Файл: Оу дістемелік кешеніне тсіндірме жазба Курсты масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 60

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Банктік шоттармен жұмыс істеу 

Банк шотқа тиесілі төмендегідей операцияларды жүзеге асыра отырып, шотқа байланысты банктік қызметті көрсетеді:Негізгі шотқа клиенттің басқа шоттарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттердің шоттарынан қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз келіп түскен қаражатты теңгеде және /немесе шетелдік валютада аударады;Клиенттің нұсқауы бойынша, клиент шотынан оның басқа шоттарына, Қазақстан Республикасы резиденттері немесе бейрезиденттердің басқа шоттарына теңгеде және/немесе шетелдік валютада төлемдерді және ақша аударымын жүзеге асырады. Клиент шотынан төлемдер және ақша аударымдары тек оның тапсырмасы бойынша немесе клиенттің нотариалды расталған сенімхаты бар үшінші тұлғаның тапсырмасы бойынша жүргізіледі;Клиенттің шотынан теңге және/немесе шет елдік валютада қолма-қол ақшаны береді. Үшінші тұлғаларға – ҚР резиденттері және бейрезиденттерге шоттан теңге және/немесе шет елдік валюта түріндегі қолма-қол ақша тек клиенттің нотариалды расталған сенімхаты болған жағдайда беріледі;Клиенттің шоты бойынша барлық шығын операцияларды банк шотта жатқан сома аясында жүзеге асырады;Шот туралы үзінді көшірме Клиенттің талабы бойынша беріледі;Шотқа қатысты анықтама Клиенттің өтініші негізінде беріледі;Қолма-қол валютаны және қолма-қол валютасыз сатып алу/сату операциялары Клиенттің өтінішіне сәйкес оның шотындағы сома аясында жүзеге асырылады.Банк банктің тарифтеріне сәйкес, банктік операцияларды жүзеге асырғаны үшін және банктік қызметтерді ұсынғаны үшін клиенттен комиссиялық сыйақыны алады

Жеке тұлғаларға ағымдағы шотты ашу  үшін қажетті  құжаттар:ЖСН көрсетілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

Шет мемлекеттердің азаматтары шот ашқанда төменде көрсетілген құжаттарды ұсынады:Жеке басын куәландыратын құжат; Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, шетел азаматтарына және азаматтығы  жоқ тұлғаларға арналған тіркеу куәлігі;Қазақстан Республикасында тұратын шетел азаматтың және азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат ретінде:Қазақстан Респбуликасында шетел азаматына тұруға рұқсат куәлігі;Азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;Босқынның куәлігі;Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетел азаматының тұлғасын куәландыратын азаматтығы бар елдің куәлігі болып табылады.


 

Пайдаланған әдебиеттер:  ҚР Конституциясы 1995 ж 30 тамыз

ҚР Банк және банк қызметі туралы заңы 1995 ж 31 тамыз

Ұлттық Банк туралы ҚР Заңы

ҚР Лицензиялау туралы заңы

«Банк құқығы» Л.Давыдова, Д.Райманов – Алматы 2006 ж

Интернет беттері

Бекіту сұрақтары:

1.      Банк шотының ұғымы мен оны ашудағы ерекшеліктерін айқындау

2.Банктік шоттармен жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету

3.Банктік шот ашудағы құжаттарды айқындау

 

 

 

 

21 – Дәріс. Банктік есеп айырысудың құқықтық түп негізі мен нысаны

Жоспары : 1. Банктік есеп айырысу нысаны

  Банктердің есеп айырысу операциялары, әдетте банк клиентінің немесе оның контрагентінің тапсырмасы боойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай (алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін) осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция ретінде көрініс табады.Банктердің есеп айырысу операциялары көбінесе қолма қол ақшасыз жүзеге асырылатын ақшалай төлемдерге қатысты тек банк арқылы жүргізілетін операцияларды (қолма қол ақшасыз есеп айырысу қатынастарын) білдіреді.Банктік есеп айырысу операциялары клиенттердің ақша қаражаттарын банкке жұмылдыруға септігін тигізетін пайдалы базалық қызмет көрсету түріне жатады.Банктердің есеп айырысу жөнінде қызметтері жеткізушілермен, мердігерлермен, республикалық және жергілікті органдармен, бюджеттен тыс қорлармен, құрылтайшылармен, еншілес қоғамдармен, өзге де дебиторлармен және кредиторлармен жүзеге асырылады.Банктер арқылы қолмақол ақшасыз есеп айырысу қолмақол ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, қолмақол ақша айналысына байланысты шығындарды қысқартады, банк клиенті заңды тұлғаның банктік операцияларына, сондайақ оның есеп айырысуға орай, төлемдік және салықтық тәртіпті сақтауына бақылау жасауға септігін тигізеді. Банктік есеп айырысу қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен, қазақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің банктер тарапынан орындалуы міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен, салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындатуға байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің тиісті баптарымен де реттеледі.Есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банктер:


1)клиенттің атына түсіп жатқан ақша қаражаттарын оның банктік шотына есептейді

және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

2)клиенттің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын осы шоттан шығарып клиент көрсеткен кредитордың немесе басқа тұлғалардың банктік шотына есептейді;

3)жүргізіліп жатқан есеп айырысу операцияларының заңға сәйкестігін бақылайды;

4)клиенттің банктік шотында сақталып жатқан ақша қаражатына банктік шартта

белгіленген мөлшерде процент төлейді;

5)есеп айырысу операциясының барлық қатысушыларын олардың арасында

жүргізілген есеп айырысулардың мәнжайлары мен нәтижелері, клиенттердің

банктік шоттарында қалған қаражат сомасы жөнінде хабардар етеді.Есеп айырысу операцияларын құқықтық қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік

органдар белгілеген есеп айырысу ережелерін, мерзімдерін және стандарттарын сақтауға

негізделеді.Қандай болмасын банктің есеп айырысу кассалық бөлімі уәкілетті органның келісімі негізінде құрылған, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, қазақстан Республикасының аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, заңды тұлға болып табылмайтын, банктің аумақтық оқшауланған бөлімшесі ретінде көрініс табады.Банк басшылығы өзі ашатын есеп айырысу кассалық бөлімнің қызметі үшін толық жауап береді. Банктердің есеп айырысу кассалық бөлімдері оларға берілген сенімхат шегінде банктік операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1)жеке тұлғалардың, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілерінің депозиттерін қабылдайды, банктік шоттарын ашады және жүргізеді;

2)ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық шарттылығымен жеке тұлғаларға

және дербес әрі шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілеріне ақшалай кредиттер береді;

3)жеке тұлғаларға, дербес әрі шағын кәсіпкерлік және микробизнес субъектілеріне

ақшалай орындалуды көздейтін банктік ккепілдіктер береді;

4)банкноттар мен монеталарды қабылдайды, береді, қайта санайды, ұсақтайды, айырбастайды, сұрыптайды, буады және сақтайды;

5)клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары

мен құндылықтарын сақтайды, оған қоса сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен бөлмелерді жалға беру жөнінде қызмет көрсетеді;

6)заңды және жеке тұлғалардың ақша аударымы бойынша тапсырмаларын орындайды;

7)шетелдік валютамен жүргізілетін айырбастау операцияларын ұйымдастырады.

Есеп айырысу кассалық бөлімдері шетелдік
валютамен айырбастау операцияларын

қазақстан Республикасы валюталық заңнамасының талаптарын ескере отырып жүзеге

асырады. Есеп айырысу кассалық бөлімдері Қазақстан Республикасының банктерге және

банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған

заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес ккелетін қызметтік үй жайларда орналасуға тиіс.

Нақтылы банктіің есеп айырысу кассалық бөлімдері басқа банктерде және банктік

операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банктік шоттарын

аша алмайды, дербес және шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілерін қоспағанда,

заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды, банктік шоттарын ашпайды және

жүргізбейді, сондай ақ заңды тұлғалардың экспорттық импорттық операциялары

бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды. Банктік есеп айырысу принциптері, тәсілдері және банктік есеп айырысу құқықтық қатынастары.

Банктік есеп айырысудың (оның ішінде тек қолма қол ақшасыз есеп айырысудың) қазіргі замаңғы нормативтік құқықтық базасының негізінде нарықтық экономикаға тән есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері қалыптастырылды.Банктік есеп айырысуды ұйымдастыру принциптері мынадай көрініс табады:

1)банк клиенттің банктік шотындағы ақша қаражатының тиісті сомасын тек клиенттің өкімі негізінде шығарады;

2)банк клиенттері мен олардың контрагенттері қолма қол ақшасыз есеп айырысу

нысандарын өз еріктерімен таңдай алады;

3)банктік есеп айырысу төлем жасау мерзімі тиісті шарттар мен ресми құжаттарда

нақтылы белгіленеді;

4)банктік есеп айырысу төлемдік операциялары тиісінше көлемде клиенттердің

банктік шотына түсіп отыратын немесе түскен ақша қаражаттарымен қамтамасыз етіледі;

5)барлық заңды тұлғалар ұйымдар мен кәсіпорындар өз ақша қаражаттарын өздерінің ұйымдастыру құқықтық нысандарына қарамастан қалаған банктегі тиісті банктік шоттарда сақтауға міндетті. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;

негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп


айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:

аккредитивтік операциялар;

инкассолық операциялар;

аударым операциялары;

клирингтік операциялар.

Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі:

төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;

чектермен есеп айырысу,

вексельдермен есеп айырысу;

төлем карточкаларымен есеп айырысу;

қолма қол есеп айырысу.

Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру кезеңдеріне қарай

банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:

ағымды, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;

әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржыларды өтеу және қосу, сыйақы мен комиссиялық ақылар есептеу операциялары;

кассалық операциялар (қолма қол ақшаны қолма қол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше);

тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға

байланысты акцептік операциялар;

төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);

банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді

(кепілді тапсырмасының) операциялары.

Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі No179

«Қазақстан Республикасы аумағында қолма қол емес төлем және ақша аударымдарын

жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі.

              

 

 

 

22 – Дәріс. Несиелік қатынастар ұғымы және құқықтық нысандары

Жоспары : 1. Несиелік қатынастар ұғымы, нысаны

         Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау – несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қажеті үшін орналастыру -несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі. Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне - шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.