Файл: Iii триместр і модуль Клік жне логистика лексикалы таырып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.03.2024

Просмотров: 62

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1. «Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ тәрбиесінің негізі» атты презентация дайындаңыз
2-сабақ

Бауырмалдық және кеңпейілділік – адамның ең бір асыл қасиеттері
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

құндылық – ценность

гуманистік дәстүр– гуманистические традиции

адам – человек

тұлға – личность

мән – значение

тарихи формалар– исторические формы

құндылық нысаналары – объекты ценности

эстетикалық құндылықтар – эстетические ценности

құндылықтар табиғаты– природа ценностей

өмір – жизнь
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОҒАМ МЕН АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ

Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.

Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және өзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің түрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік-саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалық материалистік философия оларды қарастыра отырып, әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке тұлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.

Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз қосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға) берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семья), білім ғылым, өнер және басқа тармақтарға бөлуге болады. 


Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әрдайым аса жоғарыболды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.

Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен-өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана-сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз) деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар табиғаты, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.

Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады... Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этика-эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтың, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
АЙТЫЛЫМ

3-тапсырма. Мәтінді оқып, топпен талқылаңыздар:

Рухани-адамгершілік тәрбиесі – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез-құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.


Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты үрдіс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

ЖАЗЫЛЫМ

4-тапсырма. Мәтінді өз ой-пікіріңізбен аяқтаңыз.

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз-өзін сыйламайды.
2 СӨЖ тапсырмасы:

1. Ғаламтордан адамгершілік туралы 10 нақыл сөз табыңыз.

3-сабақ

Адами құндылықты насихаттау. Танымдық-ақпараттық мазмұндағы мәтінді сипаттау, суреттеу, бағалау және қорытындылау
ТЫҢДАЛЫМ

1-тапсырма. Төменде берілгенсөздерменөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.

ұлттық құндылықтар – национальные ценности

адамгершілік – нравственность

ар тазалығы – чистая совесть

жалпы адамзаттық қасиеттер– общечеловеческие качества

халық педагогикасы – народная педагогика

мәдени ұлттық дәстүрлер– культурные национальные традиции
ОҚЫЛЫМ

2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек.

Еркіндік пен демократия қанатын жайып, экономикасы дамып, келешегі даңғыл қазақ еліндегі білім жүйесі де күрделі реформаларды басынан кешіріп, ұлы көшке еруде. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру біздің алдымызға үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол – жеке тұлғаның және қоғамның, «Парасатты экономиканың» қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекелестікке қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыру.


«Қытайлықтар ұлы қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтар мен бай тілін мақтан етеді», - деген екен ұлы кемеңгер жазушы М.О. Әуезов. Келе жатқан ғаламдану кезеңінде ұлы жазушымыз атап айтқан ұлттық құндылықтармыз бен бай тілімізді келер ұрпаққа жеткізуде мектептің ролі менұстаздар қауымының алар орны ерекше және күн тәртібінен түспес өзекті мәселе болып қалуы керек. М. Жұмабаев кезінде: «Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры – мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі.

Келешек ұрпақты ұлттық құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге тиіспіз. Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Бізді де осы үрдістен алып шығар-ежелден қалыптасқан ұлттық құндылықтарымыз және білімді ұрпақ. Сол себептен жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз – ұлттық құндылықтар болуы қажет.

Біз интернет жүйесімен жаңа озық технологиямен, тіпті ғарышты игерумен ғаламды таң қалдыра алмаймыз. Санаулы жылдардан кейін еліміздегі барлық мектептердің материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай болатынына шүбәміз жоқ. Сонда басқа елден немен ерекшеленеміз? Әрине ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тіліміз, ділімізбен, қазақстандық менталитетімізбен ғана ерекшеленеміз. 2007 жылғы шілдеде қабылдаған ҚР «Білім туралы» заңының 11 бабында «Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері жасасып келе жатқан бай ауыз әдебиетінде сақталған. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.

Баланың бойына ұлттық құндылықтың нәрін сеуіп, азамат қылып өсіру ұстазға да байланысты. Тәрбиенің түп қазығы мұғалімнен бастау алады. Сондықтан да ұстаздың білімді де білікті болуы керек. «Білім туралы» заңда «Педагогикалық қызметкер мәртебесі» бөлімінің енгізілуі бізді қуантады әрі үлкен жауапкершілік жүктейді.