Файл: Химиялы ндірісте жмыс жасайтын ер адам дрігер абылдауында келесі шаымдармен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 149
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
+* ия, ол үшін берілген критерийлер көп
* жоқ, науқаста таңертеңгі құрысулар жоқ
* жоқ,науқаста лимфаденопатия бар, РА ондай болмайды
* жоқ, науқас травмадан кейін ауырды, РА-те ондай болмайды
* жоқ, науқаста айқын әлсіздік және арықтау, РА-те ондай болмайды
#12
*! 16 жаста науқас, суықтанудан кейін ауырған: лихорадка 38°, бір аптадан соң дене температурасы 39° білезік буындарында ауыру сезімі және ісіну пайда болды, таңертеңгі құрысулар түскі 12-ге дейін созылды, тізе, иық буындарында ауыру сезімі пайда болды. ЖРВИ-ның асқынуы деп ойлап, антибиотиктермен емдеді, әсер болған жоқ. Объективті: білезік буындарының қозғалысы шектелген, ісіну бар, жергілікті температура, алақанды қысу симпотмы оң, қолтық асты, шынтақ лимфатүйіндері үлкейген, бауыры +1,5 см, көкбауыры +2 см. ЖҚА: Эр – 3,0, Нб – 98 г/л, Л- 15,9 х109/л, Нф – 78%, Лф – 19%, ЭТЖ 48 мм/С.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
* бруцеллездік артрит
* септикалық артрит
?Cтилл синдромы(гектикалық темп, гепатоспленомегалия , гиперлейкоцитоз)
* ревматоидты артрит
* иерсиниоз, жайылған форма
#13
*! 16 жасар қыз, жедел суықтанудан кейін ауырды: лихорадка 38°, бір аптадан соң дене температурасы 39°, білезік буындарында қатты ауыру сезімі мен ісіну пайда болды, таңертеңгі құрысу түскі 12-ге дейін созылды, тізе және иық буындарында ауыру сезімі пайда болды. ЖРВИ-ның асқынуы деп ойлап, антибиотиктермен емдеді, әсер болған жоқ. Объективті: білезік буындарының қозғалысы шектелген, ісіну бар, жергілікті температура, алақанды қысу симпотмы оң, қолтық асты, шынтақ лимфатүйіндері үлкейген, бауыры +1,5 см, көкбауыры +2 см. ЖҚА: Эр – 3,0, Нб – 98 г/л, Л- 15,9 х109/л, Нф – 78%, Лф – 19%, ЭТЖ 48 мм/С.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
* бруцеллездік артрит
* септикалық артрит
?Cтилл синдромы
* ревматоидты артрит
* Фелти синдромы
#14
*! 46 жаста мұғалім мектепте, шағымы-самай-төменгі жақ буындарында ауыру сезімі мен ісіну, аузын ашу қиындаған, даусы бәсең шықты, ЖРВИ-дан кейін 2 аптадан соң жедел ауырған. Участкелік дәрігер физиотерапия (УВЧ) тағайындаған еді, жағдайы нашарлады, ауыру сезімі мен ісіну күшейді, дене температурасы 37,5°. Объективті: жергілікті температура, самай-төменгі жақ буындарында қызару мен ісіну. ЖҚА: Эр – 3,6, Нб – 118 г/л, Л- 9,9 x109/л, Нф – 67%, Лф – 29%, ЭТЖ 28 мм/с. РФ – 52 МЕ/мл. РА теріс., РХ – әлсіз оң.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
* бруцеллезді артрит
*+септикалық артрит
* Cтилл синдромы
* ревматоидты артрит
* реактивті артрит
#15
*! Әйел адам 56 жаста, бірнеше жылдан бері хондропротекторлармен және СЕҚҚП-мен емделеді, тізе буындарының артрозына байланысты. Зерттегенде анықталды-қанда зәр қышқылының деңгейі аздап жоғарылаған -500 мкмоль/л. Тізе буындарының рентгенограммасында буын қуысының біркелкі емес тарылуы, субхондральды склероз анықталды.
Қандай ем тактикасы ЕҢ ықтимал?
* димексид қосу
* колхицин қосу
* СЕҚҚП дозасын жоғарылату
+* аллопуринол тағайындау(показания гиперурекемия ренального генеза из за длительного приема НПВС)
*хондропротекторлармен емді жалғастыру
#16
*! Әйел адам 32 жаста, шағымы-таңертеңгі құрысу 30-40мин созылады, білезік, башпай-фаланга аралық және проксимальды фалангааралық буындарда ісіну мен ауыру сезімі, дене температурасы 37,5°, 5 кг-ға арықтау. Суықтанудан кейін 2 ай бұрын пайда болды. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 110 г/л, Л- 8,9 x109/л, Нф – 78%, Лф – 16%, ЭТЖ 29 мм/с.
Қандай лабораторлы зерттеу МҮМКІНДІГІНШЕ диагнозды дәлелдейді?
+* ревматоидты фактор IgG (IGMболу керек )
* антицитруллинді антиденелер
* антинуклеарлы антиденелер
* С-реактивті белок
* рибонуклеопротеинге антиденелер
#17
*! Әйел адам 22 жаста, алақан саусақтарының сағат 2-ге дейін созылатын таңертеңгі құрысулары, әлсіздік, субфебрильді температура. 2 апта бұрын басталды. Жүктілік 12 апта. Объективті: алақан II-IV саусақтарының проксимальды фаланга аралық буындарының симметриялық дефигурациясы, қозғалысы шектелген, құрт тәрізді бұлшықеттің гипотрофиясы, тырнақ бетінің линия түріндегі некрозы. ЖҚА: 30 мм/с
Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған ЕҢ дұрыс?
* делагил
+* диклофенак
* метотрексат
* преднизолон
* сульфасалазин
#18
*! Әйел адам 30 жаста, ЖРВИ-дан кейін ауырды: білезік, шынтақ, табан фаланга буындары қызарып, ісінді, таңертеңгі 11-ге дейінгі құрысу мазалады (төсектен тұру қиындаған, өзіне қызмет көрсету қиындаған); дене температурасы 38,5°. Симптомдар 4 аптадан бері өршіді. Диклофенак қабылдады, әсері аздап. Объективті: зақымдалған буындарда ісіну, алақанды қысу симптомы оң, қозғалыс шектелген. ЖҚА: Эр – 3,2, Нб – 105 г/л, Л- 13,9 x109/л, Нф – 88%, Лф – 12%, ЭТЖ 55 мм/с.
Ревматоидты артриттің осы вариантында қай зерттеу әдісі ЕҢ сәйкес?
* РФ теріс, АЦЦП оң(рф бастапқы кезеңде көрінбейді)
* Аурудың дебютінен 6-24 ай уақытта РФ оң болады
* РФ 1/64 титрінен төмен болады
+* РФ және АЦЦП да оң болуы мүмкін
* РФ IgM теріс болады, РФ IgG – оң
#19
*! Қабылдау бөліміне 74ж ер адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағуы, аяқтарында сезімталдықтың төмендеуі. Объективті: тері мен шырышты қабаттарының бозғылттығы, сарғыш түспен. ЖҚА: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, ТК – 1,1, лейкоциттер - 2,2 х 109/л, ЭТЖ - 42 мм/сағ, таяқшаядролы – 6%, сегментядролы– 65%, эозинофилдер – 4%, лимфоциттер – 17%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 10
9/л. Миелограммада: қан түзілуінің мегалобластық типі
Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін қандай тексеру әдісі ЕҢ мәліметті болып табылады?
* Кеуде клеткасының рентгенографиясы
* УДЗ іш қуысы ағзаларының
* Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы
* ЭКГ
*+ Асқазан эндоскопиясы
#20
*! Қабылдау бөліміне 44ж әйел адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы. Соңғы 2 жылда менструация 7-10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттарының бозғылттығы, тырнақтарының сынғыштығы, шаштарының түсуі. Гемограммада: гемоглобин - 42 г/л, эритроциттер – 1,9 х 1012/л, ТК – 0,7, лейкоциттер - 5,8х109/л, таяқшаядролы – 4%, сегментядролы– 69%, базофилдер – 1%, эозинофилдер – 2%, лимфоциттер – 18%, моноциттер – 6%, тромбоциттер – 420 х 109/л, ЭТЖ - 36 мм/сағ.
Патологиялық жағдайдың себебін анықтау үшін қандай тексеру әдісі ЕҢ мәліметті болып табылады?
* Коагулограмма
* Тікелей Кумбс сынамасы
* Стернальды пункция
+* Сарысуда темірді анықтау
* Мықын сүйегінің трепанобиопсиясы
#21
*! Гематологиялық бөлімге 32 жастағы ер адам түсті, шағымы-бел аймағында ауыру сезімі, лихорадка, зәрдің күңгірттенуі, құсу, әлсіздік, осы шағымдар тұмаудан кейін 5 күннен соң пайда болды. Объективті: тері жабындыларының бозғылттығы, субиктерия. Жүрек ұшында систоликалық шум, тахикардия. Бел аймағында ұрғылау симптомы оң. ЖҚА: эр.-2,0 х 1012/л, Нв-59 г/л, ТК-0,9, лейк.-3,4 х 109/л, тромб.-96 х 109/л, ретикулоциттер-6%, ЭТЖ-55мм/с, билирубин-72,8 мкмоль/л, қалдық азот-60,2 ммоль/л. Зәр анализінде – лейкоцитурия, гемосидеринурия. Сахарозды сынама оң.
Қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады?
* +Спленэктомия
* Десфералотерапия
* Циклоспорин А
* Тромбоцитарлы масса құю
*Жуылған эритроциттерді құю
#22
*! Гематологқа 45 жастағы әйел адам келді, шағымы-жалпы әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы. Соңғы жылда менструация 7-10 күн, көп мөлшерде. Объективті: тері жабындыларының бозғылттығы, субиктерия, тырнақтарының сынғыштығы, шаштарының түсуі.Жүрек ұшында систоликалық шум, тахикардия 110 бір минутта, АҚҚ- 100/60 мм.сын.бағ. Гемограммада: гемоглобин - 72 г/л, эритроциттер - 3,6 х 1012/л, ТК - 0,6, лейкоциттер - 6,8х109/л, тромбоциттер - 320 х 109/л. ЭТЖ - 26 мм/сағ. Гинеколог қарауы: Жатыр миомасы, 12 апта, оперативтік ем ұсынылды.
Операция алдында науқасты жүргізудің ЕҢ тиімді тактикасы?
+Парентеральдытемір препараттары
* Парентеральды витамин В12
* Пероральдыфолий қышқылы
* Антибактериальды терапия
* Эритроцитарлы масса құю
#23
*! Гематология бөліміне 34 жастағы әйел адам түсті, шағымы-жалпы әлсіздік, жүрек қағуы, сарғаю, дене температурасы 37,8°С. Объективті: азадаған спленомегалия, гемоглобин - 52 г/л, ретикулоциттер – 28%, жалпы билирубин 87 мкмоль/л, тікелей билирубин 15 мкмоль/л, Кумбс сынамасы оң.
Қандай препарат ЕҢ тиімді болып табылады?
* Витамин В12
+*Преднизолон
* Антибиотиктер
* Темір препараттары
* Урсодезоксихолий қышқылы
Аутоиммунная гемолитическая анемия
#24
*! Бозбала 16 жаста, шағымы- әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, тері жабындылары мен склераларының сарғыштануы, зәрінің күңгірттенуі. Анамнезінен: әкесінде оқтын-оқтын тері жабындыларының аздап сарғыштануы байқалған. Объективті: терісі сарғыш, көкбауыры қабырға доғасынан 4 см-ге шығып тұр. ЖҚА: эритроциттер-3,1 х 1012/л, Нв-87 г/л, ТК-0,9, лейкоциттер-7,9 х 109/л, тромбоциттер-220 х 109/л, ретикулоциттер-7%, ЭТЖ-29 мм/с. Билирубин-70,1 мкмоль/л, эритроциттердің қалыңдығы-2,8 мкм, микросфероциттер-42%.
Қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады?
* Жуылған эритроциттерді құю
* Темір препараттары
* Кортикостероидтық терапия
* Циклоспорин А
+*Жоспарлы спленэктомия
#25
*! Пациент О., 42 жаста, шағымы-бірден әлсіздік, бас айналуы, құлақтарында шу, аздаған физикалық жүктемеде ентігу, тілінің күюі, аяқтарында жансыздану. Анамнезінен: бірнеше жыл бұрын қан кетумен асқынған асқазан ойық жарасына операция жасалған. Объективті: Жүрісі теңселген. Тері жабындылары бозғылт, тілі ашық-қызыл, тілімденген. Ағзалары – өзгеріссіз.Курлов бойынша бауыр размері 10-9-8 см. Көкбауыр 4-6 см. ЖҚА: Эр-2,3 x10 12/л., Hb-82 г/л., ТК-1,1 тромбоциттер — 128x10 9/л., ретикулоциттер– 0,5%, МСV- 98 фл, Лейк.- 4,5x10 9/л., ЭТЖ-12 мм/с.
Қандай анемия ЕҢ ықтимал ?
*Cидероахрестикалық анемия
*Теміртапшылықты анемия
*Гемолитикалық анемия
*Апластикалық анемия
+*В12-дефициттік анемия
#26
*!Әйел адам М, 35 жаста, шағымы-айқын әлсіздік, тері жабындыларының сарғыштығы, денетемпературасы 37,50С, сол қабырға астында ауырлық сезімі. Анамнезінен: 2 күн бұрын ЖРВИ-дан кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болды.Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттары иктериялық.Сол жақ қабырға астында ауыру сезімі, көкбауыры 12-16см. ЖҚА: Эр-2,8 x10 12/л., Hb-79 г/л., ТК-0,85 тромбоциттер — 230x10 9/л., ретикулоциттер – 12%, МСV- 95 фл, MCH – 32пг, MCHC – 36 г/дл, лейк.- 7,5x10 9/л., ЭТЖ-15 мм/ч, микросфероцитоз.
Билирубин 77 мкмоль/л, тікелей билирубин10,6мкмоль/л, АСТ 0,11 мкмоль/л, АЛТ 0,12 мкмоль/л, темір деңгейі- 22 ммоль/л.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*Апластикалық анемия
*В12-дефициттік анемия
+*Гемолитикалық анемия
*Теміртапшылықты анемия
*Cидероахрестикалық анемия
#27
*! Науқас С., 25 жаста, шағымы-тамағында, сүйектерінде ауыру сезімі, бірден әлсіздік, дене температурасы 400С, мұрыннан қан кету. Бір апта бұрын ауырды. Объективті: температура 39,50С. Кеудесі мен аяқтарында майда нүктелі қан құйылулар. Аузынан шірік иісі шығады.Үлкейген миндалиналарда – іріңді-некротикалық түзілістер; жалпақ сүйектерді басқанда ауырады. Бауыры 3 см шығыңқы, көкбауыры пальпацияланбайды. ЖҚА: геморрагиялық және анемиялық синдромдар, қанда – 38 % бластар.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*апластикалық анемия
+ жедел лейкоз
*тромбоцитопатия
*созылмалымиелолейкоз
*Bальденстрем ауруы
#28
*! 18 жастағы қыз бала. Бірінші жүктілік, 32 апта. Ауруханаға дене температурасының көтерілуімен, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруға, шаршағыштыққа шағымданып келді. Қарап тексергенде ісіну жоқ, АҚҚ 110/70 мм рт ст. Қарап тексергенде зәр анализінде өзгерістер анықталды: зәр лайланған, ақуыз 0,066%, лейкоциттер – барлық көру алаңында, бактериурия. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Аталған дәрілердің қайсысы ең тиімді болып табылады?
*Бисептол
*Амоксиклав
* Офлоксацин
* Гентамицин
+* Нитрофурантоин
#29
*! 24 жастағы қыз баланы аяғы мен бетіндегі ісінулер, бел аумағындағы ауру сезімі, қызба, майда буындағы ауру сезімі мазалайды. Теңізде демалып келгеннен кейін бетінің қызаруы, қызба, шаш түсуі пайда болғаннан соң ауырған. Қанда: Нв-81 г/л, эр-2,8 млн., лейк-3,2 мың., тромб – 136 мың., эоз-8, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ, гамма-глобулин - 25%. Зәр анализінде: ақуыз – 3,1 г/л, лейк -10 көру алаңында, эр – 20 – 25 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер-10-ға дейін көру алаңында. Емге қандай дәріні қосу ең тиімді:
* диуретиктер
* уросептиктер
* метаболиктер
* антибиотиктер
+* глюкокортикоидтар
#30
*! 29 жастағы науқаста нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен ем тиімсіз болған. Бүйрек биопсиясының қорытындысы: жарықтық микроскопияда – күмістелген каппилярдық бойында субэпителиальды «тікендер» анықталды; иммунофлюоресценцияда – гранулярлы жарықтану IgG + С3; электронды микроскопия – жиі субэпителиальды иммунокомплексті депозиттер. Екіншілік нефротикалық синдром жоқ. Сіздің диагнозыңыз және ең тиімді ем қандай?
* Мембранозды нефропатия және симптоматиқалық ем
* Фокальді-сегментарлы гломерулосклероз және преднизолонмен ем