Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындаы лтты білім беру Академиясы лемдік педагогикалы ой сана.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 387
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Осылайша, «педагогика» курсы арқылы маман педагогикалық оқу орындарында педагогикалық ғылымның әдіснамалық және теоретикалық жақтарын зерттей отырып, жалпы білім беру мектебіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің негізгі сұрақтарын ұйымдастыруда жетекшілік жасайды. Бұл курс, болашақ мұғалімнің (теоретикалық, практикалық, психологиялық) дайындығын, әлеуметтік-педагогикалық қызметін орындап шығуға дайындығын қалыптастырады.
ЖОО-дағы мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындық жүйесінің маңызды элементі болып «Педагогика тарихы» курсы саналады. Бұл курсты оқи отырып, болашақ мұғалімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына, дүниетанымдық көзқарасына өткені мен бүгіні, болашағын және орын алатын жағдайлардың мән-мағынасын аша отырып, жеткізу.
«Тәрбиелік жұмыстар әдістемесі» курсында: оқушыларды оқыту әдістемесі мен оқушылар ұжымы, тәрбиелік жұмыстарды жоспарлау әдістемесі, саясат, еңбек, экономика, эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесі бойынша жұмыстар әдістемесі, олардың кәсіби бейімделулерін қалыптастыру жұмыстары қарастырылады. Сонымен қатар, бұл курсты оқыта отырып, студенттің теориялық білім алуымен бірге, мектепте практикалық тәрбие әрекеттерімен қамтылуы т.б жұмыстар көзделуі тиіс.
Мұғалімді жалпы педагогикалық дайындық жүйесінде курстық сағаттар таңдау пәндері бойынша оқыту қарастырылған. Олар: арнайы курстар, арнайы семинарлар, факультативтер. Бұл курстарды оқыту арқылы, тек оқыту жоспарын орындау ғана емес, сондай-ақ олардың сол пәнге деген қызығушылықтарын оятуға болады.
Мұғалімді жалпы педагогикалық дайындау жүйесінің маңызды жүйесі – педагогикалық практика болып саналады. Болашақ мұғалімді теоретикалық оқытумен қатар, олардың оқу-тәрбиелік ұйымдарда бірқатар өзіндік жауапты қызметтерді орындауы тиіс: оқыту (теориялық білімді тереңдете отырып, қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық пәндермен байланысу арқылы педагогикалық қабілеттерін қалыптастыру); дамытушылық (болашақ мұғалімдердің танымдық-шығармашылық белсенділіктерін, педагогикалық ойлау т.б қабілеттерін дамыту, тәрбиелік (әлеуметтік, кәсіби-педагогикалық жағын мұғалім тұлғасының саласы ретінде қалыптастыру); диагностикалық (болашақ мұғалімнің кәсіби деңгейлерін тексеру);
Жалпы педагогикалық дайындық құрылымының әрбір элементінің қызметтік сипаттамалары олардың мақсатқа бағытталу ерекшелігі мен педагогикалық ЖОО-да студенттерді дайындаудың теориялық және практикалық жақтарын тереңдету екендігі көрінеді.
Барлық бағдарламалар мен оқу құралдарында жалпы педагогикалық білімдер мазмұнының логикасы дәстүрлі түрде қалыптасқан, яғни жалпы педагогика негіздері, дидактика, тәрбие теориясы, мектепке кіріспе сұрақтары қарастыралады.
40-50 жылдарда педагогика мазмұны келесі бағдарламада, балалардың жасөспірімдік даму заңдылықтарын тереңірек зерттей бастайды. Мыс, 1954 ж. «Әр түрлі жастағы балаларды тәрбиелеумен дамыту» тақырыбындағы бағдарламада «Оқушылардың жас ерекшеліктері» деген жеке сұрақ қарастырылады. 60-80 жылдары педагогикалық психология және мектеп гигиенасы мен жасөспірімдік физиология курсының оқу жоспарына енгізілуіне байланысты бұл сұрақтар заңды және толық дәлелденген. 1980, 1985 жылдары педагогика бойынша бағдарламада педагогикалық психология және жасөспірімдік физиология бойыншаақпараттар толықтырылған. Мыс, 1985 ж. педагогика бойынша бағдарламада, 1983ж. оқу құралдарында «Жеке тұлғаның даму, тәрбие, қалыптасуы» тақырыбына «Мектеп оқушысының жеке тұлға ретінде дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері және олардың сипаттамасы», сұрағы қосылған. Ал, бұл – педагогикалық психология және физиология курсының негізгі мазмұнын құрайды.
60-80 жылдары балалардың жеке даму заңдылықтары, оларды оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ерекшеліктері, оқушылармен жеке жұмыс жүргізу мазмұнымен әдістерінің («Тәрбие теориясы бөлімінде) оқу құралдары мен бағдарламаларында толық ашып көрсетілмеген.
Бала жеке тұлғасы, қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болуы, мұғалім жеке тұлғасы тәрбие жоспарын іске асыруымен байланысты, зерттеуші, педагог-ғалым жеке тұлғасы - өмір сүру жағдайына әрекет етуімен байланысты, осылардың бәрі – оқу құралдарының зерттеу объектісі болып толық зерттелмей отыр.
1978 жылдан бастап, педагогика курсы бағдарламасында және оқу құралдарында тәрбие бағытына байланысты жан-жақты зерттеу қарастырыла бастады. Соның ішінде ең тұрақты, мазмұнына сәйкес саналатын «Дидактика» бөлімі.
Барлық оқу бағдарламалары мен оқу құралдарында: білім беру мазмұны, оқыту үрдісі, мәні, оқыту ұстанымдары, оқыту жұмыстарын ұйымдастыру түрлері, оқыту әдістері, білімді бағалау мен тексеру, қабілеті мен қасиеттері қамтылған.
60-80 жылдары педагогика бойынша оқу бағдарламалары мен оқу құралдарында оқушылардың политехникалық білім беру мәселелері толық ашылмаған. Бұл мәселе тек дидактикалық мәселе ретінде политехникалық және кәсіби білім берудің бір бөлігі болып қана қарастырылып өтеді.
Сондай-ақ, «Мектепке кіріспе» бөліміне арналған оқу бағдарламалары мен оқу құралдары өте нашар түрде шыққан. Онда тек мектеп жетекшілігі мен басқару, мектеп және педагогикалық кеңес жетекшілерінің қызметтері қарастырылады. Бағдарламалар мен оқу әдебиеттерін талдау арқылы педагогика курс мазмұнының жетілуі мен бірқатар жетіспеушіліктері көрсетілді.
Педагогика ғылымындағы дидактика мен тәрбие теориясының дамуына сәйкес педагогиканы оқыту курсында олардың жіктелуі орын алып отырады. Оқыту және тәрбие берудің бұл ерекшелігінен «Дидактика» бөлімінде танысуға болады. 50-60 жылдардан бастап, тәрбие теориясын қарастыру барысында оқыту мен тәрбиелеудің бірігуі емес, тәрбиелеу үрдісінің өзгешелігі, оның оқыту үрдісінен ерекшеленуі.
Педагогика бойынша педагогикалық ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құралдарына талдау жасау барысында соңғы үш онжылдықта алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибеге көз салар болсақ, «педагогикалық тәжірибе», «озық педагогикалық тәжірибе» ұғымдарына бірде-бір оқу құралдарында анықтама берілмеген және мұғалімнің іс-әрекетінде озық педагогикалық тәжірибені қолданудың тәсілдері оқыту мен үйретуде ашып көрсетілмей отырғандығын байқауға болады.
Сондай-ақ, педагогика бойынша оқу құралдарының әдістемелік бөлімінің сапасы, безендірілуі қанағаттанарлықсыз. Оған себеп, ақпарат жиынтығының аздығымен қатар, күрделі және көңілсіз тілмен жазылғандығы болып отыр. Оқу құралдарында суреттеу арқылы сызба, кесте, диаграмма т.б толығымен жоқ.
Осылайша, педагогика бойынша оқу бағдарламалары мен оқу құралдарын талдау арқылы мұғалім дайындау жүйесіндегі әрбір педагогикалық пәндердің өздеріне тиісті қызметтері белгіленбеген, әртүрлі курстардың арасында пәнаралық байланыс орнамаған (педагогика мен педагогика тарихы, мұғалімдік мамандыққа кіріспе және тәрбие жұмысының әдістемесі, құқықтық, жеке және факультативті курстар).
Педагогика курсының мазмұнында құқықтық аспект көбірек орын алған, ал соған сәйкес жеке тұлғалық аспект (бала жеке тұлғасының мінездемесі, мұғалім жеке тұлғасы, зерттеуші-ғалым жеке тұлғасы) ашып көрсетілмеген. Әлі күнге дейін педагогика оқушыны абстрактілі түрде, бала тәрбиесінің жас және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, олардың даму заңдылықтарына байланысты күрделі, әрі диалектикалық зерттеуге бағытталып келеді. Бұның барлығы педагогикаға деген студенттердің қызығушылығын арттыруға, олардың шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға ынталандырмайды. Сонымен қатар, педагогика бойынша арнайы курстар мен арнайы семинар өткізу бойынша шешілмеген көптеген сұрақтар бар. Арнайы курстар бағдарламасын талдау, олардың мазмұны жеткіліксіз негізделген, олардың құқықты курстармен арақатынасы толық көлемде анықталмағандығын көрсетіп отыр.
Кейбір арнайы курстар таза теоретикалық сипатқа ие, ал кейбірі – тек практикалық бағытта жүзеге асуда. Арнайы курстар мен арнайы семинарларға студенттер өте көп қатыспайды. Көптеген ЖОО-да жоғары дәрежелі жетекшілікпен қамтамасыз етілмеген. Теоретикалық курстар мен педагогикалық практиканың мазмұнының сәйкестігі, келісімі жеткіліксіз.
70-80 жылдары (1975ж. бағдарлама бойынша) педагогикалық практика студенттердің теоретикалық білімін тереңдету және педагогикалық еңбекте дағдысы мен ептілігі қалыптастыру құралы ретінде қарастырыла бастады. Педагогикалық практика кезінде студенттердің әрекеттерінің түрлері бөліне бастады (1980ж. бағдарлама бойынша) және практиканың әрбір кезеңінде студенттердің тапсырмалар жүйесі пайда болды (1985ж. бағдарлама бойынша).
Алғаш рет 1980ж. бағдарламада., ал содан соң 1985ж. бағдарламада педагогикалық практиканың нәтижелілігін бағалау (критерии) белгілерін енгізу керектігі (кәсіби-педагогикалық ептілік, студент өзінің теоретикалық ұғыну деңгейін практикалық әрекетте қолдануы, болашақ мұғалімнің кәсіби деңгейге бағытталуы, олардың әлеуметтік белсенділігі), оларды тексеру әдістерін анықтау бекітілді.
Педагогикалық практика бойынша жалпы педагогикалық жетекшілікке жету жолдары анықталмаған, әр түрлі кафедралар арақатынасы мен практика жетекшілігіне қатысты педагогикалық институттар бөлімдерімен байланысу, теориялық курсты оқытудың педагогикалық практикамен байланысы жеткіліксіз орнаған.
Осылайша, қазіргі жоғары педагогикалық мектепте мұғалімді жалпыпедагогикалық дайындаудың мазмұны мен құрылымын талдау көрсетіп отырғанындай, педагогикалық пәндердің тұрақты мазмұны салыстырмалы түрде қалыптасса да, дегенмен теоретикалық курстар мен педагогикалық практиканың арасында байланысы мен бір-біріне тәуелділігі қалыптаспаған. Сондай-ақ, педагогикалық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалынбаған.
Педагогикалық институттарда студенттерді жалпыпедагогикалық дайындаудың мазмұны мен құрылымын жетілдіре түсу мәселесі мектептерді қайта құру, сонымен қатар жоғары және орта арнаулы білім беруді дамыту кезеңінде ерекше мәнге ие болып отыр.
2. Педагогикалық ЖОО-ның түлектерінің жалпыпедагогикалық білімдері, қабілеттері мен дағдылары деңгейлерінің сипаттамасы
Мұғалімді жалпыпедагогикалық дайындау жағдайының объективті сипаттамасын сапалы жұмыс ғана бере алады.
Әр түрлі құжаттарды талдау, жас мұғалімдер жұмысының бейнелеуден, қарастырылған бағдарламалар мен мұғалімді дайындау деңгейінің арасында сәйкессіздік бар екенін көрсетеді. Сондықтан мұғалімді дайындаудың қазіргі қалыптасқан үрдісіне сәйкес, терең зерттеу ғана емес, оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқу құралдарының қазіргі заман талабына сәйкестігі және мұғалімді дайындау деңгейінде жүйелі оқытуды алға қою керек.
Педагогикалық әрекетке деген мұғалімнің қарым-қатынасын келесі белгілерде зерттеу қарастырылды: жұмысына қанағаттану деңгейі (кейде немесе барлық уақытта қанағаттанады), сәтсіздік пен қиындыққа қарым-қатынасын (қателіктерін іздеп, түзеуге тырысады, сәтсіздік пен қиындықта өте ауыр қайғырады), педагогикалық өзін-өзі білім беруге қарым-қатынасы (әрқашан педагогикалық немесе кездейсоқ оқиғаларға арналған әдебиетті оқиды және кез-келген әдебиетті немесе өзін қызықтырған тақырыптағы әдебиетті оқиды, өзінің кітапханасының бар болуы), балаларға деген қарым-қатынасы (балалармен байланыстан қанағаттанады және педагогикалық әдепті сақтайды).
Мұғалімнің оқу-тәрбиелік іс-әрекеттері жан-жақты зерттелді, бұл дайындық сипаттамасының жалпы суретін бейнелеуде: пән бойынша оқу және кластан тыс жұмыстары, оқушылармен класс жетекшінің жұмыстары, оқушылардың ата-аналармен жұмыстары көрінеді.
Мұғалімнің жалпы педагогикалық дайындық деңгейінің динамикасын көрсету мақсатында 3 кезең бойынша зерттеу жүргізілді: 1972-1970 жж. педагогикалық институт түлектері; 1978-1976 жж. түлектер; 1985-1983 жж түлектер.
Мұғалімді зерттеудің негізгі әдісі болып, мұғалімнің жұмысы сабақ кезінде және кластан тыс сабақтарда бақылау, балалармен пікірлесуі, өзін-өзі бағалауы мен эксперттік бағалауды салыстыруы, мектептік құжаттарды талдау (мұғалімдердің жоспарларын, есеп берулерін, класс жетекшілерінің тәрбиелік жұмыстарының жоспарларын және т.б.) мұғалімдердің студент рефератына, методикалық талдауларына берген пікірлерін талдау арқылы жүзеге асады. Көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша мұғалімнің жұмыс сапасының негізгі көрсеткіштері оның жұмыс өтіліне байланыстылығын көруге болады.
Кәсіптік өзін-өзі білімін көтеру жұмыстары бойынша, педагогикалық шеберлікті жоғарылатуда тек нақты бір әдістемелік өңдеуді ғана ұсынады. Бұндай көрсеткіштер педагогикалық әрекетке деген шығармашылық қатынасты, өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігі, жұмысқа қанағаттану деңгейі, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы, жұмыс өтіліне тәуелділігі бекітілмеген. Әрбір топ мұғалімнің қанағаттану деңгейі жұмыс нәтижесімен өзара байланысты болып келеді.