Файл: 2. Ультрадыбысты локаторды жмыс істеу принципін тсіндірііз азастанда жасанды серіктерді шыруды маызын баалаыз Сана жйесіне сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
конвекциялық ток деп аталады. Немесе тасымалдаушы ток деп атайды, зарядтарды өзі тұрған ортамен қоса көшіреді. Мысалы: электростатикалық генератордың диэлектрик материалдан жасалған, қозғалыстағы лентасы конвекциялық ток тудырады.

Электр тогы тұрақты болуы үшін өткізгіште зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететін тұрақты электр өрісі болуы керек.

-Электр зарядтарын тасымалдаушылары еркін қозғалатын жағдайда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады.

-Электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті.

-Электр тогы ұзақ сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі керек.

Электр тогының бағыты ретінде қозғалыстағы оң зарядтардың бағыты алынады. Өткізгіштегі ток электр өрісінің әсерінен туады.Ток тасушылары: Металдарда – еркін электрондар;электролиттерде – оң және теріс зарядталған иондар;газда – электрондар мен иондар; жартылай өткізгіштерде- электрондар мен кемтіктер. Күші мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін тоқты тұрақты тогы деп атайды.

Ток күші дегеніміз-уақыт бірлігі ішінде берілген өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд шамасы I=dq/dt , өлшем бірлігі – ампер. Егер ток күшінің мәні мен бағыты өзгермейтін болса,онда ток тұрақты ток деп аталады. Тұрақты ток шамасы шамасы: I=q/t .

Қарастырып отырған беттің әр нүктесіндегі токтың бағытын және ток күшінің таралуын (біртекті бөлінуін) анықтау үшін ток тығыздығы деп аталатын векторлық шама енгізіледі.

Электр тогының бағыты Өткізгіштердегі зарядтар оң және теріс бола алады. Ток бағыты ретінде оң бөлшектердің қозғалыс бағыты алынған. Металдарда электрондар қозғалады, ал оларды жоғалтқан атомдар кристалдық торлардың түйіндерінде қалады. Соған қарамастан, металдағы ток күшінің бағыты оң бөлшектердің қозғалыс бағыты ретінде көрсетіледі. ИМС
2.Әртүрлі ортадағы электр тогын талдаңызЭлектр тогын қатты, сұйық және газ тәрізді денелер өткізеді. Әр түрлі ортадағы электр тогының басты айырмашылығы олардағы электр зарядын тасымалдайтын бөлшектерінде және олардың пайда болу табиғатында. Токты өткізуіне байланысты денелерді 3-ке бөлуге болады:

Өткізгіштер деп – еркін заряд тасымалдаушылары
, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері бар заттарды немесе ортаны айтамыз. Бұндай денелер токты жақсы өткізеді. (Металлдар, адамдар мен жануарлардың денелері, ылғалды жер, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітіндісі, газдар, вакуум және т.б.)


Диэлектриктер еркін заряд тасымалдаушылары, яғни дененің барлық көлемінде қозғала алатын зарядталған бөлшектері жоқ заттарды айтамыз. Сондықтан диэлектриктер токты өткізбейді. (Фарфор, шыны, янтарь, резеңке, пластмасса, газдар, ағаш, капрон және т.б)

Жартылайөткізгіштер деп меншікті кедергісі өткізгіштерден аз, ал диэлектриктерден көп болатын заттарды айтамыз. (бор, көміртек, кремний, мышяк, германий, сурьма және т.б.)

Металдардағы электр тогы – электр зарядын тасымалдаушы бөлшектері – еркін электрондар. Валентті электрондардың атом ядросымен байланысы үзіліп, еркін электрондар пайда болады. I=U/R. Қолданылуы: Электр қыздырғыш және жарықтандырғыш құралдарда, электрқозғалтқыш-тарында басқа электр құралдарына токты тасымалдау үшін қолданылады.

Металдардағы электр тогы деп еркін электрондардың бағытталған қозғалысы. Электр өрісінің әрекетінен металдағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес.

Жартылайөткізгіштердегі электр тогы- электр зарядын тасымалдаушы бөлшектері –электрондар мен кемтіктер. Кристалды қыздыру немесе жарықтандыру кезінде атомдар арасындағы коваленттік байланыстардың үзілуі нәтижесінде еркін электрондар мен кемтіктер (бос орындар) пайда болады. Жартылайөткізгіштердің кедергісі температурасы және жарықтану артқан сайын азаяды. Қолданылуы: радиотехникада токты түзету арқылы оның сипаттамаларын өзгерту мақсатында, токты күн батареясынан өндіруде, әртүрлі реле мен автоматтандырылған құралдарда токты қолдану үшін пайдаланылады. Диод, транзистор, термистор фоторезистор. Таза жартылайөткізгіштерде әр уақытта бірдей мөлшерде еркін электрондар мен кемтіктер болады. Сондықтан оның өткізгіштігі жартылай электрондық және жартылай кемтіктік. Мұндай өткізгіштікті меншікті өткізгіштік деп атайды. Температурасы артқан кезде онда электрондар мен кемтіктер саны да артатындықтан меншікті өткізгіштігі де артады.

Сұйықтардағы электр тогы-электрлік қасиеттеріне байланысты барлық сұйықтарды 2 түрге бөлуге болады: Өткізетін: Еркін зарядталған бөлшектері бар (диссоциацияланатын). Оларға ерітінділер (көп жағдайда судағы) және тұздардың, негіздер мен қышқылдардың қоспалары жатады. Өткізбейтін: Еркін зарядталған бөлшектері жоқ (диссоциациаланбайтын). Оларға:дистелденген су, спирт, минералды майлар.


Электрлік диссоциация деп – молекулалардың еріткіштің әрекетінен иондарға ыдырауын айтады.

Газдардағы электр тогы- Қалыпты жағдайда газдар диэлектрикте болып саналады, себебі олар бейтарап атомдардан құралады және еркін зарядталған бөлшектері жоқ. Газ электр тогын өткізуі үшін, оның атомдарын иондау қажет – электрондарды жұлып алу, демек атомдарға сырттан жеткілікті энергия беру керек.

Иондау үшін қолданылған энергия берілуі мүмкін: қатты қыздыру, сыртқы сәулелендіру (рентген, радиоактивті), күшті электр өрісін тудыру. Газдардағы электр тогы – еркін электрондар мен оң немесе теріс иондардың реттелген қозғалысы. Егер ионизатор әрекетін тоқтататын болсақ, онда рекомбинация – иондардың кері процесі, яғни электрондар мен иондардың өзара бірігуі орын ала бастайды. Газдардың рекомбинациясы кезінде ол қайтадан диэлектрикке айналады. Сондықтан да газдардың электрлік қасиеттері сыртқы иондау факторларына тәуелді болады. Қолданылуы: күндізгі жарық шамдарында, жарнамалық түтіктерде, электрдәнекерлерінде, металдарды искравой өңдеуде, т.б.

Вакуум-молекулалары бір-біріне соқтықпайтындай сиретілген орта. Кәдімгі жағдайда ол электр тогын өткізбейді.Егер зарядтарды сырттан енгізіп және күшті электр өрісін туғызса, онда вакуумда ток пайда болады. Вакуумдегі электр тогы- термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы. Қолданылуы: радиотехникада, телевидениеде, медициналық аппараттар мен осцилографтарда электронды-сәулелік түтікшелерде токты түзету және оның сипаттамаларын өзгерту үшін, т.б. Тұздардың, қышқылдардың және сілтелердің ертінділері, сонымен қоса, тұздар мен металдардың қортпалары электролиттер деп аталады. Электролиттер электр тогын жақсы өткізгіштерге жатады.Қалыпты жағдайда газдар диэлектрикте болып саналады, себебі олар бейтарап атомдардан құралады және еркін зарядталған бөлшектері жоқ.Газ электр тогын өткізуі үшін, оның атомдарын иондау қажет – электрондарды жұлып алу, демек атомдарға сырттан жеткілікті энергия беру керек. Газдардағы электр тогы – еркін электрондар мен оң немесе теріс иондардың реттелген қозғалысы. Қолданылуы: күндізгі жарық шамдарында, жарнамалық түтіктерде, электрдәнекерлерінде, металдарды өңдеуде, т.б. Вакуум токты өткізуі үшін, онда еркін қозғала алатын зарядтарды тудырушы болуы керек. Еркін зарядтарды тудырушы көзі ретінде, жоғары температураға дейін (1000 – 20000С) қыздырылған катод қолданылады. Қыздыру нәтижесінде одан электрондар босап шығады.
Қолданылуы: радиотехникада, телевидениеде, медициналық аппараттар мен осцилографтарда электронды-сәулелік түтікшелерде токты түзету және оның сипаттамаларын өзгерту үшін, т.б.

3.Сәулеленудің биологиялық және экологиялық әсерін жіктеңіз:Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – экологиялық, радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Адамға сәуле алудың қауіпі. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кезкелген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысымен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның,қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатарорганизм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетінөзгерістер өтеді. Сәулелердің биологиялық әсерін екі кезеңге бөлуге болады:1) Иондаушы сәулелердің биохимиялық реакцияларға клеткалар, ұлпаларға, мүшелерге тікелей әсері.2)Әсерлерден жүйке клеткаларында, гуморальдық клеткаларда әртүрлі ығысу өзгерістер шақыруы.
БИЛЕТ №22

1.Токтардың магнит өрісі мен магниттік ағынын сипаттаңыз

2. Фотосуретке түсіру мен фотосуретті үлкейту туралы баяндаңыз

3.Ядролық реактордың жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

1.Токтардың магнит өрісі мен магниттік ағынын сипаттаңыз

Магнит өрісі – тогы бар өткізгіштің, қозғалыстағы электрлік заряды бар бөлшектер мен денелердің, магниттік моменттері бар бөлшектер мен денелердің төңірегіндегі кеңістікте, сонымен қатар, электр өрісінің уақыт бойынша өзгеруінен пайда болады. Магнит өрісі қозғалыстағы электрлік заряды бар бөлшектер мен денелерге, тогы бар өткізгішке, магниттік моменттері бар бөлшектер мен денелерге әсер етеді.Магнит полюстері: