Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 92

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Қазақ ұлттық ою-өрнегі нышан-белгілерден тұрады деп айтуға бола ма?

Жауап. Иә, басқа халықтардың ою-өрнектеріндегідей қазақ халқының өрнектерінде де жануарларды, өсімдік- тер мен аспан шырақтарын білдіретін өрнектер қолданылады.

  1. Бірнеше ою-өрнек түрін атап, олар нені білдіретінін айтыңдар.

Жауап. «Қошқармүйіз», «түйетабан», «құсқанаты»,

«гүл», «жұлдыз».

  1. Символдарды білу не үшін керек?

Жауап. Символдар суретшінің ойын, символдар арқылы көрерменге не айтқысы келгенін білу үшін қажет.

Мемлекеттің елтаңбасы мен туында символдар

бейнеленеді. Ондағы түстер мен бейнелерге қарап мемлекет туралы біраз ақпарат жинайсың.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: символдың не екенін, түс және белгі символдарын біледі. Кейбір символдардың

мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі: өнер туындыларындағы символдың рөлін (сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердегі) түсініп, сол арқылы туындыны түсіне алады. Өз символ-

дарын ойлап табады.

Кейбір оқушылар: белгілі бір түсініктер мен құбылыстарды білдіретін бейнелер ойлап табады.

Бұрын алған білімдері

Суретшінің әсерлегіш құралдары. 1-сынып. Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2, 3-сынып.

Ою-өрнектер. 1, 2-сынып.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: әдебиеттік оқу, қазақ тілі. Оқушылар тақырыпты

талқылап, әдеби туындыларды тыңдау барысында дұрыс әрі бейнелі түрде сөйлеу дағдыларын дамытады.

Шығармашылық шабыттарын ояту үшін жұмысқа кіріспес бұрын №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Тақтаға және қабырғаларға бейнелеу өнері және өнер түрлері

туындыларының репродукциялары ілінген.

Әр алуан өнер түр- лері бейнеленген фотосуреттер.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Сабақты еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеуден бастауға болады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туында не бейнеленгенін айта алады. Одан соң

«Рәміз деген не?» деген сұрақ қояды. Символдарды білу не үшін керек? Балалардың жауабын тыңдайды («Оқушылардың

шығармашылық міндеті» деген жердегі сұрақтар мен жауаптарды қараңыз).

Оқулық.
Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері (графи-

калық, кескіндеме, мүсін және сәулет өнері)

фотосуреттерінің репродукциялары.


Материал- ды түсіндіру

Тақырып оқулық бойынша түсіндіріледі. Алайда басқа да кітаптардан материал таңдап алып,

тақырыпты кеңейтіп, түс символдарынан мысалдар келтіруге болады, балалар оларды қайдан

кездестіргенін еске түсірсін. Бәлкім, олардың бірі пират кемесіндегі қара түсті жалауды, рыцарьдің махаббат белгісі ретіндегі қызыл раушан гүлін еске түсірер.

Балаларды кейбір түс символдарымен таныстыра отырып, символдар тек бір мағынаны

білдірмейтінін айта кету керек. Мысалы, қызыл түс тек жеңіс пен сұлулықтың түсі ғана емес, сонымен қатар қан мен зорлық-зомбылық түсі.

Суретшілердің жұмысының репродукцияларын көрсетіп, мысал келтіруге болады.

К. Петров-Водкиннің «Қызыл аттың шомылуы» атты картинасында қызыл ат маңызды бір нәрсені күту мен қуанышты білдіреді. Суретші бүкіл ел үлкен бір өзгерісті күтуде екенін көрсетуге

тырысқан. Ал М. Добужинскийдің «Қазандағы тыныштық» жұмысында бейбіт шеруі атысынан

кейінгі көшедегі қызыл түс уайым-қайғы мен қанды білдіреді. Ван Гогтің «Күнбағысындағы» сары түс

достық ниет пен бірлікті білдіреді. Ал «Арлдағы түнгі кафе» жұмысындағы сары түс сырқатты

білдіреді. Қазақ қолөнеріндегі түстерге де тоқталу керек. Әсіресе қазақ ұлттық кілемдерінде айқын көрінеді. Алайда онда түстердің ғана емес, өрнектердің де мәні бар. Осылайша, мұғалім ұлттық өрнектер нені білдіретінін сұрай отырып, белгі символдарына көшеді. Қазақ кілемдеріндегі символдық белгілер (ою-өрнектер) мен түстерде терең мағына жатыр. Оқушыларға қазақ

шеберлерінің қолтаңбасын «оқуды» тапсырады.

Екінші сабақ белгілі бір өнер түрін білдіретін белгі- лерге арналады. Ол үшін сабақтың басында әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдарын еске

түсіріп, оқушылармен бірге символ дегеніміз не, өз белгілері арқылы қандай идеяны көрсеткілері келетінін талқылайды. Оқушыларға әрбір өнер түрінің ерекшелігін еске түсіруді тапсырыңыз.

Мысалы, музыкада нота мен аспаптардың белгісі, бейнелеу өнерінде суретшінің материалдары мен құралдар, жақтау және т.б. Одан соң оқушылар өздік жұмысқа кіріседі. Сабақтың соңында

жұмыстарын таныстырып, талқылайды (оқулықтың 78-бетіндегі сұрақтарға жауап береді).

Оқулық.
Өнер түрлерінің, бейнелеу өнері түрлері (графи-

калық, кескіндеме, мүсін және сәндік- қолданбалы өнер) фотосуреттерінің репродукциялары.

№2 қосымшадағы материалдар.

Өздік жұмысты орындау

Оқушылар таңдаған материалдарына қарай белгілі бір өнер түрін білдіретін белгілерді жасайды.

Мұғалім жұмыс барысында кеңес беріп, көмектеседі.

Сабақтың соңында оқушылар жасаған жұмыстарын

Материалдарды өздері таңдайды.





таныстырып, олар белгілерді қалай жасағанын,

идеясын айтып береді, достарының жұмысын талқылайды.




Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар әртүрлі белгілер мен түс символдарын білді.

Халық қолөнеріндегі түстердің мәнін анықтап,

жұмыс істегенде білетіндерін пайдаланып үйренді.




Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі символдың не екенін, түс және белгі символдарын білді. №2 жұмыс дәптерінің 8-бетіндегі тапсыр- маны орындады. Кейбір символдардың мағынасын

түсінді.
Оқушылардың көпшілігі өнер туындыларындағы символдың маңызын (сондай-ақ ұлттық ою-өрнектердегі) түсініп, сол

арқылы туындыны түсіне алды. Өз символдарын ойлап тапты. 9-беттегі тапсырманы

орындады.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған

жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны да қолданады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Оқушылардың кейбірі белгілі бір түсініктер мен құбылыстарды білдіретін

бейнелер ойлап тапты. 10–11- беттердегі тапсырмаларды таңдаулары бойынша

орындады.




Оқушыларға қалай қолдау

Бағалау

Құндылықтармен байланыс

көрсетесіз?

Сабақта оқушыларды

Анималист-суретшілер мен

Сабақтың барысында

бағалау:

пейзажшылардың жұмыс-

оқушыларды бағалайды:

1) оқушылардың

тарын, жанды табиғат фото-

Жарайсың, сен сұрақтарға

мұғалімнің және

суреттерін көрсетіп, таби-

толық жауап бересің! Сен өте

оқулықтағы сұрақтарға

ғатқа, туған өлкеге сүйіс-

байқампазсың! Сен табиғат

жауабы;

пеншіліктерін оятып, эсте-

нысандарын жақсы суреттейсің

2) туындылардың

тикалық көзқарастарын қа-

(суретшілер туындыларын)!

репродукцияларын

лыптастыруға септігін

Сен тапсырманы жақсы

суреттеуі;

тигізетін №2 қосымшадағы

орындауға тырыстың! Сен

3) жұмысты талдап,

өлеңдер мен материалдарды

жұмыстарды талқылауға

талқылауға қатысуы;

қолданады.

белсене қатыстың! және т.б.

4) жұмыс дәптерінде







орындалған тапсырма-







лар (жақсы жасалған







жұмыстарды ғана







бағалаңыз).




Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды.

Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен





«Атақты тұлғалар» бөлімі

22-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Атақты өнер тұлғалары. Қазақстанның атақты

тұлғалары

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Ой-өрістерін кеңейту, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.2, 3.1.2.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: оқушыларды «атақты тұлғалар» түсінігімен таныстыру, еліміздегі және дүниежүзіне әйгілі атақты тұлғалар туралы әңгімелеу. Тұлғалар туралы ақпарат іздеуге, елінің тарихы мен мәдени мұрасын бағалауға үйрету.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: нақты атақты адам туралы ғаламтордан мәлімет тауып, шағын әңгіме құрау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, тарихи тұлғалардың өмірбаянына, шығармашылығына тоқтала отырып және өз пікірін білдіріп, олар туралы айтып беру.

Тірек сөздер: атақты тұлғалар, ұлы суретшілер, ком- позиторлар, жазушылар, ғалым, саясаткерлер, спортшылар, еңбегімен аты әлемге танылған адамдар. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Атақты тұлғалар деген кімдер?

Жауап. Атақты адамдар – қоғамдық-саяси өмірде, ғылымда, өнерде маңызды нәтижеге қол жеткізген адамдар.

  1. Өткен ғасырлардағы атақты тұлғаларды кім арқылы білеміз?

Жауап. Суретшінің еңбегі арқылы біз өткен

ғасырлардағы атақты тұлғалардың қандай болғанын біле аламыз.

  1. Бірнеше атақты адамды атаңдар.

Жауапты оқулыққа қарап бере алады не оқушылар өз

бетінше жауап береді. Балалардан топ бойынша атақты спортшыларды, суретшілер мен композиторларды және т.б. атауды сұрауға болады.

  1. Еліміздегі бірнеше атақты адамды атаңдар. Жауапты оқулыққа қарап бере алады не оқушылар өз





бетінше жауап береді. Балалардан топ бойынша атақты спортшыларды, суретшілер мен композиторларды және т.б. атауды сұрауға болады.

5. Біздің қаламызда қандай атақты адамдарға ескерткіш қойылған?

Жауап. Мұғалім балаларға алдын ала дайындалып келуді тапсырады.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: адамзат тарихындағы және еліміздегі атақты адамдар туралы біледі.

Атақты адамдар туралы ақпарат таба алады.

Оқушылардың көпшілігі: кейбір атақты адамдар туралы айта алады.

Кейбір оқушылар: кейбір атақты тұлғалар туралы олардың жетістіктерін және оларды суретшімен

байланыстыра отырып әңгімелей алады.

Бұрын алған білімдері

Музыка, әдебиеттік оқу, дүниетану пәндерінен алған

жалпы білім.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар энциклопедиядан оқығандарын пайдаланады.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында әйгілі композиторлардың музыкалық үзінділерін қосып қоюға болады. Сабақты оқушылар қандай суретшілермен таныс екенін еске түсірумен

бастауға болады. Одан соң атақты адамдар дегеніміз кім екенін талқылайды.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері.

Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Халқымыз мәдени мұраға үлес қосқан адамдарды аса қадірлейді. Кез келген адам ондаған, тіпті жүз- деген әйгілі адамды атай алады. Атақты

адамдардың өмірі мен кәсібін білу кез келген адамды рухани байыта алады. Бәлкім, ұлы

адамдардың өмірімен танысқаннан кейін сендер де сондай жетістікке жеткілерің келер, сонда өздерің сияқты балалар сендердің жетістіктеріңді айтып, тамсанатын болады. Ал енді кейбір атақты адамдар туралы, олардың адамзатқа не қалдырғандарын көрейік.

Оқулық.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері.

Материалды түсіндіру

Бұл сабақ әңгіме түрінде өтеді. «Атақты тұлға» түсінігімен таныстырып, оқушыларға әр дәуірдегі және халықтағы атақты тұлғалар туралы айтқан

дұрыс. Бұл пән өнермен байланысты, сондықтан оқушылар «Өнер» тақырыбын меңгергендіктен мәдениет өкілдері туралы айтқан жөн.

Оқушылардың өздері музыка, әдебиет, бейнелеу өнері саласындағы атақты тұлғалардың есімдерін еске түсірсін. Алайда балаларды шектеуге

болмайды, олар ірі тарихи тұлғалардың: саясат-

Оқулық.

Атақты адамдар-

дың фотосуреттері, суретшілер салған атақты адамдардың портреттері,

№2 қосымшадағы материал.