ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.05.2024
Просмотров: 68
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Педагог балалардың өздігінен дербес жұмыс жасауларына жағдай жасайды. Жеке жұмыс барысында педагог балалардың құрылыс материалдарын дұрыс пайдалануына бағыт беріп, оның берік орналасуын, бөліктердің қатынастарының сәйкестігін қадағалайды, бағыт береді.
3. Рефлексия.
Педагог балалардан өздері жасаған ұшақтары туралы әңгімелеп, талдау жасауларын талап етеді. Өте сәтті шыққан жұмыстарды және құрылыс материалдарын тиімді пайдаланған балалардың еңбектерін мадақтайды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
№2 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары: шығармашылық, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Көңілді автобус.
Мақсаты:қағазды ортасынан қос бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу тәсілі арқылы автобус жасай білуге үйрету, қиып жапсыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
қатырғықағазды ортасынан қос бүктеу тәсілі арқылы автобусты құрастыруға үйрету; -
автобустың ұсақ бөлшектерін үлгіге сәйкес қиып дайындау, сөзбен сипаттау арқылы сөздік қорын дамыту; -
құрылымдық шешімдер таба білуге, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды:қатырғықағазды ортасынан қос бүктеу тәсілі арқылы автобусты құрастыра алады;
түсінеді: автобустың ұсақ бөлшектерін үлгіге сәйкес қиып дайындайды және түстерді таңдай біледі; қолданады: қағаздан автобус құрастыруда оны безендіре білуге дағдыланады.
Алдын ала жұмыс: балалармен автобустардың суреттерінқарау және жақын маңайдағы аялдамаға саяхатқа апарып, автобустарды бақылау жасату.
Көрнекі құралдар: көрнекі суреттер, түрлі түсті қатырғықағаздар, қайшы, желім, түрлі түсті жұқа қағаздар, «Құрастыру» альбом.
Сөздік жұмыс: көңілді автобус, аңдып жатыр.
Көптілділік: автобус – автобус – bus, көлік – транспорт – transport, жолаушылар – пассажиры – passengers.
ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балалардан көлік түрлерін сұрайды, суреттерін көрсетіп әңгіме жүргізеді.
Жұмбақ:
«Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр».
«Арқасында ауыл жүр.
Ала тайым шауып жүр.»
-
Балалар, сендер автобус жайлы тақпақ немесе өлең білесіңдер ме? -
Қандай көңілді ән, олай болса, біз сендермен қазір осы әнге сәйкес көңілді жолаушыларымызға «көңілді автобус» құрастырайық.
2. Негізгі кезең
Педагог балаларға автобустың түрлі суреттерін көрсетеді.
Үлгі бойынша талдау жасайды:
– қатты қағазды қалай пайдалануға бағыт береді, орындалу ретін түсіндіреді: тіктөртбұрышты қағазды бұрыштары мен қабырғаларын беттестіріп қос бүктеп аламыз;
-қағаздың бүктелген жоғарғы тұйық бөлігінен алдыңғы және артқы жағын дөңгелектеп қиып аламыз;
- автобустың дөңгелектерін бөлек қара түсті қағаздан қиып аламыз; - терезелері мен есіктерін көк түсті қағаздан қиюдың жолдары көрсетіп түсіндіріледі;
– автобустың бөліктеріне сәйкес қалай құрастыру керектігін қайталап сұрайды;
Көптілділік: автобус – автобус – bus, көлік – транспорт – transport, жолаушылар – пассажиры – passengers.
Сергіту сәті. Бип-бип автобус, Бип-бип көшеде.
Бип-бип мінеміз,
Бип-бип жүреміз.
Балалар жұмысын жалғастырады.
Педагог жұмыс барысында балаларға бағыт беріп, көмек көрсетеді.
3.Рефлексия
Педагог балалардың жасаған автобустарына талдау жасап, қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
№3 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Жәндіктер (кепкен жапырақтармен жұмыс).
Мақсаты: табиғи материалдардың түрлерімен таныстыру, олардан әртүрлі ұсақ заттар дайындай білуге үйрету. Табиғи материалдармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
-
табиғи материалдардың түрлерімен таныстыру және олардан жәндіктерді құрастыруды үйрету; -
кепкен жапырақтардың пішініне сәйкес әртүрлі ұсақ заттар дайындау, шығармашылық қабілеттерін дамыту; -
табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге дағдыландыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: табиғи материалдардың түрлерімен танысады және олардан жәндіктерді құрастыра алады;
түсінеді: кепкен жапырақтардың пішініне сәйкес әртүрлі ұсақ заттар дайындай білуге үйренеді; қолданады: табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасайды, еңбек ете білуге дағдыланады. Алдын ала жұмыс: кепкен жапырақтардан жасалған жұмыстардың үлгілерімен таныстыру.
Көрнекі құралдар: кепкен жапырақтар, қатырғықағаз, желім, қайшы,
«Құрастыру» альбом.
Сөздік жұмыс: жапырақтар үгітіледі, сынады.
Көптілділік: жәндіктер – насекомые – insects, көбелек – бабочка – butterfly, құмырсқа – муравей – ant, инелік – стрекоза – dragonfly.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог жәндіктерге арналған жұмбақтарды жасырады.
Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
(Көбелек )
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
( Құмырсқа )
Үстіндегі көйлегі
Түрлі-түсті не керек, Қызықтырар көргенді. Мұның аты...
(Көбелек)
Төрт қанаты бар, Инедей денесі бар. Үлкен бақырайған көзі бар, Бұл не екен, кім табар?
(Инелік)
1. Негізгі кезең
Жапырақтардан жасалған үлгіні көрсетіп талдау жасау және балалармен не жасағысы келетінін таңдау; жапырақтарды өзі жасайтын бейнелерге сәйкес таңдап алады.
Орындалу реті:
-
алдымен көбелектің екі қанатын орналастырады;
-төменгі қанатын кіші жапырақтардан орналастырамыз;
-
ортасына ұзынша жапырақты қойып денесін және мұрттарын жасаймыз.
Жапырақтарды бір-біріне желіммен немес ермексазбен бекіту жолдарын көрсетіді.
Осы тәсілмен инеліктің жасалу жолдары түсіндіріледі. Инеліктің қанатын жасауға жұқа, ұзынша жапырақтар таңдалады.
Балаларға таңдауға мүмкіндік беріп, кепкен жапырақтарды көп мөлшерде ұсыну олардың шығармашылықпен әрекет етуіне жағдай жасайды. Табиғи материалдармен өте мұқият, ұқыптылықпен жұмыс жасау қажеттілігі ескертіледі.
Көптілділік: жәндіктер – насекомые – insects, көбелек – бабочка – butterfly, құмырсқа – муравей – ant, инелік – стрекоза – dragonfly.
Сергіту сәті. Көбелек-ау, көбелек, Әдемісің керемет! Гүлге келіп қона ғой, Өзің де гүл бола ғой. Көбелек болып ұшамыз, Гүлге келiп қонамыз. Гүлдің бетiн құшамыз, Қайта самғап ұшамыз. Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог дайын жұмыстарды тақтаға іліп, балалар өздеріне ұнаған жұмысты бағалайды, балалардың еңбегі бағаланып, мадақталады.
№4 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Жануарлар әлемі.
Мақсаты:қалдық заттардың түрлерімен таныстыру, оларды мақсатты пайдалану білуге үйрету. Қалдық материалдармен құрастыру. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Міндеттері:
-
киндер қауашақтарынан аңдардың бейнесін жасай білуге үйрету; -
қалдық заттармен жұмыс жасауда шығармашылық ойлауды дамыту; -
киндер қауашақтарынан аңдардың бейнесін жасау, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: қалдық заттардың түрлерін ажырата алады және киндер қауашақтарынан аңдардың бейнесін жасайды;
түсінеді: қалдық заттардан алуан түрлі ойыншықтар жасайды және оларды шығармашылықпен әшекейлей біледі;
қолданады:киндер қауашақтарынан аңдардың бейнесін жасай алуға
дағдыланады.
Алдын ала жұмыс: әртүрлі қажетсіз заттармен таныстырып, одан алуан түрлі бейнелер жасауға болатынын түсіндіреді, дайындалған заттарды көрсетіп әңгімелейді.
Көрнекі құралдар: «киндер» қауашақтары, түрлі түсті қағаздар, желім және қайшы, киндерден жасалған үлгі ойыншықтар, «Құрастыру» альбом Сөздік жұмыс: қауашақтар, полиэтилен т.б.
Көптілділік: аңдар – животные – animals, аю – медведь – bear, қоян – заяц – hare, түлкі – лиса – a fox.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балалардың назарын әртүрлі жануарлардың ойыншығына аударады. «Не қалай дауыстайды?» ойынын ұсынады. Педагог қалдық заттардан алуан түрлі ойыншықтарды жасауға болатынын көрсетіп әңгімелейді.
Киндерден жасалған «аңдар» бейнесіне талдау жасайды, кім қандай аңды жасайтындықтарын таңдауды сұрайды.
2.Негізгі кезең.
Педагог аю, қоян, түлкі т.б. аңдар бейнесін жасау ретімен таныстырады, ол үшін әр аңның бет бейнесінің ерекшелігіне назар аударады:
-
түрлі түсті қағаздан бет бейнелерді қиып алудың жолдары көрсетіліп, түсіндіріледі; -
оларды киндер қораптарына жапсыруда орындарын нақты табуға бағыт беріледі; -
ермексаз, жұқа түссіз қағаздар, гуашь бояулар т.б. пайдалануға болады; -
дайын болған аңдармен үстел үсті театрын құрып, ертегі құрастырып айтуға ұсыныс жасалады.
Көптілділік: аңдар – животные – animals, аю – медведь – bear, қоян – заяц – hare, түлкі – лиса – a fox.
Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Балалар жұмыстарын жалғастырады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар жасаған жұмыстарынан хайуанаттар бағын жасайды, өздерінің жұмыстарына талдау жүргізеді.
№5 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, әлеумет.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Менің үйім.
Мақсаты: құрылыс материалдарынан құрастыру дағдыларын қалыптастыру, үй құрастыруда оның негізгі бөліктерін және оған тән бөлшектерін анықтай білуге үйрету. Құрылысты талдау жасау арқылы сөйлеу тілін дамыту, отбасына деген сүйспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
құрылыс материалдарын пайдаланып өз үйлерін құрастыра білуге үйрету; -
әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; -
үй құрастыру барысында отбасына деген сүйспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: жасайды: құрылыс материалдарын пайдаланып өз үйлерін құрастыра алады;
түсінеді: әртүрлі құрылыстардың нұсқаларын жасай біледі, өздігінен шығармашылықпен әрекет ете алады;
қолданады: құрастыру дағдылары қалыптасады, отбасына деген сүйспеншілік сезімдері артады.
Алдын ала жұмыс: жақын маңайдағы үйлерді бақылайды, мақсатты серуен ұйымдастырады. Көпқабатты үйлердің суреттерін көрсетіп әңгімелейді.
Көрнекі құралдар: үлгі суреттер, құрылыс материалдарының жиынтықтары, «Құрастыру» альбом.
Сөздік жұмыс: көпқабатты үй, үйдің іргетасы.
Көптілділік: үй – дом – house , қабырғалары – стены – walls, төбе – крыша – roof, терезе – окно – window.
ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларға өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету. Мекенжайын сұрау.
2. Негізгі кезең.
Педагог балалармен бірге бірнеше үйлердің суреттерін қарап, талдау жасайды:
-
өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойлануды өтінеді, көз алдарына елестетеді; -
әр бала құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады, үйдің іргетасы, қабырғалары, төбесі, терезелері т.б. бөліктерін нақтылап алады; -
үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар, ұсақ ойыншықтар т.б. беріледі. -
үйді құрастыруда құрылыс материалдарын таңдау, түстерін үйлестіру, кеңістікте дұрыс орналастыру және оның беріктігіне көңіл бөлінеді. Көптілділік: үй – дом – house , қабырғалары – стены – walls, төбе – крыша – roof, терезе – окно – window.
Сергіту сәті Біздің үйде ән тарап, Думандатар өмірді. Біздің үйде салтанат, Біздің үйде көңілді.
Балалар жұмыстарын жалғастырады.
Педагог балалардың жұмыстарына бақылау мен басшылық жасап, жеке нұсқаулар береді.
3.Рефлексия.
Педагог балалардың жетістіктерін мадақтап қорытынды жасайды. Талдау ұйымдастырады.
№6 ұйымдастырылған оқу қызметі Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: құрастыру.
Тақырыбы: Әдемі ұшақтар.
Мақсаты: қағаздан құрастыруға үйретуде түрлі бағытта: тегістеп бүктеу, шаршы қағазды бүктеу біліктерін қалыптастыру, жұмысты соңына дейін аяқтау арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
қағаздан жасалған бірнеше үлгілерді қарай отырып, оны бүктеу тәсілі арқылы ұшақ жасауды үйрету; -
қағаздан құрастыруда шаршы қағазды бүктеу біліктерін дамыту; -ұшақты әшекейлеу, жұмыс орнында тәртіп сақтай білуге тәрбиелеу; Күтілетін нәтижелер: жасайды: бірнеше үлгілерге қарай отырып, бүктеу тәсілдері арқылы ұшақ жасай алады;