Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 292
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
колонизациялау (лат. colonia - қоныстану) – кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай тереңдеп ене бастайды. Микробтардың макроорганизм жасушысының ішіне ену қабілеттілігін пенентрация деп атайды. Бұл кезде қолайлы жағдай туындаса, және де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферменттері және токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады. Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған уытты өнімдері микроб енген және одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді. Үшінші саты -диссеминациялану (лат. disseminaze – шашылу, таралу), яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына, басқа аумақтарға таралуы және лимфа-гематогенді, бронхогенді, периневральді (жүйке бағаналары бойымен) жолмен жаңа жерге қоныстануы. Ол өз кезегінде инфекциялық процестің генерализациялануына, яғни организмде жалпы жайылуына әкеп соғады. Төртінші саты – макроорганизмнің қорғаныс факторларын жұмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне және олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жұмылдырады. Бұл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бұзылған гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты – инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: sanative – емдік, сауықтырушы), яғни организм микробтардан толық босанады және жаңа сапаға ие болып – иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс өліммен аяқталады. Микробпен макроорганизм арасында тепе-теңдік жағдай орнықса микробтасымалдаушылыққалыптасады.
Көптеген факторлардың әсерінен инфекциялық процесс оған тән барлық сатыларынан өтпей-ақ алғашқы кезеңдерінде тоқтауы мүмкін. Мысалы, осы инфекцияға қарсы егілген немесе сол кеселмен ауырып тұрған адамдарда жұқпалы ауру абортивті (түсікті) түрде өтеді. Басқа мысалдар да жеткілікті: соз (гонорея) ауруы кезінде жыныс-несеп жолдарының шырышты қабығы зақымданғанына немесе кейбір ішек инфекциялары кезінде шырышты қабықтарының микроколонизациялануына қарамастан инфекцияның генерализациялануы байқалмайды. Күл (дифтерия) ауруы кезінде де инфекциялық
процесс адгезияланумен, колонизацияланумен және экзотоксин (гистотоксин) өндірілуімен шектеледі. Бактерияның қанға енуі болмайды. Егерде жасушадан тыстық паразиттер үшін процесс адгезия және колонизациялаумен шектелсе, жасушаішілік паразиттер үшін олардың жасуша ішіне еніп, оның ішінде көбеюі маңызды шарт болып табылады.
Инфекциялық процесс макроорганизмнің биологиялық жүйесінің барлық деңгейлерінде байқалуы мүмкін. Бұл кезде әрбір жоғарғы деңгей төменгі деңгейлерді өзіне біріктіреді. Инфекциялық процестің көп деңгейлі жүйесі ең алдымен өзіне организмдік деңгейді немесе меншікті инфекциялық процесті қамтиды, өйткені инфекция – ол қабылдаушы макроорганизмде туындайтын реакциялар жүйесі. Тіндік-ағзалық, жасушалық (микроб жасушасы мен ие организмі жасушасының өзара әсері) және субжасушалық немесе молекулалық деңгей төменгі деңгейлер болып табылады, олар микробпен макроорганизмнің биологиялық молекулаларының өзара әсеріне негізделген.
Микробтың макроорганизммен өзара әсерінің нәтижесінде бірінші кезекте жасуша зардаптанады, сол жерде микроб тесік тауып, ол кейіннен макроорганизмге енеді. Өзара әсерлесу процесі микробтың микромолекулаларының комплементарлық құрылымы мен макроорганизмнің эукариоттық жасушасының деңгейінде жүреді. Молекулалық және жасушалық деңгейлерде жүретін процестер, дәлірек айтқанда микробтардың патогенділік факторлары мен макроорганизмнің жасушалық және гуморальдық қорғаныс факторларының өзара әсерлесуі тіндік-ағзалық деңгейде білінеді. Ие жасушасының тіндік дифференциациялануы инфекциялық процестің спецификалығын ерекшелейді және микробтардың көбею аумағын шектей отырып, қорғаныс рөлін атқарады. Сондықтан инфекциялық процесс патогенезінің негізгі сипаты тіндік-ағзалық деңгейде қалыптасады, ол кейіннен инфекциялық процестің айқын (манифестік) байқалуын организмдік деңгейде қамтып көрсетеді. Организм деңгейдегі инфекциялық процестің клиникасы мен патогенезінің ерекшеліктері қоздырғыштың берілу механизмі мен интенсивтілігіне ықпал ете отырып, эпидемиялық процестің экожүйелік деңгейіндегі ағымына әсер етеді. Сонымен, инфекциялық процесс әрбір жүйе деңгейінің, және де осы деңгейлердің өзара әсерінің көп жақтылығымен және күрделілігімен сипатталады.
7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
“Инфекция” және “жұпалы ауру” терминдерінің мәнісі бірдей емес. Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды. Инфекциялық процестен айырмашылығы сол, жұқпалы ауруды, әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын және/немесе микробтардың, олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бұзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет. Бұл әрбір нақты дарада (индивидумда) инфекциялық процесс байқалатын жеке жағдай. Ауру кезінде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасып, макроорганизмнің функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы сөз айтылады
Микробтардың қасиеттерімен және де макроорганизмнің жеке даралық ерекшелігіне байланысты жұқпалы аурулардың қалыпты ағымынан басқа кең спектрлі ауытқулар болуы мүмкін. Егер жұқпалы ауру айқын клиникалық жағдайда өтсе, инфекциялық процестің ең жоғарғы дәрежеде көрінгені туралы сөз айтуға болады. Инфекциялық процесс әрқашанда ауру дамуымен аяқталмайды. Қалдық иммунитеті немесе туа біткен табиғи қабылдамаушылығы бар адамдар микробпен кездескенде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасуы және макроорганизм функциясының өзгеруі байқалмайтын дені сау организмде микробтасымалдаушылық қалыптасуымен аяқталады. Аттенуацияланған штамдардан дайындалған тірі вакциналар қолданғанда симптомсыз вакциналық инфекция қалыптасуы осындай жағдайға мысал бола алады.
Жұқпалы ауру жеке нозологиялық бірлік (аурудың абстракты аты) ретінде түрлік, ал кейде типтік тұрғыдан өз алдына бөлек жекеленген қоздырғышпен зардаптануынан туындайды. Инфекциялық (инвазиялық) аурулардың саны қазіргі кезде ғылымға белгілі болған, макроорганизмге жұғу қабілеті бар, қоздырғыштар түрінің санына сай келеді.
7.2. Инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың қасиеттері
7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік
Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.
Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардың адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, олар үшін ауру – бұл эволюция барысында макроорганизммен симбионттық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.
Сапрофиттер(грек: sapros – шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдылық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.
Кейбір микробтар, мысалы, күйдіргі және сіреспе қоздырғыштары топырақта сапрофиттер ретінде тіршілік етеді. Метаболиттер көзі және тіршілік ету ортасы ретінде пайдалану үшін макроорганизмге енгеннен кейін олардың патогенділігі көріне бастайды.
шартты-патогенділер (син. : потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардың ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбионттық қатынастардың бұзылуының нәтижесі болып табылады. Патогенді және шартты-патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында.
Қазіргі кезде микробтарды патогенді және шартты-патогенді деп бөлудің салыстырмалы екендігі жалпы танылған түсінік.
7.3. Патогенді микробтардың қасиеттері
Патогенді микробтар – ұзақ мерзімді қатал эволюциялық даму барысында сапрофиттерден пайда болған паразиттер. Бұл кезде олар ферменттік жүйелерінің бірқатарын жоғалтқан. Өйткені көптеген заттарды дайын түрінде оларға макроорганизм береді. Олар әртүрлі органдарда, тіндерде және жасушаларда гетеротрофты паразиттік қоректену типіне бейімделген. Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды үш топқа бөлуге болады: жасушаішілік облигатты(нағыз) паразиттер, жасушаішілік факультативті (салыстырмалы) паразиттер және жасушадантыстық облигатты паразиттер.
Облигатты жасушаішілік паразиттер өзінің қоректік қажеттілігін тек қана жасушаішілік тіршілік ету жағдайында қанағаттандырады. Әрине, жасушаішілік ортаның жасушадан тыс ортадан көптеген физикалық-химиялық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар екенін, бұл орта жасушадан тыс жағдайда тіптен болмайтын органикалық заттарға, АТФ-ға бай екенін атап айтқан жөн. Мұндай ортада тіршілік етуге қажетті дайын заттар көп, ақуыз синтездеуші жүйе бар. Жасуша микробтардың метаболизмдік, энергетикалық, генетикалық және ақуызсинтездеушілік қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, оларды жасуша мембранасы арқылы өтпейтін, антиденелердің, фагоциттердің, бактериофагтардың және антибиотиктердің әсерінен қорғайды. Жасуша -ішілік паразиттер жасуша ішінде сақталуға және өсіп-өнуге жақсы бейімделген. Жасушаішілік инфекция дамуында нысана-жасуша макрофагтар болып табылады, мұндай рөлді жасушалар атқаруы мүмкін. Бұл макрофагтардың микробтарды белсенді түрде жұтып-сіңіру қабілеттілігімен байланысты, ал микробтар өз кезегінде аяқталған фагоцитоздан қорғайтын механизмге ие болған. Облигатты жасушаішілік паразиттерге вирустар, риккетсиялар, хламидиялар, алапес, безгек, токсаплазмоз қоздырғыштары жатады. Аталған микроорганизмдердің өсіп-өнуі жасушаның цитоплазмасында да және ядросында да атқарылуы мүмкін. Жасанды қоректік орталарда олар өсіп-өнбейді.
Факультативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады. Ие организмінде жасушаішілік өсіп-өну олар үшін басымырақ болады, әйтсе де олар жасушадан тыс жағдайда да өсіп-өніп көбейе алады. Өйткені организм жағдайындағы жасушаішілік орта инфекциялық процесс дамуында негізгі орын болып табылады. Жасушаішілік паразиттік осындай қабілеттілік инфекциялық процестің созылмалы түрге айналуында маңызы бар, өйткені макроорганизмде микробтардың тірі қалуын және сақталуын жеңілдетеді. Мұндай микробтар жасанды қоректік орталарда өсіп-өне алады. Оларға туберкулез, туляремия, соз, менингококты инфекция қоздырғыштыры, салмонеллалар, шигеллалар және басқа микробтар жатады. Облигатты жасушадан тыс паразиттер – жасуша ішіне кірмейтін, бірақ жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен, таралатын микробтар. Мысалы, мұндай микробтарға тырысқақ қоздырғышы, лептоспиралар, микоплазмалар т.б. микробтар жатады. Жасушадан тыстық паразиттердің агрессиялық және инвазиялық (нейраминидаза, гиалуронидаза т.б.) экзоферменттер өндіру қабілеттілігі болады.