Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 339
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жоғарыда айтылғандай, меңгерудің өлшемі ретінде тапсырмалардың белгілі сыныптары алынады. Тапсырма сыныптары оқытудың педагогикалық мақсаттарымен байланысты. Меңгерудің көрсеткіштері ретінде түрлі тапсырмалар қолданылады. Мысалы:
-
Теорияның түрлі элементтерін тануға арналған тапсырмалар. Мысалы, түрлі тұжырымдар қатары берілген. Оқушы осыдан анықтаманы, заңды және салдарды ажыратып көрсетуі керек. -
Мәтіннің қандай да бір бөлімін немесе мәртебесін ажырату мақсатында оқу және оқудан тыс емес мәтіндерді талдау. -
Қандай да бір тұжырымның негіздемесін айқындау үшін мәтіндерді талдау. -
Оқу білімінің әртүрлі түрін жүйелі саралау (жүйелі саралау дегеніміз – әңгімелеу).
Меңгерудің ұсынылған көрсеткіштерін оқу мәтіндерін талдауға қолданғанда күмән келтіруі мүмкін (әсіресе, үшінші көрсеткіш). Өйткені, оқу мәтіндері – оқушылардың ойлауын тәрбиелейтін тәсіл ретінде қабылданған. Алайда, бұл тезисті жоққа шығармай, меңгерудің берілген көрсеткіштерін пайдалана беруге болады. Тек олардың қолданыс нысаны өзгереді, ал объект ретінде арнайы құрылған мәтіндер (мысалы, өткен оқу мәтіндерінің жаңа жолдары немесе өзге кітаптардың мәтіндері) қолданылады.
Бірқатар жұмытар ғылымның әдістемелік мәселелерін оқытудың соңында енгізу тиімсіз екенін көрсетті. Әдістемелік білім оқу пәнін меңгеруге әлсіз ықпал етті: оқушылар өте енжар, жалпыланған білімді қабылдауға психологиялық тұрғыда дайын емес болды.
2. Білім түрлері және оларды сипаттаудың сызбалары
2.1. Білім түрлері
Біз білім түрлері деп оқыту үдесінде оқу материалын түсіндіру мен дискретті меңгеру нысаны ретінде көрінетін оқу материалының нысандарын ажыратамыз. Ең алдымен мұндай нысандар – теория мен оның элементтері (ұғым, заң, ғылыми факт). Білімді жүйелі меңгеруде теорияның әрбір элементін жеке ұғына білу маңызды. Жоғарыда айтылғандай, теорияның әрбір элементінің өзіндік мазмұны бар. Білімнің кейбір элементтері (тәжірибе туралы білім) теорияға шартты түрде енеді, ал өзгелері (ғылым заңдарын техника мен технологияға пайдалану) – тіптен енбейді. Дегенмен оқыту үдерісінде бұл элементтер оқушыларға меңгеру нысаны ретінде көрініс береді. Сондықтан, білім түрлері ретінде теория мен оның элементтері (ғылыми ұғым, заң туралы білім, ғылыми дерек) және тәжірибе туралы білім мен қосалқы білім алынды.
2.2. Білім түрлерін сипаттаудың сызбалары
Білім түрлерін ажыратып, оларды сипаттаудың сызбаларын құруға көшеміз. Алдымен бірнеше жалпы ескертпені жасаймыз.
Ой-қимылдарының сызбасын құруда мына өлшемдерді сызбалар қанағаттандырғанын ескеру керек:
1) жүйе құрушы қызметті атқара алатын, оқушыларға әңгіме туралы толық түсінікті қалыптастыруға көмектесетін;
2) оқушылар әңгіменің мақсатына қарай оларды ажырата алатындай ыңғайлы болса;
3) оқушылар әңгіме құруда қиындықтың сипаты мен себебін оңай талқылауға көмектесетін;
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сызбалар формасы бойынша сұрақтардың реттелген жиынтығын беру керек, яғни білім түрлерін түсіндіру жүйесінің элементтері рөлін атқаратын жиынтық. Мұндағы «жүйе элементі» деген термин білім бірлігін білдірмейді. Бұл нысан күрделі құрылымды беруі мүмкін. Сұрақтарға берілетін жауаптар білімнің қандай да бір түріне жеткілікті және ықшамды сипат беруі керек.
Құрылған сызбаны оқушылардың түсіндіру логикасын талдау үшін пайдаланамыз.
Енді сызбаларды құруға көшейік. Оны ғылыми теориядан бастаймыз. Оқушыларға теория түсіндірудің өзіндік нысаны ретінде көрініс береді. Оқушылар сызбаның барлық сұрақтарына жауап беруі керек немесе жауап бере алмайтын сұрақтарын уақытында ескеруі керек.
Ғылыми теория. Ғылыми теорияны сипаттаудың сызбасын құрғанда, оқушыларға осы нысан туралы толық жүйелі түсінік беретін сұрақтарды енгізуді ескердік. Осыған сәйкес, оқу мақсаты үшін теорияны сипаттауды сызба түрінде бердік. Ол келесі элементтерден тұрады:
1) теорияны зерттеудің нысаны (табиғат нысаны және теория нысаны);
2) теорияны зерттеу пәні;
3) теория негіздемесі (теорияның шығу көзі, басты ұғымдар тобы; негізгі тұжырымдар, эмпирикалық база – ғылыми дерктер);
4) теорияның құрал-сайманы (математикалық аппарат, логиканың ережесі мен тәсілдері);
5) теорияның салдары, оларды тексеру;
6) теорияны қолдану шекарасы.
Ғылыми теорияны сипаттаудың келтірілген сызбасы дедуктивті және сипаттама теорияларды (мысалы, Ч.Дарвин теориясы) көрсету үшін жарамды. Айта кететін айырмашылық – кейбір сұрақтың өзіндік ерекшелігі бар.
Оқу бағдарламасы мен оқулықтарда дедуктивті теорияның мазмұны әлі толық берілмеген. Тек оның бір бөлімі – негіздемесі берілген. Бірақ бұл бөлімнің өзі оқушыларға ықшам түсіндірілген. Сондықтан теорияның негіздемесі мәртебесі бойынша элементтерге мүшелеу әлсіз сипатта болады. Ал теорияның салдарын оқушылар постулаттармен реттес білім ретінде меңгереді.
Ғылыми дерек. Ғылыми деркті түсіндіру сызбасын құруда, таным деңгейі, логикасы көрініс беруі ескерілді (сапалық, сандық және теориялық деңгей). Танымның көрсетілген деңгейлері білім беруде бейнеленген, бірақ оқушылар олармен әртүрлі уақытта кездеседі. Осыған орай, сызба құрылғанда, сұрақтардың келесі реттілігі сақталды:
-
құбылысты табиғи (ғылыми емес) тілмен және танымал ғылыми ұғыммен сипаттау; -
құбылысты сипаттау үшін сандық және сапалық сипаттаманы енгізу; -
құбылысты жаңа ғылыми ұғыммен сипаттау; -
құбылыстың заңдылығын формулаға келтіру; -
құбылысты белгілі теорияда немесе тұжырымдамада түсіндіру;
Сызбаның үшінші сұрағын түсіндіріп кетсек, оқушы бұрын енгізілген сипаттамаларды көрсете отырып, бұл кезеңде дәл қатаң анықтаманыберуі керек. Дегенмен, оның енгізетін өзгерістерін жалпы формада сипаттау әрдайым мүмкін емес.
Ғылыми заң. Заңды сипаттаудың сызбасын құруда келесі міндеттер ескерілді. Бұл сызбаа мынадай жиынтықты беруі керек: заң мен ұғымның анықтамасы арасындағы қатынас, заң табиғаты, оны қолдану шекарасы. Оқушылардың білім жүйелігі үшін соңғы мәселе ерекше мәнге ие. Мысалы, Ньютон заңдарын қолдану шекарасын сөз еткенде, біріншіден, қатыс теориясын, екіншіден, бұл теорияның классикалық механикамен байланысын білу керек. Осылармен қатар, әрбір заңның қолданыс шекарасы болатынын білу керек.
Политехникалық білім берудің міндеттеріне сәйкес заңдарды қолдану туралы мәселе ерекше мәнге ие. Заң туралы білімді сипаттаудың сызбасы: заңның формулалары; заңды мүмкіндігіне қарай символдық формада жазу; заңды ашу жолдары; заңды қолдану шекарасы; заңды қолдану;
Оқушылар білімін көрсеткенде оқулықты басшылыққа алатындықтан, олардың бірнеше формуланың бар екенін ескергендігін, тиімді қолданғанын назардан тыс қалдырмадық.
Ғылыми ұғым.Теорияның элементтерінің бірі – ғылыми ұғым. Оқушыларға әдетте сандық ұғымды сипаттау қиынға соғады. Сондықтан осы жағдай ескеріліп, сандық ұғымды сипаттаудың мынадай сызбасы құрылды: ұғымның анықтамасы; ұғымның символдық жазуы; анықтама формуласын талдау; анықтаманы қолдану шекарасы; өлшеу бірліктері;
Өлшеу бірліктері туралы пункт жеке ажыратылған. Өйткені оны түсіндіру үшін жеткілікті түрде ақпарат қажет. Енді сандық ұғымдарды сипаттау сызбасын оқушының «механикалық жұмыс» ұғымын сипаттау жоспарымен салыстырайық.
Эксперимент. Енді ғылыми экспериментті сипаттау сызбасын қарастырайық. Оның мақсаты – оқушының зерттеудің эксперименттік әдісін (логикасын) меңгеруі. Экспериментті сипаттау сызбасы: эксперименттің мақсаты; зерттеу әдістемесі (өлшеу процедурасы мен құрылғысы); өлшеу нәтижелері; нәтижелерді түсіндіру; эксперимент негізінде жасалған қорытынды мен ұсыныстар;
Мұнда екі сызба арасында айырмашылықтар бар. Олар мақсат формуласын жіберіп қояды, тұжырымын келесідегі бастайды: «Ғалым тәжірибе жасады, ол приборды алды (мектеп приборы суреттеледі)». Сосын әңгіме аяқталады: «Ғалым бұл тәжірибеде келесі заңды дәлелдеді». Осыдан оқушы оқу тәжірибесін ғылыми экспериментпен сәйкестендіретінін көреміз.
Қолданбалы білім. Қолданбалы білім – бұл ғылымның техникамен және технологиямен байланысын жүзеге асыратын білім (оған мыналар жатады: трансформатор, радиоқабылдағыш құрылғысы туралы білім).
Қосалқы білімді сипаттау сызбасы;нысанның қызметтік анықтамасы; нысанның жұмысы негізделген заң; құрылғы сызбасы;жұмыс үдерісі; нысаедарды қолдану;
Әдетте оқушылар бірінші элементті (нысан анықтамасын) тастап кетеді. Олар бірден құрылғы сызбасын сипаттаудан бастайды: нысанның жұмысы негізделетін заң айтылмайды, ал жұмыс үдерісі туралы бірауыз сөз айтады.
Жоғарыда айтып өткендей, оқу білімі жүйесінің әрбір «элементі» күрделі құрылымды береді. Сондықтан оны мүшелеуге болады. Бұл элементтерде ғылым тарихының мәселелері қатыстырылуы мүмкін.
Айтылған мәселелерді қысқаша қорытындылайтын болсақ, онда төмендегі сызбаны назарға алған жөн.
Әдіснамалық білімнің негізгі түрлерінің элементтерін сипаттаудың сызбалары.
Ғылыми теория | Ғылымдерегі | Заң | Ғылыми ұғым | Эксперимент туралы білім | Қолданбалы білім |
Теорияны зерттеу пәні мен нысаны | Құбылысты табиғи тілмен және белгілі ұғымдармен сипаттау | Заңның формулалары | Ұғым анықтамасы | Эксперимент мақсаты | Нысанның қызметтік анықтамасы |
Теорияның негіздемесі | Сандық және сапалық сипаттамаларды енгізу | Заңды символдық формада жазу | Анықтаманы символдық формада жазу | Зерттеу әдістемесі (өлшеу процедурасы) | Нысан жұмысы негізделген заң |
Теорияның инструмента-риясы | Құбылысты жаңа ғылыми ұғыммен сипаттау | Заңды алу жолдары | Анықтама анализі (формулалар) | Өлшеу нәтижесі | Құрылғы сызбасы |
Теорияны қолдану шекарасы | Құбылыстың заңдылық формуласы | Заңды қолдану шекарасы | Анықтаманы қолдану шекарасы | Нәтижелерді интерпре-тациялау | Жұмыс процессі |
Теория салдары және оны тексеру | Құбылысты белгілі теория негізінде талқылау | Заңды қолдану | Өлшеу бірліктері | Қорытынды мен ұсыныстар | Объектілерді қолдану |
Юрий Константинович Бабанский
(1927-1987)
Көрнекті педагог, КСРО Педагогика ғалымдары академияның толық мүшесі (1974), педагогика ғылымдарының докторы (1974) Юрий Константинович Бабанский Ростов облысының Бірінші май селосында дүниеге келген.
Ростов педагогикалық институтының физика-математика факультетін (1974) бітіргеннен кейін сол жерде педагогика, физиканы оқыту әдістемесінен дәріс берді (1958-59 жылдары проректор). 1973 – 77 жылдары КОСРО педагогика ғылымдары академиясының жанындағы педагогикалық пәндер оқытушыларының мамандығын арттыру институтының ректоры қызметін атқарды. 1976 жылдан сол академияның педагогиканың теориясы мен тарихы бөлімінің академик-хатшысы, 1979 жылдан вице-президенті болып істеді. Оқытудың ғылыми негізделген оқтайландыру теориясы жасады. Ол теория бойынша оқушылардың білім алуы мен тәрбиесінің міндеттерін табысты шешу үшін оқытуды оқтайландыру қажет екені дәлелденді. Бұл теорияны тактикалық және стратегиялық міндеттерді шешуге пайдалануға болады деп есептеді. Оңтайландыруды қолданудың әдістемелік негіздерін педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жалпы теориясының бір қыры ретінде санады. Оқушылардың сәтсіздігінің себептерін жан-жақты зерделенуге негізделген олардың үлгермеушілігі мен екінші оқу жылына қалдырылмауының тиімді формалары мен әдістерін таңдау жөнінде нақты ұсыныстар берді. Ю.К.Бабанскийдің редакциясымен педагогикалық институттарға арналған «Педагогика» (1983; 1984, Г.Нойнермен бірге) оқу құралы жарық көрді.
Шығармалары: Оптимизация процесса обучения. Общедидактический аспект. М., 1977, Оптимизация пед. Процесса. (В вопросах и ответах). К., 19842 (Соавт); Методы обучения в советской общеобразовательной школе. М., 1983, Избр.пед.труды. М., 1989.
-
Бабанский Ю.К. Таңдамалы педагогикалық еңбектері
Педагогика
IV тарау
Педагогикалық үдеріс
-
Педагогикалық үдерістің негізгі кезеңдерінің сипаттамасы.
Педагогикалық үдерісті оңтайландырудың заңдылықтары, ұстанымдары мен тәсілдері
Педагогтар әрқашан оқытудың ең күшті нұсқаларын табуды мақсат етті, бірақ оңтайлы педагогикалық шешімдердің теориялық дәлелденулердің таңдауы тек қана 60 –жылдадардың аяғында арнайы жасақталды, себебі осы мезгілде шынайы ғылыми алғышарттар, сонымен қатар мұғалімдердің практикалық қызметіне қажетті жағдайлар туындады. Бұған адамдар әрекетін басқару теориясының дамуы септігін тигізді, сонымен қатар психологиялық оңтайлы шешімдер қабылдаудың психологиялық негіздерінің жасалуы, педагогикадағы оқытудың әртүрлі әдістерінің салыстырмалытиімділігінің зерттелуі, оқытудың үйлесімді тәсілдерінің, әдістерінің, формаларының ұтымды іздестірілуі де әсер етті.