтар ерте кәсібилікке апарады деген сөз емес. Сонымен бірге, өзекті қызығушылықтар барлық уақытта бірдей теориялық бағытқа апара бермейтінін де ескеру керек. Ол іс-әрекет үдерісіне жиі сүйенеді (оқушы есеп шығарғанды жақсы көреді) немесе айқын көрінетін аз да болса белгілі бір нәтиже көрінетін практикалық бағыт ұстайды (жануарларды үйрету, химиялық тәжірибе жасау).



Өзекті қызығушылық тұлға қалыптастыру үшін үлкен құндылық болып табылады, өйткені бұл қызығушылық жетекші ынта рөлін атқарады және тұлғаның бағдарына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар белгілі жағдайларда және қажетті педагогикалық ықпал болмағанда өзекті қызығушылық жасөспірімнің жан-жақты білім алып, дамуына кедергі болуы да мүмкін. Сондықтан педагогикалық ықпалдың бұл топқа әсер ететін басты перспективалық жолы өзекті қызығушылықты танымдық қызметтің жалпы арнасына салу, оған бөлектену мен тұйықталуға жол бермеу, бірте-бірте терең танымдық мән мен ғылыми сипат беру (итті үйретуден мінез-құлық тетігін түсіну, нерв жүйесінің құрылымы мен қызметін тереңірек зерттеп білу; тәжірибеден физикалық–химиялық құбылыстардың заңдылықтарын түсіну).

Оқушылардың бұл тобы оқыту үдерісінде де, одан тысқары жағдайда да олардың танымдық қызығушылықтарына үнемі қанағаттанғандықты талап етеді.

IV. Жасөспірімдер сыныбының оқушыларының танымдық қызығушылықтары жеке педагогикалық әсер етуді, ықпалды талап етеді. Олар, зерттеу мәліметтері көрсеткендей, жастары мен жас ерекшеліктерінен гөрі, кіші және үлкен жасөспірімдердің жеке дамуына жағдай жасалуына соншалықты тәуелді.

Бұл қарастырылған қызығушылықты сынып жасөспірімдерінің арасында әртүрлі сипатына қарай бөлу үрдісі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын танымдық қызығушылықты қалыптастыру үдерісінде педагогикалық ықпалдың әртүрлі топтарына әсерінің тиімді бағдарламасын (моделін) жасауды көздейді.

1968 жылы жасалған зерттеуде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының даму деңгейлері анықталды. Осыған байланысты біз мұғалімдермен болған сұхбаттың нәтижесінде оқушылардың білімге және бір нәрсені ойлап табуға қызығушылығының дамуы жоғары дәрежедегі (күшті, терең, тұрақты қызығушылық), даму деңгейі орта және төменгі дәрежедегі үш тобын айқындап, қызығушылықтың даму деңгейлерінің көрсеткіштерін анықтадық (24- кесте).

Кесте 24

Танымдық қызығушылықтарының әртүрлі даму деңгейіне қарай оқушылардың V-VIII сыныптар бойынша бөлінуі*


Сынып

Оқушылар саны

Жоғары деңгей

Орта деңгей

Төменгі деңгей

V

VI

VII

VIII

39

34

31

29

9 (23)

7 (20,5)

10 (32)

5 (17)

16 (41)

10 (29,5)

11 (36)

11 (36)

14 (36)

17 (50)

10 (32)

13 (46)

Жалпы қорытынды

133

31 (24)

48 (36)

54 (40)

*Жақшаның ішінде сәйкес пайыз есебі көрсетілген.
Оқушыларды танымдық қызығушылықтарының даму деңгейлеріне қарай бөлу өлшемдері ретінде біз төмендегілерді қабылдадық:

  1. жасөспірімнің осы бағыттағы хабардарлығы (тек бағдарламалық материалдан ғана емес, одан тыс материалдан да);

  2. танымдық міндеттерді шешудегі жеке–даралығы;

  3. шығармашылық және ізденушілік тапсырмаларға көзқарасы;

  4. мәселені ашудағы тереңдігі мен негізділігі.

Кестеден көрініп тұрғандай, барлық сыныпта (VII сыныпта азғантай басқаша) танымдық қызығушылықтарының дамуының төменгі деңгейі оқушылардың ең көп тобын көрсетіп тұр және жоғары деңгейдегі оқушы әр сыныпта саны жағынан ең аз екені байқалады.

Бұл дәйек әр сыныптың құрамы сұранысы жағынан да, мүмкіндігі жағынан да әртүрлі болғандықтан, оқу - тәрбие үдерісін құру, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан жетілдіруге саралау тұрғысынан келудің қажеттігін байқатады.

Эксперимент мәліметтерінен байқалғандай, танымдық қызығушылықтарының даму деңгейлері белгілі бір мөлшерде олардың сипатымен өзара байланысты. Амофты қызығушылығы бар оқушы оның жеткіліксіздігімен ерекшеленеді. Мұндай корреляцияны біз өзекті қызығушылық пен терең қызығушылықтар арасынан да байқаймыз. Ал, кең қызығушылық деңгейі жоғарыдан төменге дейін ауытқып отырады. Бұл параметрді қарастыру барысында біз танымдық қызығушылықтарының даму деңгейі мен оқушылардың білім деңгейлері арасындағы байланысқа айырықша назар аударамыз. Мұнда қызығушылық ынта секілді білімді толыққанды меңгерудің маңызды түрткісі болып табылады. Сонымен қатар танымдық қызығушылықтарының даму деңгейі мен оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері толық сәйкес келмейді, өйткені, біріншіден, білімді меңгеру негізінде қызығушылық емес басқа ынталану жатқан болар, ал екіншіден, білімді меңгеру деңгейі белгілі бір мөлшерде қабілеттің даму деңгейі мен меңгерілген білік пен дағдының сипатына сәйкес болады. Мысалы, оқушы күрделі ізденушілік және шығармашылық тапсырмаларды табысты орындай алуы оның тапсырманың мәніне қыызыққандықтан ғана емес, өзінің жоғары дамыған жалпы қабілеті мен жинақылығының, еңбексүйгіштігнің арқасында болуы мүмкін.


Біздің экспериментімізде танымдық қызығушылықтарының даму деңгейі мен оқушылардың білімді меңгеру деңгейлері арасындағы корреляцияны сараптай келе, біз олардың бір – бірімен сәйкес келмейтініне назар аудардық және оның себептерін талдауға ұмтылдық. Сыныптар бойынша танымдық қызығушылықтардың сапалы сипатына назар аударайық.
V сынып - 39 адам (25- кесте).

Кесте 25

V сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жіктелуі*


Қызығушылық сипаты

Қызығушылықтың даму деңгейі

аморфты

кең

өзекті

жоғары

орташа

төмен

17 (49,5)

16 (41)

6 (15,5)

9 (23)

16 (41)

14 (36)

*Жақшаның ішінде сәйкес пайыз есебі көрсетілген.
Бесінші сыныптықтарда танымдық қызығушылықтың эиоционалдық жағы ерекше айқын көрінеді. Экспериментте конвертті таңдау кезінде олар өз ойларын дауыстап айту арқылы білдіреді: «Мені көп пәндер қызықтырады», «жалпы оқу қызықты!». Кейбіреулер асығыс таңдау жасайды да: «Әдебиетті бекер таңдадым! Мен тарихты көбірек жақсы көремін!», «Тағы басқа конверт алуға бола ма?», «Осының бәрі неге керек?». Осылайша конверт таңдауда қандай әртүрлілік болса, жауаптарында да сондай болды. Біреулері сезімдерін сырқа шығарып айтса, кейбіреулері іштей ойланып қалды. Біреулері жауап беруге асықса, біреулері тағы басқа конверт алуға ұмтылды. Бесінші сыныптықтар әрқашан асығып жүреді. Олардың конверт таңдаудағы мінез-құлықтары қаншалықты әртүрлі болса, жауаптары да сондай түрлі болды.

25-кестеден бұл сыныпта аморфты қызығушылықты оқушылар біршама баршылық екені байқалды (17 адам, 49,5%). Бұл түсінікті де, себебі V сыныпта оқу пәндері белгілі бір ғылымның көрінісі ретінде бірінші рет жүйелі оқытылады, оның үстіне оқушылар оқу пәндерінің мазмұнындағы және іс-әрекет барысында көптеген жаңа нәрселермен кездеседі. Осы кезде тағы көптеген нәрселер сыртқы ынталандыруға, біресе біреуін, біресе екіншісін таңдауға ауыстыратын таңдау бағытына әсер ететін оқыту жағдайына байланысты болады.