Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 336
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқыту үдерісінің негізгі зандылықтарын қарастырайық:
-
Оқыту заңды түрде қоғамның қажеттілігіне, әлеуметтік түрдегі тұлғаның жан-жақты дамуы мен оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктеріне тәуелді. Бұл заңдылық үдеріске толықтай, оқыту әдістері мен қажеттіліктеріне, оқу үдерісінің ұйымдастырушылық формаларына қатысты болады. Былайша айтқанда, техника мен ғылымның өнеркәсіптің, мәдениеттің, әлеуметтік қарым-қатынастың, қоғамның қажеттілігінің өсуіне байланысты оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар әр түрлі білім беру ұйымдарының оқытудың әдістері мен құралдары өзгеріп отырады. Оқыту компоненттері мен міндеттері оқушылардың жұмыс жасай алу қабілеттілігі мен өсудің өзгеруіне сай өзгеріп отырады. -
Оқыту, коммунистік тәрбие және жалпы даму үдерістері және заңды түрде тұтас педагогикалық үдеріске тікелей байланысты.
Осыдан оқыту әрқашан белгілібір түрде тәрбиелеп, дамытады, ал тәрбие мен оқу жаңа оқытудың тиімділігіне әсерін тигізеді. Заңды байланысты ескеріп білім мен біліктілікті қана үйретіп қана қоймай, оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне ықпал тигізу үшін мазмұнды оқыту формалары мен әдістерін жобалау керек.
3.Сабақ беру үдерісі мен үйрету заңды түрде оқытудың тұтас үдерісіне байланысты.
Сабақ беру мен үйретудің бірлігі кеңес мектебіндегі оқу үдерісін айқындайды, мұнда педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың белсенділігі диалектикалық түрде қисынын табады. Бұл байланыс сабақ беру мен оқушылардың оқу танымдық жұмыстары тығыз болмаған жағдайда өте қажет және пайдалы.
4. Оқытудың мазмұны заңды түрде оның мақсаты мен міндеттеріне, сондай-ақ сәйкес жастағы оқушылардың шынайы мүмкіндігіне тәуелді.
Бұл заңдылық қажеттілігіне сай ауқымды қоғамдық жоспардың, өнеркәсіптің, ғылымның, мәдиениеттің, әлеуметтік қатынастардың даму деңгейімен сәйкес оқыту жоспарлары және барлық жастағы мектеп оқушыларына арналған топтық бағдарламарды жасатуға әкелген.
Бұл заңдылық арнайы сыныптарға арналған сабақтарды жоспарлау барысында ескеріледі. Сабақ мазмұны білім берудің міндеттері мен мектеп оқушылардың дамуына, тәрбиесіне сәйкес келуін ескеру керек және сыныптағы оқушылардың шынайы оқу мүмкіндігінің бірте бірте өсуін ескеру қажет.
5. Оқушылардың оқыту жүйесіндегі белсенділігі заңды түрде оқушылардың таным дүниесінің ырғақтары мен мұғалімнің оқытудың ынталандыру әдістерін қолдануына байланысты. Оқытуды ынталандырудың себептерінсіз оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін және білім берудің міндеттерін шешу, оқушыларды тәрбиелеу мен қалыптастыру мүмкін емес. Сол себепті де оқыту үдерісіне арнайы оқуға ынталандыру әдістерін үнемі қолдану қажет. Сондай-ақ танымдық оқу әрекетіне қызықтырудың басқа да тәсілдерін қолдану қажет.
-
Оқу-танымдық әрекетті, бақылау мен өзін-өзі бақылауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдарын ұйымдастыру, заңды түрде оқушылардың шынайы оқу мүмкіндігі мен оқыту мазмұнының тәуелді.
К. Маркс «Капитал» атты туындысында адамның әрекет ету әдісі мен сипатын мақсат заң ретінде анықтайтынын сенімді түрде басып айтқан болатын. Сондықтан да оқытудың әдістері мен құралдары оқытудың мақсатымен анықталады. Оқытудың әдістері мен құралдарының алға басуы сәйкес жастағылар алдына мейлінше жоғары міндеттерді қоюға мүмкіндік тудырады.. Бұл заңдылық оқытудың әдістерін таңдауда тек міндеттерді ескеруді ғана емес, оқу материалының мазмұнының және оқушының жас ерекшілігі мен оқушылардың дайындық деңгейін ескеруді талап етеді.
-
Оқытуды ұйымдастырудың формалары заңды түрде оқытудың әдістері мен мазмұны, міндеттеріне тәуелді.Бұл заңдылықты есепке алу мұғалімдерге оқу- танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық, жекелік және жалпы сыныптық тиімді үйлесімін таңдауға мүмкіндік береді. -
Оқыту үдерісінің тиімділігі заңды түрде оның сол үдерісте қолданылатын жағдайларына тәуелді. Мектепте оқыту үдерісінің компоненттеріне кірмесе де оқу-материалдық, моральдық-психологиялық, гигиеналық шарттар оқушылардың еңбек әрекетіне қажетті болып табылады. Осыған байланысты мектепте сәйкесті түрде оқу-материалдық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, эстетикалық шарттар сабақтың уақытында жүруіне керек. Оқытудың мейлінше жай немесе тым жылдам жүрісінен оқушының оқуға қызығушылығы төмендейді. Бұл жерден оқытудың тиімді жүрісін және оқудың уақытын дұрыс қою шарттарын қабылдау керек. Бұл заңдылықты бағаламау немесе жоғарыда аталған заңдылықтарды бағаламау оқытудың тиімділігін төмендетеді. -
Оқыту үдерісінің оңтайлы ұйымдастырылуы бөлінген уақытта заңды түрде оқытудың қажетті және түпкілікті нәтижелерін қамтамасыз етеді. Бұл заңдылықта оқыту үдерісінің заңдылықтары бір жүйеге біріктіріледі, оқытуды оңтайлы ұйымдастыру оқытудың компоненттері мен шарттарының барлық заңдылықтарын бір арнаға кешенді қолдануда тоғысуы керек. Егер педагог оқытудың міндеттерін, мазмұнын қозғаушы күштері мен ұйымдастырушылық әдістерін, оқыту формасы мен тәсілдерін дұрыс таңдап, барлық шарттарды орындаса, онда оқушы дәл уақытындағы мүмкіндіктерді пайдаланып өте жақсы нәтиже көрсетеді. Осы кезде мұғалімнің еңбегі жеңілдейді. Бұл заңдылық ғылыми зерттеулермен және мұғалімдердің көп жылғы еңбек өтілімімен дәлелденген.
Сонымен біз барлық оқыту үдерісіне қатысты толықтай дидактикалық заңдылықтарды айқындап өттік. Бұл заңдылықтардың барлық жердегі түрлітиптегі мектеп сыныптарына қатысты заңды екенін ескердік. Бұл заңдылықтардың тығыз байланысы ұйымдастырылған оқытудың барлық шарттарында барлық уақытта қолданылуы арқылы дәлелденді. Қажеттілік пен нақтылық бұл заңдылықтардың тиімді оқытуды ұйымдастырудан пайда болды. Аталған заңдылықтардың тек қана оқыту үдерісінің компоненнтерінің бірлігін ғана емес, сонымен қатар олардың қарама қайшылығын да көрсетеді.
Қарастырылған заңдылықтардан кеңес дидактикасының маңызды ұстанымдары туындайды.
Осылайша, адамдар туралы барлық ғылымдар мен адамдардың оқу- таным қызметінің жетістіктері дидактикалық негіздердің толығуына әсерін тигізеді.
Дидактикалық заңдылықтар мен ұстанымдар педагогтарға оқытудың ғылыми дәлелденуін береді
Антонина Васильевна Усова
Көрнекті ғалым, РБА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Башкирияның Новбелокатай ауданының Корлыхалова селосында дүниеге келген. Казан университетінің физика-математика факультетін бітірген.
1951 жылдан А.В.Усова Челябинск мемлекеттік пединститутында физиканы оқыту әдістемесі кафедрасын басқарды. Оның ғылыми қызығушылығы жан-жақты. А.В.Усова алғаш рет өзіндік жұмысты құрудың жалпы дидактикалық ұсатнымдарын жасады. Сондай-ақ жалпылама танымдық біліктілікті қалыптастырудың әдістемесін ұсынды.
А.В.Усова «Психолого – дидактическии основы формирования у учащихся научных понятий», «Учебные конференции и семинары по физике в средней школе, «Воспитание учащихся в процессе обучения физике в средней школе», «формирования у учащихся учебных умений впроцессе, обучения» атты еңбектері ғылыми педагогикалық қоғамдастыққа танымал. А.В.Усованың ғылыми – педагогикалық және қоғамдық жұмысы жоғары бағаланып, Ленин орденімен марапатталды.
3.1.8 Усова А.В. Оқыту үдерісінде оқушыларда ғылыми ұғымдардың қалыптасуы
Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар
Қоршаған ортаның барлық құбылыстары мен заттары байланысты және бірімен-бірі шынайы үйлесімде болады. Адам санасындағы заттар мен құбылыстардың байланысы – бұл ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар. Бұлар К.Д. Ушинский айтқандай, олар бір-бірімен көп жағынан байланысты. Ұғымдардың байланысы туралы В.И. Ленин де айтқан. Ол «Философиялық дәптерінде» былай дейді: «Әрбір ұғым белгілі бір қатынаста болады».
Ұғымдар арасындағы қатынастар бар, ең алдымен олардың қатынасы мазмұны мен көлемі жағынан болады. Осындай сипаттамаларды ескеріп, ұғымдарды түбірлік және түрлік деп ажыратады. Әрбір заттың жалпы, спецификалық белгілері болады. Заттар класының жалпы белгілерін бейнелейтін ұғымдарды түбірлік деп атайды. Ал түбірлік ұғымның жалпы белгілерін түбірлік белгілер деп атайды. Түбірлік белгілер шындық құбылысын, заттар мазмұнындағы жалпыны анықтайды.
Түбірлік ұғымның көлеміне енетін, жеке құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ұғымдар түрлік деп аталады. Түрлік ұғымдардың мазмұны заттар тобына тән ерекше қасиеттерді бейнелейді: олар түрлік белгілермен беріледі. Бір түрдің екінші түрден айрықшаланатын белгісін – түрлік ерекшеліктің белгісі деп атайды.
Екі ұғымның көлемі бойынша қатынасты (түр мен түбірдің қатынасы) дөңгелек түрінде (Эйлер дөңгелегі) бейнелеу қабылданған, (3-сурет).
Түбірлік ұғымдар
Түрлік ұғымдар
3-сурет. Ұғымдар арасындағы түбірлік – түрлік қатынасты Эйлер дөңгелегімен бейнелеу. Бұл суреттен көргеніміздей, түрлік ұғымның көлемі – бұл түбірлік ұғым көлемінің бір бөлігі. ал 4-суретте «Қозғалтқыш» ұғымының қозғалтқыш түрлерімен арақатынасы көрсетіледі. 4.б.-суретте «Табиғи ғылым» түбірлік ұғымы «Физика», «Химия», «Биология» ұғымдарымен арақатынасы бейнеленген.
4-сурет. Бағынышты (ортақ түбірлік ұғымдарға) түрлік ұғымдардың мысалдары
Түбірлік ұғым
а) Түрлік ұғымдар
Түбірлік ұғымның бөлігін құрайтын түрлік ұғымдарды бағынышты деп атайды. Бұған мысал ретінде 4.а.-суретті алуға болады. Мұнда қозғалтқыш түрлері (механикалық, жылулық, электрлік) жалпы түбірлік «Қозғалтқыш» ұғымына бағынышты.
Оқыту процесінде түбірлік пен түрлік ұғымдардың қатынасын тікбұрыш пен шеңбер түрінде бейнелейді (5-сурет).
5-сурет. Ұғымдар арасындағы түбірлік – түрлік қатынастарды схемалық бейнелеу мысалдары.
З аттың құрылымдық формалары |
-
Қ озғалтқыш
а )
б)
Бағыну қатынасы бойынша ұғымдар бір-біріне көлемі, мазмұны жағынан бағынады. Көлемі бойынша бағыну жоғарыда қарастырылған. Бұл қатынас мазмұны бойынша түбірлік белгі негізінде анықталады. Бұл – біртұтас ажыратылмайтын үдерісс.