Файл: С. Ж. Асфендияров атындаЫ аза лтты медицина университеті б. А. Рамазанованы жне . дайбергенлыны редакциялауымен шыарылан медициналы микробиология.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.03.2024
Просмотров: 264
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі уақытта вакцинопрофилактика үшін 40-тан астам вакцинаның түрі қолданылады, олардың жарымынан көбі тірі вакцина қатарына жатады (13.2-кесте).
Кесте 13.2.
Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналардың тізімі.
Вакцинаның түрі | Вакцина | Вакциналық штамның аты | Қорғау коэфициенті | Авторлары |
Бактериалық түрі | Обалық Туляремиялық Түйнемелік Бруцеллездік (Сарып ауруы) Туберкулездік Ку-қызбалық | Е 15 СТИ-1 19 ВА БЦЖ М-14 | 10 50-100 50-100 10-30 10 50-100 | Г.Жерар, Ж. Робик, Б.Эльберт Н. Гайский Н. Гинзбург, Л.Тамарин П.Вершилова А.Кальмет, К.Герен П.Здродовский, В.Гениг |
Вирустық түрі | Қара шешектік Қызылшалық Тұмаулық Полиомиелиттік Паротиттік Сары безгектік Жылқының венесуалдық энцефаломиелиттілік | Листер, М-63 Л-16, ЭШИ т.б. Ленинград т.б. 1,2,3 типі - 17Д « Дакар» № 230 | 500 20-30 2-3 50 50 100 10 | С.Мареникова т.б. А.Смородинцев М.Чумаков т.б. А.Смородинцев т.б. А.Сэбин, М.Чумаков А.Смородинцев т.б. Ш. Рид т.б. А.Воробьев т.б. |
Анатоксиндер | Дифтериялық (Күл) Сіреспелік Ботулизімдік (А, В, С, .Д, Е) Секстанатоксин | - - - - | 100 100 100 100 | Авторлар қауымы - А.Воробьев А.Воробьев т.б. |
Белсендігі жойылған бактериалық | АКДС (адсорбталған көкжөтел- дифтерия-сіреспелік) Іш сүзектік Бөртпе сүзектік | - Патогенді штамдар - | - 5-10 10 | |
Белсендігі жойылған вирустық | Тұмаулық А -гепатитік Ұшықтық Кене энцефалиттілік Құтыруға қарсы | - - - - - | 2-3 5-10 5-10 10 10-30 | |
Генді - инженерлік | В-гепатитінікі (ашытқылы) | Ашытқының рекомбинаттық штамы | 10 | Авторлар тобы |
Қолданылатын вакциналардың негізгі түрлері және олардың сыпаттамалары кестеде келтірілген. Кестеден вакциналардың бірімен бірі арасында көп айырмашылықтары бар екенін көруге болады. Соған қарамастан вакцинаны қолдану керек екені күмәнсіз, оған егілген адамдардың ауырған және өлімге душар болған сандарының көп төмендегені және экономикалық жетістіктер куә бола алады. Қазіргі уақытта инфекциялық аурулармен күресу жолында вакцинациялау ең нәтижелі тәсілдің біреуі. Көп уақытқа дейін тірі, не өлі вакцинаның нәтижелі екені туралы әртүрлі көзқарас болды. Нәтижесінде келесідей тұжұрым туды: вакцинаның қай түрі болмасын қорғаныш көрнісінің жоғарғы деңгейін тудырса, инфекциялық аурулардың санын төмендетуде нәтижелі болса, вакцинацияланған адамдарға зыянды әсерін тигізбесе, сол вакцина қолданылуы керек.
Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар бар. Вакцинацияға қолданылатын препараттар төменгідегідей шарттарға сәйкес келуі керек: иммуногенді, қауіпсіз, реактогенсіз, аллергиялық тітіркендіру тудырмайтын, тератогендік , онкогендік касиеті жоқ ; вакцина дайындалатын микробтардың штамы генетикалық тұрақты болып, ұзақ уақытқа дейін сақталуы, оның өңдру процесі жеңіл және қолдану тәсілі қарапайым, жаппай қолдануға мүмкіншілігі болу керек.
13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
Вакцина егудің көрсетімі жұқпалы аурудың пайда болуы, немесе оның жайылып кету қаупі, не адам арасында эпидемияның басталуы болады. Жаппай вакцинациялау өткізгенде вакцина қолданудың қарсы көрсетімі есепке алынуы керек, өйткені қандай вакцина болмасын қолданған кезде, денсаулық жағдайының ауытқуына байланысты, жағымсыз жанама асқынулар тудыруы мүмкін. Қарсы көрсетім әрбір вакцина түріне анықталып, қолдану нұсқауында көрсетіледі. Вакцина қолданудың барлығына ортақ қарсы көрсетімі келесілер:
жедел жұқпалы, не жұқпалы емес аурулар;
аллергиялық жағдайлар;
орталық жүйке жүйесінің аурулары;
паренхиматозды органдардың созылмалы аурулары (бауыр, бүйрек);
жүрек-қантамыры жүйесінің күрделі аурулары;
дамыған иммундытапшылықтар;
қатерлі ісік аурулары.
Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы, еккен жердің қызаруы нұсқауда аталған-дардың шегінен шығып кетпесе ол қарсы көрсетім болып саналмайды.
13.2.2.12. Вакцина егудің күнтізбесі
Әрбір елде, соның арасында Қазахстанда (Денсаулық сақтау министірлігімен бекітілген) вакцина егудің күнтізбесі бар. Онда қай жаста, қандай вакцинаны, қай жұқпалы ауруларға қарсы егу түрлері анықталып, ретімен негізделген. Мысалы, балалық шақта (10 жасқа дейін) әрбір адам міндетті түрде туберкулезге, қызылшаға, полиомиелитка, көкжөтелге, күлге, В гепатитіне, сіреспеге қарсы егілуі керек, ал өте қауітпі ауруларға ( эндемиялық аудандарда) сол ауруларға қарсы қосымша егу жүргізіледі.
Сонымен қатар, әрбір ел вакцинамен профилактика жүргізуде өзінің азаматтары үшін жеке бастың құқын, міндетін және де егу ісін жүргізетін мекемелердің, жауапты қызметкерлердің құқын, міндетін және жауаптылығын заң түрінде анықтайды.
13.2.3. Бактериофагтар
Бактериофаг бактериаларды зақымдайтын вирустардан алынған иммундыбиологиялық препарат. Ол бірталай бактериалық жұқпалы ауруларға диагноз қоюда, алдын алуда және емдеуде қолданылады (іш сүзегі,дизентерия,тырысқақ т.б.). Бактериофагтың әсер ету механизімі олардың тек қана өзіне тән бактерияларда өсіп -өніп, оларды ерітуіне негізделген. Яғни, бактериофагтармен арурудың алдын алу және емдеу спецификалық тәсілге жатады. Осы принципке фагодиагностикада бактериаларды арнайы индикациялау мен индентификациялау да жатады. Бактериофагтарды басқа ИБП-лар мен қатар эпидемия уақытында аурудың алдын алу үшін және де диагнозы дәләденген ауруларды емдеу үшін қолданады.
Бактериофагтарды таза күйінде алу үшін оларды сәйкес бактерияалардың дақылында өсіріп содан кейін қоректік ортаның сұйығын сүзіп бактериофагтарды бөліп шығарады. Сүзінді сұйықтықты лиофилді тәсілмен кептіріп бактриофагтарды таблетка түрінде шыға-рады. Бактериофагтарды суспензия түрінде де дайындауға болады. Бактериофагтың әсер ету күшін титрмен анықтап 1 мл. суспензиядағы, немесе 1 таблеткадағы бактериофаг бөлшектерінің санымен есептейді.
Аурудың алдын алу, не емдеу үшін бактериофагтарды ауыз қуысы арқылы, не сыртқы жараны өңдеуге ұзақ уақыт қолданады. Бактериофагпен аурудың алдын алу, не емдеу нәтижесі орташа қалыпты.
13.2.4. Пробиотиктер
Пробиотиктер адам ішегінің қуысын мекендейтін қалыпты микробтарының арасынан алынған патогенсіз, бірақ тірі микробтардың дайындалған ИБП-лар. Олар адам денесіндегі қалыпты микробтар түрі, саны бұзылған кезде (дисбактериоз) соларды қайта қалпына келтіру, не соның зардабынан пайда болған ауруды емдеу үшін қолданылады.
Пробиотиктерді әртүрлі жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың әсерінен, экология және кәсіпке байланысты болған дисбактериоздардың алдын алуға және емдеуге қолданады. Сонымен қатар, олар екіншілік иммундытапшылықта, немесе дұрыс тағамданбағанда қолдануға қажет болады. Дисбактериоз көрнісі халық арасында көп тарағандықтан, оның этиологиялық пайда болу себебтері әр түрлі болатындықтан пробиотиктер жаппай қолданылатын препараттар тобына жатады.
Кең тараған пробиотиктерге жататындар: «Колибактерин», «Бифидумбактерин», «Лактобактерин», «Бификол», «Субтилин». Пробиотиктердің құрамына ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобактериялар, субтилис бактериясының спорасы, не олардың қосындылары кіреді.
Пробиотиктер лиофилді тәсілмен кептірілген, тұрақтатушылар қосылған құрғақ ұнтақ, не таблетка түрінде болады. Өлшемі бір таблеткадағы, не бір грамдағы микробтар санымен көрсетіледі.
Казіргі уақытта қышқыл сүт өнімдері «Био-кефир», «Бифидок» кефирі кең қолданылады.
Пробиотиктердің құрамында тірі микробтар болғандылықтан олар арнайы жағдайда сақталынуы керек (белгілі температура, күн сәулесі түспейтін..).
Пробиотиктерді ұзақ уақыт (1 айдан 6 айға дейін ), күніне 2-3 рет, әдетте басқа емдеу тәсілдерімен қатар колданады.
13.2.5.Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар.
Антиденелер ағзаның иммундық жағдайын анықтайтын және көптен-көп иммуно-логиялық реакцияларға қатынасатын иммундыреагенттердің санына жатады. Олардың құрылысы және атқаратын міндеті әртүрлі.
Антигендердің тегіне және қасиеттеріне сәйкес оларға қарсы пайда болған антиденелер антибактериалық, антивирустык, антитоксикалық, қатерлі ісікке қарсы, лимфоциттерге қарсы, трансплантацияға қарсы, цитотоксиндік, рецепторлық т.б. түрлері болуы мүмкін.
Осыған байланысты антиденелер негізінде жұқпалы, не жұқпалы емес аурулардың алдын алу, диагнозын қою және емдеу, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жүмыстары үшін көптеген иммундыбиологиялық препараттар жасалған.
Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төменгідей:
Иммунды қан сарысулары.
Иммундыглобулиндер (бүтін молекулалы және доменды).
Моноклоналды антиденелер.
Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер.
Абзимдер (антидене –ферменттер).
13.2.5.1.Иммунды қан сарысулар. Иммундыглобулиндер.
Иммунды сарысулармен аурудың алдын алу, не емдеу ертеден белгілі. Беринг алғашқы рет күл ауруына қарсы антитоксикалық қансарысуын қолданған еді. Осы заманда антитоксикалық сарсулармен қатар антибактериалық, антивирустық сарысулар аурудың алдын алу және емдеу үшін қолданылып жүр.
Иммунды сарысуды алу үшін жануарды (жылқы, есек, кейде ор қоян) арнайы антигенмен (анатоксин, бактерия не вирус дақылы, не олардың антигені) гипреимунизациялау тәсілі қолданылады. Антидене түзілудің ең жоғары деңгейінде малдың қанын толығынан ағызып, одан сарысуды дайындайды. Жануарлардан алынған иммунды сарысуды гетерогендік деп атайды, өйткені онда адамға бөгде ақуыз бар.
Ауырып сауыққан адамдарадан, не арнайы иммунизацияланған донор адамдардан, не жатырдан, не түсіктен кейінгі қанның құрамынан алынған, не вакцинациялаудан кейін пайда болған антиденелер бар иммундық сарысулар гомологиялық деп аталады. Әрине гомологиялық сарысуларды пайдалану жағымды және қолайлы. Алынған сарысу тазартылады, өйткені оның құрамында керексіз ақуыздар болады. Тазартылған, концентрацияланған сарысуда тек қана имундыглобулиндер қалады. Тазарту үшін спиртпен, не ацетонмен суық жағдайда тұнбаға түсіру, ферментпен өңдеу, аффиндық хроматография және ультрасүзу әдістері қолданылады.
Иммунды сарысудың белсенділігін антитоксикалық өлшеммен, вирусты бейтараптау титрімен, гемагглютинациялық, преципитациялық, агглютинациялық белсенділігімен есептейді. Титр дегеніміз антидененің антигенмен көрністі спецификалық байланысқа түсетін ең төменгі өлшемі. Мысалы, сіреспе антитоксикалық сарысу антитоксикалық бірлігімен ( АБ, АЕ), не халықаралық бірлігімен (МЕ) өлшенеді.
Иммунды сарысулар мен иммундыглобулиндерді арудың алдын алу және ауруды емдеу үшін колданады. Токсинемиялық ауруларды (сіреспе, ботулизм, күл, газды гагрена) сарысулық препараттармен емдеген өте нәтижелі. Сонымен қатар, кейбір бактериялық және вирустық ауруларды (қызылша, қызамық, оба, түйнеме т.б.) емдеуге болады. Емдеу үшін мүмкіншілікке қарай сарысуды ертерек және жоғарғы өлшемін бұлшық ет ішіне еңгізу қажет.
Аурудың алдын алу үшін қолданылатын иммунды сарысудың өлшемі төменірек. Әдете ол ауру адаммен қарым-қатнаста болған адамдарға енжарлы имунитет құру үшін колда-нылады. Иммунитет бірнеше сағат арасында пайда болып, гетерологиялық сарсудан 2-3 жұма, ал гомологиялықтан кейін 4-5 жұма сақталады.