Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 107
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектептегі тәрбие жүейесінің негізі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріндегі тәрбие жұмысының басым бағыттарының бойынша құрылды. Сонымен қатар Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласының аясында болып өтті.
Тәрбиенің басым бағыттары негізгі сегіз бағыт бойынша жасалынды. Атап айтар болсақ бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқық тәрбие, екінші бағыт – Рухани адамгершілік тәрбие, үшінші бағыт бағыт – ұлттық тәрбие, төртінші бағыт – отбасы тәрбиесі, бесінші бағыт- еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, алтыншы бағыт – зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, жетінші бағыт – көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие, сегізінші бағыт – дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты тәрбиесі атты сегіз бағытты құрайды.
Құрметті әріптестер. Ендігі кезекте аталмыш бағыттар бойынша биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстардың біршамасына тоқталып өтейін. Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқық тәрбие.
2019-2020 оқу жылында 3-8 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай апталық ұйымдастырылды. Аталмыш мерекеге орай «Тілге құрмет - елге құрмет» т.б сынып сағаттары, мектепішілік кітапханада «Тіл - өркениет тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Аталмыш мерекеге орай 7 қыркүйек күні 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл деп – толғанам» тақырыбында эссе байқауы, 3-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл мәртебе, ұлт мерейі сәніміз!» тақырыбында фестиваль, «Тілімізді ұлықтайық» тақырыбында зияткерлік сайыс, «Тілден терең-теңіз жоқ», «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі сөз» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс шаралар болып өтті.
Сонымен қатар қазан айында «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында ҚР мемлекеттік рәміздері апталығы болып өтті. Апталық барысында барлық сыныптарда мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттары болып өтті. Сонымен қатар «Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге құрмет» тақырыбында, «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында, «Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің белгісі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары болып ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы олардың авторлары туралы кеңінен мәліметтер беріп, өз замандастарын рәміздерге құрмет көрсетуге шақырды.
Қараша айының 19-30 аралығында мектебімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар болып өтті. Онкүндік барысында мектеп кітапханасында «Кемеңгер – Елбасы» тақырыбында арнайы бұрыш ұйымдастырылып, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» және т.б тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Ел және Елбасы» тақырыбында шығарма байқауы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасы және оның Президенті туралы сырттай байқау, «Жеңісіміз - Елбасыға» тақырыбында баскетболдан жарыс, «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылып жарыс жеңіспаздары мен жүлдегерлері тиісті мақтау қағаздарымен марапатталды.
Аталмыш онкүндік барысында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында, «Менің - Президентім», «Ел ертеңін ойлаған - Елбасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары болып өтті. Жалпы шара барысында оқушылар Елбасының өмір жолы, еңбек жолы туралы және Тәуелсіз Қазақстан Республикасы Президенті туралы кеңінен мәліметтер алды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай мектебімізде «Менің елім Қазақстан» және т.б тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылып, мерекелік кешке аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Ж.Тоқсаба қатысып шараға қатысушыларды құттықтады. Сонымен қатар 8 сыныптар арасында «Ата жұрт» интеллектуалды ойыны, қыздар арасында волейболдан жарыс, «Тәуелсіздік толғауы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Шаралар барысында желтоқсан оқиғасы, оған қатысқан қазақстандық жастардың ерлігі туралы мәліметтер айтылып, сол сәттерден қысқаша қойылымдар қойылды. Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерінен көптеген мәліметтер айтылды.
Сонымен қатар Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен №1 орта мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Шараның мақсаты Қазақстандық патриотизмді күшейтуге, Отанқорғаушылардың имиджін көтеруге, өскелең ұрпақты Ауғанстан және басқа да әскери шиеленістер кезінде өзінің әскери және интернационалды борышын абыроймен өтеген қазақстандық жауынгерлер мысалында тәрбиелеуге бағытталған.
Кездесуге аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Д.Нұралиев, ардагер ағаларымыз Б.Шәлімбетов сонымен қатар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Ж.Тоқсаба қатысып өз ойларын ортаға салды. Ауған ардагерлері соғыс кезіндегі бастарынан өткен қиыншылықтары туралы баяндап, оқушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтар төңірегінде сөз қозғады. Ауған ардагерлері оқушыларды Отанға адал қызмет етуге, ата-аналаларын құрметтеуге үндеді.
Екінші бағыт рухани адамгершілік тәрбие бойынша тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке барар жол» акциясы, қазан айында 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізілді. Бұл кеште биылғы жыл түлектері өз ұстаздарына арнаған арнауларын, жыр шумақтарын арнап, мың бұралған биімен әсем әндерімен ұстаздар қауымын тәнті етті.Сонымен қатар қазан айында «Алтын күз» байқауы 9-11 сыныптар арасында өтті. Байқау бес кезеңнен тұрды. Байқау өте қызықты да тартымды өтті. Қазан айында «Жасұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Күз – береке, күз - мереке» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. 1 қазан – қарттар күні мерекесіне орай «Жасұлан» ұйымның мүшелері ардагер ұстаздарды құттықтап, жалғызбасты қарттардың үйіне барып, үй шаруасына көмектесіп, концерттік бағдарлама құрып, алғысын алып қайтты. Сонымен қатар 18 қазан «»Рухани келісім күніне»
Орай жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Рухани байлық - игілік көзі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай ашық тәрбие сағаттары, ақын өлеңін мәнерлеп оқудан байқау ұйымдастырылды. Сонымен қатар жыр алыбы Ж.Жабаевтың туылған күніне орай «Жүз жасаған бәйтерек», «Жыр алыбы-Жамбылым» тақырыптарында тәрбие сағаттары, жас ақындардың ақынға арнаған жырлары бойынша байқау өткізілді.
Үшінші бағыт ұлттық тәрбие бағыты бойынша наурыз айында жоғарғы сынып оқушылары арасында «Инабатты ару», орта буын арасында «Көктем аруы» сынды байқаулар өткізілді. Сонымен қатар 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі де жыл сайын дәртүрлі мерекелер қатарында. Аталмыш мерекеге орай әр сынып ұлттық дәстүрге сай наурыз көже пісіріп, ақ дастархан жайды. Барлық сыныптарда сынып сағаттары өтіліп, ұлттық тәрбиеге көңіл көп бөлінеді. Атап айтар болсақ қазақ күресінен, қол күресінен, арқан тартыстан жарыстар ұйымдастырылды. Әсіресе қазақ күресінен болған түйе балуандар сайысы жастардың назарыне ерекше аударды.
Төртінші бағыт – отбасы тәрбиесі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгіленген болатын. Аталмыш мерекенің мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау, балалардың ата-аналарға құрметін арттыру, отбасы бала арасындағы сүйіспеншілікті күшейту болып табылады. Аталмыш күнге орай №1 орта мектебінде 7-12 қыркүйек аралығында «Отбасы - бақыт мекені» атты апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ашық тәрбие сағаттары, «Менің бақытты отбасым» тақырыбында фото, сурет көрмесі,мектеп тәлімгерінің «Әкем, анам және мен, Біз спортпен біргеміз» тақырыбында спорттық жарыс, «Мен және менің отбасым» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар 1 сынып ата-аналарына арналған 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясы аясында «1 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференция барысында жаңартылған білім мазмұны туралы, ата-ананың балаға дұрыс тәрбие беру бойынша кеңінен түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар осы уақытқа дейін түрлі тақырыптарда 4 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бесінші бағыт- еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие – аталмыш бағыт бойынша қыркүйек айында «Еңбек күні» кәсіптік мерекесіне орай «Еңбек өмірдің мәні» тақырыбында еңбек ардагерлері, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу, тәрбие сағаттары, мектеп ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді. Мектебімізде оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес қыркүйек айында «Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының формалары» тақырыбында сынып жетекшілер ағарту жұмыстары жүргізілді.
Қазан айында 9 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдау–ертеңіңді ойлау» тақырыбында тренинг өткізілді.
Сонымен қатар қараша айында «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында апталық ұйымдастырылып, аталмыш апталық аясында сынып сағаттары, мектеп кітапханасында кітап көрмесі, «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің, кәсіптік сала мамандарының, жеке кәсіпкерлердің, мемлекеттік сала мамандарының, ата-аналардың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Сонымен қатар оқушылардың кәсіптік бейімділігін анықтау мақсатында 3 рет сауалнама алынды.
Алтыншы бағыт – зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бойынша пікірсайыс ойындары, «20 ғасыр көшбасшысы» сынды және т.б тақырыптарда іс-шаралар болып өтті.
Сегізінші бағыт – дене тәрбиесі мен салауатты өмір салты тәрбиесі бойынша жыл ішінде футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, көңілді старт сынды жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханамен, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлескен «Құтыру ауруы», «Тұмау», «Спид», «Туберкулез» ауруына қарсы бағытталған іс-шаралар топтамасы болып өтті.
«Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтың аталы сөзі ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпасы анық. Қай заманда болса да бесігінен тәрбие көріп, мектебінен сапалы білім алған елдің ұрпағы ұшпаққа шығады. Жаңа заманның адамдарын қалыптастыруға үлес қосуды міндетімізге ала отырып, мұғалімдер жас ұрпақтармен тәлім – тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жүргізіп, білімін көтеру – біздің міндетіміз.
2019-2020 оқу жылдына әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. Тұл жетім,жартылай жетім көпбалалы отбасы және тұрмыс жағдайы төмен оқушылар үшін, міндетті білім беру қоры ерекшелігі бойынша қаралған қаржының есебінен, ыстық тамақ ұйымдастырылды. Тегін ыстық тамаққа жартылай, тұл жетім, көпбалалы,азқамтылған,тұрмысы төмен оитбасындағы балалар зерделеніп, 9 бала тізім жасалынды. Тізім ауфылдық әкіммен келісіліп,мектеп директорымен бекітілді. Ыстық тамақ ас мәзірі және кесте бойынша жүргізілді. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-ші сынып оқушылары 104 екені анықталды, оның екеуі денсаулығына байланысты, үйден оқитыныф анықталып,қалған 102 оқушы мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылды. Ыстық тамқтың сапасы мен ұйымдастылылуына бақылауды мектеп медбикесі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектептің әлеуметтік педагогы және сынып жетекшілер қадағалауда. 2019- 2020 оқу жылында мектебімізде 90- бала тегін ыстық тамақапен камтылды. Ата-аналар тарапынан мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ыстық тамаққа қосуы жайлы 24 тамыз күні өтініш алынып, мемлекттік көрсетілген қызмет стандартының 2- қосымшасына сәйкес 29 тамыз күні тізімге енгізілгені туралы анықтама берілді. Оның ішінде 2- қорғаншылық қамқордағы бала, 20- жартылай жетім,34-көпбалалы отбасынан, 16-азқамтылған, 8-толық емес отбасынан құралған балалар. Қосалқы топта қорғаншы бағымындағы 3- оқушы, медициналық науқастығы бар 7-бала мектеп асханасын жалға алушы Бейсенбиеваның демеушілігімен ыстық тамақпен қамтылды. 2019 -2020 оқу жылының басчында ден аулығына байланысты үйден оқитын оқушылардың және қорғаншы камқоршылықтағы балалардың үйлеріне рейд жачсалынып, сабаққа қамтылмай калуларын зерделеп, барлығына мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Осы азқамтылған,көпбалалы,толық емес отбасынган және қорғаншы-қамқоршы бағымындағы оқушылардың барлығы дерлік, әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар оқулықпен түгелдей қамтылды. 0-18 мөлтекаудан есебі бойынша біздің мектепке қарастыф аймақтар түгел зерделеніп, сабаққа барлығы дерлік қамтылды. Үйден оқитын оқушы саны-13,инклюзивті жалпы білім бағдарламасымен-5 оқушы оқып жатыр. Денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыларға сабақ кестесі уақтылы бекітіліп,арнайы педагог мамандар бекітілді. Тамыз-қыркүйек аралығында «Мектепке барар жол» Республикалық акциясының аясында жоспар жасалып, мектеп директорымен бекітілді және Қайырымдылық қорға арнайы топ мүшелері сайланып,үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Жасалған іс-шараларға АКТ жасалынып отырды. Рухани жаңғыру аясында «Туған елге тағзым» атты ұранмен өз мектебіміздің түлегі ақшалай көмек көрсетіп, 5 баланы мектеп киімімен киіндірді. Олар: 1.Жұмағұлов Дамир костюм-шалбар,туфли,ақ көйлек, сумка. 2.Тәлім Нұрдәулет костюм-шалбар,ақ көйлек,туфли. 3. Сейілханова Жайна ақ кофта, сумка,гольфи. 4. Бақтығали Нұрбол костюм-шалбар,ақ көйлек. 5. Бақтығалиева Аружан туфли ,сумка,ақ кофта берілді. Барлық жүргізілген жұмыстарға анықтама мәлімет дер кезінде жасалынып отырды. 29 қазан «Қамқоршы күніне» орай мектебімізде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, концерттік бағдарламаға қорғаншы қамқоршы бағымындағы оқушылардың тәрбиешілері шақырылды. Акциямызға «Жамбыл жылу» ұжымы демеушілік жасап 8 оқушыны қыстық киімдермен қамтыды. Олар үйден оқитын оқушылар Рамазан Әділет қыстық куртка және етікпен, Қалдыбек Перизат қыстық куртка етікпен, Бектай Айзат қыстық курткамен, Өтеп Сымбат қыстық куртка, етікпен, Амалбек Қарақат куртка, етікпен қамтылды. Жамбыл жылу ұжымына балалардың атынан алғысымыз жеткізіліп барлық ақпаратталған түрде аудандық «Шұғыла» газетіне жарияланып есеп берілді. «Шырқы бұзылған жанұя» Махановтар отбасындағы ата-анасының кикілжіңі жайлы оқушылардың үйлеріне рейд жасалынып әкелері Омаров Әбдітәліппен кездесіп, өз қолынан түсінік хат алынды. Үйлері екі аптада бір тексеріліп, тұрмыс жағдайы және әлеуметтік тұрмысы туралы акт жасалынып үйлеріне уақтылы рейд жасалынды. Ақпарат дер кезінде аудандық білім бөліміне хабарланып отырды. Жаңа - жылдық мерекеге аз қамтылған, көп балалы, қамқорлығынсыз қалған оқушыларды және денсаулықтарына байланысты үйден оқитын оқушылар, ата-атасының рұқсатымен, бірге жауапты адам қосыла келуін қадағалай отырып, қатыстырылуы қамтылды. Аудандық әкім шыршасына төмендегі оқушылар қамтылып, Тараз қаласындағы «Арай плаза»-да өткізілген жаңа жылдық іс-шараға қатысып,киім-кешекпен қамтылды.