Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 317
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
, айырша бездің қыртысты қабығына ауысады. Сол жерде олар айырша бездің биохимиялық факторларының әсерінен шапшаң өсіп-өніп, жетілген Т-лимфоциттерге айналып бөгде антигендердің эпитоптарын ажырату мүмкіншілігіне ие болады. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады, белгілі уақыт пен белгілі жерде жүріп «оң» және «теріс» сұрыптану арқылы өтеді.. Т-лимфоциттердің антигенді тану дәрежесінң сапасы мен өмір сүру уақытының ұзақтығы «оқығандығының» көрсеткіші болып табылады. «Оң» сұрыптану эпителиалдық жасушалардың көмегімен қыртыс қабатында өтеді. Оның мәні өзінің құрлысындағы олигопептидтердің ерекшілігіне қарамастан рецепторлары эпителиялық жасушаларының бетіндегі МНС пен тиімді байланысу және Т-лимфоциттердің клондарын демеу. Антигенмен кездесудің нәтижесінде белсендірілген жасушалар (Т-лимфоциттер) қыртыстық эппителиоциттерден тіршілікті сақтап өсіп-өнуге хабар алады, ал өмір сүре алмайтын, не жауап бере алмайтын жасушалар құрып кетеді. «Теріс» селекцияны қыртыс-ұлпалық шекаралық аймақта орналасқан дендритті жасушалар атқарады. Оның басты мақсаты Т-лимфоциттердің аутореактивті клондарын сұрыптап шеттету, ондай жасушалар апоптоз үдеуі арқылы жойылады. Айырша бездің селекциялық жұмысының нәтижесі өте ауыр, өйткені Т-лимфоциттердің 99 пайызы сынға шыдамай жойылып қалады. Олардың тек қана 1 пайызына жуық мөлшері МНС-пен ұқсастығы бар бөтен биополирлермен кешенді түрде тани алатын жетілген иммунды емес жасушаға айналады. Тәулік сайын «оқытылған» 106 миллионнан астам лимфоциттер айырша безден қан мен лимфаға түсіп, басқа тін мен органдарға тарайды.
Иммунды қорғаныс құрылуына Т-лимфоциттердің жетілуі мен «оқытылуы» өте маңызды. Мысалы, айырша без толық жетілмесе, не жасушаларының керекті саны толық болмаса, ол иммундық қорғаныс дәрежесінің күрт төмендеуіне себепкер болады. Бұндай көрніс айырша бездің іштен туған ақаулығында (аплазия, не гипоплазия), бала кезінде хирургиялық жолмен алынып тасталынғанда, не балалық шақта радиациялық зақымдауға шалдыққанда байқалады. Дегенмен, ересек адамда жасалған тимэктомия иммунитетке айтарлықтай әсер етпейді.
9.2.1.2. Иммундық жүйенің перифериялық органдары
Иммундық жүйенің перифериалық ағзаларына көк бауыр, соқыр ішек, бауыр, жұтқыншақ бездері, лимфойдтық фолликулалар тобы, лимфатикалық түйіндер, қан, лимфа және де тағы басқалар жатады. Бұл ағзаларда иммунитетке тікелей иммундық бақылау жүргізетін жауапты жасушалар орналасқан. Ол органдарда иммуногенез, яғни иммундық жасушаларының өсіп-өнуі және мамандануы жүреді. Иммундық жүйенің перифериялық органдары атқаратын ісіне сәйкес органның сұйық ортасын бақылайтын (лимфатикалық түйіндер, көк бауыр), тері мен шырышты қабықшаны бақылайтын (лимфатикалық фолликулалар) және де ішкі ағзалардың жұмысын бақылайтын (тін, көшпелі жасушалар) деп бөлінеді.
Лимфа түйіндері- олар ықшам көлемді, бұршақ тәрізді, лимфа тамырының бойын бойлап жатқан анатомиялық құрылыстар. Органның әр учаскесінде регионалдық лимфа түйіндері бар. Адам организміндегі олардың жалпы саны 1000-ға жуық болады. Лимфа түйіндердің атқаратын басты жұмысы - биологиялық сүзгіштік. Организмнің барлық учаскесінен келген лимфа сүзіледі, сонымен қатар антигендер қоюландырылады. Орта есеппен алғанда лимфа түйіндерінен бір сағат арасында 109 санды лимфоцит өтеді. Құрылысына қарағанда лимфа түйінегі екі қабаттан тұрады: қыртыстық және ұлпалық.. Қыртысты қабат дәнекерлеу тінінің тарамдарымен ұяларға бөлініп, өзара қыртыстық және қыртысқа көршілес зонадан тұрады. Қыртыстық зонада В-лимфоциттерді өсіп-өндіретін фолликулалар (терминантты орталар) орналасқан. Бұл ортада сонымен қатар В–лимфоциттерді кемеліне келтіретін фолликулярлық дендриттерді табуға болады. Қыртысқа жуық қабатта Т-лимфоциттер мен Лангерганс жасушаларының негізі болып келетін арнаулы интердигиталды жасушалардың аймағы орналасқан.
Ұлпалық зона дәнекерлеу тіннің жіктерінен тұрады, олардың арасында макрофагтар мен плазматикалық жасушалар орналасқан.
Сонымен, сөл түйіндерінде иммунитетке жауапты жасушалар демеуленіп антигендерді залалсыздандыруға бағытталған спецификалық иммундық жауап басталады.
Көк бауыр. Бұл ағза арқылы қан түгелінен сүзіледі. Ол бөліктенген құрылыстан тұрады. Орналасқан жері - сол жақ мықын. Құрамына бірінші және екінші топты лимфа фолликулалары кіреді. Бірінші топ артериялардың бойын қуалап қоршайды, ол жерде көбінесе Т лимфоциттер орналасады, екінші топ біріншімен шекараласып жатады және ол жерде В-лимфоциттер мен плазматиқалық жасушалар орналасады. Сонымен қатар, көк бауырда фагоциттер мен ретикулярлық дентриттің жасушаларын табуға болады.
Көк бауырда қан айналымындағы эритроциттерді қоршаған антигендер мен «ескірген эритроциттер» сүзіліп, жинақталып отырады. Сондықтан бұл органды кей кезде «эритроциттердің моласы» деп атайды. Көк бауырда иммунитетке қатынасы бар көптеген процестер жүріп отырады.
Бауыр - иммунитет жүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Онда тіндік макрофагтардың жартысынан көбі, және де табиғи киллерлердің үстемді бөлігі орналасқан. Лимфоидтық жасушалар тобы бауырдың тағам антигендеріне төзімділігін қамтамасыз етеді, ал макрофагтар иммунды кешендердің әр түрін ыдыратады.
Лимфатикалық топты фоллликулалар ( пейер бездері). Олар ішектің шырышты қабығындағы лимфоидтық ұлпаның жинағы болып табылады. Ондай құрылымдар ішектің аппендикс деп аталатын құрт тәрізді өсіндісінде де табылады. Сонымен қатар, олар бүкіл ас қорыту жолында (өңештен бастап артқы өтіске дейін) жекеленген лимфа бездері түрінде орналасқан. Олар ішек қуысын және оның шырышты қабығының жергілікті иммунитетін қамтамасыз етеді және оның қалыпты микрофлорасының түрі мен санын реттейді.
Лимфоидтық элементтердің жинағы түрінде орналасқан жұтқыншақ шеңберіндегі бадамшалар, мұрын-жұтқыншақтың, ауыз қойнауының және тыныс жолының жоғарғы бөлімінің жергілікті иммунитетін қамтамасыз етеді, сонымен қатар олардың шырышты қабығын ауа-тамшы, ауа-шаңмен кіретін микробтар мен басқа генетикалық бөгде агенттерден қорғап, қалыпты микрофлораны ретке келтіреді.
Лимфа - ол тамырларда, лимфа түйіндерінде болатын организмнің сұйық ұлпасы. Оның құрамына тіндер арасындағы саңлаудан келетін сұйықтың заттары кіреді. Лимфоциттер лимфаның негізгі жасушалары болып табылады. Олар лимфаның құрамында организмде қайта айналып жүреді.
Қан. Онда Т- және В- лимфоциттердің бастамашысы мен жетілген түрлері, полиморфты ядролық лейкоциттер, моноциттер айналып жүреді. Лимфоциттер барлық лейкоциттердің 30 пайызын құрайды. Белгілі бір мезгілде қанда лимфоциттердің жалпы санының 2 пайызынан аз мөлшері болуы мүмкін.
9.2.1.3. Иммундық жүйе жасушаларының түрлері
Спецификалық иммунды қорғау жұмысын қанның миелоидтық және лимфоидтық өсімінен пайда болған көп санды жасушалар тобы - лимфоциттер, фагоциттер және дендритті жасушалар атқарады. Олар иммундық жүйенің негізгі жасушалары. Сонымен қатар, иммундық жауапқа басқа да жасушалар түрі қатынасуы мүмкін (эпителий, эндотелий, фибробластар т.б.). Аталған жасушалар бірінен бірі тек қана сырт пішінімен, атқаратын жұмысымен емес күрделі құрылыс құрамымен, сезгіш аппараттарымен және де атқарылған іс нәтижесімен ажыратылады. Соған қарамастан барлығының пайда болған тегі ортақ. Негізінде оларды құрушы - жілік майындағы полипотентті жүйкелі жасушалар (7-сызбанұсқа).
Иммундық жүйе жасушаларының цитоплазмалық мембранасының үстінде маркерлері бола алатын ерекше молекулалар орналасқан. Арнаулы антиденелердің көмегімен олар субпопуляцияға бөлінген. 1980 жылы адам лейкоциттерінің маркерлері халықаралық белгімен CD – антигендер деп аталған (ағылшын сөзінен Cluster Differentiation or Definition). Қазіргі уақытта иммундық жүйенің басты субтүрлік жасушаларын моноколоналдық антиденелерді қолданып, серологиялық реакциялармен қай топқа жататындығын дәлелдеуге болады.
Иммунды жауапқа қатынасатын жасушалар иммундыцитокиндер және лигандар деп аталатын медиаторларды синтездеп шығарады олар атқару белсенділігіне сәйкес регуляторлық (индукторлық, реттеушілік), эффекторлық (көрністудырушылық) және АӨЖ ( антидене өндіретін жасушалар) болып бөлінеді. Реттеуші жасушалар иммундық жауаптың бағытын, өнімділігін және қанша уақытқа созылатындығын (ұзақтығын) анықтайды. Эффекторлық жасушалар - иммундық қорғанысты іске тікелей асырушылар. Ағзаға енген антигендерге олар тікелей, немесе өзі қорытып шығарған биологиялық заттар (антиденелер, медиаторлар т.б.) арқылы әсер етеді.
АӨЖ – лар күрделі емес, бірақ өте жауапты жұмысты атқарады. Олар антигенді ұстап, өңдеп МНСll құрамындағы иммунитет құрылуына жауапты (ИҚЖ) жасушаларға тапсырады. Олар антигендерді талғамайды. Оның себебі АӨЖ –мембранасында қолдаушы факторлар мен адгезиялық заттар бар. Соның нәтижесінде АӨЖ –лар түрлі құрамы бар антигендерді АӨЖ –ға ұсынып, олармен тұрақты және ұзақ уақытқа созылатын байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.
АӨЖ-ларға нақтылы сәйкес келетін жасушалардың қатарына жілік майынан тараған дендритті жасушалар, В-лимфоциттер және макрофагтар кіреді.
Макроағзаның иммунды қорғанысының бағытталып жүретінінің себебінің бірі иммундық жүйе (ИЖ) жасушаларының сыртқы мембранасында спецификалық антигендік рецепторларsның болуы. Қабылдау механизміне сәйкес олар тікелей және жанама әсерліге бөлінеді. Тікелей әсерінің нәтижесінде олар антигендермен тура байланысады. Лимфоциттердің бірталай субтүрлері міндетін осындай жолмен атқарады. Жанама әсер етушілер антиген мен иммундыглобулиндердің Fc – бөлігі арқылы міндетін атқарады. Бірақ, бұл жолмен жүретін процестің нәтижесі Fc- бөлігінің қасиеттеріне байланысты. Айтылған жолмен макрофагтар, табиғи киллерлер, эпителиялық дендриттік жасушалар жұмыс атқарады.
Иммунды жауап әртүрлі жасушалар тобының тығыз қарым–қатынаста іс атқаруына негізделген. Осындай қабілетке жету үшін иммундық жүйенің жасушалары кең спектрлі иммундыцитокиндер қорытып шығаруы керек. ИЖ жасушаларының үстем көбі адам организмінің ішкі ортасында лимфатикалық және қан тарату жүйесінің мүмкіншілігін қолданып қайта айналып отырады.
ИЖ-ның жасушалық элементтерінің құрамы үнемі қайталанып жаңартылып тұрады. Істен шыққан жасушалар жойылып, олардың көпшілігі жүйелік жасушалардың өсіп-өнуімен толтырылады.
9.2.1.3.1.Лимфоциттер
Лифоциттер жылжымалы сыңарядролық жасушалар. Олардың белгілі морфологиялық ерекшеліктері және атқаратын ісімен бірінен бірі ажыратылады. Ағзадағы жетілу орнына байланысты олар гетерогенді екі топқа бөлінеді: Т-(тимус) және В- (Фабрициус қоржыны, сүйек майы) лимфоциттер.
Лимфоциттер жүре пайда болған иммунитетте басты рөл атқарады. Олар антигендермен алғаш кездесіп , оларды танып, жасушалық және гуморалдық иммунитет жауабын және иммунитеттің барлық түрлерінің құрыла басталуын қолдайды.
Ағзада лимфоциттер қайталап айналып үнемі жаңартылып отырады. Өзінің жылжу мүмкіншілігі арқасында қан және лимфа арқылы тін мен жасушалар арасында бірінен біріне көшіп жүреді. Олардың орын ауыстыруы арнаулы факторлармен бағдарланып отырады. Қалай да болмасын, Т- және В-лимфоциттер, тек қана өзіне арналған орындарда қонақтайды. Иммунитетке қатынаспаған лимфоциттер ұзақ өмір сүреді. Т-лимфоциттердің өмір сүру уақыты бірнеше айдан бірнеше жылға созылады, ал В- лимфоциттердікі –жұмалардан айларға созылады. Бірақ, белсендірілген және иммундық жауапқа қатынасқан лимфоциттердің өмір сүру мезгілі шолақ - тек қана бірнеше тәулік. Лимфоциттер тобының саны қатаң бақыланып, керек уақытта олардың саны үнемі толтырылып отырылады. Ескірген, жалған белсендірілген, не сол организмнің ауто- антигендеріне әсер ететіндері аппоптоз арқылы жойылып отырады.