Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 90

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




керлер мен қолбасшыларды, ғалымдарды атауы мүмкін. Бірі қандай да бір тұлға туралы нақтырақ айтып берсе тіпті жақсы. Оқушыларға сабаққа алдын ала дайындалып келуді тапсыруға болады. Қазақ халқының көрнекті тұлғаларына ерекше тоқталу керек. Қазақ және орыс мәдениеті

өкілдерін өзара байланыстырып, Абай Құнанбайұлы мен Александр Пушкиннің

шығармашылығы, екі ақынға деген қазақ, орыс халқының құрметі туралы айтуға болады. Оқулықта шағын ғана мәлімет бар, алайда әрбір мұғалім оны дамыта алады. Сұрапыл соғыста халыққа

өлеңдерімен рух берген Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы туралы айтуға болады. Жамбыл Жабаевтың құрметіне батыр-қала Невада ескерткіш орнатылған. Оқушыларға суретшілер салған атақты тұлғалардың портреттерін немесе қазіргі замандағы адамдар болса, фотопортреттерін көрсетуге болады. Мұғалім атақты тұлғалар туралы мәліметті қайдан және қалай табуға болатынын айтуы тиіс (кітапханадан, журналдардан, ғаламтордан, атақты

қайраткерлер туралы фильмдер мен бағдарла- малардан).




Өздік жұмысты орындау

Оқушылар сабақ барысында ғаламтордан не энциклопедиялардан атақты тұлғалар туралы мәліметтерді іздейді (бәлкім мұғалімнің

тапсырмасы бойынша), танысып, не білгендерін айтып береді (мұғалім ұсынған сызба бойынша шағын әңгіме жазады).

Энциклопедиялар, ғаламтор.

Сабақтың қорытынды- сы

Оқушылар әр дәуірдегі және әртүрлі халықтардағы атақты адамдар мен олардың жетістіктері туралы

білді. Еліміздің атақты адамдары жайлы естіп білді. Көрнекті қайраткерлер туралы мәлімет іздеп,

өмірбаянын, жетістіктерін және өзінің көзқарасын білдіре отырып әңгімелеуді үйренді.




Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі адамзат тарихындағы және еліміздегі атақты адамдар туралы білді. Атақты адамдар туралы

ақпарат таба алды.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);

  2. жасаған

жұмыстарынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс

Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.


Оқушылардың көпшілігі кейбір атақты адамдар туралы айта алды. №2 жұмыс дәптерінің

12-бетіндегі тапсырманы орындады.

Мұғалім өздік жұмыстың

басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.

Оқушылардың кейбірі атақты тұлғалардың жетістіктерін атап және оларды суретшімен





байланыстыра отырып әңгімелей алды. №2 жұмыс

дәптерінің 13-бетіндегі тапсырманы орындады.







Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған

тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың

жұмыстарын, жанды табиғат фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге

сүйіспеншіліктерін оятып, эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.



23–24-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Портрет түрлері

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан

оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Шығармашылық, эстетикалық ой-өрістерін кеңейту.

Бағдарламалық міндеттері

3.1.2.1 3.1.3.2

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: портрет түрлерімен таныстыру, портрет түрін анықтап, шығармашылық жұмыста үйренгендерін көрсете білуге дағдыландыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру. Суретші қолданған әсерлегіш құралдарды атай отырып, портрет түрлерін суреттеу. Портреттердің ерекшелік- терін айту.

Тірек сөздер: атақты тұлғалар, портрет, бейнелеу өнері жанры, салтанатты портрет, камералық портрет, топтық, жұптық портрет. Белуарға дейін салынған портрет,

ұзына бойы салынған портрет, тура қарап салынған портрет, бір қырына қарап салынған портрет.





Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Портрет дегеніміз не?

Жауап. Портрет – адамды бояу, сызық, пішіндермен салатын өнер жанры.

  1. Автопортрет дегеніміз не?

Жауап. Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.

  1. Салтанатты портрет дегеніміз не?

Жауап. Салтанатты портрет дегеніміз – адам әдемі киініп, салтанатты түрде бейнеленетін көлемді портрет түрі.

  1. Камералық портрет дегеніміз не?

Жауап. Камералық портрет дегеніміз – адам қарапайым түрде бейнеленетін кіші өлшемді портрет. Суретші

адамды сыртынан білдірмей салып жатқандай болады.

  1. Топтық (жұптық) портрет дегеніміз не?

Жауап. Топтық портретте екі немесе одан да көп адам

бейнеленеді. Егер екі адам бейнеленсе, ол жұптық порт- рет деп аталады.

  1. Егер сендер суретші болсаңдар, қандай портрет салар едіңдер? Неліктен?

Жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы, оқушы- лар жауаптарын түсіндіре алуы керек.

  1. Егер сендер суретшіге портреттеріңді салуды тапсыр- саңдар, өздеріңді қалай салдырар едіңдер? Салтанатты ма, камералық па? Жауаптары әртүрлі болуы мүмкін, ең бастысы, оқушылар жауаптарын түсіндіре алуы керек.

  2. Жақындарыңның ішінен кімнің портретін салар едіңдер? Толық жауап береді.

  3. Қандай атақты тұлғаның суретін салғың келеді? Толық жауап береді.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: портрет жанрының түрлері мен тарихын, портреттің негізгі түрлерін біледі.

Портреттерді өнер түрлеріне

(кескіндеме, графикалық, мүсін), қызметі мен берілуіне (салтанатты, камералық), адамды бейнелеуіне (ұзына

бойы, белуарға дейін, кеудеге дейін), басының

бұрылысына қарай (тура, бір қырына) ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі: портретті суреттей алады. Мысалы: В. Серовтің «Шабдалы ұстаған қыз» портреті – балалар портреті, кескіндеме, камералық портрет,

белуарға дейін салынған портрет. Алған білімдерін пайдаланып, портрет сала алады.

Кейбір оқушылар: суретші қолданған әсерлегіш құралдарды атай отырып, портретті суреттей алады.

Атақты адамның портретін сала алады.

Бұрын алған білімдері

Адамның бет әлпеті. Портрет және автопортрет. 1-сы- нып. Түс және сызық арқылы көңіл күйді көрсетеміз. Көңіл күйі әртүрлі портрет саламыз. 2-сынып. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. 3-сынып.


Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар

жаратылыстану сабақтарынан өткен адамның бет әлпеті туралы білетіндерін пайдаланады. № 2 қосымшадағы тақпақтарды оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақыры- бына

кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығарма- шылық жағдай жасау. Бірінші және екінші сыныптағы

«Портрет» жанры туралы білетіндерін еске түсіреді. Өткен материалды қысқаша қайталайды. Балаларды портрет туралы көп нәрсе білетіндерін айтып,

мақтайды.

Графикалық, кескіндеме және мүсін портрет- терінің репродук- циялары.

Алған

Әрбір үйде отбасылық альбомдар бар. Біз суреттерге

Графикалық, кескін-

білімнің

қарап отырып, біздің әке-шешеміз, ата-әжеміз жас

деме және мүсін

өмірмен

кезінде қандай болғанын көреміз. Егер бұл суреттер

портреттерінің

байланы-

болмаса, біз олардың жас кезін білмес едік. Әлемдік

репродукциялары.

сы. Жаңа

портрет галереясын отбасылық альбоммен

Отбасылық

білім мен

салыстыруға болады. Алайда бұл альбом барлық

фотосуреттерден

дағдыға

адамға ортақ. Шынымен де, мүсінші, суретшілердің

тұратын альбомды

қол

арқасында ерте заманда өмір сүрген адамдардың

пайдалануға

жеткізу

қандай болғанын көре аламыз. Өздеріңнің және

болады.




жақындарыңның портретін сала отырып, сендер де







отбасыларыңның тарихын сақтап қаласыңдар.







Біршама уақыттан кейін өзің салған суреттерді қарап







отырған кызық емес пе?! Ал атақты адамдардың







суретін салған одан да қызық.







Сабақтың басында портрет, авторпортрет дегеніміз не

Графикалық,




екенін еске түсіреді. Автопортрет он жетінші ғасырда

кескіндеме және




дами бастады. Қалай ойлайсыңдар, бұл немен байла-

мүсін

Материал-

нысты? Суретші суретін салатын адамға зер салып

портреттерінің

ды

қарайды, ал өзін дұрыс көру үшін оған айна керек.

репродукциялары.

түсіндіру

Суретшілердің көпшілігі өздерінің автопортретін

№2 қосымшадағы




бірнеше рет салған. Портреттерге қарап, біз бір

материал.




адамның бет әлпеті ғана емес, тағдырының да







өзгергенін байқаймыз. Біз портрет өнері өте ертеде –







бірнеше мың жыл бұрын пайда болғанын білеміз.







Ежелгі Египет перғауындарының мүсіндерін алғашқы







портреттерге жатқызуға болады. Бұл алып мүсін-







дердің тұрғызылуының негізгі мақсаты – перғауын-







ның айбыны мен құдіретін көрсету. Суретшіні ұсақ-







түйек нәрселер қызықтырмады, ең бастысы, алып,







қуатты бейне жасау болды.







Мүсін өнері Ежелгі Грекия мен Римде кең қанат







жайды. Бұл кезеңдегі портреттерден нақтылықты,







дәлдікті байқаймыз. Біздің заманымызға дейін







мемлекет қайраткерлерінің, философтардың,







ақындардың мүсін портреттері жетті.







Қайта өрлеу дәуірінде Италияда, Нидерландыда







кескіндеме портреті қарқынды дами бастады. Рафаэль,







Боттичелли, Леонардо да Винчи, Ян Ван Эйк және т.б.








суретшілер асқан шеберлері болды. Бұрынғы портреттерде адамдар салтанатты түрде бейнеленген болса (осыдан салтанатты портрет атауы шыққан), енді суретшілер адамдарды қарапайым киіммен

бейнелей бастады. Олардың портреттері шағын, бөлмеге, яғни «камераға» сыйып кететін болған.

«Камера» – латынның сөзі, ол «бөлме» деген мағынаны білдіреді. Камералық портрет суретшінің қалауымен бейнеленеді. Ол адамды қалай салғысы келсе, солай салады. Сондықтан камералық портреттер шындыққа жақын, суретшілер онда натураны түрлендірмейді, қалай көрсе, солай

бейнелейді. Кәне, салыстырып көрейікші (оқулықтағы репродукцияларды пайдалануға болады, ал басқа салтанатты және камералық портреттермен толықтырса тіпті жақсы). Оқушылар салтанатты және камералық портреттерді салыстырады. Олар қандай әсер қалдыратынын қорытындылайды. Суретшілер портрет салғанда адамның айналасындағы заттарға да көңіл бөледі. Ойын ойнайды: бірінші топ баскиім,

киім, перделерді әкеліп, салтанатты портретке модель дайындайды, екінші топ камералық портретке модель таңдайды. Керек заттарды да әзірлеп қояды (кітап, сурет салатын альбом, қайшы, қолөнер бұйымдары

және т.б.). Модельді дұрыс отырғызып, бір іспен шұғылдандыру керек. Содан кейін портреттердің бірі салтанатты, бірі камералық екенін айтады.

Бір емес, бірнеше адам бейнеленген портреттерді көрген боларсыңдар?! Олар топтық портреттер деп аталады. Топтық портреттерде отбасы мүшелері, кейде ортақ кәсіптегі адамдар бейнеленеді.

Көп жағдайда олар салтанатты болады, кейде камералық портреттер де болады. Мысалы,

Ә. Қастеевтің «Жайлауда» портреті, Б. Кустодиевтің

«П. Капица мен Н. Семеновтің портретінің» тарихын айта кету керек. Портреттегі модель әртүрлі бейне- ленуі мүмкін. (Көрерменге тік қарап тұрған сурет – қасбет, бір қырынан қарап тұрған сурет – профиль,

белуарға дейін, ұзына бойы және т.б.) Суретші портрет салғанда модельдің мінезі мен көңіл күйін дәл беру үшін ерекше қалыпта бейнелегісі келетініне назар аударыңдар. Кейде тура қарап тұрған адам мен бір қырынан тұрған адамның бейнесі өзгешеленетіні сонша, оларға қарап бір адам бейнеленгеніне сену

қиын. Оқулықтағы қаһарлы сұлтан мен суретші туралы аңызды айтып беріп, суретші сұлтан риза

боларлықтай оның суретін қалай салғанын сұрайды. Суретші қандай жолды тапса да, оның ең басты мақсаты – адам туралы айтып беру. Суретші модельге мұқият қарап, әсерлегіш құралдармен еркін жұмыс

істейді. Шоқан Уәлихановтың салған суреттері туралы қысқаша әңгімелеседі.