Файл: 1. Адам капиталына салынан инвестицияларды теориялы негіздері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 27.04.2024
Просмотров: 68
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамдық тиімділікті адамның жетекші рөліне негіздеп қарастыру көп жағдайда «адам капиталы» теориясымен байланысты. Осы теорияның шеңберінде дамытылған адамға деген экономикалық көзқарас дамыған елдердің рыноктық шаруашылық жүргізу тәжірбиесінде кең қолданып келеді. Адам капиталы теориясы адам факторының анағұрлым кешенді және объективті талдануына, жұмысбастылықты, күрделі еңбектің рөлін, адамның рационалды мінез-құлқын микроэкономикалық талдау сферасын елеулі түрде ұлғайтуға жағдай жасады. Ең бастысы, аталған теорияның ҒТР-ның жаңа жағдайларында білімнің, біліктіліктің әлеуметтік-экономикалық маңызын қайта ұғынуға, жалпы және арнайы білімді, сондай-ақ индивидтердің гуманды сапаларын өндіріс тиімділігінің маңызды факторы ретінде қарастыруға әкелді.
Халықаралық тəжірибе алдыңғы онжылдықта білімнің дамуының негізгі факторлары адам капиталы рөлінің артуы, адам ресурстарына ғаламдық бəсекелестіктің күшеюі жəне жаңа технологиялық толқын болатындығын көрсетеді. Білімге деген инвестиция (Тəжірибелі құрастырылмалы ғылыми зерттеу жұмыстары, білім беру, ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар) негізгі капитал инвестицияларына тең, кейде оны да басып озады.
ФГР-да, Жапонияда, Швейцарияда адам капиталының үлесіне жалпы капитал көлемінің 80 %-ы сəйкес келеді.
Қазіргі уақытта дамыған елдердің экономикалық белсенді азаматтарының 50 %-ы, АҚШ-та халықтың үштен екі бөлігі ақыл-ой еңбегімен айналысады.
Адам ресурстарына деген ғаламдық бəсекелестік күшеюде. Ғаламдық нарықта шетел студенттерін тарту жəне оларды түрлі ресурстар арқылы көтермелеудің ұзақ мерзімді стратегиялары қолданылуда.
Білімді экспорттаудың əлемдік нарығының сыйымдылығы бір жарым триллион доллар. Білім беру қызметін экспорттау елдің жалпы экспортының құрылымындағы (АҚШ-та – 5 орын, Австралияда – 3 орын) маңызды табысты тарауы болып келеді.
Интеллектуалды капиталды жоғалту Қазақстанның əлемдік аренада жоғары технологиялы елдер үшін «идеялар мен адамдар донары» ретінде шығуына алып келіп соғуы мүмкін.
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру саласындағы ҚР БҒМ қызметінің басым бағыттары. Адам ресурстарының деңгейіне мемлекеттің деңгейі тəуелді. Сондықтан да Қазақстанның адам ресурстарының дамуы ұзақ мерзімді даму стратегиясының ең жоғары басымдығының бірі ретінде анықталады. Білімді адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппарат құру, қолайлы бизнес-климатпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекеттің жақын онжылдықтағы негізгі басымдықтарының бірі – білім беру жүйесін жетілдіру, бірінші кезекте, оның сапасын арттыру болып табылады [29].
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуы Стратегиялық жоспарына сəйкес 2015 жылға қарай Қазақстанның білім беру саласы құрылымы, мазмұны, басқару жəне қаржыландыру механизмі жағынан дамыған елдер моделіне сай болады.
2020 жылға дейін білім беру жүйесі əлемдік рейтинг агенттіктері растаған адам капиталы дамуының деңгейімен жəне жоғары білім сапасымен қамтамасыз етіледі.
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ КАПИТАЛЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2.1 Инновациялық дамудағы адам капиталының рөлі
Білім беру жүйе ретінде тұлғаның қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамның жоғары кəсіби білікті мамандарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев білім мен ғылымды жақын онжылдықта республиканы дамытудың стратегиялық бағыттары ретінде белгіледі.
Елбасы əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі «Дағдарыстан кейінгі əлемдегі Қазақстан: болашаққа интеллектуалды серпіліс» лекциясында интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттер қойды. Демек, бұл интеллектуалдық еңбектің беделін қайта арттыру міндеті. Жастардың білімге, білімділікке деген көзқарасын өзгерту. Ұлттық интеллектінің діңін құру. Қазақстанға халықаралық деңгейде бəсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек. Білім, ғылым жəне инновация жүйелеріндегі серпілісті қамтамасыз ету қажет.
Білім беру мәселесі оның тиімділігі сияқты бірқатар мәселелер кеңестік экономика ғылымында да терең зерттелген. Білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономикалық жаңа идеяларды өндіру қабілетін, өндірістегі салыстырмалы артықшылықтарын арттырады.
Эдвин Дж. Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал” ретінде түсінеді.
Академик Я.Ә. Әубәкіров адам капиталын әртүрлі ғылымдардың барлық жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірибені және олардың әлеуметтік-экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабта ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруге мақсатты бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады [20].
Білім беру саласын әлеуметтік - экономикалық қатынастар жүйесінің адам капиталын ұдайы өндіруді көрсететін құрамдас бөлігі ретінде анықтап, саланың қоғамдық әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіндегі орнын белгілі бір тізбектілікке нақтылауға болады.
Адам капиталының ұдайы өндірілуі экономикалық өсуге, қоғамдық әл-ауқаттылықтың артуына, экономи-калық әлеуметтік өркендеуге жағдай жасайды. Бұлар өз кезеңінде “кері байланыс” әсерінде адам капиталын ұдайы өндіру жағдайларын, демек оның қалыптасуы, дамуы мен жетілдірілуін ұлғаймалы өндіріс анықтайды.
Білім беру саласы
Адамның экономикалық күштері
Тұтынушылық күштері (ұдайы өндіріс мақсаттары мен стимулдары)
Өндіргіш күштері (ұдайы өндіріс мақсаттарына жету құралдары)
Адам капиталы
тиімділік
экономикалық
әлеуметтік
Экономикалық өсу
Қоғамдық әл-ауқаттылық
Экономикалық өркендеу
Адам капиталының ұдайы өндірілуі
Кәсіптік біліктілік (білім деңгейі, дағды, іскерлік, мобильділік)
Экстрафункционалды біліктілік (жауапкершілік, тіл табысу, т.с.с).
Сурет 2. Адам капиталының тиімділігі
Парасатты біліми адам капиталы көбіне қоғамның ғылыми – біліми институттар жүйесіне салым салу арқылы қалыптасады да, екі ұдай үрдісті: жаңа білімдер мен ақпарат ағындарын нысаналы түрде өндіруде және еңбек субъек тісінің жеке адам, ұжым, коғам деңгейіндегі парасатты – біліми қасиеттерін нысаналы түрде дамытуды қамтиды.
Сонымен, адам капиталы ұғымы әртүрлі теориялық тұрғыдан зерттелгеңмен, көптеген авторлар іс жүзінде оны элеуметтік өңтайлы, экономикалық қажетті білімдердің, сапалардың жиынтығымен байланыстырады. Бұл ретте адам капиталы экономикалық мағынасында қарастырылған. Адам капталы категориясы саяси экономика тұрғысында, постиндустриалдық, коғамда заттай капитал иелерінің адам бойындағы сапалық параметрлеріне қатынасын көрсетеді.
ТМД мемлекеттеріндегі өтпелі кезең уақыты бойынша өркениетті елдердегі постиндустриалдық трансформация процесімен сәйкес келеді, демек әлемдегі орын алып отырған процесстерді тек тиімді шаруашылық жүргізу шарттарынык түбегейлі өзгересі ғана емес, қазіргі өркениеттің жаңа объективті даму бағдары ретінде түсінсек, өркениетті елдер көшінен артта қалмалу үшін, рыноктық қатынастарды дамытуымызбен қатар ақпарат қоғамының алгоритміне ұмтылу қажет. Мұндай қабілеттілік тікелей адам бойында оның дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттердің түрлерінде қаланған.
Білім беру қоғамдық ақыл-парасаттың ұдайы өндірудің кадрларды дайындау және қайта дайындаудың, жаңа білім алу мен таратылуының негізгі жүйесе болып табылады [22].
Қазіргі таңда білім беру саласы оқыту жүйесіне жинақталатын, толық қарым-қатынас кешенің көрсететін халық шаруашылығының жеке саласына негізделген. Экономикада білім беруді келесідей топтарға бөлуге болады: экономиканы мектепке дейінгі балалық мекеме, экономиканы орта білім беру, экономиканы жоғары мектептер және т.б.
Білім беру екі негізгі қызметті атқарады: жеке тұлғаның дамуы (кең мағынада, әлеуметтік және адамгершілік дамуы) және экономикалық (білікті жұмыс күшін қайта өндіру). Білім беру мекемелер жүйесінің дамуына ресурстарды болу кезінде ең тиімдісі - адам капиталына инвестициялар болу керек.
Қазақстанда білім беру аумағында сауатсыздық проблемаларды қараған: 20-жылдары жалпы ортақ бастапқы, жалпы ортақ жылдық және сегіз жылдық, сонымен қатар 70-жылдары – орта білім беру.
Қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері, оның экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты және әлемдік білім беру кеңістігімен бірігуіне шарттардың пайда болуына байланысты білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болып жатыр.
Білім беру жүйесінің жаңартылуына Қазақстан Республикасының Конституциясының 30-бабы негіз болып отыр, соған сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелеінде азаматтарға ақысыз орта білім беруіне кепілдік береді. Толық емес орта білім беру міндетті түрде болады. Сонымен қатар, Қазақстан азаматы конкурс негізінде мемлекеттік білім беру мекемелерінен ақысыз жоғары білім алуына құқығы бар.
Республикада еңбек ресурстарын дайындалу үш кәсіптік деңгейлерге жіктеледі, сәйкесенше олар университеттермен (институтармен), колледждермен, кәсіптік-техникалық мектептермен қамтамасыздандырылады.
Жалпы орташа білім беру негізгі үздіксіз, білім беру болып табылады және оның жағдайы барлық білім беру мекемелерінің қызметіне әсерін тигізеді.
Кәсіптік-техникалық мектептер бұрынғы кәсіптік-техникалық училищелер базасында негізделген және ол ортақ білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі таңда республикамызда 126 мың қатысушыларымен 338 кәсіптік-техникалық мектептер жұмыс істейді. Оларға кадрларды нақты мамандық бойынша дайындау кезіндегі аумақтын ерекшеліктерді ескеретін жаңа оқу жоспрлары бекітілген. Бұл оқу жоспарларында өндірістік оқыту және тәжірибе 30-45% үлесін құрайды