Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 331

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1). Технологиялық үдерістердің тағайындалуы.

2). Технологиялық үдерістердің ұлттық шаруашылық мәні.

3). Технологиялық үдерістердің негізіне алынған құбылыстар мен заңдар.

4). Технологиялық үдерістердің схемасы.

5). Технологиялық үдерісті жүзеге асыруда техникалық қауіпсіздік ережесі.

6). Технологиялық үдерістердің сапасын анықтайтын факторлар.

7). Технологиялық үдерісті жүзеге асыратын және бақылайтын мамандардың біліміне қойылатын талаптар.

Келтірілген жоспарлар жалпылама деген атауға ие болды, өйткені олар объектілердің кең класын зерттеуге жарамды. Сонымен қатар, жалпыланған жоспар оқушыға меңгерілген ұғымдарды өзіндік бақылауды жүзеге асыруға көмектеседі. Ал мұғалімдер осы жоспар арқылы меңгерілген ұғымның, заңның, теориялардың сапасын бақылай алады. Ең бастысы, ұғымдарды меңгеруде оқушылардың әрекеті саналы әрі мақсатты болады. Жалпыланған жоспар оқушыларға дайын күйде беріледі. Кейбір тәжірибеден кейін оқушылар өз жоспарын ұсынады. Жоспардың соңғы нұсқасы ұжымдық талқылаудан кейін алынады.
§2. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру сапасын зерттеу әдістемесі
Жеке ұғымдарды меңгерудің талаптары мен жалпы (түбірлік) ұғымдар тобын меңгеруге қойылатын талаптарды білу қалыптасудың түрлі кезеңінде меңгерудің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Ұғымдарды меңгеру сапасын бағалау (тексеру) үшін элементті және операциялық анализ әдісі қолданылады. Элементтік анализ әдісінің мәні – оқушының ауызша жауабын және жазбаша жұмысын тексеруде ұғымды меңгеруге қойылатын талаптардың қайсысы қанағаттандырылатындығы белгіленеді. Ол үшін тексеру сұрақтары немесе жазбаша жұмыстың мазмұны ұғымдардың көлемі, өзгелермен байланысы толық ашылатындай етіп құрылады. Осы талаптарға сәйкес, алдын ала оқушылардың жауабын талдау хаттамасы (ұғымды меңгерудің барлық элементтері белгіленеді) толтырылады. Хаттаманы талдау бойынша оқушылардың ұғымдардың қандай белгілерін меңгергендігін және меңгерілмей қалған мәселелер анықталады. Мұғалім осыларды басшылыққа алып, түзетулер мен толықтырулар енгізеді.

Элементтік анализ жеке оқушылар мен барлық кластың ұғымдарды меңгеру деңгейін жалпы бағалауға мүмкіндік береді. Анализ мәліметтері бойынша ұғымның мазмұнын меңгеру коэфиценті анықталады.

Операциялық анализ – бұл элементтік анализге толықтауыш. Оны практикалық жұмысты және тапсырмаларды орындауға қолданады. Бұл әдістің мәні - әрбір практикалық жұмыс, әрбір тапсырманың шешімі жеке, логикалық операцияларға бөлінеді. Осылардан практикалық тапсырманы сәтті орындау әрекеттері құрылады. Әрбір операция анализ хаттамасына белгіленеді. Бұл әдіс арқылы оқушылардың түрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауда меңгерілген ұғымды қаншалықты қолдана білетіндігі бағаланады.


Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде элементтік және операциялық анализді қолданудың нақты мысалдары сипатталған. «Электр заряды», «электр өрісі» сияқты ұғымдарды меңгеру коэфицентін есептеу мысалдары келтірілген. Мысал ретінде «күш» ұғымын меңгеру анализін қарастырайық. Ол анализ әдістемесі туралы түсінік беретін графикалық бейне түрінде келтірілген (4-кесте).

4-кесте. 6-сыныптың оқушылары «күш» ұғымын меңгеруін анализдеу хаттамасы:





Сұрақ мазмұны

Жауап нұсқалары, олардың қысқаша сипаттамасы

Жауап нұсқасын берген оқушылар саны

Сұрастырыл-ғандардың жалпы саны

1

Күш дегеніміз не?

Бұл сөздің мәнін қалай түсінесіз?

1. Жауап толық, дұрыс (6-сыныпта қарастырылған күштің барлық белгілері көрсетілген).

2. Жауап толық емес: а) тек қозғалыс өзгерісі көрсетілген; б)бір дененің екіншісіне әсері көрсетілген

3. Жауап дұрыс емес: а) күштің анықтамасының орнына дене салмағының анықтамасы берілген; б) күш ұғымы бір дененің екіншісіне қысым көрсетуімен байланысты







2

Күштің қандай түрлерін білесіз?

Күштің келесі түрлері көрсетілген: а) ауырлық; б) үйкеліс; в) тығыздық; г) қысым







3

Күшті өлшеудің қандай бірліктерін білесіз?

  1. 1 Н (Ньютон) көрсетілген

  2. Күшті өлшеу бірлігінің орнына салмақты өлшеу бірлігі көрсетілген









Владимир Павлович Беспалько
Көрнекті педагог, РБА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы (1968), профессор (1972). Украинаның Умань қаласында 1930 жылы дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеу автомеханикалық институтын бітірді. Орта мектептер мен кәсіптік оқу орындарында сабақ берді. 1955 жылдан бері ПҒА қызметкері «Машинатану практикумы» атты орта мектеп оқушыларына арналған оқу құралының авторы (1957). Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетінде сабақ береді. Негізгі еңбектері педагогикалық жүйелер, дидактика, педагогикалық технологиялар және танымдық әрекетті басқару мәселелеріне арналған.



В.п.Беспалько, жүйелілік тұғырына, когнитивтік психологияға және басқару теориясына сүйене отырып, дидактика үдерісіне құрылымдық талдау жасады, оны оқушының танымдық әрекетті басқарудың тұтас жүйесі деп қарастырды. Ол диагностикалық мақсат қоя білу әдістемесін негіздеу жайлы алғашқы зерттеу жасады. Педагогикалық мақсат параметрлерін (пәннің логикалық құрылымындағы элемент саны, оқыту үдерісінде оқушы тәжірибесінің даму деңгейі, оқу пәніндегі дерексіздену сатысы) нақтылады. Сондай-ақ өлшемге бағытталған тестілеудің технологиясын ұсынды. В.П.Беспалько оқулық теориясын дамытты. Ол жазған ғылыми еңбектер ішінде «Оқулық теориясы» (1988), «Педагогикалық технология құрылымдары» 1989 ерекше орынға ие.

Көп еңбектері шет тілдерге аударылып, Болгарияда, Венгрияда, Германияда, Қытайда, Кубада және басқа елдерде басылып шықты.

Шығармалары: Программированное обучения. М., 1970, Основы теории педогогических систем. Воронеж, 1977. «Теория учебника».-М., 1988, и др.
Беспалько В.П. Педагогикалық технологияның құрамдас бөліктері

3.1.10 2-тарау Білім беруі мақсатының диагностикалық әдістемесі-педагогикалық технологияны құрудың бастапқы бөлігі

Қазіргі уақытта оқыту мен тәрбиелеудің түрлі мәселелері өз шешімін табуда. Бұл тарауда қазіргі мектептің педагогикалық жүйесі қарастырылады. Сонымен қатар педагогикалық технологияны қолдану тәсілдері сөз болады.

Қазіргі мектептің педагогикалық жүйесіндегі білім беру мақсатын қарастырайық. Хрестоматикалық педагогикалық әдебиеттерде жалпы білім берудің мақсатының нақты сипаты жоқ. Көптеген педагогтар мақсаттың сипатын ескермей, оқу жоспарын, бағдарламасын, құралын, өзге де оқу-әдістемелік құралдарды бірден құруға тырысады. Күрделі жүйелерді ұйымдастырудың әдіснамалық ұстанымдары және өмірлік тәжірибе көрсеткендей, мұндай жол шексіз пікір таластарды туғызады. Өйткені, жүйені құрайтын элемент, яғни мақсат жоқ. Алайда А.С.Макаренко айтқандай, педагогика – бұл тәрбиелеу теориясы, ең алдымен мақсатты ғылымы. Жалпы орта білім беру жолында мұндай мақсатты іздеу нәтижесіз. Өйткені мақсат бұл жағдайда «түсініксіз» болып, тәжірибеде өз күшін жояды.

Егер де мақсат оқушыларды белгілі өмірлік әрекетке дайындау терминімен берілсе, онда әңгіме басқаша болады. Мұнда оқушылардың кәсіби дайындығы тұлғаның жан–жақты даму құралы болады.


Осылайша, педагогикалық технология мақсатты диагностикалау ұстанымына қатысты сипатталады. Оның мәні – мақсатқа жету жолында объективті бақылауға болатын оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық технологиясын жүзеге асыру.


2.1. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын диагностикалық қою мәселелері мен әдістері.

Педагогикалық жүйеде мақсат диагностикалық тұрғыда қойылу керек. Белгілі дидактикалық үдерісті құру, оның жүзеге асуының денгейі туралы қорытынды жасау үшін мақсат дәл анықталу қажет. Қазіргі мектептермен педагогикалық диагностикалық мақсаттардың жоқ екендігіне бір – екі мысал жеткілікті. Ф.Ф.Королев пен В. Е. Гмурманның редакциясымен жазылған «Педагогиканың жалпы негіздері» атты монографияда былай делінеді: «Отбасы мен мектептің тәрбие әрекетінде мақсатты педагогикалық жұмыс жоқ. Тек жақсы сапалы мақсат қана тәрбие жұмысына дұрыс бағыт бере алады». Өкінішке, орай авторлардың бұл тұжырымы толық әрі қарай дамымаған. Сондықтан осыны негізге ала отырып, қазіргі уақытта оқу- тәрбие үдерісі нақты мақсатсыз жүзеге асатындығын айтуымызға болады. Бұл біздің педагогикалық өмірімізге тамырымен жайылған формализм. Алайда жылдар өткенмен, бұл бағытта айтарлықтай қозғалыс жоқ. Оның себебі тек зерттеудің ғылыми күрделілігі емес, сонымен қатар оның маңыздылығын жете бағаламау.

2.2. Мақсатты диагностикалық қою ұғымы.

Оқытудың (тәрбиелеудің) мақсаты диагностикалық тұрғыда қойылған, егер де;

а) қалыптасатын тұлғалық сапаға нақты сипат берілген, оны кез – келген сападан қатесіз айыруға болатын болса;

б) обьективті бақылау үрдісінде тұлғаның диагностикаланатын сапасын анықтайтын тәсілдің, «құралдың» болуы;

в) бақылау мәліметтері негізінде диагностикаланатын сапаның қарқындылығын өлшеу мүмкін;

г) өлшеу нәтижелеріне сүйенетін сапаларды бағалау шкаласы бар.

Орта және жоғары мектептің дамуының қазіргі кезеңінде аталған талаптарды педагогикалық жүйенің бірде-бір мақсаты қанағаттандырмайды.

Педагогикалық жүйе жұмысының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты өмірге дайындау, қоғамның әрекетіне белсенді қатыстыру. Яғни, педагогикалық жүйе қоғамдық қажеттілікті бейнелейді. Тұлғаны жан-жақты дамыту үшін, мамандарды дайындау үшін орта білім базалық болу керек.

Білім беру мақсаты анық болмағандықтан оқу-тәрбие үрдісінде оның реттеуші қызметі мүлдем сезілмеді. Соның салдарынан көптеген кері құбылыстар дамыды. Мектеп туралы бұрынғы бағдарламалық- әдістемелік құжаттарды бұл мақсат былай көрсетеді: «Оқушыларды дамуына қажетті біліммен қаруландыру, ұлттық шаруашылық жұмысына дайындау,білімді жалғастыру, маркстік-лениндік дүниетанымын қалыптастыру» немесе «оқушыларға күнделікті өмірге және еңбек әрекетіне қажетті білім мен икемдер жүйесін меңгеру».