Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 146

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Начало формы

Бекіту сұрақтары:

1. Дәрілік заттардың кері әсерінің мониторингі жүргізіледі:

А)Фармация комитетінмен

В)медициналық зерттеу ұйымдарынмен

С)Медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен

Д)фармацевтикалық және фармакологиялық ұйымдармен

Е)Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен
2.Денсаулы сақтау– бұл:
А) Медициналық ұйымдардың жиынтығы

В)әлеуметтік – экономикалық, саяси – құқықтық және медициналық сипаттағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

С)алықтың денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған медициналық ұйымдардың қызметі

Д)денсаулық сақтау субъектілерінің функциясына бағытталған азаматтардың денсаулығын қорғау мен қамтамасыз ету органдарының жиынтығы

Е)ауруды емдеу және алдын алуға бағытталған медициналық, саяси, экономикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесі
3. Денсаулық бұл -

А)аурулар мен физикалық ақаулардың болмауы

В)физикалық және әлеуметтік әл-ауқатының толық жағдайы

С)әр түрлі патологиялық процестердің тұтастай болмауы

Д)ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделе отыратып өзгеру қабілеті

Е)физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының толық жай-күйі
4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі түсінігі

А) Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі

В)Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің ең төменгі көлемі

С)Қазақстан Республикасының азаматтарына және шет ел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен медициналық қызметтің тізбесі

Д)Уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекпен медициналық қызметтерінің бірыңғай тізбесі

Е)БМСК деңгейінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген ең төменгі көлемі
5. «Денсаулық сақтау салаасындағы стандарттау» түсінігі

А)стандарттарды әзірлеуге және енгізуге уәкілетті органдардың қатысуы

В)үдеріс сипаттамаларын оңтайлы жүйелеу дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар

С)медициналық қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру

Д)аурудың ағымын жеңілдету және тоқтата тұру үшін бағытталған бірқатар медициналық қызмет көрсету

Е)медициналық қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру

6. Медициналық қызмет - бұл кәсіби қызмет болып табылады

А)стандарттарды әзірлеу және іске асыру бойынша құзыретті органдар

В)азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған

С)азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған заңды тұлғалар

Д)нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері

Е)жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білімі бар жеке тұлғалар
7. Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеу жүзеге асырады

А)Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен

В)Қазақстан Республикасының Үкіметмен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен

С)Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, әкімдіктердің атынан жергiлiктi өкiлдi органдармен

Д)Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен, уәкілетті органдармен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдармен

Е)Қазақстан Республикасының Президентімен, Үкіметімен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен
8. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады

А)денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама

В)фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау

С)денсаулық сақтау саласындағы (жұмыстар, қызметтер) тауарлардың сәйкестігін растау

Д)мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау

Е)денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу
9.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «медициналық көмек» түсінігі

А)халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені

В)жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін медициналық мекемелер ұсынған медициналық қызмет көрсету

С)халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған стандарт талаптарына сәйкес медициналық қызмет көрсету

Д)халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған, соның ішінде дәрілік көмек, медициналық қызмет көрсету кешені

Е)жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін білікті мамандармен толық қамтылған медициналық қызметтер көрсету
10.Медициналық қызмет көрсетудің сапасы түсінігі

А)медициналық көмектің сапасының индикатор сәйкестігінің деңгейі



В)диагностика және емдеу үшін медициналық көмек стандарттарына және хаттамаларына сәйкес деңгейде көрсету

С)медициналық көмек көрсетудің стандарттар мен хаттамаларға сәйкес интегралдық көрсеткіші

Д)медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкестігінің деңгейі

Е)тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарына медициналық көмектің кепілдік берілген минималды көлемінде көрсету
11.Репродуктивті денсаулық

А)ұрпақтарын көбейту қабілеті

В)ұрпақты болу жасындағы бала денсаулығын қорғау

С)ұрпақты болу жасындағы адам денсаулығын қорғау

Д)қабілетін және ұрпақтарын молайту құқығын көрсететін адам денсаулығы

Е)жан-жақты дамуын, жаңғыртуын, оның қабілетін көрсететін адам денсаулығы
12.Халықтың санитарлық және эпидемиологиялық салауаттылығы - бұл халықтың денсаулық жағдайы

А)өмір сүруіне қолайлы жағдайына кепілдік беру

В)салауатты өмір салты мен тегін медициналық тексеруді қарастыру

С)тегін медициналық тексеру және толық әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдік

Д)адам өмір мен денсаулығы деңгейіне зиянды әсерінің болмауы

Е)адам денсаулығы деңгейіне зиянды әсерінің болмауы және қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету
13. Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізделеді

А)Қазақстан Республикасының Конституциясына

В)Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттар

С)Денсаулық сақтаудың халықаралық қағидалары

Д)Денсаулық сақтау саласындағы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері

Е)Халықтың денсаулығын қорғау саласындағы ҚР Президентінің Жарлығы мен Үкіметінің қаулылары
14.Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары болып табылады:

А)Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларға қатысу

В!Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

С)Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Д)Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану

Е!Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелері саласындағы ғылыми зерттеулерді шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін пайдалану және қолдану
15.Денсаулық сақтау жүйесінің бюджет және өзге де құралдары, қаржылық қайнар көздері болып табылады:

А)Ерікті сақтандыру құралдары

В)Міндетті медициналық сақтандыру құралдары


С)Ақылы медициналық қызмет көрсету үшін алынған қаражат

Д)Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы қызмет көрсету үшін алынған қаражат және өзге де қайнар көздер

Е)Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы медициналық қызметтер көрсету саласындағы жеке заңды тұлғалардың қаражаты
Әдебиеттер:

№ 3 С. 37-40; № 9 С. 70-74, № 12,; № 13, № 14, № 19

Дәріс № 6: Тыныс алу жаттығулары.

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар: Тыныс алу қызметі. Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралыдары. Тыныс алу қызметінің маңызы.

Дәріс тезисі:

Тыныс алу дегеніміз – мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі

Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді, немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.

Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты – онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.

Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы – ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.

Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы, адамның өзін-өзі емдеу мақсатында болғандықтан, жалпы жаттығулардың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар деп атайды. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүрісте осыған негізделген. Әр адам өзінің шамашарқына, яғни, ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолданылады.

Осылайша, тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп, содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі. Бірақ, бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан ары қарай жүгіруді бастауға болады.


Жүгіру – ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.

Ал ағзаның тыныштық қалпында орындалатын жаттығулардың өзіндік рөлі жоғары. Әр адам өзінің науқасына қарай, тыныс алу жаттығуларын тыныштықта орындайды. Қолданбалы жаттығуларды орындау міндет емес. Сырқаттың мазмұнына қарай үй жағдайында да шұғылдануға болады.

Жалпы емделудің қандай жолы болсын, нәтижесі үзбей, ұзақ уақытқа созылған шұғылдану кезінде белгілі болады. Тек тыныс алу жаттығуларымен шұғылдану ғана емес, адам баласы жалпы сауығу мақсатында қандай жолмен, немен емделсе де үзбей, тұрақты түрде жалғастыруы керек.

Терен, тыныс алып, одан кейін біртіндеп бәсеңдеткен кезде өкпенің көлемі үлкейеді. Әдетте, адам орта есеппен минутына 16-20 рет дем алады. Ал тыныс алу жаттығуларымен айналысатын адам минутына 3-6, тіпті 1-2 рет қана дем алғанның өзінде ағзаға түскен жүктемені де сезінбейді, бірақ өзін жақсы сезінеді.

Біркелкі дем алудан ырғақ бұзылмайды. Бұл жерде әңгіме дем алу циклдарының уақыты туралы болып отыр.

Оқушылардың тыныс алу жаттығуларын орындауы, мүмкіндік болғанша мамандардың бақылауында болғаны дұрыс. Себебі, тыныс алу жаттығулары жеке бастың науқасына байланысты пайдаланылады.

Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді.

Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті ҰОІӘ кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі.

• Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады.

• Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты - 5 мин.

• Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.