Файл: 1саба Жанды табиат блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.03.2024

Просмотров: 80

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

33–34-сабақ


Сабақтың тақырыбы: Демалыс пен саяхат. Таныстыру, талдау және бағалау. Жылды қорытындылаймыз

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушы- лар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Туған өлкеге қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін ояту, байқампаздықтарын дамыту, көргендері мен әсерлерін көңілге тоқу. Білімдерін жинақтау білігін қалыптастыру.

Нақты мұғалімдерге арналған мақсаты: суретші үшін суреттің маңызын айту, оқушыларды жазда табиғатқа

қарап сурет салуға бағыттау, жылды қорытындылау.

Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1

3.1.3.2

3.3.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: суретші үшін суреттің маңызын айту, оқушыларды жазда табиғатқа қарап сурет салуға

бағыттау, жылды қорытындылау.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындау.

Оқушылардың міндеті

Саяхатқа, серуенге шыққанда байқағандарын айту, мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

Жасаған жұмыстарын таныстыру. Жылды қорытындылау.

Тірек сөздер: демалыстың түрлері, театр, мұражай, концерттерге, қызықты орындарға бару, саяхат жасау, жолда сурет салу, жылды қорытындылау.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Демалыстың қандай түрін ұнатасыңдар?

Оқушылар демалыста не істегенді ұнататындарын айтып береді, жауаптары толық болу керек.

  1. Саяхатты ұнатасыңдар ма? Саяхатқа шыққан кездерің туралы айтып беріңдер.

Жауап. Оқушылар өздерінің тәжірибесіне сүйеніп, айтып береді. Оқушыларға ол жақын жерге саяхат болуы

мүмкін екенін айту керек. Жақын жерге серуенге шығып, көптеген қызықты нәрселерді кездестіруге болады.

Балалардың табиғатты, яғни өсімдіктер мен

жануарларды, сәулет құрылыстарын, мұражай, галереяға барғандарын суреттегендеріне көңіл бөлу керек.

  1. Қазақстанда қандай қызықты орындар бар? Оларды атаңдар.

Жауап. Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Алакөл, Бурабай, Медеу мұзайдыны, Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және т.б.

  1. Суретші жол суреттерін не үшін салады? Жауап. Ол өзінің шеберлігін, көру жадын, байқампаздығын жетілдіреді.





  1. Биыл қандай жаңа нәрсе білдіңдер?

Жауап. Біз табиғаттағы нысандардың көпшілігі симметриялы екенін, композициядағы қарама-қарсылық заңын, түстердің қарама-қарсы байланысын, сызықтық перспектива құбылысын, сәулет өнері, өнердің түрлерін, бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерін, портрет түрлерін, «марина» жанрын, мерекелік көңіл күйді қалай беру керек екенін білдік.

  1. Нені үйрендіңдер?

Жауап. Біз әртүрлі тәсілдермен симметриялы бейнелерді жасауды, штрих және бояумен жұмыс істеуді,

жануарлардың бейнесін сомдауды, қарама-қарсылық заңын қолдануды, сызықтық перспектива ережелерін пайдаланып, пейзаж салуды, жаңажылдық әшекейлерді, күнтізбе, сәулет құрылысы және ойын алаңшасын

жасауды, бейнелеу өнері туындыларын жанрлары мен түрлеріне қарай ажыратуды, суды бейнелеуді, кәдесый жасауды үйрендік.



Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: жыл бойғы жұмысы мен

нәтижелерін талдайды. Қорытынды жасап, жыл бойғы алған білім мен біліктерін жинақтайды.

Оқушылардың көпшілігі: демалыс түрлері мен саяхаттары туралы айтады.

Кейбір оқушылар: №2 жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындайды.

Бұрын алған білімдері

Туған өлке табиғаты. Әсерлі сызықтар, 2-сынып.

Штрихтің әсерлілігі. Сызықтық перспектива, 3-сынып.

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды:

жаратылыстану, дүниетану, әдебиеттік оқу. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы танымдарын дамытады. Шығармашылық шабыттарын ояту үшін №2 қосымша- дағы 8-тақырыпқа сәйкес тақпақтарды оқиды.

Сабақтың барысы

Сабақ

кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабақ тақырыбына кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау.

Табиғат көрінісінің, сәулет құрылыс- тарының фото- суреттері, осы жылы салынған ең үздік

балалар жұмыстары.


Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл – оқу жылының соңғы сабағы. Оны қызықты түрде өткізу керек. Егер бұрын таныстыру жұмысы сабақтың соңында жүргізілсе, бұл сабақта жыл

бойы жасаған жұмыстарын сабақтың басында өткізеді. Жылды қорытындылау үшін әртүрлі тәсілмен, әртүрлі жанрда, ұжымда және ата- аналарымен жасалған ең жақсы жұмыстарды

іріктеп алып, сыныпты безендіреді. Оқушылар

бірінші сыныпта жасаған ең алғашқы жұмыстарын тауып, іліп қою керек, сонда қабілеттерінің үш жыл ішінде қалай артқанын көре алады. Оқушылардың

Оқулық.

Табиғат көрінісінің, сәулет құрылыстарының

фотосуреттері, осы жылы салынған ең үздік балалар

жұмыстары.

№2 қосымшаның

№8 тақырыбын-

дағы материалдар.





назарын жұмыстары қаншалықты қызықты әрі

жетілгеніне аударып, өнерге деген құлшыныстарын одан әрі дамытады.







Оқушылар жасаған жұмыстарына қарап, талдай

Оқулық.




отырып, өздерінің шығармашылық сәтсіздіктерін,

Табиғат көрінісінің,




олардан қандай қорытынды жасағандарын еске

сәулет

Материалды

түсіріп, өздеріне ұнаған және қызықты болған

құрылыстарының

түсіндіру

тақырыптарды атап, келесі жылға тілектерін

фотосуреттері, осы




айтады.

жылы салынған ең




Мұғалім алдын ала шағын сыйлықтар әзірлеп

үздік балалар




қояды. Мысалы, пейзаж, натюрморт, портрет

жұмыстары.




шеберлеріне, ең үздік өнертанушыға, ең тату топқа,

№2 қосымшаның




ең үздік таныстырылым жұмысына медальдар

№8 тақырыбын-




дайындайды. Алайда ешкім де мұғалімнің

дағы материалдар.




назарынан тыс қалмауын қадағалау керек, бұл өте







маңызды. Тіпті оқушы оқу жылы барысында бәрін







жетік меңгермесе де, оған «Алдағы уақытта







жасайтын жұмысына үміт» медалін ұсынуға







болады. Сабақтың соңында жазға жоспар құрып,







демалыс, саяхат туралы әңгіме құрауға болады. Ең







жақсы демалыс үйде жату ғана емес, бір нәрсемен







шұғылдану екенін еске салу керек. Жазда натураға







қарап және есте сақтау бойынша сурет салу туралы







әңгімелеседі. Оларды қызықты іске жұмылдыру







керек. Бұл міндетті жұмыс емес, бірақ оқушыларға







пайдалы жұмыс. Суретті есте сақтау бойынша не







затқа қарап отырып салуға болады. Бүге-шігесіне







мән бере бермей, ең маңыздыларын түйсінсе жетіп







жатыр. Мысалы, ағашты сала отырып, әрбір







жапырағын салып отырмай-ақ, оның діңі мен







бұтақтарын дәл беруге тырысу керек. Хайуанаттар







бағында жануарларды салу барысында оның







қозғалысын, тұрған қалпын, ерекшеліктерін







сызықтармен беруге болады. Бір суретке 3–5 минут







жеткілікті. Егер оқушылар жазда бірнеше сурет







салса, олардың қабілеттері артып, білім қоры байи







түседі.







Жақын немесе алыс жерге сапарға шығып, бірнеше







сурет салынған альбомды әкеліп, біршама уақыттан







кейін оны ашып, өзің болған жерлерді еске түсіру







тамаша емес пе?! Достарыңмен бірге алған







әсеріңмен бөліскенге не жетсін?! Мұғалім міндетті







түрде сурет салуға дағдылана отырып,







шеберліктерін шыңдайтынын айтуы керек. Оған







көз жеткізу үшін дәл қазір альбомдарына бірнеше







сурет салып, оны үш айдан кейін оқушылар келесі







жылдың бірінші сабағына келген кезде салыстыру







керек. Жылдың басында оқушылардың бәрі қалың







қойындәптерлерін толтырып сурет салып келуі







міндет емес. Оқушылардың ішінде біреуі







белсенділік танытып жатса, оны көрген қалған








оқушылар саяхатқа аттанарда міндетті түрде

өздерімен қойындәптері мен қарындашын әкетеді.




Өздік жұмысты

орындау

Оқушылар қалауларынша №2 жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындайды.

№ 2 дәптер, жай қарындаш.

Сабақтың қорытынды-

сы

Оқушылар жыл бойғы жұмыстары мен нәтижелерін талдайды.




Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылардың бәрі жыл бойғы жұмысы мен нәтижелерін талдады. Қорытынды жасап, алған білім мен біліктерін

жинақтады.
Оқушылардың көпшілігі демалыс түрлері мен

саяхаттары туралы айтты.
Кейбір оқушылар №2 жұмыс дәптерінің 31-бетіндегі тапсырманы орындады.

Оқушылардың ақпаратты меңгергенін қалай тексересіз?

  1. Оқушылардың мұғалімге берген

жауабынан (оқулық- тағы);

  1. жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз);

  1. жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс
Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолданады.

Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс

істеу ережесін еске түсіреді.

Оқушыларға қалай қолдау

Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:

  1. оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;

  2. туындылардың репродукцияларын суреттеуі;

  3. жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

  4. жұмыс дәптерінде орындалған тапсыр- малар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана

бағалаңыз).

Құндылықтармен байланыс Анималист-суретшілер мен пейзажшылардың жұмыс-

тарын, жанды табиғат

фотосуреттерін көрсетіп, табиғатқа, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін оятып,

эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізетін №2 қосымшадағы өлеңдер мен материалдарды қолданады.

көрсетесіз?

Сабақтың барысында

оқушыларды бағалайды:

Жарайсың, сен сұрақтарға

толық жауап бересің! Сен өте

байқампазсың! Сен табиғат

нысандарын жақсы суреттейсің

(суретшілер туындыларын)!

Сен тапсырманы жақсы

орындауға тырыстың! Сен

жұмыстарды талқылауға

белсене қатыстың! және т.б.

Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен

бәрін жасап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай жаңа нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады.