Файл: 1билет Басару, менеджмент, заманауи менеджмент, білім берудегі менеджмент, педагогикалы менеджмент ымдарына сипаттама берііз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 29.04.2024

Просмотров: 140

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ұсыныс хат ретінде немесе қосыша материал қызметін атқаруы мүмкін.

Портфолио төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. бөлім. «Мұғалім туралы жалпы мәліметтер»: тегі, аты-жөні, мұғалімнің туылған жылы, білімі (қай жылы қандай оқу орнын аяқтады, диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі); жалпы еңбек және педагогикалық жұмыс өтілі; сол білім беру мекемесіндегі педагогикалық жұмыс өтілі; білімін жетілдіру (курс өткізілген мекеме аты; айы, жылы, курстардың негізгі мәселесі); курстан өткенін айғақтайтын құжаттардың көшірмесі; атағы мен дәрежесін айғақтайтын құжаттардың көшірмесі; мемлекеттік және аймақтық наградалар, алғыс хаттар, грамоталар туралы ақпарат; түрлі конкурстардың дипломдарының көшірмесі және тағы да басқа құжаттар.

  2. бөлім. «Педагогикалық қызметтің нәтижелері» (жыл бойы жеткен жетістіктерінің динамикасы): мұғалімнің беретін пәндері бойынша оқушылардың оқыту бағдарламасы бойынша меңгерген түйінді құзыреттіліктерін айғақтайтайтын материалдар; аралық бақылау, оқушылардың мектепішілік, аудандық, қалалық олимпиааларға, конкурстарға қатысуы негізінде педагог әрекетінің салыстырмалы анализі; оқушылардың аралық және қорытынды аттестацияларының нәтижелері; оқушылар арасында мектепті медальмен бітіргендер болса- олар туралы да мәліметтер; пәндік бағыты бойынша оқушылардың ЖОО-на түсуі туралы мәлімет.

  3. бөлім. «Ғылыми-әдістемелік қызмет» (оқу және тәрбие жұмысында заманауи білім беру технологияларын қолдану, түрлі деңгейдегі конкурстарға, семинарлар мен конференцияларға қатысу): білім беру бағдарламалары және оқу-әдістемелік әдебиеттерді көрсету; қолданылатын оқыту технологияларын


оларды таңдау себебін қоса көрсету; білім беру нәтижелерін бағалау үшін педагогикалық диганостика құралдары.

  1. бөлім. «Тәжірибені жалпылау»: пәндік және әдістемелік апталықтарға қатысу; семинарлар, дөңгелек үстелдер мен шебер-сыныптар ұйымдастыру және өткізу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын, оқушылармен бірге пән бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу; авторлық бағдарламалар, ғылыми- әдістемелік материалдар жасау; мұғалімнің жарияланымдары; шығармашылық есептер, рефераттар, мақалалар, баяндамалар; диссертация материалдары (бар болса).

  2. бөлім. «Пән бойынша сабақтан тыс қызмет» оқушылардың пән бойынша орындаған шығармашылық жұмыстары, рефераттар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларының тізімі; олимпиада, конкурстар, сайыстар мен интеллектуалды марафондар жеңімпаздары туралы мәлімет; сыныптан тыс іс- шаралардың сценарийі, өткізілген іс-шаралар бойынша фото- және видеоматериалдар; пән бойынша сабақтын тыс жұмыстарын айғақтайтын басқа да құжаттар.

  3. бөлім. «Сынып жетекшісінің жұмысы»: сынып оқушыларының білім сапасы мен үлгерімінің анализі; сынып оқушыларының мектеп шараларына, әлеуметтік жобаларға, шығармашылық бірлестіктерге, аудандық, қалалық акцияларға қатысуы туралы ақпарат; сынып оқушыларының контингенті туралы мәліметтер; құқық бұзушылықтар туралы ақпарат; ата-аналармен жұмыс туралы мәліметтер және т.б. құжаттар.

  4. бөлім. «Оқу-материалдық база»: көрнекілік құралдардың тізімі (макеттер, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар, портреттер, карталар және т.б.); оқытудың техникалық құралдарын үнемі қолдануы жайлы ақпарат; білім беру процесінде компьютер мен оқытудың ақпараттық құралдарын қолдану; ҰБТ-ға дайындау үшін тапсырмалар жинағы, жаттығулар, үлгі рефераттар мен шығармалар және т.б. дидактикалық материалдарды қолдану.


Қайта даярлау және бiлiктiлiгін арттырудан өткен мұғалiмдердiң саны жылдан жылға өсiп келедi. Алайда бұл әрбiр мұғалiмнiң бiлiктiлiк арттыру курстарынан кемiнде бес жылда бiр рет өтуiн мiндеттейтiн Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңының ережелерiн iске асыру үшiн жеткiлiксiз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалiм бiлiктiлігін арттырудан өтуге тиiс.

Педагог кадрларды даярлау, олардың бiліктілiгiн арттыру және қайта даярлау саласына төмендегідей міндеттерді шешу жүктелуде:

  • жетекшi университеттер базасында жоғары оқу орындарының педагог кадрларын даярлау, олардың бiлiктiлігін арттыру және қайта даярлау жүйесiн қалпына келтiру және одан әрi дамыту;

  • педагог мамандықтарының бiлiм беру бағдарламалары мазмұнын жаңарту, бiлiм берудiң вариативтiк (өзгермелi) үлгілерiн жасау;

  • педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың барлық жылдарында үздiксiз педагогикалық және психологиялық-педагогикалық практиканы енгізу;

  • екiншi мамандықтың қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша, оның iшiнде мемлекеттік тiл, шетел және ана тiлдерi, информатика, психология бойынша пән мұғалiмдерiн қайта даярлау;

  • болашақ мұғалiмдер үшiн олардың даярлық деңгейiн тәуелсiз кәсiби бағалаумен қоса үш айдан бiр жылға дейінгі педагогикалық тағылымдаманы енгізу;

  • 12 жылдық мектепте және мектепке дейінгі, арнаулы, жалпы қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеу үшiн педагог мамандықтар бойынша мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

  • педагогтердi және басшыларды аттестаттаудың және қайта аттестаттаудың, мұғалiмнiң педагогикалық қызметiн сертификаттаудың жаңа жүйесiн әзiрлеу;

  • педагогтердiң еңбегiн ынталандырудың және оларды жергілiктi жерлерде тұрақтандырудың тетiктерiн жетiлдiру;

  • бiлiм берудiң жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен сабақ беру әдiстемелерiнiң өзгергенiн ескере отырып, мұғалiмдер мен бiлiм беру ұйымдарының басшыларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлігін арттыруды жүзеге асыру;

  • білім беру ұйымдары басшыларын бiлiм берудегі менеджмент бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асыру;

  • жоғары оқу орындары арасындағы, халықаралық шарттар мен бағдарламалардың негiзiнде мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгін арттыру мен қайта даярлау көзделедi.


Мұғалімдер, тәрбиешілер, мектеп менеджерлерінің біліктілігін көтеругебасшылық білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мәнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды әрі қажетті біліктерден құралады:

  • мұғалімдер және тәрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тәрбие жұмыстарының формалары мен әдістерін пайдалану және қолдану шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету;

  • мектептегі оқу-тәрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-әрекеттердің орындалуына жағдай жасау;

  • мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру.

Кәсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіруге баруы міндетті. Бұл мақсатта төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:

  • негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңы емтихан, сынақ немесе реферат қорғаумен бітеді);

  • сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемалық орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);

  • мамандардың кәсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.

№ 7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Білім берудегі менеджмент. Педагогикалық менеджмент мақсаттары,

міндеттері, қызметіне тоқталыңыз.

Менеджментбұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.

Менеджмент – бұл дамытушы басқару, яғни мектеп әкімшілігін, педагогтардың, жалпы ұйымның дамуы үшін толыққанды жағдайлар жасалынады.


Бүгінгі таңда менеджмент басқарудың тұжырымдамалық негізі болып табылады.

Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда
 немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]

Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]

а) Адамдарды кәсіпорынның ортақ мақсаттары аясында топтастыру;

а) Адамдарды кәсіпорынның ортақ мақсаттары аясында топтастыру;

ә) Әр бір қызметшіде кәсіборынның нәтижелерінен мүделілігін дамыту және оны мүмкіндігінше қамтамасыздандыру;

б) Адамдарды дамытуды бір мезгілде тоқтатпау;

в) Қызметшілердің арасындағы байланыстарды күшейту, олардың жауапкершілігін арттыру.

Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.[2]

Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.[2]

Педагогикалық менеджменттің мақсаты

  • Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.

педагогикалық менеджмент міндеттері

  • Педагог келесілерді жүзеге асырады:

  • Басқаратын объектінің қалпын өзгерту бойынша шешім қабылдау үшін ақпаратты түрлендіру;

  • Оқыту мен тәрбиелеу үдерісін қағидаттар, әдістер, құралдар мен нысандардың өзара байланысты жүйесіндей басқару;

  • Оқушылардың еңбегін, уәждері мен қажеттіліктерін пайдалана отырып, қойған мақсаттарға жету;

  • Білім беру тұжырымдамалары негізінде қабылданатын, жүзеге асырылатын және адам факторын есепке ала отырып, оқу тәрбиелеу мақсаттарының жүйесін оқушылардың жету үдерістерін ұйымдастыру және т.б.