Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 67

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Халықаралық ұйымдар

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылған жыл: 1945 жылы

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері: Нью-Йорк

  3. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер: 192 ел

  4. Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаты мен міндеттері: соғысты болдырмау, отаршылдықпен күрес, адам құқығын таптаудың алдын алу, халықаралық даулы мәселелердің алдын алу, шиеленістерді реттеу

  5. БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы: ЮНЕСКО

  6. ЮНЕСКО құрылды: 1946 жылы

  7. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері: Париж

  8. ЮНЕСКО-ға мүше елдер: 192 ел

  9. ЮНЕСКО-ның мақсаты мен міндеттері: білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты қолдау

  10. Еуропалық одақ (ЕО) құрылған жыл: 1957 жылы

  11. Еуропалық одақтың штаб-пәтері: Брюссель

  12. Еуропалық одаққа мүше елдер: 27 ел (Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, т.б.)

  13. Еуропалық одақтың мақсаты мен міндеттері: товар айналымы, капиталдың, елдер арасындағы жұмысшы күшінің еркін айналымына жағдай жасауға бағытталған ортақ экономикалық одақ құру

  14. Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) құрылған жыл: 1967 жылы

  15. АСЕАН-ның штаб-пәтері: Джакарта

  16. АСЕАН-ға мүше елдер: Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа

  17. АСЕАН-ның мақсаты мен міндеттері: аймақ елдері арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды дамыту

  18. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) құрылған жыл: 1960 жылы

  19. ОПЕК-тың штаб-пәтері: Вена

  20. ОПЕК-қа мүше елдер: Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Катар, Кувейт, Нигерия, Ангола

  21. ОПЕК-тың мақсаты мен міндеттері: мұнай өнімдерін өндіру және сатылуына бақылау жаса ужәне әлемдік нарықтағы бағасын белгілеу

  22. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) құрылған жыл: 1987 жылы

  23. МАГАТЭ-ның штаб-пәтері: Вена

  24. МАГАТЭ-ның құрамындағы елдер саны: 130 ел

  25. МАГАТЭ-ның мақсаты мен міндеттері: атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, неғұрлым көп пайдалануға талпыныс жасау

  26. Солтүстік Атланттық келісім ұйымы (НАТО) құрылған жыл: 1949 жыл

  27. НАТО-ның штаб-пәтері: Брюссель

  28. НАТО-ның құрамындағы елдер саны: 26 ел (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия және т.б.)

  29. НАТО-ның мақсаты мен міндеттері: әскери-саяси одаққа мүше елдердің бостандығы мен қауіпсіздігі, Еуропадағы бейбітшілікті қамтамасыз ету


Дүние жүзінің табиғат ресурстары

  1. Адамзаттың өзіне қажетті материалдық және рухани игіліктерімен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын табиғат байлықтары: табиғат ресурстары

  2. Табиғат ресурстары: агроклиматтық, минералдық, су ресурстары, жер ресурстары, рекреациялық, биологиялық

  3. Отын-энергетикалық ресурстар (көмір, мұнай, газ), кенді пайдалы қазбалар (металдар), кенсіз пайдалы қазбалар (тұз, фосфор, асбест), құрылыс материалдары (құм, саз, қиыршық тас, мәрмәр, т.б.) жатады: минералдық ресурстарға

  4. Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстарға жатады: минералдық ресурстар

  5. Жылу, ылғал жатады: агроклиматтық ресурсқа

  6. Сарқылмайтын табиғат ресурстары: климаттық ресурстар

  7. Жерасты сулар, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, т.б. жатады: су ресурстарына

  8. Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: су ресурстары

  9. Жердің су қабатында тұщы судың мөлшері: 2,5%

  10. Тұщы судың басым бөлігі жинақталған: Антарктида, Гренландия, Арктика мұздарында

  11. Егістік, бау-бақша, шабындық, жайылым, ормандар мен бұталар, елді мекендер, өнеркәсіптік және қалалық жерлер, пайдалануға жарамсыз жерлер (мұздар, батпақ, шөлдер, т.б.) жатады: жер ресурстарына

  12. Сарқылатын, қалпына келетін ресурс: жер ресурстары

  13. Жер қоры аз, халқы тығыз қоныстанған кейбір елдер: теңіз жағалаулары есебінен жер қорларын толықтыруда (Жапония, Нидерланды)

  14. Өсімдіктер мен жануарлар, сарқылатын, қалпына келетін ресурс: Биологиялық ресурстар

  15. Дүние жүзіндегі 2 орман белдеуі бар, олар: солтүстік орман белдеуі, оңтүстік орман белдеуі

  16. Қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан және қылқан жапырақты ормандар басым (АҚШ, Ресей, Финляндия, Швеция, Канада): солтүстік орман белдеуі

  17. Экваторлық және тропиктік белдеулерде орналасқан, белдеуде мәңгі жасыл тропиктік ормандар басым, бірақ олардың ауданы күннен күнге кемуде (Латын Америка, Азия, Африка): Оңтүстік орман белдеуі

  18. Африка өзінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 50%

  19. Латын Америкасы мен Азия өздерінің орман ресурстарының неше пайызын жоғалтты: 40%

  20. Демалыс пен туризмге қажетті ресурстар болып есептеледі: рекреациялық ресурстар (рекреация – қалпына келтіру)

  21. Теңіз жағалаулары, көрікті жерлер, таулы туризм аудандары, мәдени-тарихи орындар, табиғат ескерткіштері, емдік саз балшықтар жатады: рекреациялық ресурстарға

  22. Дүниежүзілік мұхит ресурстарына кіреді: минералды, биологиялық, су-энергетикалық ресурстар

  23. Онда барлық химиялық элементтер болғандықтан, мұхиттың минералды сулары деп бірінші кезекте атауға болады: мұхит суын

  24. Мұнай мен газдың біршама қоры шоғырланған: Мұхиттың қайраңдық бөліктерінде

  25. Дүниежүзілік мұхиттың су-энергетикалық ресурстары ретінде пайдаланады: мұхит суының толысу және қайтуы энергиясы

  26. Біршама толысу энергиясы ресурстарына ие елдер: Ресей, Франция, Канада, Ұлыбритания, Аустралия, Аргентина, АҚШ

  27. Мұхиттар мен теңіздерде тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар: мұхиттың биологиялық ресурстары

  28. Адам тұтынатын теңіздік өнімдердің 85%-ын құрайды: балық

  29. Ғалымдардың есептеуінше мұхиттың биологиялық ресурстары қанша адамды асырауға жетеді: 20 млрд.

  30. Күн мен жел энергиясы, геотермальды ресурс (гейзерлер), су-энергетикалық ресурс жатады: энергетикалық ресурстарға

  31. Сарқылмайтын табиғат ресурстары: энергетикалық ресурстар

  32. Жер бетіне жететін Күн энергиясын пайдаланудың тиімділігі зор: тропиктік белдеудегі шөлді елдерде

  33. Адамдар ежелден пайдаланып келе жатқан қоңыржай ендіктердегі жел энергиясының басты кемшілігі: тұрақсыздығы


Дүние жүзінің халқы

  1. Қоғамның негізгі өндіргіш күші және сонымен қатар жасалған барлық материалдық игіліктердің басты тұтынушысы: халық

  2. Алғашқы адамзаттың шыққан жері: Шығыс Африкадағы Ұлы жырақтар маңы

  3. Алғашқы адамдар палеолиттің соңында тараған: Африкадан Еуропа мен Азиға, Азиядан Америка мен Аустралияға, кейін мұхит аралдарына

  4. Алғашқы халық санақтары жүргізілді: б.з.д. ІІІ мың жылдықта Ежелге Қытай, Египет жерлерінде

  5. БҰҰ қаржы қоры жеткілікті елдерде халық санағын өткізіп тұруды ұсынды: 10 жылда 1 рет

  6. Тәуелсіз Қазақстандағы бірінші халық санағы өтті: 1999 жылы

  7. 1930 жылы дүние жүзінің халқының саны: 2 млрд адам

  8. 1962 жылы дүние жүзінің халқының саны: 3 млрд адам

  9. 1976 жылы дүние жүзінің халқының саны: 4 млрд адам

  10. 1987 жылы дүние жүзінің халқының саны: 5 млрд адам

  11. 1999 жылы дүние жүзінің халқының саны: 6 млрд адам

  12. Халық санының ХХ ғ. ІІ-жартсынан бастап күрт өсуі аталды: демографиялық жарылыс

  13. Адам ұрпағының үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін биологиялық (туу, өлу, табиғи өсу) процестер жиынтығы: халықтың өсуі

Халықтың ұдайы өсуінің типтері

  1. Халықтың ұдайы өсуінің типтері: дәстүрлі, өтпелі, қазіргі

  2. Дәстүрлі типі: туу – өте жоғары, өлу – өте жоғары, табиғи өсу – өте жоғары

  3. Халықтың ұдайы өсуінің дәстүрлі типі тән аймақтарға жатады: Африка мен Азияның артта қалған елдері

  4. Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі, жұқпалы аурулардың кең таралуы, санитарлық тазалықтың сақталмауы және халық санының табиғат апаттар мен аштық салдарынан кемуінен болады: өлім көрсеткіштерінің жоғары болуы (Африка мен Азияның артта қалған елдері)

  5. Өтпелі типі: туу – жоғары, өлу – төмен, табиғи өсу – жоғары

  6. Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі типі тән аймақтарға жатады: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары

  7. Халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруына байланысты өлім көрсеткіштері азайған, ал туу көрсеткіштері жоғары деңгейде қалып отыр: Латын Америкасы, Азия, Мұхит аралдары елдерінде

  8. Қазіргі типі: туу – өте төмен, өлу – төмен, табиғи өсу – өте төмен

  9. Ұдайы өсудің қазіргі типі тән аймақтар: Еуропа елдері, Канада, АҚШ, Аустралия

  10. Мемлекет тарапынан жүргізілетін, халық санын реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы: демографиялық саясат

  11. Мемлекеттік деңгейде ең алғаш отбасын жоспарлау саясатын жүргізуді бастаған ел: Үндістан

  12. Мемлекет тарапынан халықтың санын шектеуге бағытталған саясат жүргізіледі: Қытай, Үндістан, Бангладеш

  13. Халық санын өсіруге бағытталған шаралар жүргізіледі: Франция, ГФР, Италия

  14. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары туралы ғылым, халық санын, табиғи өсуі, жасы мен жыныстық құрамын т.с.с зерттейді: демография ( грекше demos – халық және grapho – жазамын)

  15. Халықтардың шығуын, мәдени тұрмыс ерекшеліктерін және олардың тарихи өзара қарым-қатынастарынзерттейтін ғылым: этнография ( грекше etnos – тайпа, халық)

  16. Ұдайы өсудің кемуі нәтижесінде, санының азаюы: депопуляция (французша depopulation – кему)


Халықтың жастық-жыныстық құрамы

  1. ХХ ғасырдың ортасында 0-14 жастағылар құрады: халықтың 34%-ын

  2. ХХ ғасырдың ортасында 15-59 жастағылар құрады: халықтың 58%-ын

  3. ХХ ғасырдың ортасында 60 жастан асқандар құрады: халықтың 8%-ын

  4. Қазіргі кезде 0-14 жастағылар құрады: халықтың 30%-ын

  5. Қазіргі кезде 15-59 жастағылар құрады: халықтың 60%-ын

  6. Қазіргі кезде 60 жастан асқандар құрады: халықтың 10%-ын

  7. 2004 жылы 0-14 жастағылар құрады: қазақ халқының 25%-ын

  8. 2004 жылы15-59 жастағылар құрады: қазақ халқының 64%-ын

  9. 2004 жылы 60 жастан асқандар құрады: қазақ халқының 11%-ын

  10. Қазіргі кезде ер адамдардың саны әйелдерден көп: 51 млн адамға

  11. Ер адамдардың үлесі жоғары елдерге жатады: Қытай, Үндістан, Бангладеш, Пәкістан

  12. Қоғамның басты өндіргіш күші: еңбек ресурстары

  13. Адамдардың еңбекке жарамды жасы: 15 жас пен 65 жас аралығы

  14. Еңбек ресурстары дүние жүзі халқының нешесін құрайды: 61,2%

  15. Еңбек ресурстарының маңызды көрсеткіштерінің бірі: экономикалық белсенді халық

  16. Дүние жүзіндегі экономикалық белсенді халық: 45%, яғни 2,8-3 млрд адам

  17. Дамыған елдерде экономикалық белсенді халық: 49%-ын құрайды

  18. Дамушы елдерде экономикалық белсенді халық: 38%-ын құрайды

  19. Қазақстанда экономикалық белсенді халық: 52%-ын құрайды

Халықтың нәсілдік және ұлттық құрамы

  1. Адамдардың шығу тегі ортақ болғанмен, сыртқы ерешеліктері бар тарихи қалыптасқан тобы: Нәсіл

  2. Жер шары халқы негізгі 3 нәсілге жатады: еуропалық, негроид, монғол тектес

  3. Терісінің түсі ақ, мұрны қырлы, шашы толқынды немесе жатақ болып келеді: Еуропалық (ақ) нәсіл өкілдері

  4. Еуропалық нәсілдер тараған: Еуропада, Солтүстік Америкада, Оңтүстік батыс Азияда, Солтүстік Африкада

  5. Еуропалық нәсілге жатады: орыстар, ағылшын, немістер, француз, беларусь, украиндар, т.б.

  6. Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра болып келеді: негроид (қара) нәсіл

  7. Негроидтық нәсіл негізінен таралған: Африка мен Аустралияда

  8. Терісі сары, беті жалпақ, көзі қысық, жақ сүйегі шығыңқы болып келеді: монголоид (сары) нәсіл

  9. Монголоид нәсіл өкілдері көп таралған: Азияда

  10. Монголоид нәсіл өкілдері: қытайлар, монғолдар, корейлер, якуттар т.б.

  11. Еуропалықтардың негрлермен некелесуінен туған ұрпақтар: мулаттар

  12. Латын Америкасындағы азиялық нәсіл өкілдері болып табылатын жергілікті үндістердің қоныс аударған еуропалықтармен араласуынан қалыптасқан: метистер

  13. Қара нәсіл өкілдерінің үндістермен араласуынан қалыптасқан ұрпақ: самболар

  14. Аралас нәсіл топтарына жатқызуға болады: эфиоптарды, малагасийлерді, полинезиялықтарды, меланезиялықтарды т.б.

  15. Еуропалықтар мен негр тектестердің араласуынан шыққан өтпелі нәсіл: эфиоптар

  16. Мадагаскар аралында тұратын қара нәсіл өкілдерінің монғолдармен араласуынан пайда болады: малагасийлер (мальгаш)

  17. ОАР-да орын алған нәсілдік кемсітушіліктің шектен шыққан түрі: апартеид


  18. Тілдік семьялар:

    Топтары:




    Үнді-Еуропалық

    тіл семьясы

    Славян тобы

    Орыстар, украиндар, белорустар, поляктар, чех, словактар, хорват, сербтер, словен, болгарлар

    Балтық тобы

    Латыштар, литвалықтар

    Герман тобы

    Немістер, австралиялықтар, швейцарлар, шведтер, норвегтер, голанд, фламандтар, бурлар, суринамдар, АҚШ американдары, ағылшын, шотландтар, ағылшын-Аустралиялықтар, ағылшын-канадалықтар, ағылшын- Жаңа Зеландиялықтар

    Роман тобы

    Итальяндар, француздар, испан, мексикалықтар, кубалықтар, аргентиналықтар, бразилиялықтар, португалдар, румындар, молдовандар, чилиліктер

    Грек тобы

    Гректер

    Албан тобы

    Албандар

    Иран тобы

    Парсылар, курдтар, осетиндер, тяжіктер, ауған, хазарлар, белуждар, пуштундар

    Армян тобына

    Армяндар

    Үнді-арий

    тобы

    Бенгал, ассамдар, пенджабтар, синдхилер, хиндустар, бихарлар, ражастхандар, гужараттар, маратхиилер, сингалдар, кашмир, непали, пахарилер

    Алтай тіл семьясы

    Түркі тобы

    Қазақтар, татарлар, башқұрттар, чуваштар, қырғыздар, қарақалпақ, өзбектер, ұйғырлар, түрікмендер, әзірбайжандар, түріктер, алтай, шор, хакастар

    Монғол тобы

    Халха-монғолдар, қытай-монғолдар, қалмақтар, буряттар

    Орыс тіл семьясы

    Фин-угор

    тобы

    Финдер, карелдер, эстондар, венгрлер, ханты, мансийлер, мордва, марий, удмудтар, коми

    Самодий тобы

    Ненец, нгансан, селькуптар

    Кавказ тіл семьясы




    Грузиндер, аджарлар, кабарда, шешен, абхаз, черкес,

    Дағыстан халықтары

    Қытай-тибет

    тіл семьясы

    Қытай тобы

    қытайлар

    Тибет-бирма

    тобы

    Тибеттер, бирмалықтар, невар, магар, чин, нага, карен

    Семит-хамит тіл

    семьясы

    Семит тобы

    Араб халықтары, Израиль еврейлері, ахмара, тигре, тиграйлар

    Кушит тобы

    Сомалилер, оромхо, божа, т.б.

    Бербер тобы

    Туарег, шлех, кабия

    Чад тобы

    хауса халықтары

    Австронезия тіл

    семьясы




    Индонезиялықтар, малайлар, филиппиндіктер, гаошаньдар, малагасийлер, полинезия халықтары, фиджиліктер, микронезия халықтары
    БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою жөнінде қарар қабылдады: 1965 жылы

  19. Адамдардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы: этнос

  20. Дүние жүзіндегі этностардың саны: 3-4 мыңдай

  21. Дүние жүзі тұрғындарының 43%-ын құрайды: ірі деп есептелетін 10 этнос құрайды

  22. Әлемдегі ең ірі этностар: қытайлар, үндістер, америкалықтар, бенгалдықтар, орыстар, бразилиялықтар, жапондықтар, пенджабтар, бихарлар, мексикалықтар

  23. Бір ұлтты елдер: Жапония (99% жапондықтар), Дания, Швеция, Корея, т.б.

  24. Көп ұлтты елдер: Үндістан, Нигерия, Индонезия, Ресей, АҚШ, т.б.

  25. Үндістанда тұрады: 1000-нан аса ұл өкілдері

  26. Ұлттардың пайда болуынан бастап жойылған уақытына дейін қалыптасқан даму процесі: этногенез

  27. Этногенез ілімін дамытуда еңбегі ерекше: Л.Н. Гумилевтің

  28. Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне кімнің аты берілген: Л.Н. Гумилевтің

  29. Этностар пайда болып, қалыптасқан кезеңнен бастап әр түрлі күрделі өзгерістерге ұшырайды: этностардың тұтасуы, этностардың ажырауы, этностардың араласуы

  30. Неміс, итальян, француз және ретромандықтардың (ежелгі римдіктердің ұрпақтары) бірігуінен қалыптасты: Швейцариялықтар деп аталатын ұлт

  31. Британ Үндістаны ыдырағаннан кейін, осыған дейін біртұтас ұлт болып келген бенгал халқының Бангладеште қалған бөлігі: бангладештіктер деп аталатын жаңа ұлт ретінде бөлініп шықты (этностардың жіктелуі)

  32. Халқының құрамында сырттан көшіп келгендердің үлесі жоғары болып келетін елдерде байқалады: этностардың араласуы (Бразилиялықтар, АҚШ)

  33. Саны жағынан үлкен этникалық топтың аз санды топты өзіне қосып алуы: Консолидация