Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 275

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
беруде теледидар, кино, радио, әдеби кітаптарсыз елестету мүмкін емес.Мектеп оқушыларының тәрбие жұмысында өндірістік кәсіпорындар, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, шығармашылық одақ өкілдері белсенді қатысады.Мектептерде пионер, комсомол ұйымдары белсенді жұмыс жасады.А.С.Макаренко; «мектептегі өзін-өзі басқару ұйымына басшылық жасау мектеп директорының қамқорлығында болды. Жалпы білім беретін мектептердің Ережесінде өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына мектеп директоры бағыт-бағдар береді, оның басшылық жұмысында осыдан артық жұмыс болған жоқ, сонымен бірге мақсаты өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жақсарту болды».XXVI съездінде бірінші бесжылдықта күн ұзарту тобының балалар саны 14 млн болды. Сондықтан мұндай өзекті мәселені шешуде барлық оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны, әдіс-тәсілдері, түрлері жандандырылды, техникалық және шығармашылық қызығушылығына байланысты сабақтар арналды. Қазіргі уақытта педагогикалық мүмкіншілігіне байланысты қоғамдық тәрбие жұмысында тәрбие жұмысын әр түрлі пайдалану акция, студия, денешынықтыру, саяхат және танымжорыққа қызығушылығын арттыру қажеттілігі артты. Мектептегі ұзарту күн тобында 360 тәрбиешіге дейін жұмыс істеді. Ең маңыздысы мектептегі өзекті мәселе олардың еңбектерін ұйымдастыру болды. Соңғы жылдары көптеген мектептерде факультатив сабақтар көп орынды алды. Оқушылар 150 бағдарлар бойынша оқыды. Факультатив сабақтарда мұғалімдер жаңа әдістемелік құралдар, шешімдер, оқу-тәрбие жұмыстарына бағытталған және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Сонымен бірге оқушыларға қажетті пәндер, қажетті материалдар пайдаланылды. Мәселен, физика пәнінде, «Отан физикасы», «Қатты денелер физикасы», «Сұйық денелер физикасы», «космос физикасы» бағыттарында факультатив сабақтар болды, яғни оқушылар осындай негізделген пәндерді оқу арқылы жан-жақты білімін арттырды, белсенділік қабілетін даытты. Мектептердегі қайта құру биология, физика, химия, математика, тарих, география, шет тілі, әдебиет пәндерін теориялық және практикалық тұрғыдан терең оқытуды қалыптастырды.Бағдарлама бойынша бұл пәндер оқу уақытының аптасына 4 сағатын қамтыды. Жеке тұлғаны жан-жақты дамуытуда, оқу-тәрбие жұмысын ғылыми- техникалық және табиғатқа жақын ұйымдастыру,саналы, адамгершілікті тәрбие беру жан-жақты болған жерде жетістік болады. Оқушылардың белгілі бір қызығушылығын қанағаттандырудағы мектептен тыс мекемелер; 1330 жас
техниктер станциясы, 860 жас натуралистер станциясы, 4842 пионерлер үйі және пионерлер сарайы, шығрмашылық студиясы, музыкалық және хореографиялық училищелер жұмыс жасады.Сонымен бірге балаларға арналған газет, журналдар, жасөспірім және балаларға арналған теледидар және радио, әдебиеттер т.б. Ғылыми-техникалық революция білім беру ұйымы мен мектептерге сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың арасын байланыстыру бағытында маңызды тапсырма берді.Осы тапсырмаға байланысты мектептің барлық жұмыстарында білімге, шығармашылық, іздену және қоғамдық пайдалы еңбек жұмыстары жандандырылды.Мектеп тек қана білім бермейді жас ұрпақты өмірге дайындайды, еңбекке баулиды. М.А.Суслов: «жаңа адамды қалыптастыру әлеуметтік, саяси кешенді шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Жоғары деңгейлі мәдениет, білім, қоғамдық танымдылық, көзі ашықтық болмаса « коммунизм болмайды» деді.Қайта құру білім мазмұны, әдістер және ұйымдастыру түрлеріне өзгерісетр енгізді. Ол әрине, мектеп жұмысы, жанұя және қоғамның бір-біірмен сәйкестігі.Осыған байланысты оқу тәрбие үрдісі ерекше басқару нысанын қалыптастырды:

- бағдарланған оқулықтарды теориялық тұрғыдан деңгейін арттыру;

- білім берудің жаңа әдістері және ұйымдастыру, іздену және жетілдіру, техникалық құралдарды кең пайдалану,көрнекілік құралдарды оқушының біліміне пайдалану,ғылыми және ақпараттық бағыт беру;

- саяси, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, салауаттылық, денешынықтыру тәжірибесін кешенді пайдалану;

- оқу-тәрбие үрдісінде политехникалық бағытты күшейту, мектепті өмірмен байланыстыруды нығайту;

- жеке тұлғаны қалыптастыруда жан-жақты рухани адамгершілік және материалдық дамуын қалыптастыру;

Мектептегі жұмыс ерекшеліктігі, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық жаңалық оқу -тәрбие үрдісіне ең маңызды мектеп басқару жұмысын жетілдіру.

3.1.24 О.А. Абдуллина. Общепедагогическая подготовка учителя
Педагогикалық оқу орындарындарында студенттерді жалпы педагогикалық дайындаудың мазмұны мен құрылымын талдау
Жоғары педагогикалық мектеп кәсіби мұғалім кадрларды дайындаудың негізгі көзі болып табылады.

Мұғалімнің жалпыпедагогикалық дайындығына объективті баға беру үшін бір жағынан қазіргі жоғары педагогикалық мектептің құрылымы, әдістері мен мазмұнына байланысты болса, екінші жағынан – жоғары оқу орындары дайындап шығаратын түлектерді жас мұғалімдер жұмысының сапасын көрсететіні белгілі.

Жалпы педагогикалық мұғалім дайындығының мазмұны мен құрылымы педагогикалық пәндер бойынша оқу жоспарымен, оқу бағдарламалары, оқулықтары мен оқу құралдарымен анықталады.

Айта кететін бір жайт, әлі күнге дейін жоғары мектеп оқу жоспарының жалпы теориясы жасалынбаған, соның ішінде жоғары педагогикалық мектеп, мұғалімнің кәсіби дайындығының негізгі бағыты ғылыми тұрғыда негізделмеген.

Педагогикалық институттарда студенттерді жалпы педагогикалық дайындау құрылымы типтік оқу жоспары бойынша, жалпы білім беру және кәсіби мектептерде реформаға дейін 1975 жылдан бастап жүзеге асқан (1- кесте.
Педагогиканың құрамына бірнеше педагогикалық пәндер енетіндіктен педагогиканың жалпы әдіснамасынан басқа осы пәндердің тәрбие теориясының, дидактиканың, педагогика тарихының, мектептанудың және басқалардың әдіснамалық мәселелерін зерделеу қажет. Ең соңында, нақты зерттеулердің әдіснамалық негіздері туралы да сөз етуге болады.
1- кесте.


Курс


Педагогикалық циклдардың пәндері

Сағат саны


Педагогикалық практика

Дәрістік

Практикалық

1

Мұғалімдік мамандыққа кіріспе

36

-

Қоғамдық педагогикалық жұмыс (аптасына 2 сағ.)

2

Педагогика

50

40

Қоғамдық педагогикалық жұмыс (аптасына 2 сағ.)

3

Педагогика тарихы

50

10

Қоғамдық педагогикалық жұмыс (аптасына 2 сағ.)

Жазғы педагогикалық практика (4 апта)

4

Арнайы курстар мен арнайы семинарлар

12

12

Оқу-тәрбиелік практика (6 апта)

5

Арнайы курстар мен арнайы семинарлар

12

12

Оқу-тәрбиелік практика (7 апта)



Бұл құрылымды талдау, педагогиканың негізгі теориялық сұрақтарын оқыту үшін III-IY семестрге белгіленген, ал қалған барлық нормативті теориялық жалпы педагогикалық пәндер Y-семестрде оқытылған. Педагогикалық практика І-ІІ немесе І-ІІІ курстарда (5-жылдық оқу бойынша) қоғамдық жұмыстар түрінде жетекшілігімен жүзеге асып отырған, яғни бір жағынан теоретикалық оқудан ауытқушылық, екінші жағынан – студенттердің көп бөлігі қоғамдық педагогикалық әрекетке тартылмай қалып отырған. Педагогикалық оқу практикасы жоғары курстарда және небәрі 2 жылға жалғасқан. Ал, бұл тәжірибеден студенттерді кәсіби тұрғыдан мұғалімдік әрекеттің, яғни бала тәрбиесіндегі оқыту мен практикалық дағдысын қалыптастыру жағдайларында тереңдете түсу жеткіліксіз екендігін көріп отырмыз. Өз мамандығының теоретикалық негізін меңгерген, педагогикалық оқу орнының түлегі мектептегі оқу, тәрбие және басқа да кәсіби жұмыстардың міндеттерін шешуге дайындығы жеткіліксіз болып келді.

1985-86 оқу жылында педагогикалық институттарда жаңа оқу жоспарлары енгізілген. Онда педагогикалық оқу орындарында студенттерді жалпы педагогикалық дайындау үлгісі көрсетілген. (2-кесте)
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді жалпыпедагогикалық дайындау құрылымы


Семестрлер

Педагогикалық циклдің пәндері

Сағат саны

Педагогикалық практика

Дәріс

Практика

І.1-ші семестр

2-ші семестр

Мамандыққа кіріспе

Педагогика

20 16
20 10

Мектептегі педагогикалық практика (1 апта)

ІІ.3-ші семестр

4-ші семестр

Педагогика

Педагогика

  1. 10

12 6

Мектептегі педагогикалық практика (2 апта)


ІІІ.5-ші семестр

6-шы семестр

Тәрбие жұмысының әдістемесі

Педагогика тарихы

  1. 36


25 4

Мектептегі педагогикалық практика (1 апта)

Жазғы педагогикалық практика (8 апта)


ІУ.7-ші семестр

8-ші семестр

Педагогика тарихы

Арнайы курстар мен арнайы семинар

  1. 6


12 12


Оқу-тәрбиелік практика (6 апта)

У.9-10-шы семестр

Арнайы курстар мен арнайы семинар

12 12

Оқу-тәрбиелік практика (7 апта)



Бұл құрылым мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындығын жақсарту үшін белгілі-бір мүмкіндіктер туғызады. Оқу жоспарының нормативті сапалылығын арттыру үшін тәрбие жұмысы методикасының курсы енгізілген. І-Y курс студенттеріне үздіксіз педагогикалық практика енгізілген. Арнайы курстар, арнайы семинар мен факультативтер жүргізу кеңінен қолға алынған. Осылайша, студенттің қызығушылығын арттыру үшін теориялық және практикалық дайындауды қатар қолдану арқылы жүзеге асып отырған.

Бұл құрылымның әрбір элементтерінің қызметтік мәнін ашып көрсетсек. Мысалы, «Мұғалімдік мамандыққа кіріспе» курсы студенттерді бірінші оқу жылында педагогикалық мамандыққа жүйелі дайындай отырып, белгілі-бір деңгейде олардың педагогикалық өзін-өзі білім беру мен өзін-өзі тәрбиелеулерін ынталандырып, жоғары педагогикалық мектепке және болашақ мамандығына, оқу-тәрбиелік үрдіс ерекшеліктеріне, бейімделулеріне көмектеседі. Бұл курстың сондай-ақ, екі бірдей бағыты бар: біріншіден, бірінші курстардың педагогикалық кәсіби біліктілігін қалыптастыру, екіншіден жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту жағдайына бейімделулеріне көмектеседі. Бұл курсты оқи отырып студенттер өздерінің болашақ мамандықтарының мән-мазмұнын тереңірек танып біледі, саналы, әрі белсенді түрде оқу, ғылыми және қоғамдық әрекеттерін оқу барысында көрсетеді.

«Педагогика» курсы жалпы педагогикалық мұғалімді дайындаудың жетекші жүйесі болып табылады. Ол болашақ мұғалімнің білімін жаңа педагогикалық ғылыми негізі ретінде, педагогикалық қабілеттерін, педагогикалық ойлау жүйесін қалыптастырушысы; Бұл курс 4 бөлімнен құралады. І бөлім – «Жалпы педагогика негіздері» теориялық-әдіснамалық бағытын құрайды. Бұнда әдіснамалық мәселелер, яғни әлеуметтік ғылым ретінде педагогиканың мәні, жеке тұлғаның әлеуметтік-тәрбиелік қалыптасуы, дамуы қарастырылады. ІІ бөлімде «Дидактика» курсы – кеңестік мектепте оқытудың ғылыми негізін ашу: мәні, мағынасы, ұстанымдары, ұйым түрі, оқыту әдістері, жартылай техникалық және кәсіби білім берудің жалпылығы мен өзара байланысы қарастырылады. ІІІ бөлім – «Коммунистік тәрбие беру» курсы – тәрбиелеу үрдісінің ғылыми негізін ашып көрсетеді: мәні, ұстанымдары, мазмұны, түрі мен әдістері; класс жетекшінің тәрбиелік жұмыстарының түрі мен әдістері, кластан тыс және мектептен тыс жұмыстар жүйесі, мектеп, қоғам, отбасыдағы тәрбиелік әрекеттің бірігіп жүргізілуі. ІҮ бөлімде – қазіргі мектепті басқарудың ғылыми негізі ашыла түседі: мазмұны, қызметі, басқару әдісі мен түрі; оқу-тәрбие жетекшісінің міндеттері, педагогикалық кеңестің ролі мен орны, мұғалімнің ата-аналар комитеті мен методиканы біріктіруі көрінеді. Бұл бөлімде ғылыми еңбек ұйымдарының жетекшілері мен мұғалімдерінің оқу-тәрбиелік орындарының өзара байланысын қалыптастырады.