Файл: Xx асырдаы азастан.rtf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Кеңес үкіметінің алғашқы актілерінің бірі 1917ж. 3 қарашасында жарияланған «Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы» болды. Онда жұмысшы-шаруа мемлекетінің ұлт саясатының негізгі принциптері: Ресей халықтарының теңдігі мен егеменділігі, олардың өзінің мемлекет құрылысын өзі шешу құқығы жарияланды. Ұлттық және этникалық азшылық пен топтардың еркін дамуы, ұлттық және діни артықшылықтарды жою –Кеңес өкіметінің ұлт саясатының бағдарламасы осындай болды. 1917ж.20 қарашасында Кеңес үкіметінің «Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына » Үндеуі жарияланып, онда мұсылмандардың діни сенімдері мен әдет-ғұрыптары, ұлттық және мәдени мекемелеріне еркіндік беріледі, қорғалады делінеді.

Сонымен, Петроградта билік Кеңестердің қоластына өтті. Қарашаның басында Мәскеуду жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің салтанатты шеруін бастады. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстанда алғаш рет өкімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өз қолдарына алды.

3 қарашада қарулы қақтығыс нәтижесінде Кеңес өкіметі Ташкентте орнатылды. 6 қарашада Әулиеатада, қарашаның бас кезінде бейбіт жолмен Черняевте (қазіргі Шымкент) билік Кеңестердің қолына өтті. Желтоқсанда- Бөкей ордасында, Петропавлда, Көкшетауда, Атбасарда, Қостанайда 1918ж. қаңтарында –Ақтөбеде, 18 қаңтарда атаман А.Дутовтың қарулы қақтығысын басу нәтижесінде Орынборда кеңес өкіметі орнатылды. 17 ақпанда Семейде, кейіннен Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда орнықты. 3 наурыз күні Верныйда, наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңестер билікті өз қолдарына алды. Оралда кеңес өкіметінің орнауы аса қиын жағдайда жүзеге асырылды. 1918ж. 15 қаңтарында орнатылған кеңестердің билігі 29 наурызда құлатылды, тек азамат соғысы жылдарында билік қалпына келтірілді.

1917 ж. 26 қарашасында Қоқан қаласында мұсылмандардың өлкелік IV төтенше съезі ашылды. Оның жұмысында 30 астам делегат қатысты. Съездің белсенді қатысушыларының қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқай, және тағы басқалар болды. 27 қарашада съезде Түркістан автономиясын (Түркістан мұхтариаты) құру туралы шешім қабылданды. Сол жерде 12 адамнан тұратын Уақытша үкімет құрылды, оның 8- жергілікті халықтың өкілдерінен, 4- басқа ұлт өкілдерінен сайланды. Премьер-министр және ішкі істер министрі болып М. Тынышпаев, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. Кейіннен М.Шоқай премер-министр болды. Сонымен бірге 54 адамнан тұратын Ұлттық жиналыстың (Милий мажлис) құрамы айқындалды, оның құрамының үштен бір бөлігі жергілікті емес халықтардың өкілдеріне берілді. 1917 ж. 1 желтоқсанында Түркістан автономиясының үкіметі өлке халқына Үндеу жолдап, онда Түркістан ресей Федеративтік демократиялық республикасының автономиялық құрамдас бөлігі болып табылады деп жарияланды. Автономияның орталық органдарының Қоқан қаласында орналасқандығына байланысты ол Қоқан автономиясы деп те аталды.


1918 ж. қаңтарында Қоқан автономиясы большевиктер тарапына қысыға ұшырады. Олар М.Шоқайдан Кеңес үкіметін мойындауды және милицияны таратып, қарусыздануды үзілді-кесілді талап етті. Алайда, М.Шоқай бұл талаптарды орындаудын бас тартты. Автономияны жою мақсатымен Кеңес үкіметі атты әскер, артиллериялық және жаяу әскер бөлімдерінен тұратын 11 эшалонды 1918 ж. 6 ақпанында Қоқан қаласына жіберді. 6-7 ақпанда большевиктер Қоқанды қырғынға ұшыратып, автономияны жойды, «Шура-и-ислами» тарап кетті.

Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы біркелкі жүрген жоқ. Оның аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму және саяси күштердің күш ара-қатынасына байланысты ерекшеліктері болды. Бірқатар аудандарда бұл үрдіс ұзаққа созылған қантөгіс қақтығыстар нәтижесінде жүзеге асырылса, кейбір аудандарда бейбіт жолмен өтті. Жаңа өкімет Торғай, Жетісу, Орал облыстарының көптеген аудандарында қарулы қақтығыстар барысында орнатылды. Шымкент, Әулиеата, Бөкей ордасы, Түркістан, Қазалы, Көкшетау, Ақмолада біршама бейбіт жолмен орнады. 1917 ж. қазанынан 1918 ж. наурызына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында орнады. Жаңа өкіметке қарсылық негізінен Орынбор, Орал және Жетісу аймақтарында орын алды.

1917 ж. Қазан революциясынан кейін қалыптасқан жағдайды талқылап, іс-әрекет жоспарын қабылдау үшін 1917 ж. 5-13 желтоқсаны аралығынада Орынборда Жалпықазақтық Екінші съезд болып өтті. Оның жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарынан делегаттар қатысты. Ұйымдастырушылар Ә.Бөкейханов, И.Омаров, С.Дощанов, М.Дулатов болды. Съезге Б.Құлманов төрағалық етті.

Съездің жұмысы Қазақстанның оңтүстігінде аштық туралы, жергілікті билік өкілдерінң әрекетсіздігі туралы мәселені қарастырудан басталды, съезд келесі мәселелерді талқылады: Сібір,Түркістан автономияларына және оңтүстік-шығыс одағына қатынасы; қазақ автономияларына және оңтүстік-шығыс одағына қатынасы; қазақ облыстарының автономиясы; милиция; ұлттық кеңес; білім беру; ұлттық қор; мүфтият; халық соты; ауылдық басқару; азық-түлік мәселесі.

Съезде талқыланған негізгі мәселе қазақ автономиясын құру болды. Автономия туралы баяндаманы Ә.Бөкейханов жасады, бұл баяндама мен қазақ автономиясын құру туралы мәселе арнайы құрылған комиссияның қарауына берілді. Комиссия атынан сөз алған Х.Ғаббасов «қазан айының соңында Уақытша үкіметтің құлауына байланысты Ресей мемлекеті заңды, беделді билік органынан айырылды. Елде азамат соғысы туындау қаупі бар. Осындай жағдайдан шығудың бірден бір жолы барлық қазақ облыстары мойындайтын бері билік құру болып табылады,» деп атап өтті. Съезд бірауыздан қазақ облыстарының автономиясын құрып, оны Алаш деп атау туралы шешім қабылдады. Алаш облыстарын «қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен» уақытша ұлттық комитет құрылып, ол Алашорда деп аталынды. «Алашорданың» үкімет құрамы 25 адамнан тұрып, оның 10 орны қазақтар арсындағы басқа ұлт өкілдеріне қалдырылды. Жаңа үкімет орталығы Семей қаласы болды. Алашорданың басшысы болып баламалы негізде Ә.Бөкейханов сайланды.



Алашордашылар Кеңес өкіметімен байланысқа шығып бірі-бірі мойындау туралы мәселе қойды. 1918 ж. сәуірдің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Мәскеуде автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтар В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. Алайда, бұд келіссөздер нәтиже бермеді. Осыдан кейін алашордашылар Орынборда өз билігін орнатқан атаман А.Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысының комитетімен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен қарым-қатынас орната бастады. Кеңес үкіметімен келісімге келу мүмкіндігінен айырылған соң Алашорда оған ашық қарсы шыға бастады. 1918 ж. маусымында Алашорда қаулы қабылдап, онда: «Кеңес өкіметі шығарған декреттер Қазақстан жерінде өз күшін жойды,» - деп жазды. Тамыз айында Семейде алғашқы Алаш атты әскер полкі құрылды.

1918ж. 11-14 қыркүйегі аралығында Уфа директориясы деген атпен белгілі кеңес болып өтті. Оның құрамына Бүкіл ресейлік құрылтай жиналысынң мүшелері, Сібір уақытша үкіметінің, орынбор, Орал, Сібір,Иркутск, Жетісу,Енисей, Астрахан казак әскерлерінің өкілдері, Башқұрт, Алаш, Түркістан үкіметтерінің, зесмтволардың, бірқатар саяси партиялардың өкілдері енді. Уфа директориясы Ресейде бірыңғай партиялардың өкілдері еді. Уфа директориясы Ресейде бірыңғай орталық өкімет қалпына келтірілді, соған байланысты ендігі жерде жергілікті автономиялар, соның ішінде Алашорда да өмір сүруін тоқтатуы қажет деген шешім қабылдады. Сонымен, кеңестерге қарсы барлық күштерді біріктірген Уфа директориясы өз шешімімен Алашорданы жойды.

Бұл кезде Алашорда екіге бөлініп кетті. 1918 ж. 11 қыркүйекте Жымпитыда Х. Досмұхамедов басқарған Алашорданың Батыс бөлімі құрылды. Алашорданың Шығыс бөлігі Жаңа Семей қаласына көшірілді.

Азамат соғысы жылдарында Алашорда Кеңес үкіметіне жау күштерімен одақтас болды. Дегенмен Кеңес үкіметі Қазақстанда халықтың қалың бұқарасын өз жағына тарту Алашорда құрамында болған қазақ зиялыларының қолдауынсыз мүмкін емес екендігін жақсы түсінді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) 1919ж. 4 сәуірдегі қаулысында «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің бұрынғы мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауы тиісті,»- деп көрсетілген.

Сол жылдың 21 желтоқсанында Алашаорда Кеңестер жағына шығу туралы шешім қабылдады. 1920ж. 9 наурызында Алашорданы жою туралы шешім қабылдағаннан кейін ол өмір сүруін тоқтатты.


1.2.2 Азамат соғысы – мемлкет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. Большевиктік билеушілер өздерінің демократияға қарсы саясатымен жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер –жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды.

1918 ж. ақпанында Құрылтай жиналысы шақырылып, оның делегеаттарының басым көпшілігін эсер партиясының өкілдері құрадлы. Құрылтайдың бірінші күні-ақ оның делегаттары большевиктерден коалициялық үкімет құруды талап етті. Алайда бұл ұсыныс қабыл алынбады және сол күні кешке В.И.Лениннің нұсқауымен большевиктер Құрылтай жиналысын күштеп таратып жіберді. Осылайша, Ресейдегі жағдайды бейбіт жолмен қалыпқа келтірудің соңғы мүмкіндігінен айырылды.

«Ақтар» деп аталған контрреволюциялық күштер бірігіп большевиктерге қарсы ашық қарулы қарсылыққа дайындала бастады. Азамат соғысы өкіметүшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.

Азамат соғысының басталуына түрткі болған Чехословак корпусунуң бүлігі болды. 1918 жылы мамырдың соңында контрреволюциялық күштер Петропавлды, маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды.

Бүлікті пайдаланған атаман А.Дутов 1918 жылғы маусымда Орынборды алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастады. Қызыл әскер темір жол бойымен Ақтөбеге қарай шегінді. Ақ гвардияшылар Ташкентке қарай жылжуын тоқтату мақсатымен Ақтөбе майданы құрылып, оның қолбасшысы болып Г.В.Зиновьев тағайындалды. Осы кезде Далалық өлкенің Төтенше комиссары Ә.Жангелдинның экспедициясы ұйымдастырылды. 1918 ж. 18 шілдесінде Мәскеуден шыққан экспедиция Волга, Каспий теңізі, Маңғышлақ арқылы жүріп 11 қарашада Шалқарға жетті. Олар Ақтөбе майданының бірнеше мың әскеріне қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізіп берді.

Әліби Жангелдин (1884-1953) Торғай уезінің Қайдауыл ауылында дүниеге келген. 1903 ж. Орынбор діни училищесінде, 1904-1905 жж. Қазан мұғалімдер семинариясында оқып, 1906 ж. Мәскеу діни академиясына оқуға түскен. 1910-1912 жж. Еуропа, Таяу Шығыс, Африка мен Азия елдерін саяхаттап, атап айтқанда Польша, Австрия, Венгрия, Швейцария, Сербия, Болгария, Түркия, Сирия, Палестина, Мысыр, Абиссиния, Арабия түбегінде, Месопотамияда, Иран, Үндістан, Цейлон аралдары, Үндіқытай, Тайвань, Жапония сияқты елдерде болып қайтқан. Ә.Жангелдин Қазақстан кеңестерінің Бірінші Құрылтай съезін ұйымдастырушылардың бірі болды.


Ақтөбе майданы Азамат соғысында маңызды рөл атқарды, 1918 ж. қазанында ақ гвардияшылардың Орта Азия мен Қзақстаннның оңтүстігіне өту мақсатымен басталған шабуылын тоқтатып, қарсыласты кейін шегіндірді. 1919 ж. ОРынбор, Орал,Орск қалалары азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданының әскерлері Шығыс майданнының құрамына еніп, Ақтөбе майданы таратылды.

Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман А.Дутовпен бірігіп Кеңес өкіметіне қарсы шықты. Орта Азиямен Қазақстандағы қарсыласу жалпы Ресейдегі қарама-қарсылықтың құрамдас және ажырағысыз бөлігіне айналды.

1918 ж. жазы мен күзінде Жетісу облысында соғыс қимылдары жанданды. Колчак әскері Іле өлкесін, Верныйды басып алып, ары қарай Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жетуді көздеді. Сергиополь (Аягөз), Үржар, Сарқанда және басқа елді мекендер басып алынды. Ақ гвардияшылардың осы бағыттағы шабуылын тоқтату мақсатымен 1918 ж. жазында Солтүстік Жетісу майданы 1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы «Ташкентті баспы алуды түпкі міндет етіп,» Жетісу бағытында операция бастады. 1918 жылдың аяғында Жетісу майданында атаман Анненковтың дивизиясы және басқа да әскер бөлімдері жіберілді.солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өрши түсті.

Елде «ақ» және «қызыл» террор кең құлаш жайды. 1918 ж. қыркүйегінде Бүкілресейлік Төтенше Комиссия құрылып, оған кең өкілеттіліктер берілді. Ресми деректер бойынша 1918 ж. Төтенше Комиссия органдары 31489 адамды репрессиялады, оның ішінде 6185 адам атылды, 21236 адам қамауға алынды. Екінші жағынан, осы кезде Колчак әскерлерінің қолынан 25 мың адам қайтыс болды.

Азамат соғысының басталуы жағдайында Кеңестер әскери құрылысқа Түркістан мен Қазақстанның жергілікті байырғы халқын тартты. «Мұсылман бөлімдері» деп аталатын әскери бөлімдер құрылды. Мұндай бөлімдер көбінесе ұзақ тұрақтамады. Оның себептері көп еді. Бір жағынан, ұлы державалық шовинистер қаруланған мұсылман Ресейдің жауы деп пайымдады. Екінші жағынан, қазақтар армия үшін «сенімсіз элемент және олар әскери қызмет құрметін көрсетуге жеткен жоқ, олардың адалдығына сенуге болмайды» деп санаған бұрынғы отаршыл отарлықтың сенбеулігі әсер етті.

Ұлттық әскер бөлімдерін құру бастапқыда еріктілік қағидасымен жүргізіледі. Міндетті әскери міндеткерлікке негізінде еңбекшілерді мобилизациялау туралы 1918 жылы мамырдың 29-нда Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің (БОАК) декретінен кейін 1918 жылғы қарашаның 17-нде Ұлт істері жөнінде халық комиссариаты «Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша белгілі бір өлшемдерге еркін топтауға » рұқсат берді. Ұлттық құрамаларда рота буынынан ірі етіп құрмау көзделді. Іс жүзінде полктер мен бригадалар құрылды. Мәселен, 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында кеңестік тұңғыш үлгілі қазақ атты әскер полкі құрылды.