Файл: 2. Ультрадыбысты локаторды жмыс істеу принципін тсіндірііз азастанда жасанды серіктерді шыруды маызын баалаыз Сана жйесіне сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 48

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


2.Электр өткізгіштердің қысқа тұйықталуы – өрт қауіпсіздігінің негізгі себебі екенін талдаңыз.

Қысқа тұйықталу деп фазалар арасындағы (электр қондырғы фазалық өткізгішіндегі) тұйықталуды айтамыз, яғни фазаның тұмшаланған және тиімді жерлендірілген бейтараптамалары бар тораптарда жерге тұйықталуы (нольдік желі) сонымен қатар, электр машиналарындағы орамды тұйықталуы. Қысқа тұйықталу электр тізбегінің оқшауламасы бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай бұзылулардың себебі әртүрлі: ескірудің салдарынан оқшауламаның тесілуі, электртасымалдау желі сымдарына   бөгде заттардың түсуі, сымдардың үзіліп жерге түсуі, жер жұмыстары кезінде кабель желілерінің механикалық бүлінуі,  электр тасымалдау желісіне найзағай түсуі және т.б.  Көбіне қысқаша тұйықталу өтпелі кедергі кезінде болады, мысалы  оқшаулау бүлінген орнында пайда болған электр доғасының кедергісі кезінде. Кей жағдайларда өтпелі кедергісіз металдық қысқаша тұйықталу болады. Токты есептеуде талдауды жеңілдету үшін көп жағдайларда өтпелі кедергі қысқаша тұйықталу  есептемей тек металдық тұйықталу ғана ескеріледі. Қысқа тұйықталу – зиянды құбылыс. Қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар тоқ көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті тоқтар сымдарды қатты қыздыратындықтан өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін. Сондықтан, тұйық тізбекті құрайтын сымдар тек бір-бірінен ғана емес, сонымен қоса, жерден, яғни қабырғадан, еденнен және тағы басқа заттардан жақсы оқшаулануы қажет. Қысқа тұйықталудың себебі-электр сымдары мен кабельдердегі оқшаулаудың бұзылуы, шамадан тыс кернеу және механикалық зақымдану. Қысқа тұйықталу қаупі-ток күшінің жүздеген мың амперінің артуы, бұл ең аз уақыт аралығында өткізгіштерде көп мөлшерде жылудың бөлінуіне әкеледі және бұл температураның күрт көтерілуіне және оқшаулаудың тұтануына әкеледі. Қысқа тұйықталу кезінде өртті және тоқ көзінің бүлінуін болдырмау үшін электр тізбегіне балқымалы сақтандырғыштарды қосу керек. Сақтандырғыштардың міндеті – тоқ күші рұқсат етілген шамадан кенет артып кеткенде, бірден электр тізбегін ажыратып жіберу. Балқымалы сақтандырғыштар электр құралдарына жатады. Бұлар – электр тоғының тізбегіне тізбектей қосылатын өте жұқа мыс немесе қорғасын сым. Тізбек тұйықталған кезде тоқ электр тізбегінің есептелген шамасынан артып кетсе
, сақтандырғыштар тізбекті ажыратып, қысқа тұйықталу қатерін болдырмайды. Тұрмыстағы өрттің басым бөлігі тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады.


3.Қазақстандағы атом энергетикасының болашағын тұжырымдаңыз

Бүгінгі таңда атом энергетикасы арқылы өндірілетін электр энергиясын әлемде 10%-ға жетті. Дүниежүзінің 32 елінде 427 реактор жұмыс істейді. Ал Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу үшін алдын-ала қысқа тізім жасалды, оған 4 жоба кірді – Кореядан (KHNP), Қытайдан (CNNC), Ресейден ("Росатом") және Франциядан (EDF). Қазақстанда болашақта электр энергиясы тапшылығы тууы ықтимал және бұл мәселені шешудің жолы ретінде Үкімет атом электр станциясын салуға ниетті. Сонымен қатар электр генерациялаушы жабдықтардың 70%-нан астамы тозған. Ал Қазақстанға көмірсутек көздері арқылы энергия станциясын салу үшін әлем елдері мен ЕО-тан инвестиция тарту қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан еліміз үшін өнеркәсіп пен халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етде атом энергетикасын дамыту және атом станциясын салу – ең қолайлы нұсқа. Атом энергиясы институты ұлттық атом энергетикасын құруды және дамытуды негіздеу  бойынша жұмыстарды жүргізеді. Осы бағыт аясында келесі жұмыстар жүргізіледі:

-Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салуды негіздеуге арналған, сондай-ақ Халықаралық Инновациялық ядролық реакторлар мен отындық циклдер (ИНПРО) жөніндегі жоба аясындағы техникалық-экономикалық зерттеулер;

-Қазақстандағы атом өнеркәсібі мен атом энергетикасының жан-жақты қамтылған және толық қамтамасыз етілген нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттарды әзірлеу;

-БН-350 реакторының ПЯО–мен әрі қарай жұмыс істеуге арналған техникалық-экономикалық зерттеулер;

-атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің қауіпсіздігін негіздеуге арналған зерттеулер аясында қондырғылар мен эксперименттік құрылғылардың тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелері.

Атом энергетикасы станция салынған аймақтың экожүйесіне, қоршаған ортаға, ауыл шаруашылығына теріс әсер етпейді. Ел аумағында ауқымды атом электр станциясын пайдалану арқылы көмір мен газдан өндірілетін электр энергиясын алмастырып, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының жалпы көлемін орта есеппен жылына 8 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік туады.   Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімге ықпал етеді. Өйткені АЭС салу кезінде бір жұмыс орны аралас салаларда 10-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар атом энергетикасының дамуы ғылыми зерттеулер және жоғары технологиялық өнімдер экспортының көлемін арттыруға ықпал етеді.

БИЛЕТ №25

1.Тербелмелі контурдағы резонанс құбылысын атап өтіңіз

2.Қазіргі заманғы фотоаппараттың физикалық негіздерін сипаттаңыз

3.Қазақстандағы уран өндірісін талқылаңыз

1.Тербелмелі контурдағы резонанс құбылысын атап өтіңіз

Тербелмелі контурдағы резонанс кезінде сыртқы көзден контурға энергия ағыны келу үшін жағдай жасалады. Тізбектегі қуат ток кернеумен фазада болғанда максималды болады. Механикада ол ұқсас: механикалық тербелмелі жүйедегі резонанс кезінде сыртқы күш (тізбектегі кернеудің аналогы) жылдамдықпен (тоқ күші аналогы) фазада болады. Сыртқы кернеу қосылғаннан кейін тербелмелі контурдағы тоқ күш ағынының амплитудасы біртіндеп резисторларға кезең ішінде бөлінетін энергия мен осы уақыт арасында контурға кірген энергиямен теңескенше артады. Яғни ImR = Um демек, тұрақты амплитудасы резонанстағы ағын күшінің тербелісі туралуы арқылы анықталады

2.Қазіргі заманғы фотоаппараттың физикалық негіздерін сипаттаңыз

Фотоаппарат - бұл проекциялық аппарат тәріді нәрселердің нақты, кішірейтілген кескіндерін экранда (фотопленкада) алуға көмектесетін аспаптарға жатады.и Ол жарық өткізбейтін жабық камерадан тұрады. Фотоаппараттың негізгі бөлігі - линзалар жүйесінен тұратын объектив. Объективтің өмегімен жарықталынған нәрселер фотопленкаға немесе жарықты сезгіш қабаты бар фотопластинкаға проекцияналды.Жарық проекциясына арналған нәрсе әрқашан аппараттан ты с орналасады: d>2F. Фотопластинка аппараттың ішіндегі кассетада объективтен F
Цифрлық фотоаппарат - бұл кескіндерді жазу үшін фотоэлектрлік принципті пайдаланатын камера. Бұл ретте жартылай өткізгішті фотоматрица жарықты электрлік сигналдарға түрлендіреді, олар ұшпайтын сақтау құрылғысында сақталатын цифрлық деректерге айналады.

3.Қазақстандағы уран өндірісін талқылаңыз

Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің жетекші салаларының бірі – уран өндірісі. Еліміз уран өндіруден әлемде бірінші орында, ал уран қоры бойынша екінші орында. 2018 жылдан бастап уран сату көлемі бойынша да әлемде бірінші орынға шықты. Елімізде жыл сайын 20 мың тоннадан астам уран өндіреді. Бұл – әлемдегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорының мемлекеттік балансындағы уранның көлемі – 450 000 тоннадан астам. Ол барлаудан өткізілген 26 кен орнын құрайды. Соның ішінде 14 кен орнында "Қазатомөнеркәсіп" жұмыс жүргізеді.


Уран өндірудің негізгі әдісі – жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) деп аталады. Бұл әдіс әлемде алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қолданылып, 2017 жылы жер шарындағы уран өндірісінің 50 пайызы осы әдіспен өндірілді.

Айта кету керек, бұл әдістің кең тарауының басты себептердің бірі – оның қарапайым, қауіпсіз, әрі арзан болуында. Соның арқасында еліміз кен орындарын игеру барысында уранның өзіндік құнының ең төмен көрсеткішіне қол жеткізген.

БИЛЕТ №26

1.Геометриялық оптиканың зерттеу облысын атап өтіңіз

2.Электр энергиясын тұтынушыға жеткізу жолдарын атап өтіңіз

3.1,2-ғарыштық жылдамдық туралы туралы баяндап,сандық шамасын атап өтіңіз

Геометриялық оптика – жарықтың мөлдір ортада таралу заңдылықтарын, жарықтың шағылыстыратын беттерден шағылуын және оның толқындық қасиеттерін есепке алмай оптикалық жүйелерде жарықтың өтуі кезінде кескіндерді құру принциптерін зерттейтін оптика бөлімі.

Геометриялық оптиканың негізгі түсінігі – жарық сәулесі. Бұл сәулелену энергиясының ағынының бағыты (жарық сәулесінің жолы) жарық сәулесінің көлденең өлшемдеріне тәуелді емес дегенді білдіреді.

Геометриялық оптика жарықтың вакуумда және әр түрлі орталарда таралуын зерттейді, оның нағыз табиғаты неден тұратынын түсіндірмейді. Ол үшін сәулелік модельді және қарапайым геометрияны пайдаланады.

Сәуле - бұл жарықтың белгілі бір мөлдір ортада жүретін жолы, бұл толқын ұзындығы заттардың өлшемімен салыстырғанда аз болса да тамаша жақындау.

Бұл күнделікті жағдайлардың көпшілігіне қатысты, мысалы, басында айтылғандар.

Геометриялық оптиканың екі негізгі алғышарттары бар:

-Жарық түзу сызықты таралады.

-Түрлі құралдар арқылы таралса, жарық эмпирикалық заңдылықтарға бағынады, яғни тәжірибеден алынған.

2.Электр энергиясын тұтынушыға жеткізу жолдарын атап өтіңіз

Энергетикалық жүйе, энергожүйе — өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр ст-ларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды.