Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.04.2024

Просмотров: 51

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1.3 Инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Нарыққа көшу елді білім берудің дәстүрлі парадигмасының ауысуына әкеледі. Бұл оның негізгі тұжырымдамалары, оқыту бағдарламаларының мазмұнын, әр деңгейдегі білім берудің өзінің идеясын қайта қарау қажеттілігін білдіреді. Көптеген мемлекеттер расында біздің уақыттың шындығына сәйкес келетін, нақтырақ, инновациялық әлеуеттің дамуының қажеттілігін назарға алатын білімге негізделген қоғамды құру кезеңінен өтіп кетті.

Қазіргі уақытта әлемдік ұйымның алдында тұрған, бір-бірімен тығыз байланысты үш негізгі міндетті бөліп қарауға болады:

Біріншіден, өз бетінше белсенділік пен танымның сезімділік ұстанымдарын оқыту мен тәрбиелеудің жетекші ұыстанымдары ретінде қарастыру;

Екіншіден, өз бетінше ойлай білетін және алуын түрлі мәселелері шеше алатын, гуманитарлық білімді терең түсінуіне негізделген және еңбек нарқы талап ететін мемлекеттік білім жүйесін қайта құру;

Үшіншіден, оқу процесіне ақпараттандыру технологияларының құралдарын кіріктіру.

Қазақстан Республикасы ғаламдану үрдісіне енгелі бері білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықта біраз жетістіктерге жетті. Соның ішінде АҚШ сияқты ірі мемлекеттен серіктестік деңгейінде көптеген келісім-шарттар жасалып, онымен білім жүйесін көтеруге ұмтылған талпыныстарын айтуға болады. Қазақстанның бұл жетістіктері басқа мемлекеттер үшін үлгі болып отырғанын айтсақ та жеткілікті. Бұл келісімдер өздерінің жемістерін берген соң ғана Қазақстан Республикасы осы салада ынтымақтастықты дамытып, оны жалғастыруға мүдделі [16].

Сонымен, қорыта айтқанда еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің болашағы жоқ” деп Жолдауында атап көрсеткенін айтуға болады.

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейінгі адам капиталына, оның ішінде, білім беруге бөлінген инвестицияның қоғам мен экономикаға елеулі әсер ететінін көрсетіп отыр.

Бай минералды ресурстар, қолайлы жағдайлар, нарықтық қарым-қатынастарды дамыту және мұнай экспортынан түскен жоғары табыстар нәтижесінде Қазақстан экономиканың жоғары қарқынмен өсуін сақтап қалды. Минералды ресурстарды игеру бүгінгі күнге дейін орасан зор мүмкіндікті және орта- және ұзақ мерзімді кезеңде қолайлы өсу перспективасын сақтауды қамтамасыз етіп отыр.

Адам капиталына инвестиция бөлу тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық дамушы, өндіруші жұмыс күшін қалыптастыру үшін өте қажет. Болашақтың табысты экономикасы адам капиталы мен барлық сектордағы дәстүрлі ерекшеліктерді қоса алғанда бола алады. Сондықтан жұртшылықтың білім, білік және дағдыларына қаржыландыру Қазақстанды дамытудың негізгі бағыты болып табылады. Бүгінде білім беруді жай ғана әлеуметтік қажеттілікке жұмсалатын шығыс емес экономикалық инвестиция деп түсіну қажет [18].


Инвестиция – белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақталатын шығындар болып табылады. Еңбек нарығында инвестицияның 3 түрі ажыратылады:

  • білім алу және кәсіптік оқыту;

  • миграция;

  • жаңа жұмыс іздеу.

Бұлар белгілі бір шығындарды қажет етеді және олар болашақта табыс алып келеді деп есептеледі. Басқа инвестициялардан бұл инвестициялардың ерекшелігі, олар адам капиталына салынады. Айырмашылығы, сонымен қатар, еңбек рыногындағы жұмысшының жалақысының мөлшерінен көрінеді. Миграция, жұмыс іздеу, білім алу сияқты адам капиталының құнының өсуіне алып келеді.

Білім адам капиталын дамытудың маңыз­ды құралы болмақ. Сондықтан да білімнің тиімді жүйесін құру экономика­ның қажеттіліктерге сайма-сай келуі ке­рек. Қазіргі уақытта білім саласындағы мемлекеттік саясатттың негізгі бағыттары мен басымдықтары Қазақстан Республи­касының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдар­ламасында айқындалған. Әлбетте, білім саласы бойынша межеленген басымдықтар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алайда, білім беру үдерісін одан әрі дамыту қажеттілігін ескере отырып, елбасының тапсырмасы бойынша білім жүйесін жаңарту жөнінде тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Бұл орайда түпкі мақ­са­т еліміздегі білім беру қызметтерін әлемдік стандарттар деңгейіне көтере алатын білімді басқару жүйесін құру болып табылады.

Макроэкономикалық деңгейде адам капиталын мемлекет өндіретіндіктен білім беруге ЖІӨ-нен бөлінен шығыстар көлемі жылдан-жылға артып келуде.

Адам капиталын одан әрі дамыту саласында Би Джи тәрізді компаниялар өзіне жоғары жауапкершілік алуға тиісті, деп атап өтті осы компанияның атқарушы бас директоры Ф.Чапмэн. Тікелей шетелдік инвестициялар осы мәселені дамытуда катализатор рөлін атқара алады.

Еуразия өнеркәсіптік ассоциациясы­ның президенті А.Машкевич өз сөзін ынтымақтастықты екі бағытқа, Білім және ғылым министрлігі мен бизнестің арасына және оқу орны мен жекелеген кәсіпорын­ның арасына бөлу керек деген пікірмен бастады. Олардың алғашқысы бизнес пен білім беру институттарының өзара қарым-қатынастары үшін заңдық және әдістеме­лік негіз қалыптастыруға тиіс. Ал екінші бағыт болса, еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасын анықтауға мүмкіндік беретін болады. Жұмыс беруші бітіруші түлектің қандай болуы керектігін анықтаса, ал оған қалайша қол жеткізу керек екендігін оқу орны анықтайтын болады.

ТМД елдерінде оқушылар орта кəсіптік білімді мемлекеттік жəне мемлекеттік емес колледждерде алады. Қазақстанда мемлекеттік емес оқу орындарында ақылы негіде білім алатын оқушылар үлесі ең жоғары болып, 2008 жылы 54%-ды құрады.


ТМД-ның көптеген елдерінде мамандарды даярлау мемлекеттік ұйымдарда жүзеге асырылады. 10000 халық санына келетін ең жоғары көрсеткіш Өзбекстанда – 509 адам, Беларусияда – 162 адам, Ресейде – 158 адам. Ең төмен көрсеткіш Тəжістанда – 47 адам, Əзірбайжанда – 61 адам.

ТМД елдерінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес (жекеменшік) жоғары оқу орындары жұмыс істейді.

ТМД елдерінің көпшілігінде 2009 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындарының саны артып отыр: Ресейде – 660 бірлік, мемлекеттік емес – 474 бірлік, Украинада – 240 бірлік, мемлекеттік емес – 113 бірлік, Белорусияда – 43 бірлік, мемлекеттік емес – 10 бірлік, Əзірбайжанда – 34 бірлік, мемлекеттік емес – 14 бірлік [30].

2006 жылмен салыстырғанда ЖОО-ның саны Ресейде – 44 бірлікке, Əзірбайжанда – 6 бірлікке, Қырғызстан мен Украинада – 3 бірлікке артса, Тəжікстан мен Белорусияда керісінше, төмендеп отыр.

Жоғары оқу орындары мақсаттарының бірі – тұлғаның қабілеттері мен интеллектуалды-шығырмашылық мүмкіндігін толығымен дамыту жəне қоғам мен мемлекет қажеттіліктерін өтей алатын жоғары дəрежелі мамандар даярлап шығару.

Кесте 1.

ЖОО дайындап шығарған мамандар саны, мың, адам.


Елдер

Бітірушілер адам

Оның ішінде

Мемлекеттік

Мемлекеттік емес

2006\07

2007\08

2008\09

2006\07

2007\08

2008\09

2006\07

2007\08

2008\09

Әзербайжан

28,1

31,3

32,6

24

26,9

26,6

4,1

4,4

6

Армения

15,5

17,9

26,1

11,1

12,9

20,2

4,4

5

5,9

Беларусь

61,4

66,9

68,8

51,8

55,1

57,7

9,6

11,8

11,1

Грузия

34,1

45,2

33,6

25,6

34,9

25,8

8,5

10,3

7,8

Қырғызстан

30,8

26,4

33,5

27,9

23,7

30,5

2,9

2,7

3

Молдова

17

20

29,6

13,2

16,4

25,1

3,8

3,6

4,5

Ресей

1255

1336

1358

1056

1109

1125

199

227

233

Тәжікстан

17,1

19,3

21,3

17,1

19,3

21

0

0

0,3

Ураина

414

468

505

355

390

420

59

78

85

Қазақстан

165,6

178,5

196,7

88

88,6

99,3

77,6

89,9

97,4



1-кестеден көріп отырғанымыздай, ТМД елдерінде 2006 жылға қарағанда мемлекеттік, мемлекеттік емес те оқу орындарында мамандарды даярлап шығару көрсеткіші оң үрдіс алып отыр. Қазақстанда мамандар саны 165,5 мыңнан 196,7 мың адамға, Ресейде 1255 мың адамнан 1358 адамға, Молдовада 17 мың адамнан 29,6 мың адамға артып отыр.

ТМД елдерінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында мамандарды даярлап шығару жыл сайын артып келеді, бұл ішкі жəне сыртқы еңбек нарығында жоғары білікті мамандарға деген қажеттілікті қанағаттандыруда маңызды роль атқарады [30].

Қазіргі заманғы бәсекеде табысқа жету үшін біз күн сайын туындап жататын кез келген құбылысқа дайын болуымыз керек, деді “Кредит Свис Групп” компа­ниясының бас атқарушы басшысы О.Грюбель. Ал енді ертеңгі күнге үңіле білу одан да маңызды. Қазақстан жағдайына келсек, мұндай көзқарас жоғары білікті және тиімді мамандарды бүгінгі күні даярлаудың қажеттігін сезіне білуді көрсетеді.

Одан әрі ол Қазақстанның табиғи байлықтарының елге қаржы легінің ағылуына себепкер болатынын айта келіп, соған сәйкес республикада қаржы маман­дарының өте қажет болатынын айрықша атап көрсетті.

“ABN AMRO Банк НВ” банктің атқарушы вице-президенті, мұнай-газ сек­торы басқармасының бастығы Ф.Кайларс сөзін дарынды, ойлай білетін әрі білімді адамдардың әлемде ең үлкен сұранысқа ие тауарлардың біріне айналып отыр дегенді өзінің бір журналдан оқығанын айтудан бастады. Бұл, деді ол, тек жоғары технологиялы компаниялар мен интернет-компанияларға ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсету компанияларына да тіке­лей қатысты. Осы айтылғандардан кім-кім де өзі үшін дұрыс сабақ алуға тиіс. Сол сияқты, ол осы мәселедегі кәсіп­орындар жауапкершілігін де назардан тыс қалдырған жоқ.

Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие, сонымен қатар оның елеулі айырмашылығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А.Дятлов осы құбылыстың мынандай ерекшеліктерін көрсетті:

1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығына) тікелей қатысты болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.


2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды, сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің табиғи тозу дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің ескіруінің немесе алған білім құндылығының өзгеруінің салдарынан болатын моральдық (экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам капиталының толықтырылуы қызметкердің қайта оқу және өндірістік тәжірбие жинақтау үдерісінде жүзеге асырылады. Егер осы үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сапа, көлем, құндылық) жақсара түседі және өседі.

3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғары шегімен шектелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, сонан соң күрт төмендейді.

4. Капиталды жасау кезінде «екі жақты көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннен біріншісінің де, сондай-ақ, екіншісінің де табыстарын өсіреді.

5. Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және экономикалық қажеттіліктері ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәселен, қылмыстық әрекетке байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін зиянды.

6. Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.

7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке дара тұрғысынан да анағұрлым пайдалы. [28, 173-181].

Адам капиталы бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай ақ бүкіл қоғамның даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды. Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық тұрғыда тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңыш рет білім-білімнің жалпы экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды.