Файл: Xx асырдаы азастан.rtf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 53

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1917ж. наурызында барлық дерлік облыстар мен уездерде өз ұйымдарын құрған социал-демократтар мен большевиктер қызметтерін жандандырды. Бүкіл елдегідей Қазақстанда да уақытша үкімет органдарымен қатар Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Павлодарда, Өскеменде т.б. қалалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрыла бастады. 1917 ж. наурыз-сәуір айларында өлкеде 25 жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңңесі жұмыс істеді. Олардың көпшілігінде басшылққа эсер және меньшевик партияларының өкілдері болды.

Осындай жағдайда Қазақстан үшін өзекті мәселелер болып саналған – аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс мәселелерін және қалыптасқан жағдайды талқылап, баға беру үшін ұлттық-демократиялық қозғалыс лидерлері облыстық съездер өткізе бастады. 2-8 сәуірде Орынборда 300 адам қатысқан Торғай облыстық съезі болып өтті. 19-22 сәуірде Орал қаласында Орал облыстық съезі болып, оған 800 астас адам қатысты. Съезд Ақмола, Семей, Верный қалаларында да өтті. Осылайша бүкілқазақтық съезді шақыруға негіз жасалды.

Ақпан революциясы Ә.Бөкейханов бастаған ұлттық интеллигенциясы үмітін ақтамады. 1917ж. мамырында Ә.Бөкейханов бастаған өзінің кадет партиясынын шығатынын жариялады, өйткені негізінен осы партия өкілдерінен тұрған Уақытша үкімет Қазақстан үшін маңызды мәселелерді шешуге құлық танытпады.

1917 ж. көктемі мен жазында Қазақстанда жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрыла бастады. Мысалы, Верныйда мұсылман жұмысшыларының Одағы, Жаркентте Жұмысшы одағы, Түркістан өлкесінде мұсылман еңбеккерлерінің одағы пайда болды. Зиялы қауым өкілдерін, оқушы жастар, мұғалімдерді біріктірген жиырмадан аса ұйымдар құрылды. Олардың ішінде негізгілері: Ақмолада С.Сейфуллин басқарған «Жас қазақ»; Меркеде Т.Рысқұлов құрған «Қазақ жастарының революциялық одағы»; Спасск зауытындағы «Жас жүрек»; Омбыдағы «Демократиялық оқушы жастардың кеңесі»; Петропавлдағы «Талап»; Семейдегі «Жанар» ұйымдары.

Іс жүзінде патша самодержавиесінің саясатын жалғастыра отырып, Уақытша үкімет Қазақстанда ұлт мәселесін шеше алмас еді, әрі ол аграрлық мәселені шешуге де ұмтылмады. Басқа езілген халықтар сияқты қазақтардың өзін өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін ол тіпті күн тәртібіне қоюға тырыспады.

Қазақ либералдық қозғалысының басшылары да осы жағдайда жалпықазақтық съезд өткізуді жылдамдатуға шешім қабылдады.

Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдері қатысқан 1 жалпықазақтық съезд Орынбор қаласында 1917 ж. 21-26 шілдеде өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік; бүкілресейлік мұсылман съезі қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер еді.


Делегаттар ұлттық автономия прблемасына, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға басты назар аударды.

Съезд басталардан 1 ай бұрын-ақ «Қазақ» газетінің беттерінде автономия мәселесі жөнінде әртүрлі көзқарастар айтылған бірқатар мақалалар жарияланды. Оларда: «Егер автономияның қажеттігі мүлде айқын десек, онда қазақтар үшін қандай формасы неғұрлым ыңғайлы болады – мемлекеттік автономия ма немесе мәдениеттің ерекшелігі ме, әлде ұлттың ерекшелігі ме? Қазақтар тәуелсіздікке өз бетімен талаптана ала ма, әлде оған басқа халықтармен бір одақта қол жеткізе ме?», - деген сұрақтар қойылды, бірақ оларға тиянақты жауап берілмеді.

Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов тәуелсіз автономиялы мемлкетін құруды жақтады. Бөкейханов «демократиялық , федеративтік және парламенттік Ресей республикасындағы» қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болғанын ұнатты. Осы пікірді делегаттардың көпшілігі қолдады. «Қазақ облыстары,-деп көрсетілді съезд қарарында, - территориялды-ұлттық автономияны ... алуға тиіс».

Съезд жұмысындағы өзекті мәселе – жер мәселесі болды. Осы мәселеге байланысты съезд қарарының негізгі желісі мынаған сайды: қазақ қоғамы жерінің тартып алынуы тиылады, конфискеленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аудару басқармаларының әлі бөлініп үлгермеген жер учаскелері дәстүрлі пайдалануы үшін қазақ қауымдарына қайтарылады; ценз енгізу негізінде далаға көшіп келу тоқтатылады және т.б.

Съезд Құрылтай жиналысына дайындық мәселесін талқылады, депутаттыққа кандидаттар тізіміне 81 адам- Қазақстанның барлық аймақтарының, сондай-ақ Бұқарадағы, Ферғанадағы және Хиуадағы қазақ қауымдарының өкілдері енгізілді. Олардың арасында «Қазақ» газетінің басшылары, қазақ ұлттық либералдық қозғалысының жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, аймақтар жетекшілері: Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, (Семей), Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов (Батыс Қазақстан), М.Тынышпаев (Жетісу), М.Шоқаев, С.Асфендияров(Түркістан өлкесі) болды. Кандидаттар арасында сондай-ақ орыс ғалымы Г.Потанин иен саяси қайраткері В.Чайкин жүрді.

Съездің шешімдеріне «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интеллигенттері күшті ықпал жасады. Осының арқасында мұсылман діндарларының қазақ халқына ықпал ету мүмкіндіктері азайды: олардың редакцияшыл соттары жойылды, олардың орнына құқықтық құрылымдар енгізілуге тиіс болды, әйелдер еркектермен бірдей құқыққа ие болу керек деп саналды, қалымға тиым салынды. Білім алу міндетті іс деп табылды және оны іске асыру азаматтық өкіметке жүктелетін болды.



Осымен қатар съезд шешімдеріне Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Закаспий облысының қазақ аудандарындағы мұсылмандарды басқару үшін Орынборда тәуелсіз муфтилік құру керектігін ескерді.

Жалпықазақтық бірінші съезд шын мәнінде қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаштың» съезі болып айқындалады. Оның шешімінде: «Қазақ партиясын құрудың қажет екенін мойындай отырып, съезд бүкіл-ресейлік мұсылмандар кеңесіндегі қазақтардан барған өкілдерге осы партияның бағдарламасын жасауды тапсырады, соның өзінде бұл саяси бағдарламаның негізіне демократиялық федеративтк парламенттік Республиканы талап ету (Ресейде құру) алынуға тиіс», - деп жазылды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясы басқа да өкілдері «Алаш» партиясының жетекшілері болды. Бұл либералды байлар мен мен ұсақ буржуазиялық демократияның партиясы еді.

«Алаш» партиясына сондай-ақ ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның өкілдері: М.Тынышпаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашаев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов және т.б. кірді. Бұлардың басым көпшілігі 1917 ж. жазында қалыптасқан жағдайда, тұтасынан алғанда қазақ қоғамы оған дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдамады. Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету» ұраны төңірегіне топтасты.

1917ж. 14 наурызында Қазақстанның оңтүстігінде «Шура –и-Ислами»(«Ислам жақтастарының кеңесі») құрылды. Оның басшыларының арасында М.Абдурашидханов, М.Шоқай т.б. болды. «Шура –и-Исламидың» идеологиясы түркі-мұсылман халықтарын біріктіріп, ұлттық өзін-өзі билеуге қол жеткізуге негізделді. Оның бастамасымен 16 сәуірде Ташкентте Бүкілтүркістандық мұсылман құрылтайы ашылып, оған Түркістан халықтарының 150 артық өкілдері қатысты. Съезд төрағасы М.Абдурашидханов, хатшыларының арасында М.Шоқай болды. Съезде қарастырылған басты мәселе уақытша үкіметке көзқарас және қалыптасқан жағдайда Түркістанды басқару мәселесі болды. Съезд Уақытша үкіметке қолдау көрсетті және Ресей президент және Құрылтай жиналысы басқаратын федеративті, демократиялық парламенттік республикаға айналуға тиіс, Түркістан және басқа да облыстарға автономия берілуге тиіс деген идеяны ұсынады. Сондай-ақ Түркістан мұсылмандарының кеңесін құру туралы мәселе көтерілді. 1917 ж. 12 маусымында бұл ұйым құрылып, оның басшысы болып М.Шоқай тағайындалды. Бұл ұйым басқа да ұлттық-демократиялық бағыттағы саяси күштермен, соның ішінде «Алаш» партиясымен қарым-қатынас орнатуға тырысты. Сонымен қатар бұл ұйым 1917 ж. 2 қарашасында кеңес өкіметін танымау туралы шешім қабылданды. «Шура –и-Исламидың» күш-жігерінің нәтижесінде мұсылмандардың өлкелік ІV төтенше съезінде Қоқан автономиясын құру туралы шешім қабылданды. Сонымен бұл ұйым түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-діни автономиясын құруды жақтады. «Шура –и-Исламидің» өзі аттас баспа органы болды, кейіннен оның орнына «Кенғаш»(Кеңес) газеті шығарылып, оның беттерінде түркі федерациясы идеясы насихатталды. 1918 ж. басында Қоқан автономиясы жойылғаннан кейін «Шура –и-Ислами» өмір сүруін тоқтатты.


1917ж. күзінде Қазақстанда тағы бір ұлттық-саяси ұйым – өзін «Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы» деп атаған «Үш жүз» партиясы пайда болды. «Үш жүз»партиясының құрылғандығы жөнінде хабар 1917 ж. қарашасында «Сарыарқа» газетінде жарияланды. Оның негізін салған Мұқан Айтпенов. Алайда М.Айтпенов «Алаш» партиясының жақтаушыларының бірі болғандықтан партия ішінде жікке бөлінушілік орын алып, М.Айтпенов төрағалықтан кетуге мәжбүр болды. Бұд партия негізінен Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында іс-әрекет жүргізді, орталық Комитеті Омбы қаласында орналасты, баспа органы Петропавл қаласында 1917 ж. желтоқсанында шығарыла бастаған «Үш жүз» газеті болды. Газеттің екінші нөмерінде партияның бағдарламасы жарияланды.

«Үш жүз» партиясы негізгі мәселелер бойынша «Алаш» партиясына оппозицияда болды. Қазақ облыстарының автономиясы мәселесі бойынша олар түркі-татар федерациясын жақтады. «Алаш » партиясының жерді земствоның қарамағына беру туралы ұсыныстьарына қарсы шықты.

М.Айтпенов қызметінен кеткен соң, төрағалыққа К.Тоғысов сайланды. 1918 ж. көктеміне қарай партия большевиктерді ашық қолдай бастады, сөйтіп«Үш жүз» партиясы Алашордаға қарсы шықты. 1919 ж. азамат соғысы кезінде К.Тоғысов қаза тапқан соң партия өмір сүруін тоқтатты.

2 ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТ СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
2.1 Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы. Қоқан автономиясы. Алашорданың құрлуы және қызметі.

2.2 Қазақстан Азамат соғысы жылдарында. «Әскери коммунизм» саясаты
2.1 1917 ж. күзіне қарай Ресейде жаңа революциялық дағдарыс пісіп жетілді. Оның басты себебі бүкілресейлік әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-саяси дағдарыс болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдің шаруашылық қирауына алып келді. 1917 ж. жазына қарай өнеркәсіптік сектордың өнімі 1916 ж. салыстырғанда 36,5 пайызға азайды.

1917 ж.наурызынан қазан айына дейін 800 жуық кәсіпорын жабылып, бұрын-соңды болмаған жұмыссыздыққа алып келді. Қаржы жүйесі толықтай істен шықты. Уақытша үкімет өзі басқарған сегіз айдың ішінде 9 млрд. Сомның несиелік билеттерін басып шығарды, ал Николай ІІ үкіметі болса соғыс болған 32 ай ішінде 8,3 млрд. Сомның қағаз ақшасын шығарған болатын.

«Керенка» деп аталатын қағаз ақшаның орасан зор көлемде Ресей экономикасына енгізілуі бұрын-соңды болмаған ауыр инфляцияға алып келді. 1917ж. қазанына қарай рубльдің сатып алу мүмкіншіліг бар-жоғы 6-7 тиынды құрады, ал жалақы 50 пайызға қысқарды. «Біз ұлы экономикалық және қаржылық дағдарыстың алдында тұрмыз,» - деді Уақытша үкіметтің басшысы А.Ф.Керенский.

Соғыстан туындаған ауыр шаруашылық күйзелісті елдегі саяси дағдарыс одан әрі шиеленістіріп жіберді. Уақытша үкімет солқылдақтық танытып, бірді-бір маңызды мәселені шеш алмады.

Елде қалыптасқан жағдай халықтың наразылығын күшейтті. Уақытша үкіметтен үміттерін үзген халық неғұрлым радикалды бағыттағы саяси күштерге қолдау көрсете бастады. 1917 ж. қыркүйек-қазан айларында Петропавл, Орал қалдаларында, Орынбор-Ташкент темір жолының кейбір стансаларының жұмысшылары ереуілдерге шықты. Ірі толқулар Верный, Әулиеата және басқа қалаларда да болып өтті. Жұмысшылардың ереуілдері мен стачкаларына шаруалар мен солдаттар қолдау көрсетті. Уақытша үкімет халықтың талабын орындаудың орнына бұл қозғалысты күшпен басып-жаншуға тырысты.

1917 ж. Қазанда Петроградта және оның маңайында большевиктердің басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдаттар мен матростардың 250 мың жауынгерінен тұратын екпінді отряд жасақталды. 1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды. 25 қазанның таңертеңіне қарай қаладағы маңызды нысандар: вокзалдар, электростанциялар, телефон станциялары, мемлекеттік мекемелер, банктер, көпірлер кеңес өкіметін жақтаушылардың қарамағына өтті. Уақытша үкімет тұтқындалды. 25 қазанда таңертең В.И.Ленин әзірлеген «Ресей азаматтарына» деген үндеу жарияланды. 25 қазанның кешінде Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі ашылды. Съезд «жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға» үндеуінде бүкіл өкімет билігінің Кеңестерге өткенін мәлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етті. Съезд «Жер туралы декретті» қабылдады. «Бітім туралы декретте» кеңес өкіметі «барлық соғысушы жақтарға аннекциясыз және контрибуциясыз демократиялық бітім жасау үшін тез арада келіссөздер бастауды ұсынады. » Екінші қабылданған «Жер туралы декретте» жерге жеке меншік жойылып, ол мемлекет меншігіне өтетіндігі жарияланды.