Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 305
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жаралар мен тігістердің орнын өңдеу. Қолды хирургиялық дезинфекциялау.
Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың (күл таяқшасын қоса), хламидиялар, микоплазмалар, ашытқы саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) , трихомонадалардың тіршілігін төмендетеді.
Медициналық аспаптарды өңдеуге қолданылатын заттар
а) Лизетол АФ (концентрат 1:50 ерітінді) – дезинфекция және пастерилизациялық тазарту бірге жасалады.
Қолдану әдісі – батырып қою.
Қолдануы – барлық түрдегі аспаптарды тазарту және дезинфекциялауда қоладанылады.
Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді.
б) Гигасепт ФФ – эндоскоптарды, оларды зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.
Қолдану әдісі - батырып қою.
Қолдануы – эндоскоптарды және аспаптарды, анестезиялық және реанимациялық бұйымдарын зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.
Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) және споралардың тіршілігін төмендетеді.
Гигиеналық заттар: кремдер және ласьондар
Сагралинт “П” - теріні күту және дезинфекциялау (сұйық крем).
Қолдану әдісі - сүрту
Ағартқаш және дезинфекциялық зат “ACE”. Белсенді зат АСЕ – натрий гипохлориді бактерияларға, спораларына, саңырауқұлақтарға және вирустарға неғұрлым жылдам әсер ететін және тиімді заттардың бірі болып саналады. АCE түбіркүлез, салмонеллез, тырысқақ, гепатит А және басқ. аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер ететіні дәлелденген.
Comet – беткейлерді, және санитарлық – техникалық құралдарды дезинфекциялайтын және тазартатын ұнтақ,оны тұрғын үйлерде және мекемелерде кеңінен қолданады.
Comet - тің құрамында айрықша патенттік зат бар – хлоринол, ол сумен қатынасқа түскенде әсер етеді және беткейдің тереңдігіне енетін қасиетке ие болады. Хлоринол қиын кететін дақтарды кетіреді, майларды ерітеді, дезинфекциялайды. Comet бактериялық (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтық, вирустық инфекцияларда тиімді әсер көрсетеді.
Лизоформин – 3000 ЕПМ, санитарлық – эпидемиологиялық, коммуналды, балалар мекемелерінде және сүт, тағам өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, бактериялық (түбіркүлезді қосқанда) және вирустық инфекциялардың (АИВ, гепатитВ, тұмау, парагрипп) ошақтарында алдын алу, күнделікті, қортынды дезинфекциялау жүргізуге ұсынылған. Бактериялық аса қауіпті инфекциялардың (оба, тырысқақ, туляремия, сарып, күйдіргі) қоздырғыштарына әсерлі.
Күнделікті дезинфекция сапасын бақылау:
1. Санитарлық – эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 –тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.
2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.
Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.
Қортынды дезинфекция сапасын бақылау:
1. Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау (визуальді, зертханалық - бірге), ұйымдасқан ұжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 – 3 – сағатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек.Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау үшін ошақтан 10 – нан кем емес шайынды , дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дез. камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5% - дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5% - дан көп болмаса, қортынды дезинфекция қанағаттанарлақ деп саналады.
Визуальді бақылау – объектінің санитарлық жағдайын, дезинфекциялық шаралардың уақытылы жүргізілуі, дезинфекциялауға беткейлерді, мекемелерді, жеке заттарды, олардың сапаларының дұрыс таңдалуын анықтайды.
2.Химиялық бақылау – залалсыздандыруға пайдаланған дезинфектанттардың құрамындағы белсенді әсер ететін химиялық элементтердің концентрациясының нормативтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.
3.Йод – крахмалды әдіс. Әдіс йодтың крахмалмен түсті реакцияға түсуіне негізделген. Йод ерітіндісі хлормен байланысқан кезде ерітіндіден йодты ығыстырып, оның орнын басады. Дараланған йод крахмалды көгілдір – қошқыл түске бояйды. Әдісті жасау үшін сіріңкенің басына мақта орап, 3% калий йодидының ерітіндісіне, 2% - ті крахмалды клейстерінің қоспасына батырады. Егер сол тампонды хлорлы ерітіндімен өңделген беткейге тигізсе, бақылау объектісінде спецификалық боялу болады. Түсті бояу 3% натрий тиосульфатының ерітіндісіне батырылған тампонмен сүрткен жағдайда ғана кетеді. Осылайша ыдыстардың, ойыншықтардың, едендердің, қабырғалардың, жихаздардың т.б. заттардың дез. ерітіндімен дұрыс өңдегенін байқауға болады.
4. Ішек инфекциясының ошағында бактериологиялық бақылауды шайынды немесе қырынды алу әдісімен санитарлық – көрсеткіш ішек таяқшасын табу жолымен жүргізеді. Шайындыны физиологиялық ерітіндіге немеса байыту ортасына, ЕПС батырылған тампонмен алады, термостатқа 24 сағатқа қояды. Уақыт болған кезде Эндо ортасына себінді жасайды. Термостатқа қояды. 24 сағаттан кейін жалпы қолданылатын зерттеу әдісі бойынша ішек таяқшасын анықтайтын жұмысты жалғастырады.
Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау
1.Термиялық бақылау - өлшеуіш аспаптардың көмегімен жүргізілді: психрометрмен булы – ауалы формалинді камералардағы ылғалдылық ережесін, манометрмен қысымды бақылап отырады.
2. Биологиялық бақылау – лабораторияларда арнайы дайындалған бактериялық тесттер қолданылады, ол бәтес және бөз бөлшегін алдын ала стерильдеп, кейін тест – микроб сіңіртіп дайындалады (алтынды стафилококк, антракоид споралары, микобактериялардың қышқылға төзімді сапрофиті – В5).
6.3.3. Асептика және антисептика.
Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын-алуда асептика және антисептика қолданылады.
Асептика - емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жұқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені. Д.Листер (1867) негізін қалаған. Асептика тәсілдерін инфекция көзі науқастар мен бактериятасымалдаушылар болып табылатын экзогенді індеттермен күресуде қолданылады.
Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алаң, аппаратура, арнайы киім, бетпердені (масканы) өңдеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу және т.б.) асептика шараларының біріне жатады.
Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам өнеркәсібінің мекемелерінде қолданылады.
Антисептика- қабыну процесін жою немесе алдын-алу үшін, организмде немесе патологиялық ошақта, жарада микробтарды жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж И.Земмельвейс ұсынған.
Антисептика тәсілдері: механикалық (бөгде денелерді, инфицирленген некрозды тіндерді жою т.с.с.), физикалық (жараны дренаждау, тампон енгізу, гигроскопиялық таңу салу), химиялық (антисептиктерді қолдану), биологиялық (антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану). Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданады (6.3 - кесте).
Антисептиктердің жіктелуі.
1.Шығу тегі бойынша:
- бейорганикалық заттектер
- биоорганикалық заттектер және олардың синтетикалық аналогтары
-органикалық қосылыстар (синтетикалық)
2.Химиялық құрылымы бойынша:
- галогендер
- органикалық және бейорганикалық қышқылдар
- альдегидтер
- спирттер
- ауыр металл тұздары
- бояғыштар
- Фенол
- 8-оксихинолондар
- сутегінің асқын тотығы және калий перманганаты
- 4-хинолондар
- нитрофуранды антисептиктер
- сульфаниламидты антисептиктер
- жоғарғы сатылы май қышқылдары
- антисептиктік ретінде қолданылатын антибиотиктер
3.Әсер ету нысанына қарай:
- бактерияларға қарсы
- вирустарға қарсы
- саңырауқұлақтарға қарсы
- паразиттерге қарсы
4.Әсер ету механизмі бойынша:
- құрылымын бұзатындар (деструктивтілер)
- тотықтырғыштар
- мембранаға шабуылдайтындар
- антиметаболиттіктер және антиферменттіктер
5.Әсер ету спектрі бойынша:
- әмбебаптар (универсал)
- кең спектрлілер
- спектрі шамалылар
- тар спектрлілер
6.Ақырғы тиімділігі бойынша:
- микробцидтілер
- микробстатиктіктер
- табиғи- микробстатиктіктер
- микроб популяциясының санын азайтатындар
7.Құрамы бойынша:
- монопрепараттар
- кешенділер (комплекстілер)
- көп компонентті дәрі-дәрмектер
8.Мақсаты бойынша:
- профилактикалық
- емдік
- емдік- профилактикалық
- бинарлылар (антисептик + химиятерапиялық дәрмектер)
- бинарлылар (антисептик + дезинфектант)
- кең мақсатта қолданылатындар
9.Аппликациялайтын (жағатын) орнына қарай:
- жарақаттық
- сүйектік
- пероральдық (ауыз арқылы)
- офтальмологиялық (көзге жағатындар)
- оториноларингологиялық (құлақ-мұрын-көмейге жағатындар)
- урологиялық (несеп-жыныс жолддарына жағатындар)
- стоматологиялық (ауыз қуысының шырышына жағатындар)
- ингаляциялық (тыныс алу жолдарына енгізетіндер)
Медицина саласындағы антисептиктерге қойылатын шарттар:
1. Жалпытоксикалық органотроптық , аллергендік , мутагендік , онкогендік , тератогендік , денетітіркендірушілік және дисмикробиотикалық әсері болмау керек.