Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 99

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


*жедел гастрит

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*созылмалы гастрит

*+12-елі ішектің ойық жара ауруы

#19

*!Ұл бала 12 жаста, аш қарынға және түнгі уақытта пайда болатын ауру сезіміне шағымданады. мазасыз, әлсіздік Ауырғанына 3-жылдай болды. Соңғы кезде ауыруы күшейе және жиілей түсті, қышқылмен кекіру, құсу, іш қатулар мазалайды. Объективті: бозарған, арық, қызыл дермографизм, жоғары тершеңдік. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрийдегі локальды ауыру. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы холецистит

*функциональды диспепсия

*созылмалы гастродуоденит

*ӨШЖ дискинезиясы

*+12-елі ішектің ойық жара ауруы

#20

*!12 жасар науқас бала. 2 айдан берi индометацин қабылдап жүр. Кенет эпигастрий аймағында ауру сезiмi, әлсiздiк, қара массамен қайталап құсу пайда болды. Тексергенде: боз, пульс-120, АҚ- 90/70 мм с.б. Iшi пальпация кезiнде жұмсақ, бұлшықет кернелуi жоқ.

Асқынудың ЕҢ мүмкін түрі?

*перфорация

*пенетрация

*+қан кету

*стеноз

*малигнизация

#21

!Оң жақ қабырға асты сыздап ауырады, қатты эмоциялардан кейін, тамақтағы ағаттықтардан кейін ауырсыну күшейеді. Диспепсиялық белгілер бар. Смазмолитиктерді қабылдау жағдайын жақсартпайды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*өт жолдарының дискинезиясы гипертониялық түрі

*+өт жолдарының дискинезиясы гипотониялық түрі

*созылмалы панкреатит

*созылмалы холецистит

*созылмалы дуоденит

#22

*!Ұл бала 10 жасар, оң қабырға астындағы қысқа уақытты, ұстама тәрізді, физикалық жүктеме және майлы тамақ қабылдаумен байланысты ауыруға шағымданады. Тілі ылғалды, таза. Іші жұмсақ, оң қабырға астында шамалы ауыру сезімі анықталады. Кер, Мерфи, Ортнер симптомдары оң. Фракциялық дуоденалды зондылауда өт мөлшері аз, тез ағады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*созылмалы гепатит

*гипокинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*созылмалы холецистит

*+гиперкинетикалық типпен өт жолдары дискинезиясы

*функциональды диспепсия

#23

*!Бала 11 жаста. 3 жыл бойы ауырады. Оң жақ қабырға астында сыздап, қысып ауыратынына шағымданды, суық, майлы, қуырылған тамақты жегенде күшейеді. Сонымен қатар әлсіздік, шаршағыштық, жүрек айну және қыжыл маазалайды. Анда-санда құсады. Нәжісі қатаймаған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?


*созылмалы гастрит

*созылмалы панкреатит

*+созылмалы холецистит

*созылмалы дуоденит

*реактивті гепатит

#24

*!12 жасар қыз балада, дене шынықтыру сабағынан соң жедел, интенсивті, шаншыған, оң иыққа, жауырынға берілетін оң қабырға астындағы ауыру пайда болды. Қыз бала қозғалуға қорқады. Жүрек айну мен құсу байқалады. Тексергенде жалпы қан сынағында солға жылжумен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталды. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ өт қабында мөлшері 1 см диаметрінде конкремент анықталды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жедел холецистит

*жедел панкреатит

*+өт тас ауруы

*жедел гастрит

*жедел дуоденит

#25

*!13 жастағы ұл бала кезекті склерасының сарғаюы анықталған. Інісінде екі рет осындай сарғаю болған. Физикалды зерттеу кезiнде патология анықталмаған. Бауыр сынамаларында анықталды: жалпы билирубин 38,8 мкмоль/л, тiкелей - 3,5 мкмоль/л.

АСТ, сілтілі фосфатаза – қалыпты. Бауырды скандауда– қалыпты.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*вирусты гепатит

*туа біткен гемолитикалық анемия

*Дабин-Джонсонсиндромы

*+Жильберауруы

*өт тас ауруы

* Бала аурулары. Кардиоревматология *2*81*

26

*! 1 - жасар ұл бала.Жүректің шекаралары солға және жоғарғы кеңейген. Төс сүйегінің сол жағында II қабырғааралықта – систоло-диастолалық “машина шуылы”, ол кеудеден тысқа, мойын тамырларына беріледі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*жүрекшеаралық перденің дефектісі

*қарыншааралық перденің дефектісі

*Фалло тетрадасы қарыншааралық перденің дефектісі

*+ашық артериалдық өзек

*қолқа коарктациясы

#27

*!Ұл 1 жас 2 айда. 4 айынан – тері қабаттарының, еріннің, көз склерасының цианозы. Физикалық дамуы артта қалған. Анасының айтуы бойынша салмағын нашар қосады, физикалық жүктемеден кейін тез шаршайды. Қарап тексергенде: терісі, көзге түсетін шырышты қабаттарының цианозы. Айқын жүрек өркеші. Жүрек үндері қалыпты, тахикардия. Рентгенограммада: жүрек шекарасы солға ығысқан, «етіктің басы» пішіндес.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*жүрекшеаралық перденің ақауы

*фиброэластоз

*жедел миокардит

*+Фалло тетрадасы

*қарыншааралық перденің ақауы

#28

*! Ұл 4 жаста. Анамнезінде: өмірінің 1-інші жылында қайталамалы бронх-өкпе аурулары. Қарап тексергенде: - тері жабындылары бозарған, физикалық жүктемеде ентігу. Аускультативті: үш жармалы қақпақшаның проекциясында I тон күшейген, өкпе артериясы үстінде II тон күшейген және тармақталған. Бала жатқанда сол жақта II-III қабырғааралықта нәзік систолалық шу естіледі, жүрек ритмінің бұзылуы (анасының айтуы бойынша – соңғы бір жыл бойы). ЭКГ-де: ЭО оңға ығысқан, оң жүрекшенің фибрилляция белгілері, оң жүрекшенің гипертрофиясы. ЭхоКГ – да, оң жүрекшеде солдан оңға турбулентті ағыс.


Қандай туа біткен жүрек ақауына бұл симптоматика тән?

*+жүрекшеаралық перденің дефектісі

*қарыншааралық перденің дефектісі

*Фалло тетрадасы

*ашық артериалдық өзек

*қолқа коарктациясы

#29

*! 3- жасар ұл бала. Физикалық дамуы артта қалған. Қарап тексергенде тері қабаттары бозарған. Жүрек шекаралары көлденеңінен және жоғары қарай кеңіген. Жүрек ұшы түрткісі жайылған, көтеріңкі және төмен қарай ығысқан. Төс сүйегінің сол жағында III-IV қабырғааралықта систолалық діріл және ұзақ систолалық шу.Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* ашық артериальды өзек

* жүрекшеаралық перденің ақауы

* жекеленген өкпе артериясының стенозы

* қолқакоарктациясы

*+қарыншааралық перденің ақауы

#30

*!Ұл бала 10 жаста. Шағымдары: ентігу, әлсіздік, жөтел, жүрегінің ауыруы. Тексеру кезінде тері жабындарының бозаруы, ерін, мұрын ұшы, бетінің цианозы.

«Шапалақ» тәріздес бірінші тон, өкпе сабауының үстінде екінші тонның қосарлануы мен акценті. Тахикардия, жүрек түрткісінде пресистолалық күшеюмен диастолалық шу. Төсте «мысық пырылы» симптомы.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* ашық артериалды өзек

* митральді қақпақша жеткіліксіздігі

*+митральды қақпақша стенозы

* аорта қақпақшасы стенозы

* үшжармалы қақпақша стенозы

#31

*! 10 жастағы балада эпицентрі төстің сол қыры, 2-ші қабырғааралықта, ұйқы артерияларына берілетін, қатаң систоликалық шу естіледі, аортада 2-ші тон әлсізденген, пульс 96 рет 1 минутына, иық артериясындағы АҚҚ 95/75 мм с.б., сан артериясындағы АҚҚ 110/90 мм с.б.

Төменде көрсетілген ақаулардың ішінен ЕҢ ықтималы?

*+аорта өзегінің стенозы

*жүректің біріккен ақаулары

*аорта коарктациясы

*қарынша аралық перде ақауы

*ашық артериальді өзек

#32

*! Ұл бала 12 жаста. Анамнезі бойынша- 9 жасынан бері баспамен ауырып келеді. Үлкен буындарында өтпелі артрит болған. Тексеру кезінде: жүрек шекаралары солға және жоғары қарай кеңейген. I-тон әлсіз, p.max. жүрек ұшында қатаң систоликалық шу естіледі.

Төменде көрсетілген диагноздардың ішінен ЕҢ ықтималы?

* үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі

* жедел миокардит

* аорта қақпақшасы жеткіліксіздігі

*+++митральді қақпақша жеткіліксіздігі

* жүрекше аралық перде ақауы

#33

*! 8 жасар кыз бала. Жүрек аймағындағы ауыру сезіміне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ЖРВИ –мен ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б.
Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* жедел ревматикалық қызба

*+жедел миокардит

* ашық артериялдық өзек

* митралды қақпақшаның пролапсы

* митралды қақпақшаның стенозы

#34

*! 8 жасар кыз бала. Шағымы: жүрек аймағында ауыру сезімі, жүрек қағуына. Екі апта бұрын ЖРВИ ауырған. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары көлденеңінен ұлғайған, үндері тұйықталған, жүрек ұшында нәзік систолалық шу, ретсіз экстрасистолалар. АҚҚ- 90/60 мм.с.б. Рентгенологияда анықталатын өзгерістер:

*+жүрек шекаралары ұлғайған

* жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі

* жүректе өзгерістер жоқ

* жүректің жиырылу амплитудаларының кеңеюі

* өкпе артериясының доғасы ұлғайған

#35

*! Анасы 6 айлық баламен аймақтық педиатрға келді. Рентгенограмада “ шар тәрізді жүрек” анықталды. Жүрек тондары тұйықталған , митральді қақпақшаның жетіспеушілігі систолалық шуы естіледі. Төмендегі аталған болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* жедел миокардит

* ашық артериалді өзек

* митральді қақпақшаның пролапсы

*аорта коарктациясы

*+туа пайда болған фиброэластоз

#36

*! Қыз бала 3 айлық соңғы 2 ай бойы соруы әлсіз, барлығы 50-70 грамм сүт еміп, ұйықтап қалады. Емген кезде қатты терлейді, тері қабаттары бозарып, тыныс алуы жиілейді, көздерінің және ауызының айналасы көгереді деп шағымданды. Бала бозарған, жылағанда ауыз мұрын үшбұрышының цианозы, ентігу, ТАЖ- мин. 60 рет, ЖСЖ - мин. 150 рет. Жүрек үндері тұйық. Жүрек ұшы түрткісі сол жақ бұғана ортасы сызығынан 2,5 см сыртқа. Өкпесінде тыныс қатаң. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен. Анасы жүктіліктің 20-сыншы аптасында ЖРВИ мен ауырды. Клиникалық диагнозды қоюда қандай зерттеу ақпаратты?

*+эхокардиография

* электрокардиография

* фонокардиография

* жүрек рентгенографиясы

* спирография

#37

*! 13 жастағы ұл бала. 2 жасынан бастап “Миокардит, жеделдеу кезеңі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ” диагнозымен емделуде. Аускультацияда: тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, өкпе суретінің күшеюі, кардиодиафрагмальді бұрыштың тегістелуі, КТИ-0,60. ЭхоКГ:жүректің айқын дилятациясы, лақтыру фракциясының төмендеуі, қарыншалардың диффузды гипокинезиясы, екі жармалы қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі.

Төмендегі аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* ревматикалық қызба, митральді ақау


*инфекциалық эндокардит

*+идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия

* рестриктивті кардиомиопатия

* гипертрофиялық кардиомиопатия

#38

*!Жүректiң ақауы бар науқас балада 1 ай бойы дене температурасының көтерiлуi, гепатомегалия, спленомегалия, терiлiк бөртпе, геморрагия, бастағы қан айналым бұзылысының көрiнiстерi байқалады. Жүректе тахикардия, диастола кезiндегi шу естiледi. Гемограммада: таяқшаядролы жылжуымен лейкоцитоз, нейтрофилдердiң токсикалық өзгеруi, ЭТЖ күрт жоғарылаған (60 мм/сағ), СРБ, ауыр гипохромды анемия. Төменде келтiрiлген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*миокардит
* кардиомиопатия

* ревматическалық кардит 
*+инфекциялық эндокардит 
* митральді қақпақшаның пролапсы

#39

*! 5 жастағы қыз баланың ЖРВИ дан кейiн жағдайы тез нашарлады. Ентiгу пайда болды, жүрек тұсында ауру сезiмi мазалады. Қыз бала жүрелеген мәжбүрлi қалыпта отырады. Жүрек шекаралары барлық жағына ұлғайған. Жүрек үндерi тұйықталған, тахикардия, АҚ төмендеген, мойын веналары ісiнген. Рентгенограммада жүрек формасы трапеция тәрiздi, көлеңкесi ұлғайған. Төменде келтiрiлген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

* миокардит, жедел ағымды

*+экссудативті перикардит

* бронхопневмония

* экссудативті плеврит

* инфекциялық эндокардит

#40

*! 4 айлық бала тексерiлу Үшiн кардиология бөлiмшесiне келiп түстi. Анасы баласының аз салмақ қосуына,сонғы айда көгерумен жүретiн ентiгуге шағымданады. "ТБЖА.Фалло тетрадасы" диагнозы қойылды. Кешкi уакытта баланың жағдайы нашарлады: ентiгу пайда болды, жалпы мазасыздық және көгеру күшейдi. Кезекшi дәрiгер тағайындауы керек:

*корглюкон, натрий хлор инфузиясы

*жасанды дем,оттегі

*тері астына преднизолон ,атропин

* +бұлшық етке промедол,кордиамин,кислородпен ингаляция

* адреналин,дигоксин инъекциясы

#41

*!Баланың физикалық, психикалық, жыныстық дамуының кідіруі ЕҢ тән ауру:

*эутиреоз

*гиперпаратиреоз

*гипопаратиреоз

*тиреотоксикоз

*+гипотиреоз

#42

*!Бала 6 жаста. «Церебральді гипофизарлы нанизм» диагнозы қойылған. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы жағдайға ЕҢ сәйкес:

*гипогонадизм

*гипокортинизм

*инсулин жеткіліксіздігі

*+соматотропты гормон жеткіліксіздігі

*қалқанша бездің гипофункциясы

#43

*!12 жасар қыз «Қант диабеті»диагнозымен. Қант диабеті диагнозы сипаттамасына ЕҢ тән:

*глюкозурия

*кетацидоз

*метаболикалық ацидоз

*аш қарынға қант 5,5 ммоль/л