Файл: Xx асырдаы азастан.rtf

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 58

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күшпен жинау басталды. 1920 жылдың наурыз айына қарай Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында жеке қазақ бригнадасы, жалпы саны 5,5 мың адамнан тұратын 27- Түркістан және 15-Дүнген полктері құрылды. 1920 жылғы мамыр айында РКФСР Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің шешімімен 19 жастан 35 жасқа дейін орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.

1920 жылдың соңына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғай облыстарында отыз жеті әскер бөлімі мен бөлімшесін құрды. Әскер бөлімдерін құру істерімен Дала өлкесінің төтенше комиссары Әліби Жангелдин, Торғай уезінің әскери комиссары Амангелді Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев, сондай-ақ әскери бөлімшелердің командирлері және комиссарлары Т.Әлиев, С.Арғыншиев, Б.Алманов, А.Асылбеков, Ж.Жәнікешов, М.Масанчи, А.Розыбакиев, О.Исаев, А.Оразбаева және басқалар белсене айналысты. Олар халық арасында үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Дегенмен, қазақтар азамат соғысына кең түрде қатысты деуге негіз жоқ. Жалпы Қазан революциясы негізінен қалалар мен темір жол бойындағы елді мекендерді көбірек қамтығандықтан, Кеңес өкіметінің ауылдық жерлерде ықпалы тым төмен болды. Алайда қазақ ауылы соғыстан тысқары қала алмады, осы соғыстың басты құрбандарының бірі болды.

Азамат соғысы жылдары Қазақстан аумағында бүкілресейлік Шығыс, Түркістан, Орал майдандары мен жергілікті Ақтөбе мен Жетісу майдардары соғыс қимылдарының негізгі аймақтарының бірі болды.

1918 жылдың жазында кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. 1919 жылғы қаңтар айында Қызыл армия Орынбор мен Оралды алды. Мұның өзі Кеңестік Ресейдің Қазақстанмен және Орта Азиямен тікелей байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Бүкіл Қазақстан аумағында ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді. партизан қозғалысына әскерден қайтқан солдаттар мен матростар, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісіне, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандар басшылық етті.

Солтүстік Жетісуда Кеңес үкіметін орнатуда Черкасск қорғанысы (1918 жылғы маусым -1919 жылғы қазан) үлкен рөл атқарды. Колчак тылында шаруалар шабуыл жасап, 1919 жылғы сәуірде Қостанайды шабуылмен алды. Көтеріліске шыққандар Әскери Кеңес, Әскери революциялық трибунал, партизан армиясының штабын сайлады. Алайда қалада орнығып қала алмады. Жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды қайта басып алды. Шығыс Қазақстан территориясында «Таудың Қызыл Қырандары» партизан отряды ақгвардияшыларға қарсы күрес жүргізді.


Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау Шығыс майданның Солтүстік және Оңтүстіктоптарына жүктелді. М.В.Фрунзе басқарған Оңтүстік топтың әскерлері 1919 жылғы маусымда Уфаны азат етті. Шілдеде Оралды қоршауға лған ақ гвардияшыл әскерлерді талқандауға 25-Чапаев дивизиясымен бірге қазақ атты әскер бригадасы қатысты. 1919 жылдың жазында Шығыс майдан әскерлері Колчак қолын Оралдан асыра қуып тастады.

Түркістан майданының 1-армиясы Орынбор контрреволюциясының негізгі күші – Колчак әскерлерінің Оңтүстік армиясына қарсы Ақтөбе бағытында шабуылға шықты. Шабуыл жасаушыларға Арал теңізі жағынан Ақтөбе майданының бөлімдері қолдау көрсетті. Колчакшылардың қыспаққа түскен Оңтүстік армиясы тізе бүгуге мәжбүр болды. 1919жылғы қыркүйекте Орынбор –Ташкент темір жолының Мұғалдар станциясында 1-армия Ақтөбе майданының бөлімдерімен түйісті. Соның нәтижесінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылды. Жылдың соңына қарай Орал облысы ақ қазақтардың толық арылды.

1920 жылғы 5 қаңтарда Түркістан майданының әскерлері Атырауды алды. Орал майданы жойылды. 1919 жылдың күзінде Шығыс майданның 5-армиясы (қолбасшысы М.Н.Тухачевский) Солтүстік, содан соң Шығыс Қазақстанды азат ете бастады. Петропавл, Ақмола қалалары азат етілді. Сол жылғы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Әскери-революциялық комитет құрылды. Ол қалада Кеңес өкіметі қалпына келтірілді.

Қазақстандағы қарулы тайталас Ресейдегі азамат соғысының құрамдас бір бөлігі еді. Сол себепті де Қазақстан майдандардағы күрес-тартыстың дамуы мен барысында азамат соғысының басты майданындағы соғыс әрекеттерінің жүрісі ғана емес, Қазақстанның ақ гвардияшылар жаулап алған территориясындағы партизан қозғалыстары мен көтерілістер Қызыл Армияның Шығыс және Оңтүстік майдандарында шайқасып жатқан негізгі күштеріне елеулі көмек көрсетеді. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды босатып алудан және Колчак күштерін біржолата талқандаудан, ақгвардияшылар мен олардың одақтастарын Қазақстаннның солтүстігі солтүстік-шығысына, Жетісудан дүркіретіп айдап шығудан айқын көрінді.

1920 жылғы наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.

Азамат соғысының кескілескен қырғынында 8 миллион адам қаза тапты. Қызылдар мен ақтардың қимылынан алдымен қарапайым халық зардап шекті. Олардың қайсысы болса да малды, ең алдымен, аттарды өз қарамағаны алып, қазақтар арасында күштеп мобилизация жүргізді, ауылдарды және даланы өртке орады. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездігімен көзге түсті. 1918 жылғы қазан айында атаман Анненков Өскеменге «Моңғол» деген кемемен келіп, түрмеге қамалғандар арасынан 28 адамды іріктеп алып, кеме трюміне айдап тығады. Олардың арасында жұмысшы, шаруа және қазақ депутаттары Өскемен уездік кеңесінің тұңғыш төрағасы Яков Ушанов бар еді. Анненков бастаған ақ офицерлердің мас тобы Ушановты сулы киіз төсенішке орап, от жағатын орынға сүйреп апарады да, кеменің лаулап жанып жатқан ошағына тастайды.



Қазан революциясынан кейінгі алғашқы алғашқы кезеңде кеңес үкіметінің экономикалық салада нақты және айқын жоспары болған жоқ. Большевиктердің шаруашылық саясатындағы басты бағдар марксизм классиктерінің еңбектерінде сипатталған экономикалық құрылымның моделі болды. Оған тән белгілер: мемлекет бүкіл меншіктің иесі болады; барлық азаматтар жалдамалы мемлекеттік қызметкерлерге айналады; қоғамда теңгермелік принцип орнайды; тауар-ақша қатынастары жойылып, оның орнына өнім бөлуді орталықтандыру енгізіледі; халық шаруашылығын басқару қатаң әкімшілік бақылауда болады.

Алғашқы кезде большевиктер өнеркәсіпте «жұмысшы бақылауын» енгізді, алайда одан нақты нәтиже болмағандықтан кәсіпорындар, банктер мен көлікті жедел национализациялауға кірісті. Барлық сыртқы мемлекеттік займдар жойылды, сыртқы саудаға мемлекет монополиясы орнықты. Лениннің сөзімен айтсақ, «капиталға қарсы қызыл гвардиялық шабуыл» басталды. Бүкіл елде «қала буржуазиясы мен буржуазиялық интеллигенцияға» қарсы бағытталған конфискациялар мен контрибуциялар кең түрде жүріп өтті. Ірі кәсіпорындардан ғана 300 нысан национализацияланды. Сауда да тез арада национализацияланды, тіпті ұсақ дүкендер мен шеберханалар да мемлекет меншігіне өтті.

Соғыс интервенциясы мен Азамат соғысының үдеуінен Қызыл Армия мен еліміздің орталық өндіріс орындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету ерекше маңызды роль атқарды. Сондықтан азық-түлік салғырты соғыс коммунизмі саясатының негізгі құрамды бөлігі болды.

Оның мәні: азық-түліктің артығын шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Азық-түлік салғырты ХКК (Халық Комиссарлар Кеңесі) 1919 ж. 11 қаңтарындағы Декретімен енгзілді. Бұл шара шаруалардың жаппай наразылығын тудырып, олардың бір бөлігінің ақ гвардияшылар қатарына қосылуына алып келді. Алайда Кеңес үкіметі бұл төтенше шара тек соғыс уақытында қалыптасқан қиыншылықтарға байланысты енгізілді, соғыс аяқталған соң азық-түлік салғырты жойылады деп уәде берді.

Соғыс коммунизмі саясатының негізгі шаралары: нарықтық, тауар-ақша қатынастарын жою, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін енгізу (16-50 жас аралығында); жалақыны теңгермелі төлеу; экономиканың барлық салаларында қатал мемлекеттік бақылау орнату.

Азамат соғысы жағдайында осы саясатты жақтаушылар басым болды. Олар қалыптасқан ауыр экономикалық жағдайда еркін нарықтық қатынастардың тиімді болатынына күмән келтірді. Билікті қатаң орталықтандыру соғыс жағдайында ел ресурстарын мобилизациялау арқылы әскерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.


Азамат соғысының қарсаңында – ақ Қазақстанда жаңа билік органдары құрыла бастады. Қазақ кеңестік автономиясын құру жұмысы бастапқы кезде РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында шоғырланды.

Алайда, Колчак әскерлерінің Шығыс майданда шабуылға шығуы, ақ казактар мен алашордашылардың Кеңес өкіметіне қарсы күресінің күшеюі Қазақстандағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. Сондықтан да жуыө уақытта Бүкілқазақстандық съезді шақыру мүмкіндігі болмады. Съезді әзірлеу жөніндегі жұмысқа басшылық РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының Қазақ бөліміне (1918 жылғы 11 майда құрылған) тапсырылды. Алайда, Қазақ бөлімінің съезді әзірлеу жөніндегі жұмысы ықпалды бола алмады, өйткені ол негізгі оқиғалар ортасынан алыста, Москвада болды. Жергілікті қазақ тұрғындарымен тығыз байланыс орнату үшін ұйымдық орталықтың жұмысын жаудан азат етілген территорияға көшіру қажет еді. Қазақстан территориясындағы мұндай орталық РСФСР Халық Комиссарлары Советінің 1919 жылғы 10 шілдедегі декреті бойынша құрылған Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет (Қазревком) болды.

Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери- азаматтық басқарма болып санлды. Қазревком басшысы – С.Пестковский. қазревкомның алғашқы құрамына В.Лукашев, Ә.Жангелдин, С.Меңдешев тағы басқалар кірді. Комитет құрамы жиі өзгеріп тұрды. Мұның өзі ревкомның іскер құрамын қалыптастыруға байланысты еді. Әр кездері қазақ революциялық комитетіне Т. Седельников, Ә.Әйтиев, С.Арғыншаев, А. Әлібеков, А.Авдеев, В.Покровский, С.Сейфуллин және басқалар мүше болып кірді. 1920 жылдың 26 тамызында С.Пестковскийдің Батыс майданға шақырылуына байланысты Қазревкомның председателі болып, В.А.Радус-Зенькович тағайындалды.

Қазревкомның міндеттері:

  1. Контррреволюция мен интервенцияға күресу;

  2. Өлкеде мемлекеттік шаруашылық, мәдени құрылыс орнату;

  3. Өлке кеңестерінің Құрылтай съезін әзірлеу

Өлкенің күнделікті тіршілігіне басшылық жасау үшін түрлі салалар бойынша комитеттің бөлімдері мен бөлімшелері құрылды. Қазревком мен оның жергілікті жерлердегі органдары қазақ даласына Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық зиялылар өкілдерін кеңес құрылысына тарту жұмысын жүргізді. 1920 жылғы 9 наурызда өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды.

Қазревкомның тікелей басшылғымен мәдени құрылыста алғашқы қадамдар әрекеті жасалды. Бұл мәселедегі ревкомдардың қызметінде РСФСР Халық Комиссарлары Советінің «Ересек азаматттардың сауатсыздығын жою туралы» декреті басшылыққа алынды. Мектептер ашуға, мұғалімдер даярлау мәселесіне басты назар аударылды. Қазревком мәдени құрылыс саласында едәуір жұмыс өрістетті. Қазревкомның органы «Ұшқын» газетін шығарылды.


Қазревкомның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – қазақ жерлерін біріктіру болды. Осы бағытта біраз жұмыс атқарылды. Қазревкомның губерниялық және уездік ревкомдардың нұсқаушы –ұйымдастырушылары еңбекші халыққа, жергілікті партия және кеңес белсенділеріне елеулі көмек көрсетті. Олар ревком ұйымдастырып, олардың жұмысын бастап кетуіне көмектесті. Қазақ жерлерінің бірігуіне қарсылық көрсеткен күштер де болды. Әсіресе, Сібір өлкесінің басшылығы Ақмола және Семей облыстарының жерлерін өз құрамында сақтап қалуға тырысты. Олардың басты дәйегі – тұрғылықты халықтың басым бөлігін орыстардың құрауы болды.

Соғыс жағдайы революциялық биліктің төтенше органы – Қазақ революциясының комитеттерден Қызыл Армияның ақ гвардияшыларды түпкілікті талқандауына көмектесуді талап етті. Олардың басшылығымен мобилизациялық және қорғаныс шаралары жүргізіліп, әскери командованиеге жан-жақты көмек берілді.

Қазақстандағы революциялық биліктің төтенше органы – қазақ революциялық комитеті Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеп, өткізу үшін сан-салалы зор жұмыс жүргізді. 1920 жылғы 26 тамызда Автономиялы Қазақ Социалистік Республикасының құрылуы туралы РСФСР Халық Комиссарлар Советінің төрағасы В.И.Ленин мен Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің төрағасы М.И. Калинин қол қойған декрет күшіне енді. Астанасы – Орынбор қаласы болды. 1920 жылдың 4 қазанында ашылған Кеңестердің Бүкілқазақстандық құрылтай съезінде Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Жоғары өкімет органдары сайланды: Ортаклық Атқару комитетінің төрағасы болып – С.Меңдешев сайланды, Халық Комиссарлар Советінің төрағасы – В.А.Радус- Зенькович. «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының еңбекшілерінің құқықтарының Декларациясы » қабылданды.

Республика құрамына:

1. Семей облысы (құрамында: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері бар)

2. Торғай облысы (құрамында: Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері, Омбының бір бөлігі, Ырғыз және Торғай уездері)

3.Орал облысы (құрамында: Гурьев, Орал, Ілбішін, Темір уездері)

4.Закаспий облысы (құрамында: Маңғышлақ,Красноводск уезінің 4,5-і адай болыстары, Бөкей ордасы, Астрахань губерниясының біраз бөлігі енді.

Түркістан АССР-і құрамына жататын Жетісу, Сырдария облыстарының едәуір бөлігін Қазақ АКСР-інің құрамына енгізу сол территория еңбекшілерінің еріктілігіне қарай жүзеге асырылды.

Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамына бірігуі 1924 жылы аяқталды.