Файл: Физикалы География httpst meqrtarix.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 66

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Автомобиль көлігі

  1. Қысқа қашықтыққа жүк және жолаушы тасымалдауда, жүкті «қақпадан – қақпаға» жеткізуде ыңғайлы көлік түрі болып саналады: автомобиль көлігі

  2. Жүк тасымалдауда 1 орын: автомобиль көлігі

  3. Тасымалданған жүктің үлесі жөнінен: темір жолдан кейінгі 2 орын

  4. Еліміздегі ең ірі автомагистраль: оңтүстік аудандар арқылы өтетін Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент автомобиль жолы (Алматы-Ташкент)

  5. Халықаралық стандартқа сай қайтадан жөнделді: Алматы-Астана тас жолы

  6. Көліктің жұмыс нәтижесін анықтайтын көрсеткіш: жүк айналымы

  7. Маусымдық көлік түрі болып табылады: өзен көлігі

  8. Өзен көлігінде жетекші орынды алатын еліміздің ең суы мол және ең ұзын өзені: Ертіс өзені

  9. Еліміздегі ірі өзен порттары: Павлодар, Атырау, Орал, Өскемен

  10. Қазақстандағы ең ірі теңіз порты: Ақтау

  11. Құбыр көлігі кеңінен таралған: еліміздің батыс бөлігінде

  12. Құбыр арқылы тасымалданады: мұнай, мұнай өнімдері, газ

  13. Құбыр көлігінің ерекшелігі: кез-келген бағытта салуға болады, жылдың барлық мезгілінде жұмыс істейді, құны төмен

  14. Еліміздегі салынған ең алғашқы мұнай құбыры: Доссор-Ракуша

  15. Павлодар, Шымкент зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ететін құбыр: Омбы-Павлодар-Шымкент-Чарджоу

  16. Қазақстанның оңтүстік аудандарын газбен жабдықтау мақсатында жұмыс істейтін газ құбыры: Мүбәрәк-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы


Қазақстанның экономикалық аудандары

  1. Қазақстан аумағы неше экономикалық ауданға бөлінген: 5

  2. Қазақстан аумағын 5 экономикалық ауданға бөлген: Н.Н. Баранский

  3. Белгілі бір шаруашылық түрін дамытып, аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде сол шаруашылыққа мамандануы, дамуы жөнінен өзара айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі: экономикалық аудан

  4. Ауданы жөнінен ең үлкен экономикалық аудан: Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

  5. Ауданы жөнінен ең кіші экономикалық аудан: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

  6. Халықтың орналасу тығыздығы ең жоғары аудандар: Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандары


Орталық Қазақстан экономикалық ауданы

  1. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 428 мың шаршы шақырым

  2. Орталық Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары: тас көмір, қара металлургия, мыс өндіру, химия-металлургия

  3. Орталық Қазақстандағы 100% кокстелетін көмірді беретін: Қарағанды

  4. Орталық Қазақстанда түсті металдардың кен қоры мол болуына байланысты: түсті металлургия дамыған

  5. Орталық Қазақстандағы мыс комбинаттары: Жезқазған, Балқаш

  6. Толық циклді қара металлургия комбинаты, синтетикалық каучук, аммоний сульфаты өндіріледі: Теміртауда

  7. Күкірт қышқылы өндіріледі: Балқашта

  8. Шахталарға қажетті құрал-жабдықтар, бұрғылау машиналары, кен қазатын комбайндар шығарылады: Қарағандыда

  9. Орталық Қазақстандағы мал шарушылығының басты саласы: қой шаруашылығы

  10. Орталық Қазақстанда техникалық дақылдардан егіледі: картоп, күнбағыс

  11. Орталық Қазақстанның халқының саны: 1 млн 339,4 мың адам

  12. Орталық Қазақстанда 1 шаршы шақырымға: 3,1 адамнан келеді

  13. Орталық Қазақстанда темір мен марганецтің қанша кен орындары бар: 40-қа жуық

  14. Ауданды сумен қамтамасыз ету мақсатында салынған: Ертіс-Қарағанды каналы

  15. Аудандағы полиметалл кен орындары: Гүлшат, Қызылеспе т.б.

  16. Аудандағы вольфрам кен орындары: Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба

  17. Орталық Қазақстанның экономикасын дамытуға үлес қосуда: Оңтүстік Кореяның «Самсунг» компаниясы




Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

  1. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 283,2 мың км2

  2. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары: арзан су электр энергиясы, түсті металлургия, полиметалл кендерін өндіру

  3. Полиметаллдың негізгі құрамы: қорғасын, мырыш

  4. Орман ресурсының 40%: Шығыс Қазақстанда

  5. Өскеменде жұмыс істейді: титан-магний, қорғасын-мырыш, жібек маталар комбинаты, конденсатор зауыты

  6. Полиметалл комбинаты орналасқан: Риддерде

  7. Ертіс мыс қорыту зауыты орналасқан: Глубокое елді мекенінде

  8. Күкір қышқылын өндірумен айналысады: Өскемен, Риддер

  9. Алтын өндіретін негізгі аудан: Шығыс Қазақстан

  10. Шығыс Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің басты орталығы: Семей қаласы

  11. Семейде орналасқан: цемент зауыты, ет комбинаты, кабель зауыты

  12. Шығыс Қазақстандағы ауыл шаруашылығының басты саласы: қой шаруашылығы

  13. Шығыс Қазақстанда дамыған: марал шаруашылығы

  14. Техникалық дақылдардан өсіріледі: күнбағыс

  15. Өнеркәсіп тораптары: Өскемен, Семей, Риддер, Зырян

  16. Кенді Алтайдың аудан орталықтарын байланыстырады: «Шығыс шеңбері»


Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

  1. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 736 мын км2

  2. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары: мұнай, газ, хром, никель, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар, мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар

  3. Ең алғашқы мұнай кәсіпшіліктері: Доссор, Мақат

  4. Ірі мұнай кен орны орналасқан: Теңіз (Теңізшевройл)

  5. Газ өңдеу зауыттары орналасқан: Жаңаөзен, Теңіз

  6. Газ кен орындары орналасқан: Маңғыстау түбегі

  7. Хром мен никель кен орындары орналасқан: Кемпірсай (Ақтөбе облысы, Мұғалжар тауы)

  8. Рентген аппаратуралары шығарылады: Ақтөбеде

  9. Оралда орналасқан: механикалық арматура, мия зауыты, тон фабрикасы

  10. Полиэтилен, балық фабрикасы орналасқан: Атырауда

  11. Пластмасса шығару, АЭС орналасқан: Ақтауда

  12. Хром қосылыстары зауыты орналасқан: Ақтөбеде

  13. Мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар зауыты орналасқан: Атырау, Ақтөбе

  14. Батыс Қазақстан көршілес: Ресейдің Волга, Орал аудандарымен

  15. Халқының 70% Қазақтар тұратын қала: Атырау


Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы


  1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 565 мың км2

  2. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: егіншілікті, астықты аудан

  3. Орыс, украин, неміс ұлттарының үлесі жоғары: Солтүстік Қазақстанда

  4. Солтүстік Қазақстанда егістік жердің 78%-ына егіледі: жаздық бидай

  5. Жаздық бидай өсіріледі: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында

  6. Солтүстік Қазақстанда техникалық дақылдардан өсіріледі: күнбағыс, зығыр

  7. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының қандай бағыты дамыған: етті-сүтті

  8. Солтүстік Қазақстандағы ең ірі ет комбинаты: Петропавл

  9. Жасанды талшық өндіреді: Қостанайда

  10. Боксит өндіріледі: Аралықта

  11. Павлодарда орналасқан: трактор зауыты, «ДТ-75 Қазақстан», алюминий зауыты, мұнай өңдеу зауыты

  12. Астанада шығарылады: ауыл шаруашылық машиналары, «Ақмолаауылмаш»

  13. Таразы, өлшеуіш приборлар зауыты орналасқан: Көкшетауда

  14. Ферроқорытпа зауыты орналасқан: Ақсу

  15. Бульдозер зауыты, Макинде-автомобильдер мен тракторларға бөлшектер жасау зауыты орналасқан: Қалқаманда

  16. Павлодар-Екібастұз өндірістік-аумақтық кешенінің дамуына әсер еткен темір жол: Оңтүстік Сібір


Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

  1. Суармалы егіншілікті аудан: Оңтүстік Қазақстан

  2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 711,6 мың км2

  3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары: жеңіл, тамақ өнеркәсібі, түсті металлургия, химия

  4. Фосфор, полиметалл шығарады: Қаратауда

  5. Еңбек ресурстарына бай: Оңтүстік Қазақстан

  6. Қорғасын зауыты, пресс-автомат, шина, дөңгелек, резинотехникалық бұйымдар, химия-фармацевтика, мұнай өңдеу зауыты, фосфор тұздары өндіріледі: Шымкентте

  7. Қорғасын-мырыш өндіріледі: Жетісу Алатауындағы Текелі полиметтал комбинатында

  8. Суперфосфат зауыты орналасқан: Таразда

  9. Шымкент мұнай өңдеу зауыты шикі мұнайды алады: Омск-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры арқылы

  10. Газ құбыры жүргізілген: Мүбәрәк-Ташкент-Тараз-Бішкек-Алматы


ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫ

  1. Дүние жүзі елдерінің әлемдегі орны, шекаралары, әкімшілік-аумақтық жіктелуі, астаналары, ірі қалалары бейнеленеді: Дүние жүзінің саяси картасында

  2. Саяси картадағы саяси-географиялық өзгерістер деп айтуға болады: егеменді мемлекеттердің құрылуы, мемлекет атауы мен астанасының өзгеруі, мемлекеттің аумағының өзгеруі және т.б.


Соңғы уақыттарда болған саяси картадағы өзгерістер

  1. 1993 жылы бейбіт жолмен бөлінген қандай республикалар құрылды: Чехия мен Словакия

  2. 1990 жылы ГДР мен ФРГ бірігуінен пайда болды: Герман Федеративті Республикасы

  3. 1991 жылы КСРО-ның ыдырауынан неше ел тәуелсіздігін алды: 15

  4. Югославия Федеративтік Республикалар Одағының ыдырауынан пайда болды: Хорватия, Словения, Македония, Босния, Герцоговина, Сербия, Черногория Республикалары

  5. Эритрея тәуелсіздігін жариялады: 1993 жылы

  6. Аралдық мемлекет Палау Республикасы құрылды: 1994 жылы

  7. Камбоджа саяси мәртебесін өзгертті: конституциялық монархияға

  8. 1993 жылы Бельгияда енгізілді: федеративтік әкімшілік-аумақтық құрылыс

  9. 1997 жылы Заир Республикасы атын өзгертті: Конго Демократиялық Республикасы

  10. Ұлыбританияның отары болған Сянган (Гонконг) 1997 жылы қай елдің құрамына өтті: Қытайдың

  11. 1999 жылы Португал отары болып келген Аомынь (Макао) қосылды: Қытайға

  12. Дүние жүзінің саяси картасында: 250-ден аса ел мен аумақ бар

  13. Халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер саны: 193

Жер көлемі бойынша ерекшеленетін елдер

  1. Микромемлекеттер: Ватикан, Андорра, Лихтенштейн, Монако, Сан-Марино т.б.

  2. Халықтың саны бойынша көзге түсетін елдер (халқы 100 млн-нан асады): Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресей, Индонезия, Бразилия, Пәкстан


Географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты

  1. Аралдық елдер: Исландия, Шри-Ланка

  2. Топаралдық елдер: Жапония, Филиппин, Индонезия

  3. Түбекте орналасқан елдер: Үндістан, Грекия, Италия, Испания

  4. Теңіз жағалаулық елдер: Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия

  5. Теңізге шыға алмайтын елдер: Монғолия, Чад, Қырғызстан, Словакия (40 ел)

Ұлттық құрамы бойынша

  1. Бірұлтты елдер: Жапония, Корея, Швеция

  2. Көпұлтты елдер: Үндістан, Ресей

  3. Дүние жузі елдерін басқарудың негізгі 2 түрі таралған: Республикалық, монархиялық

  4. Заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі сайланатын өкілетті орган парламенттің, атқарушы билік – үкіметтің қолында болатын басқару: Республикалық басқару

  5. Мемлекет басында король, император, принц, герцог, князь, сұлтан, т.б. басшылық ететін басқару түрі: монархиялық басқару

  6. Президенттік Республикада: президент өте үлкен басымдылыққа ие бола отырып, үкіметті өзі басқарады

  7. Президенттік Республикалар: АҚШ, Аргентина, Франция

  8. Парламенттік Республикада: басты тұлға президент емес, үкімет басшысы болып табылады

  9. Парламенттік Республикалар: ГФР,Италия, Үндістан, Израиль

  10. Дүние жүзіндегі монархиялы елдер: 29 (Еуропада – 12, Азияда – 13, Африкада – 3, Мұхиттық аралда – 1 )

  11. Теократиялық (теос – грекше құдай) монархия: мемлекет басшысы діни жетекші болып келетін басқару түрі

  12. Теократиялық монархия: Ватикан, Сауд Арабиясы, Бруней

  13. Конституциялық монархияда: заң шығару билігі – тек парламенттің қолында, ал атқарушы билікті тек өкімет жүргізеді. Монарх мемлекет символы ретінде патшалық етеді, бірақ басқармайды

  14. Конституциялы монархиялы елдер: Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Жапония, т.б.

  15. Дүние жүзіндегі ең көне конституциялы монархиялы ел: Ұлыбритания

  16. Абсолюттік монархияда: монархтың билігіне мүлде шек қойылмайды. Монарх заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін өзі жүргізеді, ол қорғаныс министрі, жоғарғы сот және діни басшысы болып келеді

  17. Абсолютті монархиялы елдер: Бахрейн, Катар, Кувейт, Оман, БАӘ

  18. Дүние жүзі елдері әкімшілік-аумақтық құрылысына қарай 2-ге бөлінеді: унитарлы, федерациялы

  19. Парламенттің шығарған заңы бүкіл аумаққа бірдей таралып, әкімшілік-аумақтық бірліктер (облыстар) тікелей үкіметке бағынып, ортақ заң жүзеге асырылады: унитарлы мемлекетте

  20. Дүние жүзі елдерінің көпшілігі: унитарлы мемлекет

  21. Унитарлы мемлекеттер: Қазақстан, Франция, Қытай, Туркия, Египет, Колумбия, Украина, Венгрия, Италия

  22. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және өкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары болатын жекелеген аумақтық құрылымдары (республикалар, провинциялар, автономиялар, штаттар, т.с.с) бар әкімшілік-аумақтық құрылыс: Федерациялы мемлекет

  23. Дүние жүзінде әкімшілік-аумақтық құрылыс федерация болып табылатын неше мемлекет бар: 20-дан астам

  24. Федерациялы мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Малайзия, Үндістан, Нигерия, Эфиопия, ОАР, Аустралия, Канада және т.б.

  25. АҚШ тұрады: 50 штат пен Колумбия федералды округінен

  26. Ресей Федерациясы тұрады: 21 республика, 49 облыс, 6 өлке, 10 автономиялық округ,11 автономиляқ облыс, 2 федералды қаладан (Мәскеу, Санкт-Петербург)