ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 18.03.2024
Просмотров: 96
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Халық ұғымында адамның негізгі өмір кезеңінің бірі – жасты кезең – бозбала шақ. Жастық шақтың басты белгісі – адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да елеулі өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, оның сана – сезімі өседі, психикасы шыңдала қатая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, зін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, жеке басындағы ойлар, адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Халық даналығы жастарға мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де таптырмайтын адам өміріндегі ең қызықты кезеңді бос өткізсең – оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың деп бұл кезде адамда ғылым-білімді, өнердің сан алуан түрлерін меңгере алуға мүмкіндік мол болатынын, сол себепті көп оқып, үйреніп, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, оларды еңбек сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі болуға шақырады. Жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеу жайында да небір сындарлы пікірлер айтқан. «Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй». Жас бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік ерекшелігін айрықша ескерту қажет – дейді мақалдар.
Бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі рөл атқаратындығын аңғарған. Ойынның маңызы жөнінде мақал-мәтелдердің түйетіні мыналар: ойында бөьектің ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсе, мінез-құлқы қалыптаса түседі. Бала ойынының түрі де, мазмұны да сан алуан. Ойын үстінде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа, іскерлікке, ептілікке, адамгершілікке баулынады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелігі. Халық даналығы адамның психологиясы негізінен іс-әрекет үстінде қалыптасатынына ерекше мән бере келіп, тәлім-тәрбие процесі үшін баланың кейбір туыстан берілетін қасиеттерімен де санасып отырудың қажеттілігін ескертеді [19].
Тәрбие ісі – «ой шұңқыры», қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына ғана, яғни тәрбие негізгілерінің бірі – тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пайда болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп, олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскінді жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу, бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұстаздың талап-тілектерін орындау оқушы үшін – заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, оның психологиясын біртіндеп өзгертуге себепші болады өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей, қолайлы көңіл күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса, бұл оның тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырыпта қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейдк оқушылардың теріс қылықтарын көре-тұра оны жазаламаудың да кесірі аз болмайды. Шәкірт оқыс қылықтарды кейде әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бір бала терезенің желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны жолдасымен алысып жүріп сындырады. Бұл жерде, осы екі балаға бірдей шара қолдануға болмайтыны белгілі, өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеуден басталуы қажет, өйткені, әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, кісінің теріс қылықтарын айыптап, тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Бұлардың кейбір мына төмендегілер: біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып берілуі қажет. Екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын. Үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтықтың өзіндік ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет. Төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп, оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез-құлқы, т.б.) ескеріліп отырылсын. Бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын тәлкек етпейтін түрде ұйымдастырылғаны абзал. Тәрбие тәсілдері мен тетіктерінің осы айтылғаннан басқа да сан алуан түрлері болатыны әркез ұстаз бен шәкірттің есінде болуы тиіс [20].
Әрбір адам өмірінің туылғанынан бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелеу процесіне тап болады. Басында тәрбиелеу процесі, баланың ата-аналарымен іске асады, кейін бала ұжымға түскенде тағы тәрбиелеу процесі жүріп отырады. Бала өседі, енді ол қоғамда өмір сүруді үйренеді. Ал қоршаған орта бала тұлғасының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.
Тәрбиелеу - әрбір өсіп келе жатқан адамның мақсатқа бағытталған дамуы, яғни жеке индивидуалдылық және тұлға ретінде өсуі. Тәрбиелеу процесі кезінде әрбір ата-ана өз баласының қоршаған ортадан бөліп тұратындай, қайталанбас қырын дамытуға талпынуы қажет. Міне осыдан тұлға қалыптасады. Әрбір тәрбиеленуші баланың өнегелі және шығармашылық күштерін дамытуға, іске асыруға міндетті. «Тәрбиелеу» түсінігін сенімділікпен айтуға болады – бұл адамның ішкі субъективті әлемін дамыту болып табылады. Әрбір педагог – тәрбиелеуші өсіп келе жатқан балаға көмектесуге міндетті, яғни әлеуметтік даму жағынан, сонымен қатар бірегей және дербестік жолының дамуына да көмектеседі.
Тәрбиелеуді былай сипаттауға болады: «Баланың рухани және физикалық дамуының мақсатқа бағытталған әсерімен жүйелеген процесс, яғни баланы өндірістік, мәдениеттік қоғамдық іс-әрекетке дайындау». Тәрбиелеу процесінде екі әртүрлі жағын бөліп қарастыруға болады – тәрбиелеу процесс ретінде және тәрбиелеу нәтиже ретінде. Көбінесе жақсы және жаман тәрбиеленген адамдарды жиі салыстырады, яғни жамандарды жақсы білім алмаған немесе жақсы тәрбиеленбеген деп айтады. Тәрбиелеудің негізгі түбірі басынан бастап баланың тумысынан басқа адамға деген қажеттілігі. Балаларды тәрбиелеу маңызды талаптардан құралады:
Ата-аналар балаларының алдында эмоционалды болулары керек, анық және нақты түрде өздерінің эмоциаларын барлық нәрсеге тиісті көрсете білулері керек, яғни оның қабылдау объектісі болуы мүмкін. Бұл баланың ортаны бағалауының өзіндік жеке жүйесінің қалыптасуына өте керек.
Әрбір бала өзіндік тәжірибеден өткізу керек, яғни қоршаған ортаны тану мүмкін екенін өзі заң шығара алады екенін, сезінуі керек. Иә сонымен біз білеміз, тәрбиелеу туылғаннан бастап, өмірінің соңына дейін болатынын. Бірақ бұл тәрбиелеу күшінің әсері, жас ерекшелігіне, әлеуметтік орнына тәуелді болады. Әрбір тәрбиелеу жүйесі жас ерекшелігіне байланысты құрылу керек, бірақ бұл балалардың «ертеңгі күніне» бағдар болуы керек, яғни біз балалардан не күтетінімізде.
Жеткіншекпен сөйлесу өте қиын. Бала өсу процесінде өзіне деген дербестікті таныту керек. Жеткіншектерді тәрбиелеуде лекция оқуға болмайды. Ең жақсы жол, серуендеуге шыққанда немесе ұзақ жол жүргенде әңгімелескен тиімді, ол кезде баланың көзіне тіке көп қарамайсың. Тағы бір жеткіншекпен сөйлесудің эффективті тәсілі – ол сізді қобалжытатын сұрақтарды қою болып табылады. Мысалы: «Ал егерде?...» деген сұрақ.
Егер сен бір жігітпен кездесуге барсаң, саған тиісетін болса, не істейсің? Бұл қылығы саған мүлде ұнап тұрған жоқ, бірақ ол әлі тиісуін жалғастыруда. Сен не істейсің?
Егер досың сені үйге өз машинасымен жеткізіп тастаймын деп уәде берсе, өзі мас немесе анаша шегіп алған болса, бірақ сондада бәрі жақсы деп тұрса? Сен осы жағдайда өзіңді қалай ұстар едің?
Сонымен осы сізді қобалжытатын сұрақтарды басу үшін, жеткіншекке өз тәжірбиеңізде болған жағдайды айтып берген жөн болады. Сонымен қоса өзіңіздің пікіріңізді айтуға асықпаңыз. Жеткіншекке бұл жағдайды біраз ойлануына мүмкіндік беріңіз. Ал лекция оқығанды тек жеткіншектер ғана емес, сонымен қатар үлкен кісілер де, жақтыра бермейді [22].
Тағы бір әдіс мынадан тұрады. Әрбір ата-ана баласы қандай болмасын уақытта сізге сенуіне және сіз оның сенімін ақтайтынына. Мысалы жеткіншек бір отырысқа барғанда, егер ол жерде жеткіншекке бір жағдай ұнамай қалса, ол сізге түн ортасы болса да хабарласады, ал сіз оған ешқандай артық сұрақ қоймай алып кете алуыңыз керек.
Көптеген жеткіншектер өздеріне әртүрлі рөлдерді эксперимент жасайды, яғни бұл ата-анаға ұнамайды. Дәл осы уақытта ата-ана жеткіншекті түсінуі керек, осылай балалар қоршаған ортада өз орындарын табатынын. Мүмкіндігінше ұсақ-түйектерге көңіл аударып ұрыс шығармауға көңіл аударып ұрыс шығармауға көңіл бөліңіз, егер де ол жеткіншектің денсаулығына ешқандай әсері болмаса.
Жеткіншекке басың жуылмаған, шалбарың жыртық немесе неге бөлмеңе сурет жабыстырып қойғансың деп те көңіл бөлмеңіз. Көбінесе жеткіншектер талас-тартыстарда мына сөзді қолданалды, «менің ешқандай досым бұлай жасамайды немесе ешкім оларды мәжбүрлемейді» немесе «егер мені мәжбүрлесеңіздер, онда мен өлемін»т.б. Осындай тәсілдермен олар сіздің жол бергеніңізді қалайды, бірақ мұндай қақпанға түсіп қалмаңыз.
Есіңізде сақтаңыз, сіз оның досы емес, ата-анасысыз, егер сұрақ шын мәнінде маңызды болса, онда жол беріңіз, сонда оның көзіне жақсы болып қала бересіз. Ал, егер басқа жағынан қарасақ, онда сіз баланың өтінішіне «жоқ» деп жауап бермеңіз. Өзіңіздің «тиым салу» құқығыңызды сақтаңыз. Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор.
Адам дамуындағы тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл процесте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескерту қажет. Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие- сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерімен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы - ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны [23].
Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Қоршаған орта тәрбиелейді немесе Отбасы тұрмысы тәрбиелейді деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экокномикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.
Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогі Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртүрлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегенбіз».
Тәрбие- бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Тәрбиенің астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмтылудың өзі бос әрекет. Өмір шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі қайшылықтарды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғыдан басқарудың теориялық-әдіснамалық негізін бере алады. Сонымен тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мән-бағдар беруге болады [24].
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары:
-
Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік-қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді. -
Тәрбиенің мақсаты, мазмұны және тәсілдері біотұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді. -
Біртұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие өзара кіріге ұштасқан
Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:
-
Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс-әрекетке қосу барысында орындалады. -
Тәрбие – ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор. -
Тәрбие барысында тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті. -
Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс қуанышына ере білуге көмектесу. -
Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет. -
Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескеру орынды. -
Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет. -
Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекемелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісімі қажет.