Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 137

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


білім алушылардың пән бойынша (пән мұғалімі ретінде) оқу жұмысының нәтижелілігін;

сыныптағы білім алушылардың оқудан тыс жұмысының нәтижелілігін (сынып жетекшісі ретінде);

мұғалімнің кәсіби біліктілігін жоғарылату тәсілдерін зерделейді.

Фронталдық дербес бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік:

функционалдық міндеттері, мұғалімнің жұмыс бағдарламалары (мұғалімнің оқу жылына арнап құрастыратын, мектептің әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралатын және бекітілетін, жұмыс үдерісінде түзетілуі мүмкін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы), сабақтың жоспарлары, сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері мен дәптерлері, ата-аналар жиналысының хаттамалары, тәрбие жұмысының жоспарлары, аналитикалық материалдармен танысуға;

- сабақтарға, сыныптан тыс іс-шаралар, үйірме, спорт секциялары сабақтарына қатысу және талдау арқылы мектептің педагог қызметкерінің тәжірибелік қызметін зерделеуге;

- педагогикалық қызметке сараптама жүргізуге;

- алынған ақпаратқа талдау жасап, білім беру үдерісіне мониторинг жүргізуге;

- социологиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулер: білім алушылар, ата-аналар, мұғалімдермен сауалнама, тестілеу ұйымдастыруға;

- қорытынды жасауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға құқылы.

Педагог қызметкердің құқықтары:

-         бақылау мерзімін және оның қызметін бағалау өлшемдерін білу;

-         бақылау мақсаты, мазмұны, түрі, нысаны мен әдістерін білу;

-         әкімшіліктің қорытындылары және ұсыныстарымен уақытында танысу;

- бақылау қорытындысымен келіспеген жағдайда мектептің кәсіподақ комитетінің дау-жанжал комиссиясына немесе білім басқармасының жоғарғы органдарына өтініш білдіру.

Менеджмент – кәсіпорынды ұйымдастырудың туралы, оны дамытудың стратегиясы ретінде, қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдер қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару.

Менеджментте басты нәрсе, кез келген адамдық қарым қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ – та коперативтік пен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаы менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлдеқайда тиімді пайдаланумен қамтамасыз ететін процесті білдіреді.


Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен тәжірибесі.

Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен  жаңдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік — әкімшілік, технократиялық, жоспарлы – директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал.

Басқарудың типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері, құндылықтары, нұсқамалары (установки) басқаруды ұйымдасьырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады.

  2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.

  3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.

  4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.

  5. Менеджмент менеджменттің жеке бсына қоылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері – тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Бұл сапалар басқару өнерін танытуда маңызды рөл ойнайды. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатын кездейсоқ емес.

Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады:

  • Еңбек өнімділігін арттыру;

  • Бәсекеге жарамдылық;

  • Тұтынушыға бағдарлану (маркетинг);

  • Іс — әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу.

Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені әсері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайын қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.

Менеджментте бастысы  — ең алдымен кәсіпорынның мүдделерімен нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезеңдік) белгілейді.

Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп мөлшерде алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кәсіби ұғындыратын түжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық әкімшілік, оперативтік. Стратегялық мәселелерге өндіруге қажетті тауарлар мен қызметтерді таңдау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау.



Бизнес мәселелері бойыша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.

Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегияларды таңдауына баға беріледі.

Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ережені төрт топқа бөліп көрсетіледі:

  • Осы шақта да болашықта да фирма қызметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланатын ережеге (сапалақ бағдар, сандық  — тапсырма) ;

  • Қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестердің қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы орта мен фирманың қатынасын қалыпиасиыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік – нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;

  • Ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже. Оны ұйымдық бәсеке деп атайды;

  • Негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызметінде күнделікті жүргізетін ереже;

Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.

Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық жобаларын (нақты участкелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды күшейтіп, стратегиямен қиыспайтын қалғандарын тастап) даыйндауда пайдаланылуы керек.

Мақсаттардың жиынына қол жеткізудің ықтимал әр түрлі жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50%  — ға және пайданы 60% — ға өсіруді қамтамасыз ету.


Менеджмент тұтас нарықтық экономикалық және ішінара басқарудың тұрақты тетіктерінің болғанын ұйғарады. Бұл арада менеджменттің өз стратегиялық жоспары болуы керек. Бұл бағыттардың схемасы нарықтағы менеджментті дайындау, ұйымдық қатынастарды басқаруды қайта құруды, шетелдік тәжірибені және комьютерлік техниканы зерделеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды: басқарушылық және экономикалық білімдердің философиясын; дайындау сапалық технологиялық білімді; дайындау формаларын;

Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері бар меншік түрлері; бәсекелестік; монополиясыздандыру; банк – кредит жүйелерін дамыту.

Басқару ісін қайта құру мына бағыттарды қамтиды: басқаруды орталықсыздандыру; басқарудың жаңа түрін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету; экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың (ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру.

Әр түрлі басқару жүйесіндегі менеджменттің орнын анықтау үшін типология деп аталатын басқару, яғни құбылыстарды жіктеудің ерекше түрі қарастырылады. Ол бір үлгідегі критерийлердің (өлшемдердің) шектеулі шеңберін пайдалануды ұйғарады.

Басқардағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға тұрады. Бірінші критерий – директивтік басқару өзін өзі ақтаудан қалған, көнерген критерий. Маркетинг типіндегі басқару ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеретін және тауарды нарықта жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.

Мақсатты басқару  — бұл нарықтық (экономикалық) басқаруды жоққа шығармайтын мақсаттар бойынша басқару болып табылады. Басқарудың мұндай типі адами құндылықтар мен мүддені өз тірегіне айналыдырады.

  1. Барлық адамзат тарихы бизнеспен байланысты. Қарапайым анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. Бизнес – бұл іс. Тари-хи «іс» — «бизнес» ұғымын білдіреді.

Бизнес – бұл пайда (табыс) алуға бағытталған қызмет. Ол әр түрлі салаларда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірісте және тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру қорында, көліктік, жалға беру қызмет түрі ретінде болатын басқа да операцияларды жүзеге асырады. Субъектінің айналымға түсіретін капиталының болуы бизнесте маңызды орын алады. Мұндай капитал айналымға ақшалай түрде түсуі міндетті емес, ол тауар түрінде және қызмет түрінде ұсынылуы ықтимал.


Кәсіпкерлік қызметке қарағанда бизнестің ұғымы кең, өйткені бизнеске табыс (табыс) алуға бағытталған кез-келген қызмет саласындағы кез-келген бір жолғы коммерциялық мәмілені жасау қатысты болады.

«Субъект» бизнесте – бизнесмен немесе коммерсант деп аталады.

Коммерсанттың мәртебесі заң бойынша қызметі мына белгілермен сипатталатын тұлғаға беріледі:

  • мәміле бекіту және басқа шаруашылық операцияларын

  • кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыру;

  • кәсіпкерлік қызметті өз атынан, яғни нарықтық қатынастың

  • дербес экономикалық субъектісі ретінде жүзеге асыру.

Бизнестің өз стратегиясы мен тактикасы бар. Бизнестің стратегиялық мақсаты — әр түрлі мәмілені жүзеге асыру процесінде пайданы (табысты) ең көп шамаға жеткізу.

Тактикалық мақсаты — әр контрагентпен әрбір нақты себеп бойынша мәміленің нақты мерзімі мен мазмұнын, жүзеге асыру шарттарын пайдалану осы стратегиялық нұсқаманы жүзеге асыру.

  1. Бизнес – істі жүргізу жүйесі. Бизнес – бұл адамдарға қажетті өнімді жасау. Бизнес – бұл біздің әлеуметтік – экономикалық жүйеміздегі орталық магистраль.

Бизнес субъектілеріне мыналар жатады:

  • кәсіпкерлер;

  • кәсіпкерлердің ұжымдары мен кәсіпкерлік ассоциялар;

  • өндірген өнімді тұтынатын жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ, тұтынушылардың одағы мен ассоциациялар;

  • келісімшарт немесе басқа негізде жалдагып еңбек ететін жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары:

  • мемлекеттік құрылымдар.

Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды.Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік, кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.

Кәсіпкерлік меншіктің үш негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:

  • өнім өндірісі;

  • коммерция (сауда);

  • коммерциялық делдалдық.

Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл жөнінде Г.Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып – сату (алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін (пристойный вид) ғана танытады».

Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына – тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске ықпал етеді. Кәсіпкерге – пайда (табыс) қажет болса, тұтынушыларға — өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны қажет.

Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына – жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар жатады. Бұл категориядағы азаматтар кәсіпкерлермен жасасқан мәміледен табыс табу арқылы өздерінің еңбек мүдделерін жүзеге асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.