Файл: Саат саны 1 арастырылатын сратар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 149

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекіту сұрақтары:

1.Дені сау адам минутына неше рет тыныс алады?

А)20 рет

В)16-18 рет

С)200 рет

Д)150 рет

Е)20 рет
2.Кеңірдек неше сақинадан тұрады?

А)16-20

В)50

С)10-12

Д)20-27

Е)14-20
3. Кеңірдектегі шеміршекті сақиналардың ұзындығы :

А)10-15 см

В)2мм

С)5 см

Д)6см

Е)20мм
4.Ауа құрамында оттек пайызы қанша?

А)0,03

В)21

С)20

Д)4

Е)05
5. Адам өкпесінде шамамен қанша альвеолалар бар?

А)700 млн

В)120 мың

С)100 млн

Д)150млн

Е)200млн
6.Өкпедегі газ алмасуды басқаша қалай атайды?

А)Ішкі тыныс алу

В)Сыртқы тыныс алу

С)Барлығы дұрыс

Д)Ауызбен тыныс

Е)Мұрынмен тыныс
7.Тыныштық күйде ересек адамға, қанша оттек қажет?

А)300 см 2

В)1000 см 3

С)200 см 2

Д)150см 2

Е)250см 2
8. Тыныс алу мүшесін көрсет.

А)Жүрек

В)Қолқа

С)Кеңірдек

Д)Өкпе

Е)Өңеш
9.Егер адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы қалыптағыдан 400 мл төмен болса, онда өкпедегі газ алмасу:

А) төмендегені;

В)жоғарлағаны;

С) өзгермегені;

Д) орташалығы

Е) бірқалыптылығы
10.Тынысалу мүшелеріне жататын ауру:

А)кариес;

В)туберкулез;

С)рахит.

Д)анемия

Е)тұтықпа
11.Тынысалу жүйесінің ауруын жатпайды:

А)пневмания;

В)туберкулез;

С)цистит.

Д)бронхит

Е)тұмау
12.Адам өкпесінің орташа тіршілік сыйымдылығы:

А)1000 мл;

В)3500 мл;

С)500 мл;

Д)2000мл

Е)1200мл
13. Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 4

Д)5

Е)6
14. Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?

А) Мұрын қуысы

В) Көмей

С) Кеңірдек

Д)Жүрек

Е)Ми
15. Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай?

А) 500 мл

В) 1500 мл

С) 3500 мл

Д) 2000мл

Е) 1000мл
Әдебиеттер:

№ 3 С. 37-40; № 9 С. 70-74, № 12,; № 13, № 14, № 19
Дәріс № 7: Артикуляциялық гимнастика стандартты емес әдістер.

Сағат саны: 1

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Логопедиялық сабақтарда артикуляциялық гимнастиканың маңызы.

2.Ұсақ моторика.

3.Саусақ ойындары.

4.Имитацияны дамыту.

Дәріс тезисі: Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.

  Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.


Мектепке дейінгі балаларға арналған артикуляциялық гимнастика

Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден бастап бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты артикуляциялық гимнастика шешіге көмектеседі. Баламен артикуляциялық гимнастиканы қалай жүргізу және оның маңызы туралы кейінірек айтамыз.

Артикуляциялық гимнастика дегеніміз не және не үшін керек?

Артикуляциялықгимнастикааспан, ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін сабақты айтамыз. Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ сабақтардың қорытындысы дыбыстарды анық айту болып табылады. Артикуляциялық гимнастика баланы кейін жазу дағдыларына ү йренудінде үлкен орын алады.

Артикуляциялық гимнастика түрлері:

Артикуляциялық гимнастиканы шартты түрде былай бөлуге болады:

активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны шпател, таза саусақ немесе қасықпен ерін мен тілді дұрыс қалыпқа қою арқылы жасауға болады.

Жаттығулардың өзі екі түрге бөлінеді: статистикалық және динамикалық. Динамикалық тапсырмаларда қимылдар барлық орындалу уақыты кезінде іске аасды. Статистикалық ерін немесе тілді белгілі бір қалыпта 10-15 секунд ұстап тұруды қамтиды.

Артикуляциялықя гимнастика кішкентай балалар үшін.

Сәбиге дыбыстарды игеруде көмекті оның өмірінің алғашқы айларынан бастап бере алады. Серуенге немесе баламен сөйлескенде, ана балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасау керек. Мысалы, жануарлардың қандай дыбыстар шығаратындарын айтуға болады. Ері мен тіл қатысатын әр түрлі ойындарды ойанау, мысалы, сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді көрсетесіз.

Сабақ ойын түрінде 3-4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі, ол баланың дыбыстарды қалай айтуына байланысты. Ал егер де балада 4 жастан кейін сөйлеуі анық болмаса, онда баланы логопедке көрсету керек.



Балалармен артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің кемшіліктері.

Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек.

Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.

Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

Балаларға арналған артикуляциялық гимнастика бойынша жаттығулар. «Қызу өлшегіш».Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.

«Тізімізді тазалаймыз».Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан, сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

Тыңыс алу гимнастикасы

Тыныс алу- бұл өмір. Тамақсыз бірнеше күн,жұма шыдап жүруге болады, ал  ауасыз тек бірнеше минут. Ауа арқылы адам дамиды, аурулардан босайды, дені сау, жан , тұлға қалыптасады. Адам жүру, жүгіру кезінде дұрыс дем алу керек екенін есте сақтау керек. Ауыз арқылы дем алу, миға әкелетін ауаның 20%-ын тежейді. Суық жыл мезгілдерінде  тыныс алу мүшелерінің ауруларына әкеледі. Сондықтан да, түрлі жаттығулар мен әдістер арқылы, дұрыс дем алуын үйрену қажет.Бұл жаттығулардың  лайықтығы, арнайы жағдайлар,киімдер, арнайы орын қажет етілмейді.

   Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

Статистикаға сүйенсек қазіргі кездегі түрлі дәрежедегі тіл кемістігі бар балалардың көбейуі — қоғамның шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып табылады. Мұндай балаларға арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы.

Тіл — қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуге арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ маторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса, жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды. (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б) сенімсіз,мазасыз, жсқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.


Артикуляциялық жаттығу дегеніміз және оның маңызы;

Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз — ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы-жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі активті және пассивті болып екіге бөлінеді.

  • активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

  • пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятын және массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртіппен ұйымдастырылады:

Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.Оның орындалуын көрсетеді.

Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның дұрыс орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жаңылтпаш, тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарын айтқызу өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде, немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетесіз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшық еттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып, «Ыстық «деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл-қозғалысы, нақтылығы, күші, біртіндеп дамиды. Бұл жаттығулар дыбыстарды дұрыс айтуға және қарапайым қимылдарды әр түрлі фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дыбытардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар.

Сигматизм-с-с; з-з; ц, щ, ч, щ, ж

Ротацизм-р-р, р-ль

3.Ламбдацизм-л-л, л-ль

Каппацизм-к-к, г-к, х-х

5.Йотацизм-і

Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын анамолия — қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.


Ламбдацизм-тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хирургиялық операция туралы шешім де қабылданады.

Ротацизм- тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немене жіңішке икемі кем тіл.

Сигматизм — тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.

Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: Піл, тәтті тосап, сағат, тарақ.

Ызың дыбыстарға арналған: Түтікше, жымию, тісімізді тазалаймыз, ашуланған мысық.

Діріл дыбыстарға арналған: Әткеншек, сылақшы, ат шауып келеді, күрекше.

Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшық еті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп, сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан үлкендерге шыдамды болуы керек.

Қазіргі кезде Қазақста Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалытастырады.

Ұсақ моторика

Ұсақ саусақ моторикасын дамытатын ойындар мен жаттығулар өте көп. Олар шартты түрде топтарға бөлінеді. Қол, қолдың білезік және саусақтарының қозғалысының дамуына оң әсер ететін заттық ойындар, яғни ойыншықтармен, кез-келген заттармен өткізіледі. «Мозайкалар», «конструкторлар» − аталған материалдар саусақтардың белсенді қозғалысына әсер етеді. Мозайкада ұсақ бөліктерден толық сурет құрап шығару мақсаты тұрады. Ойын барысында бала бөлшектермен қозғалыс жасайды, байқағыштық, төзімділік, табандылық пайда болады.

Ұсақ моториканы дамытудың бала денсаулығына әсері

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды, яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, соғұрлым қимыл-әрекеті мен белсенділігі де артады.