Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 267
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2. Азғантай мөлшерде (дозада) белсенділігі күшті болуы керек.
3. Көбінесе микробоцидті немесе микробостатикалық әсері болу керек, дегенмен микробоцидті (әсіресе иммундытапшылық , хирургиялық операция кезінде қолданғанда) әсерінің болғаны жөн.
4. Әсер ету спектрі әр түрлі (кең және тар) болғаны абзал (дисбактериоз қоздыруы азаяды)
5. Қысқамерзімді, немесе ұзақмерзімді әсер ететін болуы керек.
Осындай қасиетіне қарай 3 типке бөлінеді:
- перманентті әсер ету-бір рет қолданғанда бірнеше сағат немесе минут бойы антимикробтық әсер етуді қамтамасыз ету;
- кумулятивті әсер ету-бірнеше рет қайталап қолданғанда антимикробтық әсерін күшейту;
- персистерлеуші әсер ету – бір жерге (жарақатқа) үзбей (регулярно) қолданғанда пайда болатын әсер.
6.Антисептиктік ұнтақ түрінде болғаны дұрыс (сақтауға ыңғайлы)
7.Теріге, киім-кешекке бояуы жұқпауы керек және қолайсыз иісі болмау керек.
8.Жарықтың, температураның әсеріне төзімді болуы керек, биосубстанттарда белсенділігін жоғалтпауы қажет.
9.Липидтерде және суда ерігіштігі жақсы болуы керек.Липидтерде жақсы ерігіштігі тиісті жерге жаққан антисептиктердің кумулятивтік әсерін қамтамасыз етеді.
10.Антигендік қасиетке ие болмауы керек.
11. Антисептиктік шикі зат кез келген жағдайда қолжетерлік, әрі арзан және экологиялық тұрғыдан зиянсыз (таза) болуы керек.
Кесте 6.3.
Стерильдеу, дезинфекциялау және профилактикалық антисептиканың айырмашылықтары.
Айырмашылық белгілері | Стерильдеу | Дезинфекциялау | Антисептика |
Шараның мақсаты | Инфекцияның берілу жолдарын үзу | Инфекцияның берілу жолдарын үзу | Инфекциялық процестің алдын алу, инфекция көзін бейтараптау.Антисептикпен қолды өңдегенде - инфекцияның берілу жолдарын үзу |
Қолданылатын жерлері | Сыртқы орта нысандары (объектілері) | Сыртқы орта нысандары (объектілері) | Адам денесінің биотоптары |
Әсер ету тәсілдері | Физикалық,сирек жағдайда –химиялық және механикалық | Физикалық, химиялық және механикалық | Химиялық, сирек жағдайда –физикалық, механикалық, биологиялық |
Әсер ететін нысандары | Микроорганизмдердің барлық түрлері мен формалары | Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер | Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер; Антисептикпен қолды және операция жасайтын жерді өндегенде – микробтардың барлық түрлері. |
Әсер ету тиімділігі | Микробоцидті | Микробоцидті, ерекше жағдайларда – популяциялар санын азайту. | Микробостатикалық, ерекше жағдайларда – микробоцидті және популяциялар санын азайту. |
Деконтаминациялаудың толықтылығы | Толық , әмбебап (универсальды) | Селективті (іріктеп, таңлап әсер ету) | - |
Қолдану бағыты | Профилактикалық | Профилактикалық | Профилактикалық , емдік |
6.4. Санитарлық микробиология
Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі. Ол қоршаған орта обьектілерінде патогенді, шартты- патогенді және санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормаердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды.
Патогенді микрорганизмдерді анықтау эпидемиологилық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Шартты –патогенді микрорганизмдер - әлсіріген организмде іріңді- қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар , олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялармен – ІТТБ ( бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа , қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей. Ауа – тамшылы инфекция қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты қабығында тұрақты мекендейтін бактериялармен (коктармен) қоршаған ортаға (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ) бөлінетіндігімен бірдей. Сондықтан жабық бөлмелердің ауасының санитарлық- көрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококтар қолданылады. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:
-
Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек. -
Топырақ пен суда мекендеп, көбеймеуі керек. -
Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек. -
Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек. -
Оларды анықтау және бір-бірінен ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек. -
Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек. -
Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.
Санитарлық – микробиологиялық тәжірибеде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының (су, топырақ , тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және т.б.) белгілі көлеміндегі немесе мөлшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады.
6.4.1. Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау
Су , топырақ, ауа және т.б. обьектілердің ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикптор) ретінде суда- ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар ), энтерококтар, стафилококтарды; топырақта - ішек таяқшасын, ІТТБ ( коллиформды таяқшалар), перфрингенс клостридиясы, термофилдерді; тұрмыстық заттарда- ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококтарды анықтайды.
Санитарлық- көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін ( 1 л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титтрі-бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері
Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 370 С температурада 24-48 сағ. ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бұл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады. Нәжістік ластанудың тағы бір ұқсас көрсеткіші- жалпы колиформды бактериялар: оксидаза теріс таяқшалар, 370 С –та 24 сағ ішінде лактоза немесе маннитті ( глюкоза) альдегид, қышқыл мен газ түзіп ферменттйтін грам теріс таяқшалар. Соңғы терминнің орнына «Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары » терминін қолдану ұсынылады, себебі бұл тұқымдастық бактерияларының индикаторлық маңыздылығы бар. Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактерияларына: лактозасы бар Эндо сияқты қоректік орталарда өсетін 370 С температурада 24 сағ ішінде глюкозаны қыщқыл мен газға дейін ферменттейтін грам теріс, оксидаза теріс, колиформды бактериялар (таяқшалар ) жатады.
Судың бактериалық ластануы рұқсат етілген нормадан жоғары болғанда, жаңадан қосымша нәжістік ластану көрсеткіштерін зерттейді. Мұндай бактерияларға:термотолерантты колиформды бактериялар, нәжістік ішек таяқшалары, 440 С температурада 24 сағ ішінде лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейтін, циттратты ортада өспейтін таяқшалар жатады. Жаңадан нәжістік ластануды
энтерококк анықталуы да дәлелдейді. Нәжіспен бұрыннан ластануды ІТТБ болмау және перфрингенс клостридиясының белгілі мөлшерінің анықталуы, яғни ең төзімді спора түзетін бактериялар болуы көрсетеді.
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативі тиісті құжаттармен реттеледі:
-
Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек. -
Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек. -
Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек. -
Колифагтар- зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу). -
Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек . -
Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.
Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.)
Топырақтың фекалдік және бұрыннан ластануын ІТТБ индексімен (1г. топырақтағы ІТТБ саны), перфрингенс – титрі (Clostridium perfringens анықталатын топырақтың ең аз мөлшері), ал кейде энтерококтар титрі бойынша анықтайды. Осындай көрсеткіштермен қатар топырақтың микробтар саны анықталады. Топырақтың тезек және компостпен ластануы термофилді бактерияның титрімен бағаланады:
1.ІТТБ титрі мен перфрингенс титрі күшті ластанған топырақ үшін –0,009 және төмен; таза топырақ үшін – коли-титр 1,0 және одан жоғары, перфрингенс титр- 0,01 және одан жоғары.
2.Термофилдер мөлшері(1г. топырақта; 600 С температурада дақылдандыру): таза топырақта -100-1000 , ластанғанда-1000-10000, ал күшті ластанғанда-100000-400000 колониятүзуші бірлік (КТБ) анықталады.
Қоғамдық тамақтану , дәріхана, емдік және балалар мекемелері сияқты обьектілерді санитарлық қадағалау үшін, қызметкердің қолынан, ыдыстардан, стол беткейінен, қондырғылардан және т.б. шайынды алып зерттейді. ІТТБ, патогенді энтеробактериялардың, алтынды стафилококтың, энтерококтың, Candida саңырауқұлақтардың санын анықтау үшін әр түрлі қоректік орталарға шайындыны себеді. Энтеровирустарды өз алдына анықтауға болады.
6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау.
Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз қондыру (седиментациялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментация (Кох тәсілі бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. Мәжбүрлік седиментация арнайы қондырғы көмегімен қоректік ортаға ауа сынамасын «себу» жолымен жүргізіледі. (импактор, импанджлер, сүзгілер). Импакторлар-ауадан микробтарды қоректік орта беткейіне мәжбүрлік шөктіруге арналған қондырғылар (Кротов қондырғысы, бактериологиялық аэрозолдің сынамасын алушы, т.б.) Импанджерлер-ауаны NаCL изотониялық ерітіндісінен немесе сұйық қоректік ортадан өткізетін қондырғылар.
Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы келесі микробиологиялық көрсеткіштермен анықталады:
1. 1м3 ауадағы Микроорганизмдердің жалпы санын- Петри табақшасында 370 С 24 сағат бойына қоректік ортада өскен микроорганизмдер колонияларының саны.
2. Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі-1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа-тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен бөліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора түзетін бактериялардың болуы – ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың көрсеткіші болады.
Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті құжаттардың мәліметтерін қолдануға болады.
6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау.
Тағам өнімдерін санитарлық – микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.
Жалпы микробтар саны.
МАФАМ анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің , 370 С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.
Тағам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау-ішек таяқшасын, ІТТБ , энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.
Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша – микробтық этиологиялы тағамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.
Сүтқышқылды өнімдерде – сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микрофлорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б. ) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялық әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай , бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқұлақ , ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағанын, технологиясының бұзылуын немесе дұрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек , қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады , себебі бұл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.