Файл: 2. Ультрадыбысты локаторды жмыс істеу принципін тсіндірііз азастанда жасанды серіктерді шыруды маызын баалаыз Сана жйесіне сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 28.04.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық, ягни Fа > FА болса, онда дене сұйыққа батады. Онда ρдgVд > ρсgVд немесе ρд > ρс болғаны. Бұдан егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, онда дене сұйық түбіне шөгеді (1, ә-сурет). Егер ауырлық күші архимед күшінен. кем, ягни Fа < FА болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі (1, б-сурет). Дене сұйық бетінде жүзуі үшін ығыстырылған сұйықтық көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміне тең болады: Vб.б. = Vы.с.- дененің батқан бөлігінің көлемі. Дененің жүзуі кезінде Fа = FА онда ρдgVд = ρсgVб.б. немесе ρдVд = ρсVб.б

2.Геофизика саласындағы сейсмология, петрофизика туралы баяндаңыз

Сейсмология — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық ғылымның бір саласы.

Петрофизика — петрология ғылымының тау жыныстарының физикалық қасиеттерін, құрамын, құрылымын зерттейтін саласы  Қазақстанда Геофизиканың метеорология, ионосфера физикасы, сейсмология және барлау Геофизикасы сияқты салалары кең дамыған. Қазіргі кезде гидрометеорология қызметі ондаған метеостансалар арқылы ауа райы мен гидрол. құбылыстарға жан-жақты бақылау жүргізіп, зерттеп отыр. Жер сілкінуі ықтимал деген аудандарда жаңадан бірнеше сейсмостансалар құрылып, ондағы бақылау жұмыстары кеңейе түсуде.

3.Шудың қоршаған ортаға әсерін бағалаңыз



БИЛЕТ №18

1. Бернулли заңын түсіндіріңіз

2.Химия саласындағы физика туралы әңгімелеңіз

3.Қазақстандағы ұялы байланыс құралдарын атап өтіңіз

1.Бернулли заңын түсіндіріңізБернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған.Бернулли теңдеуі біртекті ауырлық күші өрісіндегі сығылмайтын сұйықтықтың бірқалыпты қозғалысы үшін төмендегіше өрнектеледі:




2.Химия саласындағы физика туралы әңгімелеңіз

Кванттық механика тұрғысынан валенттіліктің, химиялық байланыстың, молекулааралық тартылыс күшінің электрондық табиғаты анықталды, химиялық физика тәжірибелік физиканың ең жетілдірілген жаңа әдістерін қолданып молекуланың құрылысын, геометриясын, электрлік, магниттік және оптикалық қасиеттерін зерттейді, бұл құбылыстарды электрондық теория тұрғысынан түсіндіреді. Молекулалардың қозғалысын, спектрін, константаларын, атомдар мен молекулалардың қозуын, соқтығысқанда энергия алмастыруын қарастырады. Химиялық физика зерттейтін объектілер артып, оның әдістері физика химияға енгізілді. Ол атом мен молекула құрылысынан басқа кристалдардың, сұйықтардың, ерітінділердің, сольваттардың, адсорбциялық қабаттың құрамы мен қасиеттерін зерттейді.

Химиялық физика алғашқы кезде химиялық реакцияларды зерттеді. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап химия кинетиканың дамуында жаңа кезең басталды. Физиканың соңғы жетістіктерін химияға қолдану заттардың реакцияға түсу бейімділігі мен молекула құрылысының арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді. Химиялық реакциялардың жылдамдығы сол реакцияларға қатысатын бөлшектердің табиғатына, сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты. Солардың ішінде практикалық маңызы зоры — тізбекті реакциялар. Ресей ғалымы Н.Н. Семенов тізбекті реакциялардың теориясын жасап, тәжірибе жүзінде қалыптастырды. Соған сүйеніп тұтыну мен қопарылыс туралы теориялық көзқарасты дамытты. 

3.Қазақстандағы ұялы байланыс құралдарын атап өтіңіз

Қазақстанның ұялы байланыс операторы GSM Қазақстан — Қазақстанның байланыс нарығындағы GSM-900 стандарты бойынша көш бастаушы оператор. Компания 1998 ж. құрылып, Kcell және Actіv сауда белгілерімен жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасының 1058 қаласы мен елді мекенінде Kcell ұялы байланысының қызметтері көрсетіледі, ол негізгі автомагистралдардың 85%-ын қамтыған. Базалық станциялар халықтың 66%-ы тұратын аумағында сигналдың сапалы қабылдануы мен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Kcell 113 елдің 236 операторымен автоматты роуминг, 32 елдің 48 операторымен GPRS-роуминг қызметімен байланысқан. Қазақстанда сондай-ақ, 
Bеelіne, Pathword, Neo, т.б. байланыс жүйелері қызмет көрсетеді. Қазақстандағы 2021 жылы жұмыс жасайтын ұялы байланыс операторлары:[2]

  • Beeline;

  • Tele2;

  • Kcell;

  • Altel 4G



БИЛЕТ №19

1.Жылу қозғалқыштарының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз

2.Биология саласындағы физика туралы әңгімелеңіз

3.Электромагниттік толқындар шкаласын сипаттаңыз

1. Жылу қозғалқыштарының жұмыс істеу принципін түсіндіріңізЖылу қозғалтқыштары - отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштар.

Іштен жанатын қозғалтқыштарда және газ турбиналарында температураның жоғарылауы отынның қозғалтқыштарының өз ішінде жану нәтижесінде болып жатады. Т1 температураны қыздырғыштың температурасы деп атайды. Газ жұмыс істеген сайын энергиясын жоғалтады және қайсібір Т2 температураға дейін сөзсіз суынады. Оны салқындатқыштың температурасы деп атайды. Т1>Т2>Т (қоршаған орта) болуы керек, әйтпесе двигатель жұмыс істей алмайды. Атмосфера немесе конденсаторлар салқындатқыш бола алады.

1) Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і.

Жылу қозғалтқыштарының барлығына тән ортақ қасиет – ол циклдік процесс, соның нәтижесінде жұмыстық дене бастапқы қалпына қайтып оралады. Демек, жылу қозғалтқыштары дөңгелек цикл бойынша жұмыс атқарады.
ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті. Оны [η] = 100 % әрпімен белгілейді.
ПӘК – двигательдің атқаратын А' жұмысының, қыздырғыштан алатын жылу мөлшеріне қатынасы:

Мұндағы, А-атқарылған пайдалы жұмыс, Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері , Q2 – салқындатқышқа берілген жылу мөлшері. ηmax = 45%
2) Карно циклі. XIX ғасырдан бастап Жер бетінде жылу машиналары қаптап кетті. Бірақ бұл машиналардың ПӘК-і өте төмен болды. Бу машиналарында ПӘК-і бар болғаны 8-9%, ал алғашқы іштент жанатын поршеньді қозғалтқыштардыкі 12-20%. Жылу машиналарының ПӘК-ін қалай көтеруге болады деген мәселе туды. Бұл мәселені шешуде француз физигі Сади Карно көп еңбек етті. Ол өзінің зерттеулерінің нәтижесін 1824 ж. «Оттың қозғаушы күші және осы күшті пайдалана алатын машиналар туралы ойлар» деген еңбегінде жария етті. С.Карно максимал мүмкін мүмкін ПӘК-і идеал машина жасамақ болды (теориялық жолмен). Оның идеал машинасы идеал газбен және ешқандай шығынсыз жұмыс істейтін еді. Мұндай теориялық машина жұмыс істейтін цикл Карно циклі деп аталды. Ол екі изотермадан және екі адиабатадан тұратын тұйықталған процесс.



2.Биология саласындағы физикатуралы әңгімелеңізБізді қоршаған материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен өзгерістер өзара тығыз байланыста екендігі белгілі. Соның бірі айғағы ретінде биология ғылымының биологиялық жүйелердегі құбылыстарды танып білуде дәл ғылымдардың заңдылықтары мен ондағы түсініктерді қолдану арқылы ғана одан ары дамитындығына көз жеткізді. Осындай себептерден биология және физика ғылымдарының түйісінде биофизика атты жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Биологиялық физика биологиялық жүйені субмолекулалық, молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейлердегі дамуын физика- химиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Биофизика термині алғаш рет 1892 жылы Карл Пирсонның «Ғылым грамматикасы» атты ғылыми еңбегінде «...биологиялық фактілер- морфология, эмбриология және физиология физикалық заңдылықтардың дербес бір көрінісі, сондықтан оның этиологиясы...» деп жазды. Кейін А.Фик және немістің басқа да ғалымдары бұл саланы «Медициналық физика» деп атаған. 1961 жылғы І-Дүниежүзілік биофизиктердің халықаралық конгресінде биофизика өз алдына жеке ғылым ретінде танылды. Осы конгрестің шешіміне сәйкес биофизика – молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасыдеген бөлімдерден тұрады.

1. Молекулалық биофизика бөлімі- биологиялық макромолекулалар (ақуыздарды, нуклейн қышқылдарын т.б.) мен молекулалық деңгейдегі биологиялық жүйелердің құрлысы мен физикалық қасиеттерін зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің пайда болуына Л.Полингтың ақуыздың кеңістіктік құрылымын мен Ф.Криктің «өмір спиралы»ДНК анықтауы үлкен себеп болды. Сонымен қатар молекулалық биофизика молекулалық деңгейде энергияның түрленуі мен миграциясын да қарастырады.

2. Жасуша биофизикасы- жасауша мен оның органелдерінің құрылымын, ондағы физика-химиялық үрдістерді, биопотенциалдың пайда болу механизмін, жасуша арқылы заттарды тасымалдауды, жасуша термодинамикасын зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің дамуына Бернштейннің, А.Ходжкинның, Хакслидың және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.

3. Күрделі жүйелердің биофизикасы. Биофизиканың бұл бөлімі молекулалық деңгейден бастап жасушаға дейінгі деңгейдегі биологиялық жүйедегі өз ара байланыстарды зерттеумен және оны моделдеумен айналысады.

4. Мүшелердің сезім биофизикасы.