Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 61

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7.2. Тараптар бiр-бiрiне деректемелерiнiң (заңды мекенжайы: шот нөмiрi және т.б.) өзгергенi туралы дереу хабарлайды.

7.3. Тараптардың бiрi қайта ұйымдастырылған кезде Шарт бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер Тараптардың құқықтық мирасқорларына ауысады.

 

8. Тараптардың мекенжайы мен деректемелерi

Тараптардың қолы:

           Банк                                                     Мемлекеттік мекеме

  ___________________                                     ______________________

  ___________________                                     ______________________   М.О.                                                                   М.О.

 

 

      

19 – Дәріс. Банктік ақпарат және банк құпиясын құқықтық қорғау

Жоспары : 1.Банктік ақпарат

                     2. Банк құпиясын қорғау

                     3. Банк құпиясын жария еткені үшін жауаптылық

Банк құпиясы жалпы банк - клиент қарым-қатынасы құпиялылығының басты элементін құрайды. Бұның себебі банк бизнесінің негізі - адамның (клиенттің) банкке сенімі. Белгілі деңгейде құпиялылық сақталмаса сенімнің де сақталуы екіталай.Қолданыстағы Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi. Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.Банк құпиясы күрделі көпқырлы экономикалық жаңе құкықтық құбылыс екенін ескеріп оның түсінігін бірнеше деңгей (буын) құрайды деп қарастыратын болсақ, құқық тұрғысынан оның негізгі буындарының (деңгейлерінің) ішінде, біріншіден, «мәлімет жиынтығы», екіншіден, «құпиялылық жағдайы (тәртібі)», үшіншіден, «банк қызметінің, оның ішінде әсіресе банк - клиент қарым-қатынасының, ажырамас бөлігі» деген маңызды элементтерді атауға болады. Осының негізінде банк құпиясы түсінігінің доктриналық анықтамасы төмендегідей болуы мүмкін:


Банк құпиясы дегеніміз банк қызметімен, оның ішінде әсіресе банк - клиент қарым-қатынасымен, байланысты заңнамада көрсетілген мәлімет жиынтығының сақталып айналуын қамтамасыз ететін ерекше құпиялылық тәртібі болып табылады.

Банктер туралы 1990-жылғы заңның 51-бабының мазмұнын және Банктер туралы 1993-жылғы заңның 38-бабының мазмұнын Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының мазмұнымен салыстыратын болсақ, банк құпиясы мәліметінің ауқымы елеулі өзгеріске түскенін байқау қиын емес. Айтпақшы, банк құпиясы негізінен банк клиенттерінің банк операцияларына, есептері мен салымдарына қатысты мәліметтен тұратыны туралы түсінік Банктер туралы 1990-жылғы заңның 51-бабынан бастау алады. Қазір, Банктер туралы 1995-жылғы заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес банк құпиясына төмендегідей мәлімет жатқызылады:1) банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банк есептерінің болуы, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы мәлімет;2) банк депозиторлары, клиенттері мен корреспонденттерінің есептеріндегі ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет;3) банктің өз есептеріндегі ақша қалдығы мен қозғалысы туралы мәлімет;4) банк операциялары туралы мәлімет;5) банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен бөлме-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң болуы туралы, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiмет.

Еңбек заңнамасында жалдамалы жұмыскер тарабынан құпия мәліметті заңсыз жария ету жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздерінің бірі ретінде қарастырылған.Атап айтқанда, 2007-ж. мамырдың 15-індегі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына сәйкес қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен жағдайда бұзылуы мүмкін.Демек, бұндай заң бұзушылық (заңсыз жария ету) еңбек шартын бұзу деген тәртіптік жазаның қолдануына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.Банк құпиясын мейлінше қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырып заң шығарушы орган 2001-жылдан бері оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті де енгізді.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (2001-ж. қаңтардың 30-ы) (ары қарай - ӘҚБ туралы кодекс) 158-бабына сәйкес коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, − айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.Бүгінгі күні банк құпиясын бұзғаны үшін кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексінің (1997-ж. шілденің 16-сы) (ары қарай - ҚР ҚК) негізінде қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазалануы мүмкін және тиіс.Нақтырақ айтқанда, ҚР ҚК-нің 200-бабының («Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету») 1-тармағына сәйкес коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Осы баптың 2-тармағы бойынша, коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың иесiнiң келiсiмiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет iрi зиян келтiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қолданыстағы Банктер туралы 1995-жылғы заңда (және кейбір басқа да заңдарда) банк құпиясын заңда көрсетілген жағдайларда жария етуге талап ете алатын мемлекеттік органдар (ұйымдар) мен тұлғалар және де басқа тұлғалар анық тізбектелген. Меніңше, бұл шектеулі тізім болу керек. Дегенмен, банк кұпиясына жататын мәліметтермен таныса алатын аталған заңның 50-бабында көрсетілген тұлғалардан тыс басқа да мемлекеттік органдар бар. Мәселен, бұндай органдардың қатарында Ұлттық банк пен Қаржы агенттігі де бар. Бірақ бұл екеуі де банк құпиясына жататын мәліметті тек заң негізінде талап ете алады. Демек, банк клиенттері және олардың өкілдерінен басқа бүгінгі күні заңнамада көрсетілген жағдайларда және заңда көрсетілген тәртіппен банк құпиясына жататын мәліметтерді банктерден талап етіп не сұрап иемденуге төмендегідей тұлғалардың қақысы бар:1. Банк қызметкерлері.2. Кредиттік бюролар. 3. Салық қызметі органдары.4. Анықтау және алдын ала тергеу органдары (яғни ішкі істер органдары (полиция), Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы, кеден органдары, әділет органдары, әскери полиция органдарының құзыретті құрылымдық бөлімшелері және т.т.).5. Соттар (яғни судьялар).6. Прокурорлар.7. Кеден органдары.8. Атқарушылық iс жүргiзу органдары (яғни сот орындаушылары).9. Қайтыс болған банк клиентінің мұрагерлері.10. Нотариустар.11. Шетелдік консулдық мекемелер.12. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым. 13. Басқа банктер.14. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның қызметкерлері.15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі және оның қызметкерлері.


 

Пайдаланған әдебиеттер:  ҚР Конституциясы 1995 ж 30 тамыз

ҚР Банк және банк қызметі туралы заңы 1995 ж 31 тамыз

Ұлттық Банк туралы ҚР Заңы

ҚР Лицензиялау туралы заңы

«Банк құқығы» Л.Давыдова, Д.Райманов – Алматы 2006 ж

Интернет беттері

Бекіту сұрақтары:

          1.Банктік акпарат сақталуы

          2.Банктік құпия ақпараттарды жария еткені үшін қандай жауапкершілік көзделген ?

 

 

 

 

20 – Дәріс. Қазіргі заманғы банктік құқықтағы банктік шот институты

Жоспары : 1. Қазіргі заманғы банктік құқық

                     2. Банктік шот                    

Заңды және жеке тұлғаларға банк шоттарын ашу Банк пен Клиенттің арасында жасалған, банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі шарттары ескерілетін келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады. Банктік шот туралы келісім-шартты құру үшін Клиент, Банктің талаптары және өзгертулері мен қосымшаларын есепке ала отырып, ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 ж. 2 маусымындағы № 266 қаулысымен бекіттілген, ҚР-дағы клиенттердің банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі ережелеріне сәйкес керекті құжаттарды тапсыру керек. Банк ҚР заңнамасына сәйкес жарғы капиталы төленгені туралы құжатты ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлға атына банк салымы шартына (шартты салым) негіздіелген уақытша жинақтаушы шотты ашады. Уақытша жинақтаушы шот арқылы жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталын құру үшін жасалатын және банк қызметі үшін ақы төлеу операциялары жүргізіледі.Уақытша жинақтаушы шотты ашу үшін Клиент банкке келесідей құжаттарды ұсыну керек:Уақытша жинақтаушы шотты ашу туралы өтініш;Қол қою үлгісі бар құжат (нотариат куәландырған, 2 дана);Уақытша жинақтаушы шотты ашу және жабуға уәкілетті жеке тұлғаны тағайындау туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылар хаттамасының көшірмесі;Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;Қол қою үлгісі бар құжатта көрсетілген қол қою үлгісіне сәйкес уақытша жинақтаушы шотын басқаруға тиісті жүргізілетін операция барысында қол қоюға уәкілетті жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;Жаңадан құрылған заңды тұлғаларға тиісті банк салымы туралы келісім-шарт (шартты салым) (2 дана, бланкті Банктан алуға болады).

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін банк ағымдағы есепшот ашады.Егер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өте алмаса, Банк заңды тұлғаның құрылтайшылары тағайындаған уәкілетті жеке тұлғанының өтініші бойынша, және оған қоса қатысушының атына тиісті ақша сомаларын ауыстыру туралы тапсырма қағазы негізінде, ақшаны сол тапсырмаларға сәйкес заңды тұлғаны құрылтайшыларына (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) қайтарады.Мына жағадайдың бірінде Клиент бір банкете бірнеше шот ашатын болса, филиал клиенттен шот ашуға тиісті құжаттарды (тек қол қою үлгісі бар құжат пен мөрлердің мөртабандарының үлгілерін; қол қою үлгісі бар құжатында аталатын жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар, және, керек болса, қол қою үлгісі бар құжатында белгіленген тұлғаның өкілдік құқығын расстайтын құжаттарды санамағанда) қайтадан талап етпеуі тиіс:егер клиент бірінші шотын банктің сол филиалында ашқан болса, және сол филиалдан тағы бір шот ашам десе. Мұндай жағдайда банк шоты туралы келісімшартқа қосымша шот/шоттар ашу туралы қосымша шарт жасалады;немесе бірінші шотын ашқан Банк филилалдарының бірі банк шотын ашуға керекті Клиент құжаттарының толық тізілімі бар екенін расстайтын хат бар болса.