Файл: Куpcты Жмыc тaыpыбы Оpындaaн aбылдaaн араанды2021 Жоспар Кіріспе.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Биік-биік үйлер. Сол көшенің бойында екі есік. Бірінде «Әкімшілік», екіншісінде «Казино» деген жазуы бар. Автобустың келіп тоқтағаны естіледі. «Абай атындағы аялдама! Әй,шал, сен осы жерден түсесің. Здаш жоқ. Все. Кеттік. Келесі аялдама - «Біржан сал» деген жүргізушінің дауысы.

-Тоқта, шал. Стой!

-Ал, тоқтадық, шырағым (бұл Абайдың сөзі)

-Қоржыныңда не бар? Шығар, наркотик пе?

-Наркотыңды білмедім. Мұның ішінде ...

-Иә, ішінде не бар?... Уақыт жоқ. Давай.

-Халқымның мұңы мен зары бар! –

О-хо-хо-хо! Халқым дейтін кім едің сонша?

-Ел ардақтаған Қыдыр атамын.

-Бар, бар жөніңмен. Қайқай, әйда! Адақтай бер елді.

АБАЙ: Үһ! Қазағымның кең даласын түгел адақтап шықтым десем, кім сенер. Арқа мен Атырау, Алтай, Бетпақдала мен Жетісу... Қалмақтан арашалап қалған жер халқымның игілігінде екен. Бәрі сатылған мына заманда саудаға салып, бұлдап жібермепті, оған да шүкір.

Қажыдық, қайғы ойладық ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Ісін сатпай, мөлиіп көзін сатып,

Жұрттың бәрі бұл күнде болды аларман.

АБАЙ: Құлға бостандық берсең, құдыққа құлап өледі деген. Бір-бірін алдаған, арбаған, тонаған халық. Сонда мұның аты қазақ болғаны ма?

КҮТБАЙ: Ал,ақсақал, келген шаруаңа көш. Уақыт тығыз. Алдын-ала кесіп айтайын, ауылдан қаланы сығалап келіп жүрген біреу шығарсыз, прописка жасай алмаймын, пәтер бере алмаймын. Кезекте кісі көп. Материалдық көмек және таусылды. Кассада тиын-тебен қалды. Зейнетақыңды көтере алмаймын. Бюджетте ақша жоқ. Бала жетелеп келсең оқуға түсіре алмаймын. Оған тамыр-таныстық, ең бастысы ақша керек. Сосын не?

АБАЙ: Жетті, Күтбай,жетті. Алла риза болсын. Тек қояр бір сауалым бар. Әлгінде депутат болам деп бар уәдеңді үйіп-төгіп қазақ баласын бұрын-соңды көрмеген мырғамға батырып ең ғой.

Қайда кетті соның бәрі?

КҮТБАЙ: Ой, ақсақал-ай сізде бір... Уәдеде не тұр. Айтылды, сенді, бітті. Кейін кім тексеріпті.

АБАЙ: Ей, Күтбай шырақ, сенің ел алдап әкім болғаныңды алаяқтықпен депутат атанғалы жүргеніңді ана жерде, биікте отырған үлкен кісіге айта барсам қайтеді? Менімен оның ағайындығы бар еді.

КҮТБАЙ: Не дейді? Үлкен кісі? Келген бете-ақ айтпайсыз ба, ақсақал-ау? Үлкен кісі... Сонда сіз ағасысыз ба?

АБАЙ: Иә ағалы-інілі...

КҮТБАЙ: Тұрекеңнің бе, кәдімгі?

АБАЙ: Одан да биіктеу.

КҮТБАЙ: Апыр-ай, Нұрекең бе?

АБАЙ: Таппадың, Күтбай әкім.

КҮТБАЙ: Одан биік пәнде баласы жоқ қой (дағдарып). Енді қайттім?


АБАЙ: Бар болғанда қандай! Құрекең! Ұмыттың ба немене? Құдайды ұмыттың ба антұрған?! Ең үлкен иман – таразы сол! Баяғы құлқын бір құлқын!

Баяғы, баяғы, баяғы бәрі! Заман қанша құбылса да пәндесінің ниетін тазалай алмаған екен... Әттеген-ай! Аманат қоржынды табыстар адам таппадым-ау...

ҚОҢҚИ: Онда жүр, бүгінгі жастарыңды көр («Казиноға» жетелейді). Өнерін тамашала. Көңілің сүйсінсін. Жүр,жүр...

АБАЙ: Осы заман жастары ма? Жә, жүр онда.

АБАЙ: Аллам сақтасын. Жын-перінің ойнағы ғой мынау. Қайтпасам болмас мәңгілік мекеніме. Әттең, қоржын, қоржын, кімге аманаттасам екен?

ҚОҢҚИ: Тұра сала неге қаштың? Жастар аташкі жақсы екен деп жатыр. Абайға ұқсаған дейді. Мен орталарына түсіп билеп те жібердім. Гак-калина, гак-калина гамая. Еду я... Көрдің бе?

АБАЙ: Қазақтың қайғысы тойған жерінде қалады. Солай, солай.

АБАЙ: Бір қадақ ар бер, екі қадақ ұят бер, таудай талап бер, таусылмас намыс пен жігер бер, тарыдай бақ бер.

ӘЙЕЛДЕР: Ойбай, оны қайдан таптық?

-Қоржыныңыз толы доллар ма? Өңшең қымбат нәрсе сұрадыңыз.

-Жож...жоқ, бізде жоқ, бәрі түгесілген Келмеске кеткен. Қазір шығармайды.

ҚОҢҚИ: Ендеше маған көсіп-көсіп арсыздықтан, ұятсыздықтан сал. Намыссыз нәйістіктен, өтіріктен, жаладан, ойнақтан өлшеп-өлшеп, кесі-кесіп бере қойыңдар.

ӘЙЕЛДЕР: Бұл сұрағандарыңыз табылып қалар.

АБАЙ: Бастарың байлы ма, шырақтарым? Менің Әйгеріміме ұқсаған жан екенсің. Уа, дариға-ай!

ӘЙЕЛДЕР: Бай бар, ата. Жұмыста.

-Бай жоқ, ата. Өліп қалған.

АБАЙ: Қызылшақа кішкенелерің өсіп жатыр ма?

ӘЙЕЛДЕР: Садикте.

-Ала таңнан сүйреп апарып тастаймыз

-Тамақ асырау керек, сауда жасаймыз.

АБАЙ: Кішкенесінен ананың жылуына, әкенің мейіріміне шөлдеп, жарымай, ортақ қазанда өскен бала жатбауыр болмай қайтсін

АБАЙ: Бір Аллаға аманатсыңдар!

ЖІГІТ: Ата, Абай ата.

ҚЫЗ: Ата ЖІГІТ: Абай ата біз сізді іздеп шарламаған жеріміз қалмады.

ҚЫЗ: Табанымыздан таусылдық.

АБАЙ: Жайшылық па, қаорақтарым?

ЖІГІТ: Былтыр үйленерде сіздің ескерткішіңізге гүл қойып,ұлымыз болса, атын Абай қоямыз дегенбіз.

ҚЫЗ: Қыз болса Әйгерім...

ЖІГІТ: Ұлымыз бар, ата. Атын өзіңіз қойып беріңіз

АБАЙ: Кішкене екен өзі. Маңдайы жазық, қыран қабақ жігіт болғалы тұр екн. Тфә, тфә, тіл көзден аулақ. Атыңды Абай емес, Абайла деп қойдым. А-бай-ла! Еліңнің үзілмеген үмітін сенің қолыңа бердім. Саған аманат, Абайла. Жез бұйдалы халқыңды болашаққа өзің жетелеп апар.

Мынау қоржынды ержетіп, оңы мен солын, баысы мен шығысын, досы мен қасын анық таныған соң табыстарсыңдар! Аманаттың жүгі ауыр. Абайла, бауырым, абайла!



ЖІГІТ: Рахмет, ата!

ҚЫЗ: Аманатыңызды орындаймыз.

АБАЙ: Хош, менде қайттым, мәңгілік мекеніме. Ризамын тағдырға. Жасаған ием қазақ дейтін халықтың ұлы ғып жаратып, басыма сана, тіліме бояу, қолыма қалам берді. Жарқыратып маңдай, жабылдырып дұшпан берді. Алдымды сағым, артымды сағыныш қып өмір берді. Бәріне де шүкір, ана. Бір жарым ғасырдан соң оянып кетіп, еліме қайтып оралып ем, орталарыңа бір Абай сыймады. Ел жаңарған, жасарған. Әттең, тереңіне бармай бетінен қалқиды, ойсыз сәби секілді [81-92б.].

Өзінің мүддесі үшін олар ешқандай зорлық-зомбылықтан, кісінің қанын төгуден, бір үйлі жанды сойып, тонап кетуден қашпайды. Бұлардың азғындауы – аштықтан емес, имансыздықтан, өзімшілдіктен, тойымсыздықтан, ашқарақтықтантуған нәрсе. Ендеше, бұндай адамдардың адами болмысы-оу бастан шірік, арам. Реті келіп, өздері қалаған жағдай туғанда олар тағылыққа көшіп, жабайы әрекеттерін іске асырады.

Міне, осындай адамдардың ішкі дүниесін ашып, оларды психологиялық тәсілімен әшкерелеу – көркем әдебиеттінің бүгінгі таңдағы өзекті міндеттерінің бірі. Әшкерелеп қана қою емес, сондай былықты, зияпатты істердің алдын алып, адамдарды сақтандыру, сол арқылы қоғамды тазарту, жетілдіру – әдебиет пен өнер үшін зор мақсат. Жазушы осы мәселелерді көркем тілмен зерттей де, зерделей де білген. [1, 5]

Кейінгі жылдары Рақымжан Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» прозалық жинағы жарық көрген. Кітаптың көтерер жүгі ауқымды. Жазушы мұнда əртүрлі мəселелер бойынша ой-толғамын ортаға салады. Кітапта «Американың ұлттық байлығы» деген əңгіме бар. Оқиға қарапайым қазақ даласында, Қошалақтың құмында өтеді. Мұндағы бар əңгіме аңшы Қапардың төңірегінде өрбиді. «Аңшы дара ауыз мылтығын құндағынан омырып, майға шыланған матамен қайта-қайта ысқылай сүрткен. Төңірекке «Қапардың қанды ауызы» атанып кеткен мылтықтың шынболатына өң кіріп, жылтырай қалды» деген суреттен Қапардың кəнігі аңшы екенін білуге болады. Күн сайын қанжығасы майланатын Қапардың «Ырысы алысқа шашыраған мына біз шығармыз» дейтіні де содан. Ал, жазушы айтып отырған Американың ұлттық байлығы не? Бұл – кəдімгі шибөрі. Ал, Қапар шибөрі аулайды. Осы жерде бір ауыз əзіл сөзден адамның жан күйзелісі туады. Жетес аңғал Қапарға шибөрі деген Американың ұлттық байлығы деп əзілдейді. Əрине, əуелі Қапар шибөріні «Қасқыр мен түлкінің ортасынан шыққан жаман шата» деп ойлағанымен, бірте-бірте Жетестің сөзіне сене бастайды. «Ау, ау, айдың-күннің аманында ұлттық байлыққа мылтық кезеніп не көрінді, Қапеке-ау? Сорың шындап қайнаған екен!» деп Жетес одан əрі отқа май құя түседі. Тіпті сендіру үшін «Техникасы мен адамы көбейген соң Американың жері тарлық етіп, осы шибөріні Азия мен Африкаға əкеліп жіберген. Азия дегенің – түп-тура Қошалақ» деп сөзін тағы да қуаттап қояды.


Ал Қапар «Сонда ол жазғандардың шибөріден басқа байлығы құрып қалып па?» деп сыр білдірмесе де, бəрібір қорқа бастайды. Бұл сөзден шындап құты қашады. Жалпы, бұл шығарма Қапардың жан күйзелісімен аяқталады. Кезінде дала тағыларын атып күн кешкен аңшы енді бұл ісіне өкінеді. «Бұ дүниеде жиғаным, о дүниеде иманым бұйырмай кететіндей сұрауым жоқ па?» деп опынады. «Шəуілдеген жаман шибөрі Американың ұлттық байлығы болсын. Мен сонда Қазақстанның кімімін?» деп қорланады. Шығарманың негізгі идеясы – дүниеде əрбір нəрсенің сұрауының болатындығы. «Қытайдан жеткен сəлемдеме» əңгі- месінде де жазушы адам пси хологиясын терең зерттейді. Əуелі мұнда адам тағдыры сөз болады. Тыныш қана өмір кешіп жатқан Өмірбайдың өмірі Тақай қытайдан келген соң бұзылады. Тақай құр келмей, магнитофон алып келіпті. Магнитофонды көрген сайын Əсемай есіне түседі. Негізі Өмірбай тағдырлы адам. «Ақ қашып, қызыл андағайлап қуған аласапыранда əке-шешесі үркіншілікке ұшырап шекара асыпты. Құлжа маңына табан тіреп, қоңторғай күй кешті. Өзі жалғыз ұл боп бұлғақтап өсті» деп жазушы кейіпкерінің бейнесін ашады. «Əкесі айттырған қызды алған. Төсек қызуы басылмай жатып төрт аймақты дүрліктіріп бүлікті бастаған Оспан көкесі ғой.

Тар бұғауға сыймай, алдымен байырғы үкіметпен ұстасып, кейін гоминданға қарсы шапқан» Өмірбайдың тағдыры тым аянышты. Жары Əсемай мен қос ұлын Алтайды жайлаған қайын жұртына аттандырып, содан бері отбасын қайта көре алмайды. Жар мен ұл шекараның арғы бетінде қалып қояды. Кейіннен Оспан батырмен болған əрекетіне байланысты Қытай заңынан қорыққан Өмірбай əйелінің де, балаларының да жоқтығын айтып, басын алып қашады. Осы сəттен бастап шығарманың алдына Өмірбайдың жан азабы шығады. «Өмірбай еңкілдеп жылап төсекке құлады. Құлап жатып көрпені бүркенді. Ыстық жас тарам-тарам боп екі бетін күйдірді». Жан азабы – өмірдегі ең ауыр азап. Жазушы əртүрлі кейіпкерлерінің өмір жолы арқылы оқырмандарға осы ойды айтады.

«– Аллам-ау, деді амалы таусылған аңшы үні тозып, мұржаға сүйене кетіп. – Шәуілдеген жаман шибөрі Американың ұлттық байлығы болсын. Мен сонда Қазақстанның кімімін? Өкпесіне тебер өгейімін бе? Бұ дүниеде жиғаным, о дүниеде иманым бұйырмай кететіндей сұрауым жоқ па? Оң қол қиянатқа жүгірсе, сол қол арашаға ұмтылмас па?.. Бұл ел ел ме әлде ашық-тесік жатқан малқора ма?.. Көзінен екі тамшы жас езіліп түсті»,– міне, ...

«Осы жұртта ес бар ма өзі? Таң торғайы шырылдағанда басталған қаңқу қара қарға қанатын жайып, қонар ұясына қайыра ұшқанда қиқуға ұласып, айналаң арқасы бар бақсыдай зікір салып, арпалысады да жатады. Берместің пұлын, көрместің көзін сұраған өңшең қайыршы қайдан ғана қаптап жүр осы?» – бұл мекемесі банкрот болған бүгінгі араны ашылған пасық адамның ойы. Осыдан-ақ оның халыққа жаны ашымайтын кісәпір екенін көруге болады. Тек құлқынының қамын ғана көздеген бас кейіпкердің өзімен-өзі сөйлесуі шығарманың түпкі ойын көркем көрсетеді. Осы арқылы жазушының сыны кекесінмен көрініс тауып, улы сарказмын . Жазушы қол астындағы жұмысшыларға, елі мен жеріне жаны ашымайтын бастықтарды осылай әшкерелейді, астарлы сөзбен масқаралайды. [6, 5-6 б.]


2. РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ
2.1 Р. ОТАРБАЕВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ИРОНИЯ

Қазіргі қазақ прозасындағы баяндау арнасынан туындап жататын үстем пафос, көркемдік құралдар мен стильдік әдіс-тәсілдер туралы айтқанда, иронияның мейлінше белсенді қолданысын байқауға болады. Ол шығарманың тілдік-стильдік құрауыштары болып келетін мәтіннің жекелеген тұстарынан да, сондай-ақ тақырып пен авторлық идеяның өзегіндегі концепуальдық мәннен де айқын аңғарылып тұрады.

«Ирония» терминінің мағынасы кең: ол, бір жағынан, эстетикалық категория (жазушы шығармашылығындағы сатира мен юмор секілді күлкілілік категориясы ретіндегі көркем суреткерліктің басты принциптерінің бірі), екінші жағынан, стильдік тәсіл (ирониялық мағына тудыратын тілдік құрал) ретінде қарастырылады.

Иронияның негізгі белгісі – тура айтылған сөз мағынасының шынайы мәніне сәйкес келмеуі. Иронияның бұл сипаты туралы Т.Б.Любимова «Күлкілілік, оның түрлері мен жанрлары» деген еңбегінде былай дейді: «Ирония айтылған сөздің мағынасы айналдырылып, объект туралы шын пікірге қарама-қарсы пікір айтылғанда пайда болады» [7,52].

Ирония, сондай-ақ, ирониялық модальдылық тудыруға септесетін стильдік әдіс ретінде де қарастырылады. Иронияның тілдік табиғаты мен қызметтік сипаттамасы тұрғысынан мәтінде пайымдалатын әдеби-кітаби лексика, жағымды-жағымсыз бағдарлы эмоциональды- бағалаушы лексика, түрлі мән-мағыналық стилистикалық қолданыстар ирониялық эффект тудырады.

Қазақтың көрнекті жазушысы Р.Отарбаев прозасында ирония эстетикалық категория ретінде де, стильдік тәсіл ретінде де өнімділікпен көрініп отырады. Суреткер сатира мен юмор орайында иронияның стильдік қызметін тиімді пайдаланады. Оның шығармаларында, соның ішінде әңгімелерінде де ирония ойнақылықпен астарланып, бүгінгі өміріміздегі мәнсіздіктер мен жөнсіздіктерді бейнелеп, қоғам мен адам бойындағы міндерді бетке шығарады.

«Айна» әңгімесінің басындағы көнеден келе жатқан айнаның өз-өзінен жерге құлап түсіп, пәрше-пәршесі шығуы бір жаманаттан хабар беретіні аңғарылады. Шынында да, бұл әулеттегі бүгінгі қалыптасқан ахуалды айқындайтын біршама ақпарат аз ғана деректермен көркем бейнелеу арнасында алдымыздан шығады. Нарыққа бейімделіп, пайда табам деп келекеге айналатын шал мен оның жөнсіз іс-әрекетін айыптап отыратын кемпірі, екі ұлы мен жалғыз қызы Жангүлімнің іс-әрекеттері мен жағдайлары көрінеді. Шалдың өзі әуелі ауылда тұрғанда молда боламын деп