Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 322
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9.2.1.3.2.Иммундық жүйенің басқа жасушалары
Иммунды жауаптың дамуына лимфоциттерден басқа көбінесе миелоидтық өскінге жататын жасушалардың бірнеше түрлері қатынасады. Олардың арасындағы ең маңыздылары: гранулоциттер, тіндік және дендритті жасушалар.
Фагоциттерморфологиялық қасиеті бойынша гетерогенді иммундыкомпететентті жасушалардың ең көп санды фракциясы. Регуляторлық, эффекторлық белсенділігі бар. Иммунды цитокиндерді, ферменттерді, ионрадикалдарды және басқа биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарып жасуша ішіндегі және жасушадан тыс киллерлікті және фагоцитозды іске асырады. Макрофагтар антигендерді өңдеп оларды Т-хелперлерге ұсынады..
Эозинофилдер – қанның дәнді лейкоциттері. Қанда, болбыр дәнекер тіндерде болады. Эозинфилдер гельминттер туғызған жергілікті ісік ошағында көптеп жиналып киллерлік функцияны атқарады. Эозинофилдердің мембранасында антиденелермен белгіленген гельминттерді «танитын» FcR IgA немесе IgG элементтері бар. Белсендірілген жасуша гельминттерді зақымдайтын төменгідей заттарды бөліп шығарады:
-
ферменттер (эозинофильдік пероксидаза және коллагеназа); -
ақуызды токсиндер (басты сілтелі протеин, эозинофильдік катионды ақуыз және нейротоксин).
Сонымен қатар эозинофильдер жасушалық иммунитеттің тізбегіне және Т2 хелперлердің синтезделуіне дем беретін цитотоксиндерді (ИЛ-3,-5,-8, т.б.), және де гельминт енген жерде қабынуды қолдайтын липидтік медиаторлар, тромбоцитті белсендіретін факторларды бөліп шығарады.
Тінді жасушалар - белгісіз текті, жылжымайтын, морфологиялық элементтер. Олар барьерлік тіндерде және қан тамырларының тінін бойлап тұрақты мекендейтін жасушалар. Мекеніне және бөліп шығаратын биологиялық белсенді қосындылар түріне сәйкес екі түрі болады: шырышты қабықшаның және дәнекерлеу тінінің жасушалары.
Базофилдер - жілік майының жүйелік жасушаларынан туған гранулоциттер. Олардың эозинофилдермен ортақ бастаушы жасушалары бар. Қанда үнемі қайта айнала отырып анафилотоксиндер тудырған қабынуға қатынасуы, сол жерде тұрақталуы мүмкін.
Базофил мен тінді жасушалар биологиялық белсенді заттардың ұқсас жинағын синтездейді. Өндірілген заттар (вазактивті аминдер, сульфатталған глюкозаминогликандар) олардың денешіктерінде жиналады. Жасуша арасындағы саңлауға лейкотриндерді (С4, Д4, Е4), простагландиндерді (ПГД, ПГЕ), цитокиндерді (ИЛ-3, -4,-5, т.б.) бөліп шығарады.
Базофилдер мен тіндік жасушалардың сыртында өте белсенді IgЕ антиденелермен байланысып олардың аллергендермен қосылуына әсер ететін (FcR) рецепторлар бар. Базофилдер мен тіндік жасушалар аллергендермен, анафилотоксиндермен, норадреналинмен т.б. заттармен белсендіріліп иммундық кешендермен тежеледі.
Аллергендер айтылған жасушалардың рецепторларымен байланысқан кешендермен қосылғаны, олардың дәншіктерін ыдыратып ішіндегі биологиялық белсенді заттарды жасуша арасындағы саңлауларға бірден босатуын мәжбүр етеді. Бұл процесс гиперсезімталдықтың жедел түрін туғызады (аллергиялық реакцияның 1 түрі).
Базофил және тіндік жасуша иммунитеттің жасушалық факторының дамуына түрткі болады.
Дендритті жасушалар. Өсінді тәріздес жілік майы текті жасушалар. Олар лимфоидтық органдарды және барьерлік тіндерді мекендейді. Олардың сыртында әртүрлі рецепторлар бар. Дендритті жасушалар антигендерді қабылдап, өңдеп МНС ll кешенімен қосылып Т-хелперлерге ұсынады. Олар өте белсенді жасушалар. Бұл жасушалардың арасындағысының әйгілілері Лангерганс (эпидермисте), интердигиталды (лимфа түйнектерінде) және айырша бездің дендритті жасушалары.
9.2.2. Иммундық жүйе қызметінің ұйымдастырылуы
Жоғарыда келтірген мәліметке сәйкес иммундық жүйе қызметінің ұйымдастырылуы өте күрделі. Өзінің спецификалық жұмысын атқару үшін, яғни генетикалық бөгде заттарды танып және жойып, иммундық жүйенің құрамдарының жұмысын реттеп, ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын сақтау үшін әр түрлі және әр санды жасушалар тобы мен ерітілетін факторлар керек. Өмір сүру жолында жасушалар организмде үнемі қайта айналып жүріп, біреуі өліп, екіншісі қайта пайда болып отырады.
Нақтылы қажеттілікке сәйкес иммундық жүйенің спецификалық іс-әрекеті - белсендірілу, не супрессиялану. Иммундық жауаптың бағытына қарай тәуелсіз иммунды жауап барлық жасушалар түрінің өзара қатынасы арқылы, яғни жасушалық кооперация жағдайында өтеді. Антигендер, жасушалардың тікелей қатынасы және ерітілетін факторлар (цитокиндер, макро- және микроорганизмдер жасушаларының ыдыраған заттары) иммундық жүйенің тітіркендірушісі, белесендіруші сигнал болып табылады. Иммундық жауаптың кез келген түрінің дамуында оның ретімен ауысып отыратын кезеңдер сатысынан тұратыны байқалады.
9.2.2.1. Иммундық жүйе жасушаларының өзара әрекеттестігі
Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай иммундық жүйенің іс атқаруына міндетті түрде жасушалардың өзаралық тығыз әрекеттестігі қажет. Жасушалардың бірімен бірі байланысуы үшін олар қашықтан байланыстыратын ерітілетін факторларды және тікелей түйісуді қолданады. Жасушалардың өзаралық әрекеттестігінің механизмінің негізінде рецептор - лигандалық өзара әрекеттесу жатады.
Иммунды жауап жасушаларының бірімен бірі байланысып әрекеттесуінде ерітілетін факторларды бөліп шығару әмбебап тәсілдің бірі болып табылады. Олардың қатарына цитокиндер жатады. Қазіргі уақытта цитокиндердің 25 түрі белгілі (9.6-кесте).
Цитокиндер құрылысымен, атқаратын әрекетімен өзгеше бір тұқымдастыққа жататын биологиялық белсенді молекулалар. Оларға ортақ бірқатар сипаттар тән:
-
Әдетте цинокиндердің жасушада қоры болмайды, олар тиісті ынталандырылғаннан кейін синтезделінеді. -
Цитокиндік сигналды қабылдау үшін жасуша тиісті рецепторларды экспрессиялайды, олар бірнеше цитокиндермен өзара әрекеттесе алады. -
Цитокиндер өскіндігі, деңгейі және дифференциялану бағыты әр түрлі жасушалармен синтезделеді. -
Иммундық жүйенің жасушаларының субпопуляциялары өздері синтездейтін цитокиндердің спектрі және олардың рецепторлары бойынша ажыратылады. -
Цитокиндер әмбебап, тиімділігі бойынша көп көрністі, бір-бірін қолдаушы болып келеді. -
Цитокиндер қатар тұрған жасушаларға (паракриндік реттеу) және оның өніміне де (аутокриндік реттеу) әсер ете алады. -
Цитокиндік реттелу сатылы сипатта болады: жасушаның цитокиннің бір түрімен белсендірілуі олардың екінші түрінің синтезделуін туғызады. -
Олар ішкі секрециялық гормондарға қарағанда қысқа қашықтық медиаторлар - олардың әсері көбінесе шыққан жерінде өтеді. Сонымен қатар, қабынуға қарсы кейбір цитокиндер (ИЛ-1,6,альфа-ОНФ т.б.) жүйелік әсер ете алады.Цитокиндерді атқаратын жұмыс бағытына сәйкес жүйелеуге болады: -
Иммундық қабынуға дейінгі медиаторлар (ИЛ-1,-6,-12, альфа- ОНФ т.б.); -
Иммундық қабынудың медиаторлары (ИЛ-5,-9,-10, гамма- ИФН т.,б.); -
Лимфоциттердің пролиферациясын және дифференциациялануын реттеушілер (ИЛ-2,-13,-14; өсуді трансформалайтын фактор –бетта ТФР); -
Жасушаларды өсіруші фактор, не колония ынталандырушы фактор (ИЛ-3,-7, т.б.); -
Хемокиндер, немесе жасушалық хемоаттрактанттар (ИЛ-8 және т.,б.).
Негізгі цитокиндердің қысқаша сипаттамасы (9.6-кестеде көрсетілген). Жасушалардың өзара тікелей байланысы екіжақтың құрамындағы рецепторлар арқылы өтеді.
Кесте 9.6.
Негізгі цитокиндердің сыпаттамасы.
Цитокин- дер | Молекула- сының көлемі (аминқыш- қылдық қалдық- тар) | Продуцент- жасуша | Рецептор | Биологиялық күшті әсері |
ИЛ-1 бета | 153 | Макрофаг | CD121 | Жергілікті әсер: Т-лимфоцит пен макрофагті белсендіру Жүйелік әсер: Септикалық шоктың дамуы |
ИЛ-2 | 133 | Активтелген Т1-хелпер | CD25,122, 132 | Жасушаның өмірсүрушілігін демейді Т-, В -лимфоциттер мен табиғи киллердің өсіп- өнуін демейді |
ИЛ-3 | 133 | Т-лимфоцит | CD123 | Жанжақты колониядемеуші фактор |
ИЛ-4 | 129 | Т-лимфоцит,табиғи киллер, тін базофилі | CD124,132 | Т0 –хелпердің Т2-жасушаларға ауысуын бағыттайды |
ИЛ-5 | 115 | Т2-хелпер,тін базофилі | CD125 | Эозинофилдерді белсендіреді,Иммуноглобулин Е сыныбының синтезін демейді |
ИЛ-6 | 184 | Т-лимфоцит,макрофаг | CD126,130 | Жергілікті әсер: Т-,В-лимфоциттердің өсуі мен талданылуын демейді Иммуноглобулин А сыныбының биосинтезін үдетеді Жүйелі әсер: Безгек тудырады Бауырда шұғыл фазаның ақуыздарының биосинтезін үдетеді |
ИЛ-7 | 152 | Сүйек майының жасушалары, гамма-дельта Т-лимфоцит | CD127,132 | ПреТ-, преВ- және гамма-дельтаТ -лимфоциттердің көбеюін қолдайды |
ИЛ-9 | 125 | Т2-хелпер | CD132 | Тін базофилдерін белсендіру |
ИЛ-10 | 160 | Т2-хелпер, макрофаг, В-лимфоцит | IL-10R | Иммуноглобулиндердің G4 сыныбына ауыстырылуын көтермелейді |
ИЛ-11 | 178 | Фибробласт | CD130 | ИЛ-3-ке қарсылас |
ИЛ-12 | 503 | Макрофаг,В-лимфоцит | CD132 | Т0 –хелпердің Т1-жасушаларға ауысуын бағыттайды Т-киллердің жетіліуін қолдайды Табиғи киллерді активтейді |
ИЛ-13 | 132 | Т2-хелпер | CD132 | Т0 –хелпердің Т2-жасушаларға ауысуын бағыттайды В-лимфоцитті активтейді Иммуноглобулиндердің Е сыныбына ауыстырылуын көтермелейді Іссікке қарсы әсері |
ИЛ-15 | 114 | Т-лимфоцит | CD122,132 | Т-лимфоциттер мен табиғи киллердің өсіп-өнуін колдайды |
ИЛ-16 | 130 | Т-лимфоцит, тін базофилі, эозинофил | CD4 | Т-хелперге,моноциттерге, эозинофилдерге хематтрактант |
ИЛ-17 | 150 | CD4+ иммунологиялық есте қалудың Т-лимфоциті | IL-17R | Эпителиалдық, эндотелиалдық, жасушалармен фибробластарды цитокиндерді синтездеуін қолдайды |
ИЛ-18 | 157 | Активтелген макрофаг | IL-1R (ұқсас CD121) | гаммаИФН- ді Т-лимфоцит пен және табиғи киллерлер мен синтездеуін мәжбүрлейді |
Гамма ИФН | 143 | Т1-хелпер, Т-киллер, табиғи киллер | CD119 | Марофаг пен табиғи киллерді белсендіреді Жасушаларда МНС 1, МНС11 сыныбының экспрессияналуын демейді Т1-хелпердің құрылуына, пайда болуына себебкер В-лимфоциттердің ісін бақылайды Ісікке карсы әсерлі |
ГМ-КСМ | 127 | Т-лимфоцит, макрофаг | CD116 | Сүйек майындағы миелопэздің өсімін көтермелейді |
Гамма-ТФР | 112 | Активтелген Т-лимфоциттер, моноциттер | гаммаTGF-R | Өте күшті иммуносупрессор Ангиогенезді қолдайды |
ФНО-альфа | 157 | Активтелген макрофаг, нейтрофил, табиғикиллер және тін базофилі | CD120 | Жерглілкті әсер: Инфекция жұққанда сыртқы тінде жергілікті ісіктің ошағын тудырады Тағы басқа әсерлер Жүйелі әсер: Симптомдық шоктың көрністерін тудырады |
МИФ | 115 | Т-лимфоцит | MIF-R | Моноциттің көшуін тежейді |
9.2.2.2. Иммундық жүйенің активтенілуі.
Иммундық жүйенің активтенілуі деп аллогенді факторлар (антигендер) мен макроорганизмге тінінің ыдыраған заттарына қарсы туған өнімді иммунды жауаптың дамуын атайды.
Ол күрделі, көп сатылы , ұзақ уақытқа созылатын ( 4 тәулікке жуық) процесс. Бұл уақыттың кезінде антигендерді бейспецификалық қорғаныс факторларымен заласыздандырылуының мүмкіншілігі жоқ..
Иммундық қорғаныстың осы түрін іске қосатын механизмі - Т-лимфоциттердің рецепторларының антигендерді тікелей «өзімдік не бөгде» деп ажыратуы. Антигендердің бөгделігі дәлелденген кезде иммунды жауап берудің екінші сатысы іске қосылады, яғни бөгде заттардың енуіне қарсы тұруға мүмкіншілігі жоғары қатаң спецификалығы бар лимфоцит-эффекторлардың қарқынды өсіп-өнуі басталады. Сонымен қатар, болашақ өмірдің кепілдігі, Т- және В- лимфоциттердің қоры жинала бастайды. Бұл көрніс клонның экспансиясы деп аталды. Айтылған процестен кейін иммундық лимфоциттердің реттелуі басталады.
Сонымен, иммундық жүйенің өнімді белсендірілуі иммунды жауапты жасушалар мен антигенге қарсы тұра алатын жасушалардың көбеюі және дифференциялануымен байланысты. Ал, антигендердің бұл процестердегі рөлі – жасушалардың тітіркендірушісі және клоналды сұрыптаушысы болу. Иммундық жүйенің белсендірілу механизмінің негізгі сатылары төменгідей.
Т-хелперлердің белсендірілуі. Бұл процесте міндетті түрде антиген-танушы жасушалар (АТЖ-АПК), дендритті жасушалар, В-лимфоциттер мен макрофагтар қатысады. Аталған жасушалар антигенмен кездесіп, оларды өңдеп, МНСll молекуласымен қостырып өздерінің сыртқы мембранасының үстіне шығарады. АПЖ беткейінде ко-стимулдеуші факторлар (СД40, 80, 86..) экспрессияланады. Солардың салмақты әсерінен спецификалық иммундық қабынудың алғашқы кезеңінде туындайтын сыртқы тіннің (тері, шырышты қабықша) заттары солардың күшті индукторы болып табылады. Егерде жоғарыда айтылған процестердің нәтижесінде антигеннің бөгделігі расталса, онда Т-хелперлер белсендіріліп, интерлейкиндер мен цитокиндерді шығара бастайды, одан әрі, басқа Т1-, не Т2-хелперлер түріне айналады. Айтылған процестердің қандай да болмасын сатысы өзгерсе Т-хелперлер дамуын доғартып апоптозға душар болады ( 10-сызбанұсқа).
В-лимфоциттердің белсендірілуі.
В-лимфоциттерді белсендіру үшін бірінің артынан бірі жүретін үш сигналдың қосындысы болуы қажет. Бірінші сигнал антиген молекуласынан ВЖР (В жасуша рецепторы) арқылы келеді. Алғашқы рет антигенмен байланысуы сол ВЖР арқылы өтеді. Екінші және үшінші сигналдар белсендірілген Т2-хелпермен түйіскенде туады (интерлейкиндер ИЛ-4,-5,-,т.б.;). Түйіскендіктің тыянақтылығын молекулалардың көп түрлі адгезиялық қасиеті анықтайды. Белсендірілу нақтылы спецификалық антигендерге В-лимфоциттердің көбеюін және дифференцияналуын ынталандырады. Соның нәтижесінде лимфоидтық фоликулалрда спецификалық антидене синтездейтін жасушалардың клоны пайда болады. Дифференциялану М және D сыныбындағы иммундыглобулиндерінің биосинтезделуінің үнемді А, G, Е (сирек жағдайда) сыныбына ауысуына мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде синтезделген антиденелердің аффиндылығын және В-жасушалардың иммунологиялық жауап тудырушылығын күшейтеді. В-лимфоциттерді белсендіру өте сезімтал процесс. Демеуші жасушалардың біреуінің жоқтығы антидене арқылы өтетін иммунитет жауабын тежейді. (11-сызбанұсқа)