Файл: . С. мірова, К. Анартаева Кркем дебиет дістемелік нсау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.05.2024

Просмотров: 170

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Есіңе сақта:

«Асыл әжем, қуанышым берекем, Өнегенің өрісі де сен екен».

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Сабақта сенлерге не ұнады, несімен ұнады?

13 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Әз, Наурызым, армысың!

Мақсаты: Ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі, мәдениеті, ауыз әдебиеті шығармалары туралы түсінік беру. Өлең әдеби жанрдың бір түрі екенін түсіндіру.

Міндеттері: Өлеңді тірек-сызба бойынша мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен жаттату. Сюжеттік бірізділікті сақтау, эмоциялық көңіл күймен жатқа айтуға үйрету. Әдеби шығармалардағы қоғамдық өмір оқиғалары, табиғат туралы түсінігін, ұлттық дәстүрге деген қызығушылығын дамыту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: салт-дәстүр, мәдениет туралы түсінеді;

Қолданады: өлеңді мәнерлеп жатқа айтып бере алады, Наурыз мерекесі туралы әңгімелейді.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: сәскеде, секілді, төлдеп жатыр малымыз, сары уыз. Полилингвальді компонент: Ұлыстың ұлы күні – праздник Наурыз – Nauryz holiday.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Наурыз келді, балалар, Көктеді қыр, жағалар. Наурыз тойын тойлайық, Жаңа жылда, балалар. 2. Негізгі кезең

  • Балалар, барша адамның көптен күтетін жыл мезгілі – көктем де келді.

Көктемде Жер-ана, табиғат – барлығы ерекше әдемі болып кетеді. Көктемде ең тамаша ұлттық мерекелердің бірі – Наурыз мерекесін тойлаймыз.

  • Наурыз мерекесінің басқа мерекеден ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

  • Қазақ халқының ұлттық мерекесі – Наурыз – Ұлыстың ұлы күні деп аталады.

  • Бүгін біз Оразақын Асқар ағамыздың «Әз Наурызым, армысың» өлеңімен танысамыз. - Әдеби жанрдың бір түрі өлең екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді Өніп еккен дәніміз, Бүршік жарды бағымыз. Сәскеде жаз, түнде қыс Секілді екен Наурыз.

Сөздік жұмыс:

Сәске– түс мезгілі.

Секілді – ұқсайды деген мағынаны білдіреді.

Төлдеп жатыр малымыз – көктемде малдар төлдейді.

Сары уыз – жаңа бұзаулаған сиырдың сүті. Полилингвальді компонент: Ұлыстың ұлы күні – праздник Наурыз – Nauryz holiday.

Сұрақ-жауап:

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Сендерге ұнады ма?

  • Наурыз мерекесі қай мезгілде тойланады?

  • Қай мезгілде ағаштар бүршік жарады, малдар төлдейді?



Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар Үп-үлкен боп өседі.



  • Өлеңді қайталап есімізге түсірейік.

Өлең шумағындағы сәске, секілді, төлдеп жатыр малымыз, сары уыз сөздерінің мағынасын қайталау. 2-3 балаға өлеңді мәнерлеп қайталап айтқызу.

Дәптермен жұмыс:

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Балалардың көңіл күйлері қандай?

  • Наурызкөжеге қосатын дәндерді атайық.

  • Наурыз мерекесі туралы не білесің?

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

- Бүгін біз не туралы әңгімеледік? - Сен Наурыз мерекесін қалай өткізесің?

14 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: Үш қыз

Мақсаты: Ана ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. Ертегінің мазмұнымен, кейіпкерлермен таныстыру. Ертегіні қоғамдық өмір оқиғаларымен байланыстырып мазмұндау. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: Ертегі мазмұнын эмоциялық-бейнелі қабылдауға, баяндауға баулу. Ертегіні баяндауда сюжеттік бірізділікті сақтау, әңгімелеу барысында бейнелеуіш сөздерді қолдануға үйрету. Ертегі мазмұнында қоршаған орта, табиғат туралы түсініктерін және сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Балаларды ананы сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ертегінің тақырыбын біледі, мазмұнын сақтай отырып айтып бере алады; Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді, кейіпкерлерді ажыратады;

Қолданады: ертегінің мазмұнын бейнелеуіш сөздер арқылы оқиға желісін сақтап, шығармашылықпен айтады, жұмбақтың шешуін айта алады.

Көрнекіліктер: ана және қыздардың иллюстрациялық суреттері, анасының ауырып жатқан суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: аяулы жан, қайырымдылық.

Полилингвальді компонент: ана – мать – mother; қыздар – девочки – girls; ауыру – болеть – hurt; балара – пчела – bee.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


Біздің топта балалар Тату-тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан Тек жақсылық ойлайды.

2. Негізгі кезең

Педагог әңгіме құрастырады.

  • Ана – ең аяулы жан. Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек.

Анамыз ауырып қалса, дәрі-дәрмек беріп, күтіп, қарауымыз керек.

«Үш қыз» ертегісімен танысамыз. Әдеби жанрдың бір түрі – ертегі екенін түсіндіру.

Сөздік жұмыс:

Аяулы жан – өмірдегі ең жақын, ең қымбат деген мағынада.

Қайырымдылық – қиын кезде көмек көрсету.

Полилингвальді компонент: ана – мать – mother; қыздар – девочки – girls; ауыру – болеть – hurt; балара – пчела – bee. Сұрақ-жауап:

  • Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырды?

  • Тиін үлкен қызды неге айналдырды? Не үшін?

  • Тиін ортаншы қызды неге айналдырды? Не үшін?

  • Тиін кіші қызды неге айналдырды? Не үшін?

  • Қай қыздың әрекеті ұнады?



Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, Қарлығаш боп ұшайық. Бір отырып, бір тұрып, Жақсы сергіп қалайық.




  • Ертегіні қайталап есімізге түсірейік.

Көмекші сұрақтар қоя отырып, ертегіні 3-4 балаға оқиға желісін сақтап қайталату. Дәптермен жұмыс:

  • Суретке қарап, тақырып ойлап тап.

  • Суретте анасы, қыздары немен айналысып жатыр деп ойлайсың?

  • Суретке қарап, кейіпкерлердің көңіл күйін сипатта.

  • Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіндегі оқиғаларды салыстырыңдар.



Мақалдың мағынасын түсініп ал: «Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет».

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. - Сабақта сендерге не ұнады?

15 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мен ғарышкер боламын

Мақсаты: Балалардың өлеңді жаттауға қызығушылығын арттыру. Ғарышкер туралы түсінік беру. Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Әдеби жанрдың бір түрі – өлең туралы түсінігін бекіту.

Міндеттері: Өлеңді дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, логикалық екпінмен, үзілістермен, көтеріңкі көңіл күймен жатқа айтуға үйрету.

Балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге, өзара қарым-қатынасын дамытуға баулу. Отанымыздың адал азаматы болуға, өзін бағалай білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өлеңнің авторын, тақырыбын, мазмұнын біледі, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Түсінеді: өлеңнің мазмұнын түсінеді;

Қолданады: өлеңді мәнерлеп жатқа айтады, жұмбақтың шешімін айта алады. Көрнекіліктер: ғарышкерлер суреттері, ғарышайлақтың суреті, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: зымыран, ғарышкер, ғарышкеме.

Полилингвальді компонент: ғарыш – космос – cosmos; ғарышкер – космонавт – cosmonaut; ғарышкеме – ракета – rocket.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері


  • Балалар, біз далаға шыққанда аяғымызбен нені басамыз, жоғарыға қарағанда нені көреміз?

  • Аяғымызбен Жерді басамыз. Жоғарыға қарап, көк аспанды, Күнді көреміз.



2. Негізгі кезең

  • Кім ғарышкер болғысы келеді?

  • Қандай ғарышкерлерді білесің?

Педагог балаларға жұмбақ жасырады. Аспанда бір алып құс, Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң ғажайып,

Соңында із қалады. (Ғарышкеме)



  • Бүгін біз ақын Жақан Смақовтың «Мен ғарышкер боламын» деген өлеңімен танысамыз.

  • Әдеби жанрдың бір түрі өлең екенін түсіндіру. Өлең сөз адамның жан тебіренісін әсерлі етіп жеткізеді. Айрықша сезімдерді ұйқас сөздермен суреттейді.



Аспан, аспан, арайлым, Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Сөздік жұмыс:

Ғарышкер – ғарыш кемесімен ғарышқа ұшатын, аспан әлемін зерттейтін адам.

Ғарышкеме – жер мен ғарыш арасында ең тез ұшатын көлік.

Полилингвальді компонент: ғарыш – космос – cosmos; ғарышкер – космонавт – cosmonaut; ғарышкеме – ракета – rocket. Сұрақ жауап:

  • Өлеңде не туралы айтылған? Саған ұнады ма?

  • Ғарышкер деп кімді айтамыз?

  • Ғарышкер – ғарышқа ұшатын адам.

  • Ғарышкеме (ракета) бізге не үшін қажет?

  • Ғарышқа кімдер ұшады?

  • Ғарышкер қандай болуы керек?

(Денсаулығы мықты, ақылды, білімді, батыр болуы керек.)

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

Бір, екі, үш! Орнымызды табайық.



  • Ғарышкер туралы өлең шумағын есімізге түсіріп қайталайық.

3-4 баладан өлеңді мәнерлеп айтқызып қайталау. Дәптермен жұмыс:

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Бала нені армандап тұр деп ойлайсың?

  • Сенің ғарышкер болғың келе ме?

  • Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

«Ұшақ» ойыны:

  • Балалар, ұшаққа отырып, ұшып көрейікші.

(Музыка әуені ойналады. Балалар «ұшады», музыка аяқталғанда «қонады»). Кең аспанды шарлаған, Ұшқыш деген мен болам. Қыран құстай самғаған, Ерен жүйрік ер болам!

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. - Сабақта не ұнады?

16 Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары