Файл: 1 орта мектебі кммні 20202021 оу жылына арналан оутрбие жмысыны жылды жоспары Бекітілді.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 110

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Олар:

1.Абдусамат Бауыржан, 2 Тілеміс Айбек, 3 Меркемал Рамазан, 4 Орман Тамирис, 5 Ырысқадыр Әсел,  6 Қисаматдинова Гүлсімай

Жалпыға бірдей білім беру қорының есебінен аударылған 665,324 теңгеге әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 64 оқушы қажетті киімдерімен қамтамасыз етілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің басқармасының 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 03-196 хатына сәйкес 2020 жыл 10қаңтар-10ақпан аралығындағы «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілуде, «Мейірімділік- қайырымдылық бұлағы» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, демеушілік жәшігі қойылды. Күзгі-көктемгі қорғаншы-қамқоршы отбасындағы балалардың үйлеріне уақтымен рейд жасаланды. Әр оқушының жағдайларын жеке – жеке қарап зерделеу жұмыстары жүргізілді. Арнайы топ құрылып оқушалардың үйлеріне тексеру жэұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында қамқоршы және қорғаншылықтағы оқушылардың әлеуметтік – психологиялық жағдайлары, жай – күйлері , отбасындағы адамдармен қарым – қатынасы , сабақ үлгерімі т.б жағдайлар бойынша сұрақтар қойылып, сұхбат жасалды.АКТ жасалды.Үйден оқитын оқушылардың үйне зерделеу жұмысы жасалып акт жасалды.Оқушылардың денсаулығын байқап,әлеуметтік  - психологиялық жай күйлері  зерделенді.

    2020 жылдың ақпан айында жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың үйлеріне рейд жасалып, акт жасалды.Деректордың құқық ісі жөніндегі орынбасыары Шарипов Бауыржан және мектеп инспекторы Бейсекеев Темірхан , мектептің әлеуметтік педагогымен әлеуметтік жағдайын зерделеу жұмыстары жұргізілді.Рейд барыснда отбпмындағы балалардыңдың жағдайы , жай – күйі тексерілді. Отбасы мүшелерінен әңгімелесу жүргізіліп, жазбаша түсініктеме алынды.

2020 жылыдың наурыз айыында еліміздегі короновирустық пандемияға байланысты қашықтықтанжұмыс жүргізілді. Қашықтықтан оқуға арналған жоспар құрылды.Ең алдымен ата – аналар мен оқушыларға қашықтықтан оқу кезінде жаңа жағдайға бейімделу және оқушы мен мектеп арасындағы байлысты ұйымдастыру мақсатында бейнероликтер жасалынып ұсынылды.Әр сыныптың әлеуметтік паспорты қайта жасалып , оқушының ата- анасы , отбасындағы бала саны, әлеуметтік жағдайы қайта жасалды.Оқушылардың қашықтықта оқу мүмкіндіктері тексеріліп зерделенді. Қашықтықтан оқу барысында сабақа кіру мүмкіндігі болмаған аз қамтиылған , көп балалы, жартылай жетім, тұл жетім отбасында тәрбиелнніп жатқан оқушыларға мектеп тарапынан компьютер таратылды.Арнайы комиссия құрылып , акт жасалып таратылды.


 2020 жылдың мамыр айында мектеп тарапынан берілген компьютер акт бойынша қайтадан жиналды.

    Үйден оқытылатын және инклюзивті біліммен қамтылған оқушыларды 2020 – 2021 оқу жылына кезекті психологиялық – медециналық – педагогикалық тексеруден өзкізуге сұраныс жасалып, оқушылар еліміздегі пандемияға байланысты тексеруден онлайн түрінде өткізілді.

 Қамқоршы және қорғаншылықта тәрбиелненіп жатқан оқушыларды кезекті медециналық тексерістен өткізіп, құжаттары реттелді. 

   2020 оқу жылының 1 маусым  - балалар күніне орай, пандемияға байланысты балаларға онлайн түрде  бейнеролик жасалып оқушыларға таратылды.

«Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі негізінде құрылған мектептегі «Жас Ұлан», «Жас Қыран»  балалар мен жасөспірімдер  ұйымы 2019-2020 оқу жылына жұмыс жоспарын жасап, бекітті. Жоспар өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық , беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруды көздейтін іс-шаралар негізінде құрылды.

Осы орайда «Жас ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізу, қоғамдағы балалар ұйымының рөлін арттыру, мектептегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсаты бойынша мектебімізде   «Өзін-өзі басқару» ұйымы құрылды. Бұл ұйымдырды Ұланбасы басқарады. 

Мектепте қазіргі уақытта, «Жас Ұлан» ұйымында  207 оқушы (Ұл балалар саны- 95, қыз балалар саны-112); «Жас Қыран» ұйымында 112 оқушы (Ұл балалар саны- 68, қыз балалар саны-16) бар. Ал, «Өзін-өзі басқару» ұйымының қатарына  «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелерінен барлығы 14 оқушы іріктеліп алынды. Жалпы балалар мен жасөспірімдер ұйымында 319  оқушы бар.

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Зерде», «Руханият», «Отан», «Жеті жарғы», «Салауат», «Еңбек», «Экоәлем» бойынша 7 бағытпен жұмыс жүргізеді.

1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын барысында мектебіміздің  алдындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл қою рәсімінде Жас Ұландықтар сап түзеп, құрметпен еске алды.

Қыркүйек.  Өзін-өзі басқару ұйымы бастауыш сыныптарға жол қауіпсіздік ережелерін үйрету мақсатында   «Абайлаңыз, балалар!» атты науқан өткізді.

1-қазан Қарттар күніне орай Жас Ұландықтар «Тәні-қарт, жаны-мәрт» атты кездесу және қамқорлық жасау жұмысын жүргізді. Ардагер Тілепов Күланда жалғыз басты қарт кісіні атаулы мерекемен құттықтадық. 



Қазан-қараша аралығында «Сабан той» сыныптар аралдығында   жәрмеңке, «Денсаулық зор байлық»- салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы, «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты ұстаздарға арналған мерекелік концерт және өзін-өзі басқару күні жүргізілді, «Алтын күз-2019» байқауы,  бейнелеу пәнінің  мұғалімі   Исакова Талдырмаш апкидің бірігуімен   Жас Қырандықтар арасында «Алтын күз» сурет байқауы ұйымдастырылды. Барлық байқаулардың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға грамоталар мен кішігірім сыйлықтар табысталды.

1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай 26 қарашада «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» атты аудандық форумға  мектебіміздің Ұланбасысы   Абыл Жалғас және «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты  түрде қабылдануға  мектебімізден үш оқушы  қатысты.    Сонымен қатар мектебіміздің мәжіліс залында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» атты форумын өткіздік. Форум барысында  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына  салтанатты қабылдау рәсімі ұйымдастырылып, «Жас Ұлан»-37, «Жас Қыран»-17 , барлығы-54 оқушыны ұйымға қабылдадық. Нәтижесінде мектеп сайтына, аудандық «Шұғыла -Радуга»  газетіне жарияланды.

16-желтоқсан  Тәуелсіздік күніне орай «Менің елімнің тарихы-менің тарихым» тақырыбында Жас Қырандықтармен аудандық мұражайға экцкурсия жүргізілді. «Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат» тақырыбында 2-5 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Аудан ткөлеміндегі «тәуелсіз елдің рухты ұландары» атты «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау іс –шарасына мектебімізден бірнеше оқушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті және мектебімізден 5 оқушы ұйымға қабылданды.

21-желтоқсан күні  «Жемқорлық індет, жою міндет» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел  ұйымдастырылып, өткізілді.

18-Қаңтар күні аудандық «Үздік Ұланбасы-2019» байқауына мектебіміздің Ұланбасысы Абыл Жалғас 10 сынып оқушысы қатысып  ІІ орын иеленді.

31-қаңтар күні  мектебімізде «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасыларына арналған   аудандық «Ұланбасы кеңесі» өтті. Кеңестің мақсаты әр мектептерден келген ұланбасылардың бір-бірімен байланысын жақсартып, «Жас Ұлан» ұйымы ұланбасыларының нәтижелі жұмыс жүргізуін ұйымдастыру, «2019 жастар жылы» аясында өткізілетін іс-шараларды талдау. Аталған кеңеске Жамбыл ауданына қарасты 1 мектеп-лицейі, 2 мектеп-гимназия, 24 орта мектептердегі «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасылары және барлық мектептердегі тәлімгерлер қатысты. Кеңесті №1 орта мектебінің Ұланбасысы Абыл Әселт Бекзатқызы жоспарға сәйкес жүргізді. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Омарова Әлия Есімқызы «Алғы сөз» сөйлеп  Ұланбасыларды  білімге, патриоттыққа шақырып, оларға үлкен сенім артатынын тілге тиек етті. Аудандық кеңестің бағдарламасы бойынша Ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шараны алдағы уақытта аудан көлемінде жоғары дәрежелі етіп өткізуге болатындары туралы ой қозғап,  Жасөркен орта мектебінің ұланбасысы Уралова  Маншук жоспар құрды.  Келесі, Б.Бесбаев мектеп-гимназиясының ұланбасысы Махмудрахым Алтынай «Алғыс айту күні» акциясын, ал №1 орта мектебінің Ұланбасысы Абыл Жалғас «1-маусым Балаларды қорғау» күніне арналған іс-шараларын тиімді етіп қалай өткізуге болатындығын айтып, басқа да ұланбасылармен пікір бөлісті. Ұланбасылардың шешімдері бойынша алдағы уақытта аудандық «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын Facebook, Instagram интернет желілері арқылы жариялау. Ауған соғысының ардагерлеріне 30 жыл толуына орай,  жоғары дәрежеде іс-шара ұйымдастырып құрмет көрсету. Кеңестің соңы №1 орта мектебі «Жас Ұлан» ұйымының өнерлі оқушыларының патриоттық ән, күйлерімен жалғасын тапты.


1-наурыз Алғыс айту күніне орай  «Өзін-өзі басқару» ұйымының , әлеуметтік педагогтың, мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен «Алғысымыз шексіз» атты ризашылық күніне арналған мерекелік жиын өткізілді. Атаулы іс-шараға мектеп мұғалімдері, мектептің кіші қызметкерлері, оқушылар қатысты. 

6-наурыз күні мектебіміздің 8-11 сынып ұлдарының ұйымдасыруымен    «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік іс-шара өтілді.

12-наурыз мектепішілік «Инабатты ару-2020» байқауы өткізілді. Аталған байқауға 8-10 сыныптар арасындағы ару қыздар қатысты. Нәтижесінде жеңіске жеткен оқушы Исаматдинова Сандуғаш  аудандық байқауға жолдама алды.

13-наурыз күні  аудандық   «Инабатты ару-2020» байқауына   ұйымның белсенді мүшесі Исаматдинова Сандуғаш  қатысып, Білімді ару номинатциясымен  марапатталды.

2020 жылдың 4 тоқсаны елдегі пондемия салдарынан қашықтықта өткізілетін болғандықтан жоспарлы жұмыстар қашықтықтан жүргізілді.

Қашықтықтан  оқу кезінде жаңа жағдайға бейімделу, оқуды дұрыс ұйымдастыру және өзін ретти алуға қатысты кеңестер видеороликтер арқылы ұйымдастырылды және барлығы әлеуметтік желілерге уақытылы жарияланып отырды.

7 сәуір Дүниежүзі денсаулық күніне орай спорттық іс-шаралар дене шынықтыру пәнінің ұйымдастырылуымен қашықтықта спорттық ойындар ұйымдастырылып әлеуметтік желіге видеороликтер жарияланды.

20 сәуір отбасы күніне орай, карантинге байланысты оқушылардың отбасыларымен түсірілген видеороликтерін әлеуметтік желіге жарияланды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі бекем, тірлігі көркем- Мәңгілік Ел Қазақстан» атты қашықтықтан іс-шара жәнке ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс 75 жылдығына орай «Жамбылым жеңісті жырлайды» атты патриоттық іс-шараға қатысқан Бүркіт Жәния, Мадияр Бексұлтан, Бауыржанұлы Әбдусамат, Жаманқұл Дәулеттің айтқан әндері және мәнерлеп   оқыған видеолары   әлеуметтік желіге жарияланды.

31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған видеоролик әлеуметтік желіге жарияланды. 

1 маусым халықаралық балалар күніне арналған видеороликтер әлеуметтік желіге жарияланды.

3 маусым күні №1 орта мектебінде «BIRGEMIZ түлек-2020» атты мектеп бітіру салтанаты бекітілген тұжырымдамаға сәйкес өткізілді. Мектеп бітіру салтанаты ашық аспан астында шарлармен безендіріліп өтті.

Түлектер мен ата-аналар бүкіләлемдік COVID-19 пандемиясына байланысты қауіпсіздік шараларын толық сақтау мақсатында, арақашықтықты сақтай отырып маскалық режимде өтілді.


Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысы Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы №369 қаулысымен бекітілген Жамбыл облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

         Психологиялық қызметтің жұмысының мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына , өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетіне, олардың табысты әлеуметтенуіне,
 психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешуіне көмек көрсетуге қатысты  бірқатар міндеттерді атқара отырып мектептің психологиялық қызметі  психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық  бағыттары бойынша жоспарға сәйкес жұмыстар жасады. Жоспарды құру барысында, ҚР Конституциясы, Білім туралы заң, Баланың құқығы туралы конвенциясы, Білім және ғылым министірлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес баланың құқықтар приоритеті ескерілді.   Психологиялық қызмет  оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп әкімшілігі деп бірнеше категорияны қамти отырып жұмыс жасады.


 Оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерде психологиялық қолдау көрсетіп, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында жыл бойында стресске бейім, күйзеліске түсіп жүрген баланы анықтауға арналған диагностикалық жұмыстар алынып, нәтижесі өңделіп отырады. Мектепте суицидке бейім оқушы анықталмағанымен оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізіліп, жекелеген оқушылармен әңгіме кеңес жүргізіліп отырады. Сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдердің психологиялық сауаттылығын арттырып, профилактикалық жұмыстар атқарылып, ағарту жүргізіліп отырды. Жылдан жылға бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролін арттыруға бағытталған жұмыстар жандандырылып, қыркүйек айында ата –аналармен «Балалар арасында келеңсіз жағдайдың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізіліп, ата-аналармен практикалық әдістемелер жүргізіліп, кеңестер берілді.   Ақпан айында № 1 орта мектебінің ата-аналарынан білім беру қызметінің сапасына қанағаттанатын ата-аналар үлесін анықтау мақсатында сауалнама алынды.  Сауалнамаға   224 ата-ана қатысты.  Сауалнаманың нәтижесі төмендегідей болды: