Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 106

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Жылдық жоспар педагогикалық ұжымның ыңғайына қарай безендіріледі

Жылдық жоспар жұмыстары жаңа оқу жылына өткен оқу жылының жұмыстарына сараптама нәтижесі негізінде жасалынады.

Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі

1.Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқы жылының міндеттері

2.Мектеп жұмысының жалпы білім қорының жұмысын анықтайды.Мектеп оқушыларының жалпы орта білім алуына бағытталған шаралар жоспарланады.ҚР Білім туралы заңының баптары басшылыққа алынады.Ата-анасы жоқ,қамқорлыққа зәру баслаларға материалдық көмек ұйымдастырылады,баланың құқығын қорғау, үйде отыру, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету қамтылады.

3.Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі

4.Мектеп,отбасы, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұйымдарының бірлескен қызметі.Мектептің отбасымен жұмысы,ата-аналар жиналысы,педагогикалық лекторийлер,ашық есік күндері т.б

5.Педаогог кадрлармен жұмыс.Педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру,ол аттестациялық, семинар,конференция,тренингтер ұйымдастыру,кітапхана қорын толықтыру .Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар

11-билет. Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз









Ұжымдық басқару кезіндегі қарым-қатынас.Басқарушылық қарым-қатынас және оның түрлеріне тоқталыңыз

Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі – ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз – топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.
Ұжымдық қарым – қатынас жасаудың негізгі обьекісі – адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал әрбір ұжым мүшесінің көңіл күйі, сергектігі болашақ мақсат мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дербес қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.

Басқарушылық қарым-қатынас:

1.Авторитарлық басшылық- басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын ала жеткізіп отырады

2.Қолдаушылық- басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қорғайды

3.Алқалық- жұмысқа қатысты мәселерді шешуге шеім қабылдауға қатысуға рұқсат береді

4.Жетістікке бағытталған басшылық- басшының өзінің қарамағандағыларға алдына үлкен мақсат қояды және олардың белсенділігін ынталандырады

  1. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарына мысал келтіріңіз

Педагогикалықменеджмент.Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары, басшылық жасау білімін тек білімін жетілдіру жүйесінде курстық қайта дайындықтарды ұйымдастыру арқылы ғана алып келді. Маман-ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі басшылар өз-өзінен

«табиғи талант» ретінде пайда бола қалмайды немесе курстарды өткізу нәтижесінде де дайындалмайды, қазіргі таңда студенттік кезден бастап базалық басқарушылық-педагогикалық білім алу қажеттілігі пісіп жетілді.

Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Австралия, Канада, Швеция және т.б. тиімді басқару қызметіне қажетті білім менеджерлерін дайындаудың моделі жасалған.

Әлемдік менеджмент теориясы мен тәжірибесін талдағанда көрінетіні, классикалық менеджменттің біздің отандық басқару теориясынан ерекшеленетіні менеджердің тұлғасына мән беретіндігі,
оның ұйымның мақсатын жүзеге асыру үшін барлық адамдардың басын қоса алатын және соған арнайы кәсіби білімі бар екендігі. Менеджмент саласындағы білім беру, базалық басқару ақпаратын беруге және аналитикалық, іскерлік пен тіл табысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің әлсіз жақтарының бірі білім берудегі менеджменттің нашар дамуы» деп көрсетілген. Сондықтан, білім беру менеджментін жетілдіру үшін келесі міндеттер қойылады, біріншіден, білім беру жүйесіндегі менеджментті жетілдіру, соның ішінде корпорациялық басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жүйесін құру; екіншіден,білім беруді дамытуда мониторинг жүйесін, сонымен бірге халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім беру статистикасын жетілдіру.

Көптеген отандық және шетелдік зерттеушілердің айтуы бойынша, басқару шын мәнінде тек техникалық өндірістік процестер саласында ғана емес, сонымен қатар күрделі әлеуметтік жүйеде, соның ішінде педагогикада аса қажет

ХХ ғасырда мекемені, ұжымды басқарудың тиімді әдістері зерттеле бастады. 1991 жылы ғалымдар К.П.Вазина, Ю.Н.Петрова, Қ.Д.Белиловскийдің еңбектерінде «педагогикалық менеджмент» термині пайдаланып, ғылымға енгізілді.Педагогикалық менеджмент бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.Білім беру процесінің астарында оны құраушы 3
процесс бар: оқу- тәрбиелік, оқу-танымдық және өзіндік білім алу процестері.Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда кез келген оқытушы оқу-танымдық процесінің менеджері болады (оларды басқару субъектісі ретінде), ал орта білім беру мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғанда оқу- тәрби процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).Педагогикалық менеджмент – тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені.

Мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары. Оқу-тәрбие жұмысын басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы құрылымдық-қызметтік байланыстар деңгейіне тәуелділігі. Педагогикалық менеджметтің (білім беру процесін басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіндік ерекшелігі және өзіне ғана тән заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.

Менеджер еңбегінің құралы білім беру процесіндегі басқарылатын субъектінің қызметі болып табылады. Еңбек қажеттілігі ақпарат. Еңбек қаруы сөз, тіл, сөйлеу.

Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім іс-әрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету бұлар педагогикалық процесті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту
мен жетілдіру логикасын анықтайды.

Қазіргі заман жағдайында жалпыбілімдік немесе қалаған басқа да білім беру мекемелерінің педагогикалық жүйесінің әрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйелер бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:

  1. Дидактикалықжүйе: оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы

    • сабақ және сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмыстары; міндетті және факультатив дәрістер.

  1. Тәрбиелік жүйе: сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстары; отбасы тәрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тәрбие және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі.

  2. Оқушылардыңқарым-қатынастарыжәнеолардыңмектептегіөзіндікбасқаружүйесі:оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

  3. Мектептің әкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару; тәрбие жұмыстарына жетекшілік; әдістемелік жұмыстарға жетекшілік.

Тәжірибе көрсеткендей, орта білім беру мекемелерінде білім беруді басқару сапасының төмен болу себебі – жүйеге немқұрайлықпен қарау. Ол осы жүйедегі бір-бірімен байланысты субъектілердің арасында қарама-қайшылық туғызады. Соның нәтижесінде субъекті және объекті болып бөлінеді. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан осы орта білім беру мекемелері жетекшілері мен оқытушыларының қызметі оқу-тәрбие, оқу-танымдық процесінің менеджері ретінде осы немқұрайлық пен шығармашылық арасындағы қарама-қайшылықты шешу болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. Мектепішілік басқару – тиімді