Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 59

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ал несие жүйесі тар мағанасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтык формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажетгіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүйесінің құрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасыңда Мембанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

1. Орталық (эмиссиялық) банк;

2. коммерциялық банктер;

3. мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган – Орталық банк болып табылады. Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл «банктердің банкі».
Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады. Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр турлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады. Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мамандандырылған несие мекемелері (оларды парабанктік деп атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді. Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әрекеттеріне ұшырайды.

Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді. Оларды әр алуан несиелік институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі банктер болып табылады. Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік мекемелерді қарастырудан бұрын бізге «банк» және «банктік қызмет» ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау және қарыз беруді түсінеді. Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда, Грецияда және баска елдердің банктер туралы зандарында бекітілген. Ал, Германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен сауда-саттық, лизингтік және басқа да операцияларды көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ, оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б. заңмен тыйым салынады. Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына жатқызады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Рес-публикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады. Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес. Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді. Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 ж. жүзеге асырылған. Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады. Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн. «Банк» ұғымы Италияның «Бапсо» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж. Генуеде пайда болған. XII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды. XV ғ. ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады. Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері (сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер және т.б.) ажыратылған. Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері мен қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап “қаржылық универмагтар”, супермаркеттер типтері Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары және мамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, кептеген банктік операциялармен айналысады. АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозитгік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары (зейнет ақы-жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі. Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар; депозиттік еместерге – сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады. Банктер – атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес. Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлтгық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғары буыны болып табылады. Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа
банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлтгық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер, – эмиссиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиентерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маныздысы: уақытша бос ақшалай каражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар. және т.б. Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Соңдай-ақ, жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған манданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандаңуы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтерінің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б, жатады. Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге мамандаңады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды. Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері бедгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. «Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді альш тастады. Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесіңің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалары, ломбардтар және т.б, Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орыңдаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға жәңе компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасыңдағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.


Мамандандырылғаң несие-қаржы мекемелері ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелері саласында кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады. Кейбір арнайы несие институттары Қазақстан аумағында революцияға дейін Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС – НЭП) жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастару тұсыңда несиелік серіктестіктер өзара несие беру қоғамы несиелік одақтар және т.б. түрінде болған. Қазір банктік емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бірлестіктерін ірі агроөнеркәсіп бірлестіктерін, қаржы-есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады. Жинақ кассалары туралы да ерекше айта кету орынды. Бұрынғы КСРО несие жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары (КСРО Мемжинкасс) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін айналатын мемлекеттік займдарға және ақшалай-заттай лотерейлерге тарта отырып, халыққа, бюджеттік, қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу кассалық қызмет көрсетумен айналысты, сондай-ақ тұрғын ұй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) пайлық жарнамаларын қабылдады. 1988 ж. несиелік реформадан кейін жинақ-кассаларына құрылымдық қайта құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-коммерциялық банк – Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ кассалары коммерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды. Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуі халық қаражатын тартудағы жинақ банк ролін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке халық салымдарының 40%-ға жуығы (бұрын 100%) және жалпы салым көлемінің 10%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ банктерін ірілендіру жүрді. Жеке коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер жоғары қарқында көбеюіне байланысты, банк қызметінің ауқымы қысқара бастады. Осыған байланысты кей жерлерде Жинақ банкінің кей бір бөлімдерін несиелік кооперативтерге қайта түрлендіру орын алды. Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етеді. Осыған байланысты шеттегі, соның ішіндегі АҚШ-та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделендіре түседі. АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға: өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну несиелеріне пайдалануға маманданған. Қарыз-жинақ бірлестіктері – халықтың қаражатына қаттысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға (активітің 2/3-ін тұрғын үй сатып алуға) пайдаланады. Несиелік одақтар – кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланылады. Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғалданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан кұралып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланады. Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары – халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді. Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес институттарға: құрылыс қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім-қорларын жатқызады. Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және коммерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын кеңейтеді. Ондай қаржы қызметтерге: бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық операцияларды, лизинг, факторинг және т.б. жатады. Германияда мамандандырылған банктік мекемелерге ипотекалық мекемелер, тұрғын үй бірлестіктері, несиелік серіктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады. Демек, банктік емес мекемелер кез келген мемлекеттің несие жүйесінің қажетгі құрамдас бөлігі болып табылады. Олар коммерциялық банктер орындамайтын қызмет түрлерін өздеріне алу мақсатында пайда болған. Банктік емес мекемелерге тән сипат олар ресурстарды көбінесе халықтың қаражатын тарту жолымен жинақтайды. Олар осындай белгілері арқылы пассивтері негізінен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражаттарынан құралатын коммерциялық банктерден ажыратылады. Қазақстан Республикасындағы қызмет ететін банктік заңдар банктерден басқа мекемелердің депозиттер қабылдауына үзілді-кесілді тыйым салады. Бұл дегеніміз біздің республикамыздағы халық салымдарын тарту негізінде қызмет ететін банктік емес институттардың дамуын тежеуі сөзсіз.[4]


Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін береді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізеді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді.Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттмені – депозитті құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыға береді. Жаңа міндеттемені және жаңа талапты тудыратын бұл процесс қаржылық делдалдың негізін құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушіден қарыз алушыға қозғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылық делдел деп аталады. Банктер ақшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып, ақшалай қаражаттың жалпылама «пұлын» қалыптастырады әрі оларды қолданысқа түсетін капиталға айналдырды және шарттары әр қилы несиелер талабын қанағаттандырады. Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарға ие болады. Олар делдалдық қызметтің негізінен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының салаларына енеді. Банктер шаруашылық өмірдің орталығына, барлық экономиканың ең басты жүйе торабына айналды. Банк жүйесінің мқсаттары мен міндеттері негізінен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді орындайды. Банктердің ролі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің қызеттерін орынындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптері сақталғанда анықталады. Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал әрбір қоғамның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретінде алға шығады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның қозғаушы факторы болып табылады. Осыған қарай экономикалық әдістердің көмегімен басқару экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденің осындай ұғымына қарай былайша тұжырым жасауға болады және басқарудың экономикалықәдістеріне жүгіну арқылы банктермен, мысалы, әр түрлі несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика буындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын несиелеу жолымен немесе қоғамдық өнімнің ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін, экономиканың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақтылы қайтарылмаған несие үшін жоғары пайызды, мерзімі кешіктірілген төлем үшін өсімақыны, есп айырысу операциясы барысында бұрмаланған ереже үшін айыппұлды өндіріп алу арқылы өз мүдделерін ғана емес, сонымен қатар, осы операцияларға қатысушы басқалардың да мүдделерін қорғайды. Банктер өз қызметтерін орындау процесінде қызметтік (экономикалық) салалық (министрліктер, ведомствалар, компаниялар, фирмалар) және аумақтық (жергілікті органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты болады, яғни әрекеттеседі. Банктер экономикалық басқарудық органдары болвп табылғандықтан, өз клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершілігі ең алдымен өздері қызмет көрсететін шаруашылық органдардың қай ведомстваға жататынына және қандай меншік түріне кіретініне қарамастан олардың шаруашылық және қаржылық қызметінің нәтижелерімен байланысты. Банктердік айналасына оларға тәуелсіздік болатын немесе банктерді өздері дербес тындайтын құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бірдей жағдайда пайданы қамтамасыз ететін несие саясаиын жүргізеді, өзіне және өз клиенттеріне тиімді операцияларды ұйымдастырады. Банктер басқа басқару органдарында болмайтын ағымдағы ақпараттарға ие. Ең алдымен бұл қызмет көрсетілетін клиенттердің негізгі қызметі туралы ақпараттар болып тобылады. Еңбекақыға, бюджет пен жабдықтаушылардың төлеміне, банк несиелерін қайтаруға қажетті қаражаттың шотта болмауы осы шот иесінің жұмысындағы кінәратты білдіретін тек объективті ғана емес, сонымен бірге күн сайынғы оперативті сигнал болып табылады. Шотқа ақшаның түсуі жабдықтаушы жөнелткен тауардың сатылғанын және т.б. білдіреді. Банк мәліметтері бухгалтерлік есептің жасалуын күттірмей, кәсіпорын қызметінің көптеген маңызды жақтарын талдауға, нәтижелерді алдын ала көруге мүмкіндік береді.Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайы туралы нақты мәліметтерге ие болуына, оларды бақылауға және олардың табыстылығы мен тағдырын анықтауға мүмкіндік береді. Банктер кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың шоттарын жүргізу арқылы жиынтық ақша айналымын бақылауды, ал ол арқылы шауашылық процестердің барысын бақылауды жүзеге асырып, осы процестерге ықпалын тигізеді. Банк жүйесіне қоғамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттің қаражаты, шаруашылық буындардың қаражата, халықтың жинақ ақшасы және т.б. жиынтықталған. Банктер осы қорларды қалыптастыруға белсенді қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейді әрі осылайша ұдайы өндіріс процесінің барысына әсерін тигізеді.