Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 63

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Халықтардың тілдік құрамы

  1. Кез келген ұлттың негізгі белгілерінің бірі: тіл

  2. Дүние жүзіндегі тілдерді топтастырады: 20 тілдік семьяға, 45-тен астам тіл тобына

  3. Ең көп таралған тілдік семья: үнді-еуропалық тіл семьясы

  4. Әлем халқының басым бөлігі қандай тіл семьяларының тіл топтарында сөйлейді: үнді еуропалық (40%), қытай-тибет (20%), нигер-кордофан (8%), афроазиялық (7%)

  5. Дүние жүзіндегі кең таралған тілдерге жатады: қытай тілі, испан тілі, ағылшын тілі, бенгал тілі, хинди тілі, араб тілі, португал тілі, орыс тілі, жапон тілі, неміс тілі

  6. Халық ең көп сөйлейтін тіл: қытай тілі (1 млрд 223 млн адам)

  7. БҰҰ-ның жұмыс тілдері, кең тараған 6 тіл: ағылшын, француз, орыс, испан, араб, қытай

  8. Әлемде ешқандай тілдік семьяға, тілдік топқа жатпайтын оқшау тілдер: жапон, корей тілдері

  9. Мемлекетте басқа ірі этностар саны басым болған жағдайда қос тілдік орын алады, оны атайды: билингвизмм (Мысалы, Канада – ағылшын, француз)

  10. Африканың бұрынғы отарлардан қалған мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болған тілдері: 21 елінде француз, 19 елінде ағылшын тілі, 5 елінде португал тілі

  11. Этнолингвистердің айтуынша бүгінгі күні бір-бір адамнан сөйлейтін өкіл ғана қалған: 20 тілде

  12. Эскимос тіл тобына жататын эяк тілінде сөйлейді: апалы-сіңілі екі адам

Тілдік семьялары

Дүниежүзілік діндер

  1. Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай бөлінеді: әлемдік дін және ұлттық дін

  2. Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін: Ислам діні, Христиан діні, Буддизм

Христиан діні

  1. Христиан діні пайда болды: 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде

  2. Христиан дінінің 3 тармағы бар: католик, протестант, православие

  3. Христиан дінін Ұстанушылардың жартысынан астамы: католиктер

  4. Католиктер көп таралған: Еуропаның оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада, Филиппинде

  5. Католиктік шіркеулердің басшысы: рим папасы

  6. Дүние жүзі католиктерінің жиналатын жері: Ватикан

  7. XVІ ғасырда Еуропада Рим папасының басшылығынан бас тартқан – діни ағымның жаңа өкілдері: протестанттар

  8. Көптеген шіркеулер мен ағымдардан, секталардан тұратын протестантизм таралған аймақтар: Солтүстік Еуропа, Ұлыбритания, Германия және Солтүстік Америка

  9. Христиандардың 1/10-і: православие тармағының өкілдері

  10. Бір-біріне тәуелсіз жеке шіркеулерге қарайды және әр шіркеуді өзінің патриархы басқарады: православиялық шіркеулерде

  11. Православие тармағын ұстанушылар кең таралған: Шығыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде Ресейде

  12. Дүние жүзі бойынша әлемдік діндер ішінде христиан дінін ұстанушылар саны бойынша: біріншілікке ие


Ислам діні

  1. Ислам діні пайда болды: 610 жылы Арабия түбегінде

  2. Ислам дінін ұстанушылар екі тармаққа бөлінеді: суниттер, шииттер

  3. Ислам дінінің шиит тармағы басым таралған: Иранда, Оңтүстік Ирак пен Солтүстік Йеменде

  4. Ислам дінінің суннит тармағы таралған: басқа мұсылман елдерінде

  5. Мұсылмандар үшін қасиетті жер болып саналады: Сауд Арабисындағы Мекке (Мұхаммед пайғамбардың туған жері), Медине (Мұхаммед пайғамбардың жерленген жері)

  6. Мұсылмандар негізінен шоғырланған: Азияда

  7. Соңғы уақыттарда мұсылмандардың саны біршама көбейді: Африка және Еуропа елдерінде

  8. Мұсылмандардың саны жөнінен көзге түсетін елдер: Индонезия (160 млн адам), Пәкістан (126 млн адам), Үндістан (100 млн адам)

  9. Мұсылман дінін ұстаушылар саны жөнінен алады: 2 орынды

Буддизм

  1. Әлемдік діндердің ең ежелгісі: Буддизм

  2. Буддизмнің негізін қалаған: б.з.д. VІ ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама

  3. Буддизм таралған аймақтар: Қытай, Жапония, Корея, Шри-Ланка, Тибет, Тайланд, Монғолия, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма

  4. Буддизм дінінің қауымдастықтары бар: Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияның елдерінде

Ұлттық діндер

  1. Аса ірі ұлттық діндерге жатады: индуизм, иудаизм, конфуцийлік, синтоизм

  2. Белгілі бір ұлт өкілдерін қамтитындықтан, таралу ауқымы дүние жүзілік діндерге қарағанда тар: ұлттық діндер

  3. Индуизм пайда болды: б.з.д. VI ғ. Үнді өзенінің орта ағысында

  4. Индуизм діні басым: Үндістан, Непал, Шри-Ланка

  5. Иудаизм пайда болды: б.з.д. VIІ ғ. Қазіргі Палестина жерінде

  6. Иудаизм дінін ұстанады: тек еврей ұлтының өкілдері

  7. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы: Тора

  8. Дүние жүзі бойынша еврейлердің саны: 13 млн адам

  9. Иудаизм діні таралған аймақ: Израиль мемлекеті мен еврейлер қауымдастығы бар жерлер

  10. Дүние жүзі бойынша еврейлердің жартысына жуығы тұрады: Солтүстік Америкада

  11. Конфуцийлік пайда болды: б.з.д. VI ғ. Қытай жерінде

  12. Конфуцийлік діннің негізін қалаған: философ, қоғам қайраткері – Конфуций (Кун-Цзы)

  13. Конфуцийлік діннен гөрі ұқсайды: философиялық ілімге

  14. Конфуцизм негізделген: моральдік кодексті, жанұяны құрметтеу және ата-бабалардан қалған мәдени мұраны сақтау

  15. Синтоизм дінінің негізі қаланды: VI-VIII ғғ. Жапония жерінде

  16. Жапон тілінен аударғанда «Құдайлар жолы» деген ұғымды білдіреді: синтоизм

  17. Синтоизм дінінің қалыптасуына әсер етті: буддизм, конфуцийлік, даосизмнің

  18. Табиғаттың тылсым күшіне және ата-бабаларынан қалған мәдени құндылықтарға және тұрмыс-салтқа байланысты дәсүрлерге мәне беру табыну: Синтоизмнің негізі


Халықтың тығыздығы

  1. Дүние жүзі бойынша әр шаршы шақырымға: 49 адамнан келеді

  2. Әлем бойынша халықтың 61%-ға жуығы тұрады: Азияда

  3. Әр шаршы шақырымға 100 адамнан артық келетін халық мейлінше тығыз орналасқан аймақтарға жатады: Еуропа, Азияның кейбір аудандары (Унді-Ганг ойпаты, Шығыс Қытай, Жапон аралдары, Ява аралы, т.б.)

  4. Халық өте сирек қоныстанған аудандарға жатады: Аустралияның шөлдері мен шөлейтті аудандары, Канаданың климаты қатал аудандары, Намибия, Суринам, Ливия елдері, Еуропаның солтүстік бөлігі, Амазонияның батпақты жерлері

  5. Дүние жүзі бойынша халық өте тығыз орналасқан мемлекет: Бангладеш (1 км2 – 1000-нан аса адам)

  6. Еуропаның «Ергежейлі елдерінің» ішіндегі ең тығыз қоныстанған мемлекет: Монако (1 км2-16,4 мың адам)

  7. Халық өте сирек қоныстанған қоныстанған мемлекет: Монғолия (1 км2-1 адам), Аустралия (1 км2-2 адам)

  8. Әлемде халық өте тығыз қоныстанған 5 аймақ: Шығыс Азия (1,5 млрд адам), Оңтүстік Азия (1 млрд адам), Оңтүстік-Шығыс Азия (500 млн адам), Батыс Еуропа (500 млн адам), Солтүстік Американың Ұлы көлдері мен Атлант мұхиты жағалауы (200 млн адам)

  9. Тұрғылықты халқы жоқ материк: Антарктида

  10. Халық территория бойынша біркелкі орналаспаған елдерге жатады: Аустралия, Канада

  11. Аустралияды халықтың көпшілігі қоныстанған: оңтүстік-шығысында

  12. Канадада халықтың көпшілігі қоныстанған: АҚШ-пен шекаралас оңтүстік аудандарда

  13. Құрлықтың табиғат жағдайлары қатал немесеғ адамның өмір сүруіне қолайсыз болып келетін жері: 10%

Халықтың көші-қоны

  1. Көші-қонның негізгі 2 түрі: ішкі көші-қон, сыртқы көші-қон

  2. Көші-қонның негізгі себептері: экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси, ұлттық әскери, діни

  3. Мемлекет ішінде болатын көші-қон: ішкі көші-қон

  4. Мемлекеттер арасында болатын көші-қон: сыртқы көші-қон

  5. Елге басқа мемлекет азаматының келіп, тұрақтап қалуы: Иммиграция

  6. Адамдардың өзінің тарихи отанынан басқа елге тұрақты тұруға немесе саяси, экономикалық себептерге байланысты ұзақ мерзімге қоныс аударуы: эмиграция

  7. Қазіргі кезде иммигранттарды қабылдайтын басты аймақтар болып саналады: Еуропа мен Америка

  8. Еліміздегі көші-қонның негізгі бағыты: ауылдан ірі өнеркәсіпті қалаларға қоныс аудару

Қоныстанудың негізгі түрлері

Қала және ауыл халқа


Кенттену (урбандалу) түсінігі

  1. Елді мекендердің негізгі екі түрі: Ауылдар мен қалалар

  2. Қала аталуға көп әсер ететін белгі: халық саны

  3. Жапонияда елді-мекеннің қала атануы үшін: халық саны 30 мыңнан асуы керек

  4. Ресейде елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 12 мыңнан асу керек

  5. Қытайда елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 100 мыңнан асу керек

  6. АҚШ-та елді-мекеннің қала атану үшін халық саны: 2,5 мыңнан асу керек

  7. Кенттену (урбандалу) дегеніміз: қалалардың саны мен қала халқының санының өсуін айтады

  8. Субурбандалу (рербандалу) дегеніміз: қала халқының әр түрлі себептерге байланысты қала маңындағы елді-мекендерге қоныс аударуы

  9. Урбандалудың дүние жүзі елдеріне тәне 3 белгісі бар: 1. Қала халқы санының жылдам өсуі, 2. Өндіріс орындарының көпшілігінің қалаларда шоғырлануы, 3. Қала маңындағы елді мекендердің қосылуынан қалалық агломерациялардың түзілуі

  10. Агломерация дегеніміз: ірі қалалар маңына орта және ұсақ елді мекендердің шоғырлануы

  11. Дүние жүзіндегі ірі қалалық агломерация: Токио (27,9 млн адам), Мехико (18,1 млн адам), Бомбей (18 млн адам ), Сан-Паулу (17,7 млн адам ), Нью-Йорк ( 16,6 млн адам)

  12. Қазақстандағы ең ірі агломерация болып саналады: Қарағанды-Теміртау агломерациясы

  13. Көршілес агломерациялардың бір-бірімен бірігіп, қосылуынан қалалардың орасан шоғыры қалыптасады: мегаполистер

  14. Урбандалу құбылысының ең жоғарғы сатысы: мегаполистер

  15. Әлемдегі ірі мегаполистер: Үлкен Мехико, АҚШ-тың «Босваш» (Бостон қаласынан Вашингтонға дейін) 40 млн адамды қамтиды, Жапон мегаполисін (Токайдо) 60 млн адамды қамтиды

  16. Жер шары халқының қала тұратыны: 49%

  17. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі: 56%

  18. 2005 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы урбандалу деңгейі: 57%

  19. Ауылдардың 90%-дан астамы: дамушы елдерде

  20. Ауыл халқының саны мен ауылдардың саны жөнінен 1 орында: Азия аймағы

  21. Дүние жүзі бойынша ауыл халқанаң үлесі: 51%

  22. Ауыл халқының саны жөнінен: 1 орында – Қытай (838 млн адам), 2 орында – Үндістан (720 млн адам), 3 орында – Индонезия (127 млн адам)

Дүниежүзілік шаруашылық

  1. Әлемдегі әр елдің тарихи ұзақ уақыт аралығында қалыптасып, дамыған ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы: Дүниежүзілік шаруашылық

  2. Дүниежүзілік шаруашылықтың түбегейлі қалыптасқан уақыты: ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басы

  3. Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде, Жапонияда бірінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғасырда

  4. Бірінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: тас көмір, болат өндірісі, теміржолдардың дамуы

  5. Дүниежүзілік алғашқы ірі өнеркәсіптік аудандар қалыптасты: Рур (ГФР), Лотарингия (Франция), Пенсильвания (АҚШ), Ланкашир (Ұлыбритания) , т.б.

  6. Екінші өнеркәсіптік төңкеріс болды: ХІХ ғ. Соңы мен ХХ ғасырдың басында

  7. Екінші өнеркәсіптік төңкеріске жатқызуға болады: машина жасау, электр энергетикасының дамуы, химия өнеркәсібінің дамуын

  8. Ең алғашқы СЭС-тар ГФР-дегі Неккар өзенінде, Солтүстік Америкадағы Ниагара өзенінде салынды: ХІХ ғ. соңында

  9. Адамзат тарихындағы ең алғашқы метро пайдалануға берілді: 1863 жылы Лондон қаласында

  10. Ең алғашқы каналдар іске қосылды: Суэц каналы 1869 жылы, Панама каналы 1914 жылы


Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

  1. Жекелеген елдердің өнімінің белгілі бір түрін өндіруге және қызмет көрсетудің белгілі бір түріне мамандануын атайды: халықаралық географиялық еңбек бөлінісі

  2. Жапонияның халықаралық маманданған саласы: автомобиль жасау

  3. Канаданың халықаралық маманданған саласы: астық шаруашылығы

Ғылыми-техникалық революция

  1. Ғылыми-техникалық революция басталды: ХХ ғ. ІІ жартысында

  2. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) дегеніміз: қысқа уақыт аралығында ғылым мен техниканың даму нәтижесінде қоғамның дамудың жаңа сатысына көтерілуіне себепші болған төңкеріс

  3. ҒТР-дың ХІХ ғ. жетістігі: бу машиналары

  4. ХХғ. 50 жылдарындағы ҒТР-дың символы: электронды есептеуші машина, ғарыш кемесі, атом бомбасы, теледидар

  5. Дамыған елдерде ҒТР-дың қазіргі тармағы дүниеге келді: ХХғ. 80-90 жылдарында

  6. ҒТР-дың 4 құрамдас бөлігі: техника мен технология, өндіріс, басқару, ғылым

  7. Ғылыми қызметкерлер мен ғылыми-зерттеу институтының саны жөнінен көзге түстетін елдер: АҚШ, Жапония, ГФР

  8. Ғылымды көп қажет ететін өнімдерді сыртқа шығарудан басымдылыққа ие елдер: АҚШ, Жапония, Ресей, Болгария, Франция, т.б.

  9. ҒТР-дың негізгі белгілері: 1. Мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптардың жоғарлығы, 2. Өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі

Дүние жүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыру

  1. Әлем елдерін даму деңгейіне қарап топтастырған кезде қолданылады: әр елдің жиынтық өнімі деп аталатын экономикалық көрсеткіш

  2. Жиынтық өнімінің негізгі 2 түрі бар: Жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ), Жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ)

  3. Бір жыл ішінде белгілі бір елде өндірілген тауарлардың көлемі және көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетеді: ЖІӨ (жалпы ішкі өнім)

  4. Жыл бойына өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетудің жалпы құны есептелгенде шетелдік компаниялардың үлесі есепке алынбайды: ЖҰӨ (жиынтық ұлттық өнім)

  5. ЖІӨ көлемін анықтауда қолданылатын бірлік: АҚШ доллары

  6. ЖІӨ-нің көлемі жөнінене 1 орында: АҚШ

Экономикалық дамыған елдер тобы

  1. 1997 жылы Ресейдің қосылуына байланысты «Үлкен сегіздік» елдері: АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Канада, Ресей

  2. «Қоныс аударған капитализм» елдері (Ұлыбританияның бұрынғы отары болған елдер): Канада, Аустралия, Израиль, ОАР, Жаңа Зеландия

  3. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері: Бельгия, Австрия, Швейцария, Ирландия, Нидерланд, Люксембург